9
КІРІСПЕ
I.1
Физикалық мəнмəтін
Қазақстан – құрлық қоршаған, Орталық Азияға орналасқан мемлекет. Аумағы 2,717,300 км
2
,
жерді қамтитын Қазақстан көлемі жағынан əлемде тоғызыншы орын алады жəне Орталық
Азиядағы бес мемлекеттің ішінде ең үлкен ел болып табылады. Қазақстан батыстан шығысқа
қарай 3,000 км-ге (Еділ өзені мен Каспий теңізінен Алтай тауларына дейін) жəне солтүстіктен
оңтүстікке қарай 1,700 км-ге (Орал тауының оңтүстік бөлігі мен Батыс Сібір жазықтарынан
Қызылқұм шөліне жəне Тянь-Шань Тауына дейін) созылып жатыр. Қазақстан солтүстікте
Ресей Федерациясымен (шекараның ұзындығы 6,846 км-ді құрайды), шығыста-қытаймен (1,533
км), оңтүстікте Қырғызстанмен (1,051 км), Өзбекстанмен (2,203 км) жəне Түркіменстанмен
шакараласады.
Елде 7,000-нан аса өзендер бар, солардың көпшілігі шағын өзендерге жатады. Елдегі басты
өзендердің қатарына Ертіс (Қазақстандағы ең ұзын өзен, жалпы ұзындығы 4,248 км,
қазақстандық бөлігі – 1,700 км-ді құрайды), Есіл (жалпы ұзындығы – 2,450 км, қазақстандық
бөлігі – 1,400 км), Орал (жалпы ұзындығы – 2,428 км, қазақстандық бөлігі – 1,082 км), сондай-
ақ Сырдария (жалпы ұзындығы – 2,219 км, қазақстандық бөлігі – 1,400 км) өзендері кіреді.
Каспий теңізінің жағалық сызығы бойынша шекарасы 1,894 км-ді (елдің батысында), Арал
теңізінің шекарасы – 1,070 км (оңтүстік батыста) құрайды. Оның үстіне Қазақстанда 48,000 көл
жəне су қоймалары бар, солардың ең ірісі Балқаш көлі (16,996 км
2
).
Қазақстандағы жер үсті суларының көлемі 100.5 км
3
- ді құрайды, солардың жартысына жуығы
көрші елдерден бастау алады. Жер үсті суларының ағысы айқын көрінетін маусымдық сипат
алады ағыстың 90%-на дейін Көктем мезгіліне келеді), ал өзендер жоқтың қасы Маңғыстау
облысы су тапшылығын бастан кешіреді. Бір жылдың ішінде жəне көп жылдық кезең
аралығындағы су деңгейі мен көлемдерінің біршама жоғары ауытқуы да сондай-ақ ел
аймақтары бөлігінде қосалқы əркелкі бөлінуіне себеп болады.
Елдің бедері (рельефі) негізінен шөл далалар мен төбелі жерлер арқылы көрінеді. Шөлдер
жəне шөлейтті жерлер ел аумағының 2/3 астам шамасын құрайды. (тасты, тұзды жəне құмды
тақырлар). Ең ірі шөлдер Қызылқұмның құмды құнарсыз жерлері мен батпақ жайлаған
Бетпақдала жерлерін қамтиды, олар елдің Оңтүстік бөлігіне орналасқан.
Елдің топографиясы үшін құбылмалылықтың (өзгермеліліктің) жоғары деңгейі тəн. Ең төменгі
аумақ елдің Каспий теңізінен шығысқа қарай оңтүстік батысында орналасқан, онда теңіз
деңгейінен 132 м төмен Қарагие ойпаты жатыр. Ең биік белгі (Хантəңірі шыңы 6,995 м)
Қазақстан, Қырғызстан жəне Қытай шекараларының тоғысында, Тянь-Шаньның шеткі
оңтүстік-батыс нүктесіне орналасқан. Қазқастанның шығыс шекарасын бойлай өтетін Алтай
тауының да сондай-ақ заңғар шыңдары бар. Қазақстанның континенттік климаты ыстық та
құрғақшылықты жазбен жəне суық, əрі біршама құрғақ қыспен сипатталады.
Аймақтар бойынша температураның күрт ауытқулары байқалады. Температураның ең үлкен
айырмашылығы шөл дала мен елдің таулы аудандары арасында болады. Оңтүстік өңірлерге
анағұрлым жұмсақ қыс пен ыстық жаз тəн. Солтүстіктен соғатын суық та қатты жел далалы
өңірдің қысын əсіресе сұрапыл етеді. Ауданға қарай, қаңтардағы күндізгі орташа температура
-19°C –дан 4°C-ға дейін, шілдеде – 19°C-дан 26°C-ға дейін ауытқып тұрады. Жазда негізінде
ауаның температурасы 45°C-ға дейін көтеріледі, ал қыста 45°C-ға дейін төмендеуі мүмкін.
Қазақстан жауын-шашынның жылдық төмен деңгейімен сипатталады.
Шөл далаларда жауын-
шашынның деңгейі жылына 100 мм-ден төмен болса, ал далалы аймақта-жылына 250 – 350 мм
шамасында құбылып тұрулары мүмкін. Далалы өңірде найзағай жарқылдары көбіне нөсер