Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарт


теңгерім тепе-теңдігін қамтамасыз ету



жүктеу 3,03 Mb.
бет14/46
Дата14.11.2018
өлшемі3,03 Mb.
#19756
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   46

теңгерім тепе-теңдігін қамтамасыз ету

      42. Тауарлардың жекелеген түрлерінің импорты кезінде шаралар, оның ішінде осы Хаттаманың III және IV бөлімдерінде көрсетілгендерден ерекшеленетін негіздер бойынша, егер бұл сыртқы қаржылық жағдайды қорғау және төлемдік теңгерім тепе-теңдігін қамтамасыз ету үшін қажет болған жағдайда, енгізілуі мүмкін.


      Мұндай шаралар, егер төлем теңгерімінің күрделі жай-күйіне байланысты ғана өзге шаралар сыртқы есеп айырысулар жағдайының күрт нашарлауын тоқтата алмаса, енгізілуі мүмкін.
      43. Егер импортталатын тауарларды жеткізгені үшін төлемдер осы Хаттаманың 44-тармағында айтылған мүше мемлекеттердің валюталық резервтері қалыптасатын валюталармен жүргізілсе ғана шаралар, оның ішінде осы Хаттаманың III және IV бөлімдерінде көрсетілгендерден ерекшеленетін негіздер бойынша енгізілетін шаралар қолданылуы мүмкін.
      44. Импортқа қатысты шектеулер мүше мемлекеттердің валюталық резервтерінің сөзсіз айтарлықтай қысқару қауіпін болдырмау үшін немесе мүше мемлекеттердің валюталық резервтерінің орынды өсу қарқынын қалпына келтіру үшін қажет болатын маңызынан да неғұрлым маңызды болмауға тиіс.
      45. Комиссия мүше мемлекеттің осы Хаттаманың 42-тармағында көрсетілген шараларды енгізу туралы ұсынысын қарайды.
      46. Егер Комиссия мүше мемлекеттің шараларды енгізу туралы ұсынысын қабылдамаған жағдайда, онда мүше мемлекет осы Хаттаманың 42-тармағында көрсетілген шараларды енгізу туралы шешімді осы Хаттаманың X бөліміне сәйкес біржақты тәртіппен қабылдай алады.

IX. Тауарлардың сыртқы саудасы саласындағы лицензиялау

      47. Лицензиялау Комиссия белгілеген жағдайларда, тауарлардың жекелеген түрлерінің экспорты және (немесе) импорты кезінде, егер осы тауарларға қатысты:
      сандық шектеулер;
      айрықша құқық;
      рұқсат беру тәртібі;
      тарифтік квота;
      арнайы қорғау шарасы ретінде импорттық квота енгізілсе, қолданылады.
      Лицензиялау уәкілетті органның сыртқы сауда қызметіне қатысушыға тауарлардың экспортына және (немесе) импортына лицензия беруі арқылы іске асырылады.
      Бір мүше мемлекеттің уәкілетті органы берген лицензияларды барлық басқа мүше мемлекеттер мойындайды.
      48. Бірыңғай тауарлар тізбесіне енгізілген тауарлардың экспортын және (немесе) импортын лицензиялау осы Хаттамаға қосымшада көзделген қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.
      49. Уәкілетті органдар лицензиялардың мынадай түрлерін береді:
      біржолғы лицензия;
      бас лицензия;
      айрықша лицензия.
      Бас және айрықша лицензиялар беру Комиссия айқындайтын жағдайларда жүзеге асырылады.

X. Шараларды біржақты тәртіппен қолдану

      50. Осы Қосымшаның VII және VIII бөлімдерінде көзделген негіздер бойынша айрықша жағдайларда, мүше мемлекеттер үшінші елдермен саудада біржақты тәртіппен уақытша шараларды, оның ішінде осы Хаттаманың III және IV бөлімдерінде көрсетілгендерден ерекшеленетін негіздер бойынша енгізуі мүмкін.
      51. Уақытша шараны енгізетін мүше мемлекет алдын ала, бірақ ол енгізілген күнге дейін күнтізбелік 3 күннен кешіктірмей, Комиссияға бұл туралы хабарлайды және Одақтың кедендік аумағына осындай шара енгізу туралы ұсыныс енгізеді.
      52. Комиссия мүше мемлекеттің уақытша шара енгізу туралы ұсынысын қарайды және мүше мемлекеттің ұсынысын қарау қорытындылары бойынша Одақтың кедендік аумағында осындай шара енгізу туралы шешім қабылдауы мүмкін.
      53. Бұл жағдайда осындай шараның қолданылу мерзімін Комиссия белгілейді.
      54. Егер Одақтың кедендік аумағына уақытша шара енгізу туралы шешім қабылданбаған жағдайда, Комиссия уақытша шараны енгізген мүше мемлекетке және мүше мемлекеттердің кеден органдарына уақытша шара оның енгізілген күнінен бастап 6 айдан аспайтын мерзімге қолданылатынын хабарлайды.
      55. Мүше мемлекеттен уақытша шара енгізу туралы алынған хабарламаның негізінде Комиссия мүше мемлекеттердің кеден органдарына бір мүше мемлекеттің уақытша шараны енгізгені туралы:
      1) мүше мемлекеттің оған сәйкес уақытша шара енгізілетін нормативтік құқықтық актісінің атауын;
      2) тауардың және ЕАЭО СЭҚ ТН кодының атауын;
      3) уақытша шара енгізілген күнді және оның қолданылу мерзімін көрсете отырып дереу хабарлайды.
      56. Осы Хаттаманың 55-тармағында көрсетілген ақпаратты алғаннан кейін мүше мемлекеттердің кеден органдары мыналарға:
      тауарлары туралы мәліметтер осы ақпаратта қамтылған, уақытша шараны қолданған мүше мемлекеттің аумағынан шығарылатын тиісті тауарларды осы мүше мемлекеттің уәкілетті органы берген лицензиясыз әкетуге;
      тауарлары туралы мәліметтер осы ақпаратта қамтылған, уақытша шараны қолданған мүше мемлекетке арналған тиісті тауарларды осы мүше мемлекеттің уәкілетті органы берген лицензиясыз әкелуге жол бермейді. Бұл ретте уақытша шараны қолданбайтын мүше мемлекеттер уақытша шараны қолданған мүше мемлекеттің аумағына тиісті тауарлардың әкелінуіне жол бермеуге бағытталған қажетті күш-жігерін жұмсайды.

Үшінші елдерге қатысты тарифтік


емес реттеу шаралары туралы 
хаттамаға қосымша      

Тауарлардың экспортына және (немесе) импортына


лицензиялар және рұқсаттар беру қағидалары

I. Жалпы ережелер

      1. Осы Қағидалар оларға қатысты үшінші елдермен саудада тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын, бірыңғай тауарлар тізбесіне енгізілген тауарлардың экспортына және (немесе) импортына лицензиялар және рұқсаттар беру тәртібін айқындайды.
      2. Осы Қағидаларда Үшінші елдерге қатысты тарифтік емес реттеу шаралары туралы хаттамада (Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 7 қосымша) айқындалған ұғымдар, сондай-ақ мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      «өтінім беруші» - лицензияны немесе рұқсатты ресімдеу мақсатында уәкілетті органға құжаттар ұсынатын сыртқы сауда қызметіне қатысушы;
      «лицензияны орындау» - оларға қатысты берілген (ресімделген) лицензия негізінде кеден органдары шығарған тауарларды іс-жүзінде Одақтың кедендік аумағына әкелу немесе Одақтың кедендік аумағынан әкету.
      3. Лицензия мен лицензия телнұсқасын бергені (ресімдегені) үшін уәкілетті орган мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген тәртіппен және мөлшерде мемлекеттік баж (лицензиялық алым) алады.
      4. Лицензиялар мен рұқсаттар оған қатысты лицензиялау немесе автоматты түрде лицензиялау (қадағалау) енгізілген ЕАЭО СЭҚ ТН бойынша сыныпталатын әрбір тауарға беріледі.
      5. Лицензиялар мен рұқсаттарға қол қою құқығы берілген уәкілетті органдардың лауазымды адамдары қолтаңбаларының үлгілері, сондай-ақ уәкілетті органдардың мөрлері бедерлерінің үлгілері мүше мемлекеттердің кеден органдарына хабарлау үшін Комиссияға жіберіледі.
      6. Лицензияны немесе рұқсатты ресімдеу үшін берілген құжаттар, сондай-ақ лицензияның орындалғанын растайтын құжаттар лицензияның немесе рұқсаттың қолданылу мерзімі аяқталған күннен бастап немесе лицензияның қолданылуын тоқтату туралы немесе тоқтата тұру туралы шешім қабылданған күннен бастап 3 жыл ішінде уәкілетті органдарда сақталуға жатады.
      Көрсетілген мерзім аяқталғаннан кейін құжаттар лицензия немесе рұқсат берілген мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленген тәртіппен жойылады.
      7. Берілген лицензиялар мен рұқсаттардың дерекқорын жүргізуді уәкілетті органдар жүзеге асырады және көрсетілген ақпаратты Комиссия белгілейтін тәртіппен және мерзімде Комиссияға ұсынады. Комиссия мүше мемлекеттердің кеден органдарына берілген лицензиялар туралы деректерді ұсынады.

II. Лицензиялар беру тәртібі



      8. Лицензия беруге арналған өтінішті ресімдеу және лицензияны ресімдеу Комиссия бекітетін, тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына және (немесе) импортына лицензия беруге арналған өтінішті ресімдеу туралы және осындай лицензияны ресімдеу туралы нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады.
      Лицензия Комиссия бекітетін тәртіппен, ал ол бекітілгенге дейін - мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес айқындалатын тәртіппен электрондық құжат нысанында берілуі (ресімделуі) мүмкін.
      Электрондық құжат нысанындағы лицензияның құрылымы мен форматын Комиссия бекітеді, алар ол бекітілгенге дейін мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес айқындалады.
      9. Біржолғы лицензияның қолданылу кезеңі, ол қолданыла бастаған күннен бастап 1 жылдан аспауы тиіс. Біржолғы лицензияның қолданылу мерзімі сыртқы сауда келісімшартының (шартының) қолданылу мерзімімен немесе лицензияны беру үшін негіз болып табылатын құжаттың қолданылу мерзімімен шектелуі мүмкін.
      Оларға қатысты экспортына және (немесе) импортына сандық шектеулер немесе арнайы қорғау шарасы ретінде импорттық квота немесе тарифтік квоталар енгізілген тауарлар үшін лицензияның қолданылу кезеңі квота белгіленген күнтізбелік жылы аяқталады.
      Бас лицензияның қолданылу мерзімі, ол қолданыла бастаған күннен бастап 1 жылдан аспауы тиіс, ал оларға қатысты экспортына және (немесе) импортына сандық шектеулер немесе тарифтік квоталар енгізілген тауарлар үшін, егер Комиссия өзгеше белгілемесе, квота белгіленген күнтізбелік жылы аяқталады.
      Айрықша лицензияның қолданылу мерзімін әрбір нақты жағдайда Комиссия белгілейді.
      10. Лицензияны ресімдеу үшін өтінім беруші немесе тиісті өкілеттіктерінің жазбаша растауына ие оның өкілі уәкілетті органға мынадай құжаттар мен мәліметтерді береді:
      1) тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына және (немесе) импортына лицензия беруге арналған өтінішті ресімдеу туралы және осындай лицензияны ресімдеу туралы нұсқаулыққа сәйкес толтырылған және ресімделген лицензия беру туралы өтініш (бұдан әрі - өтініш);
      2) Комиссия бекітетін форматтағы, ал ол бекітілгенге дейін - мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес айқындалатын тәртіппен өтініштің электрондық көшірмесі;
      3) сыртқы сауда шартының (келісімшартының) көшірмесі, қосымшалары және (немесе) оған толықтырулар (біржолғы лицензия үшін), ал сыртқы сауда шарты (келісімшарты) болмаған жағдайда - тараптардың ниеттерін растайтын өзге де құжаттың көшірмесі;
      4) салық органында есепке қойылғаны туралы немесе мемлекеттік тіркелгені туралы құжаттың көшірмесі (егер бұл мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген болса, мәліметтер);
      5) лицензияланатын қызмет түрін жүзеге асыруға берілген лицензияның көшірмесі немесе егер қызметтің мұндай түрі оған қатысты Одақтың кедендік аумағында лицензиялау енгізілген тауар айналымына байланысты болса, лицензияланатын қызмет түрін жүзеге асыруға берілген лицензияның болуы туралы мәліметтер (егер бұл мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген болса);
      6) оның негізінде тиісті тауарға лицензиялау енгізілген Комиссия шешімімен егер олар айқындалған болса, өзге де құжаттар (мәліметтер).
      11. Құжаттардың берілген көшірмелерінің әрбір парағы өтінім берушінің қолымен және мөрімен куәландырылуға тиіс не құжаттардың көшірмелері тігіліп, олардың соңғы парақтары өтінім берушінің қолымен және мөрімен куәландырылуға тиіс.
      Өтінім беруші ұсынған құжаттар уәкілетті органда тіркелуге жатады.
      Өтініш пен құжаттар (мәліметтер) мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген тәртіппен электрондық құжат нысанында берілуі мүмкін. Егер мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген болса, құжаттарды (мәліметтерді) өтінім берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған сканерленген құжаттар түрінде ұсынуға рұқсат етіледі.
      Өтінім беруші лицензия бергені (ресімдегені) үшін мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген тәртіппен және мөлшерде алынатын мемлекеттік бажды (лицензиялық алымды) төлегенін растайтын құжатты бергеннен кейін лицензия беріледі.
      12. Комиссия шешімінде көзделген жағдайларда өтінім беруші не уәкілетті орган өтінішті уәкілетті органға берілгенге дейін, егер бұл мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген болса, мүше мемлекет айқындаған, мүше мемлекеттің атқарушы билігінің тиісті органына келісуге жібереді.
      13. Уәкілетті орган осы Қағидалардың 10-тармағында көзделген құжаттар негізінде, егер Комиссия шешімінде өзге мерзімдер белгіленбеген болса, құжаттар берілген күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде лицензия беруді немесе оны беруден бас тартуды жүзеге асырады.
      14. Мыналар лицензия беруден бас тарту үшін негіз болып табылады:
      1) өтінім беруші лицензия алу үшін ұсынған құжаттарда толық емес немесе дұрыс емес мәліметтердің болуы;
      2) осы Қағидалардың 10 - 12-тармақтарында көзделген талаптардың сақталмауы;
      3) лицензия беруге негіз болатын бір немесе бірнеше құжаттар қолданысының тоқтатылуы немесе тоқтатыла тұруы;
      4) оны іске асыру үшін лицензия сұралатын шартты (келісімшартты) орындау салдары туындауы мүмкін мүше мемлекеттердің халықаралық міндеттемелерінің бұзылуы;
      5) квотаның, сондай-ақ тарифтік квотаның бітуі не олардың болмауы (квоталанатын тауарларға лицензия ресімделген жағдайда);
      6) Комиссия актісінде көзделген өзге де негіздер.
      15. Лицензия беруден бас тарту туралы шешім уәжделуге және өтінім берушіге жазбаша нысанда не, егер бұл Комиссия шешімінде, ал көрсетілген шешім болмаған жағдайда - мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген болса, электрондық құжат нысанында ұсынылуға тиіс.
      16. Уәкілетті орган өтінім берушіге берілетін лицензияның түпнұсқасын ресімдейді. Өтінім беруші тауарлар кедендік декларацияланғанға дейін лицензияның түпнұсқасын тиісті кеден органына ұсынады, ол лицензияны бақылауға қою кезінде кеден органының бақылауға қою туралы белгісі бар оның көшірмесін өтінім берушіге береді.
      Егер уәкілетті орган лицензияны электрондық құжат түрінде берген (ресімдеген) болса, онда өтінім берушінің өз мемлекетінің кеден органына лицензияның түпнұсқасын қағаз жеткізгіште беруі талап етілмейді.
      Уәкілетті органдар мен кеден органдарының электрондық құжат нысанында берілген лицензиялардың орындалуын бақылау бойынша өзара іс-қимылының тәртібі мүше мемлекеттердің заңнамасында айқындалады.
      17. Берілген лицензияларға, оның ішінде техникалық сипаттағы себептер бойынша өзгерістер енгізуге жол берілмейді.
      18. Егер заңды тұлға ретінде тіркелген өтінім берушінің құрылтай құжаттарына өзгерістер енгізілсе (ұйымдық-құқықтық нысанының, атауының не оның орналасқан жерінің өзгеруі) немесе жеке тұлға болып табылатын өтінім берушінің паспорттық деректері өзгерсе, өтінім беруші өтініш пен көрсетілген өзгерістерді растайтын құжаттарды қоса бере отырып, берілген лицензияның қолданылуын тоқтату және жаңа лицензия ресімдеу туралы өтінішпен жүгінуге міндетті.
      19. Уәкілетті орган:
      1) егер бұл мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген болса, өтінім берушінің жазбаша нысанда немесе электрондық құжат нысанында берген өтініші;
      2) заңды тұлға ретінде тіркелген өтінім берушінің құрылтай құжаттарына өзгерістер енгізілген (ұйымдық-құқықтық нысанының, атауының не оның орналасқан жерінің өзгеруі) немесе жеке тұлға болып табылатын өтінім берушінің паспорттық деректері өзгерген;
      3) лицензия алу мақсатында өтінім беруші ұсынған құжаттарда дұрыс емес мәліметтер анықталған;
      4) олардың негізінде лицензия берілген бір немесе бірнеше құжаттардың қолданылуы тоқтатылған немесе тоқтатыла тұрған;
      5) оның негізінде лицензия берілген шартты (келісімшартты) орындау кезінде мүше мемлекеттің халықаралық міндеттемелерін бұзылған;
      6) егер қызметтің мұндай түрі оған қатысты лицензиялау енгізілген тауардың айналымына байланысты болса, қызметтің лицензияланатын түрін жүзеге асыруға берілген лицензия қайтарып алынған;
      7) белгіленген тәртіпті сақтаған кезде берілуі мүмкін емес лицензияны беруге алып келген, лицензияны беру кезінде жол берілген бұзушылықтар анықталған;
      8) лицензияның иесі халықаралық нормативтік құқықтық актілерде немесе мүше мемлекеттің нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген лицензия беру шарттарын сақтамаған;
      9) соттың шешімі болған;
      10) лицензияның иесі осы Қағидалардың 22-тармағын орындамаған жағдайларда, лицензияның қолданылуын тоқтату немесе тоқтата тұру туралы шешім қабылдауға құқылы.
      20. Лицензияның қолданылуы уәкілетті орган тоқтата тұру туралы шешім қабылдаған күннен бастап тоқтатыла тұрады.
      Тоқтатыла тұрған лицензияның қолданылуын уәкілетті орган оның қолданылуын тоқтата тұруға әкелген себептерді жойғаннан кейін қайта қалпына келтіруі мүмкін. Бұл ретте лицензияның қолданылуын тоқтата тұру оны ұзарту үшін негіз болып табылмайды.
      Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру немесе тоқтату тәртібін Комиссия айқындайды.
      21. Лицензия жоғалған жағдайда, уәкілетті орган өтінім берушінің жазбаша өтініші бойынша және мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген тәртіппен және мөлшерде мемлекеттік баж (лицензиялық алым) төленгеннен кейін түпнұсқаға ұқсас ресімделген және «Телнұсқа» деген жазуы бар лицензияның телнұсқасын береді.
      Лицензияны жоғалтудың себептері мен мән-жайлары түсіндірілетін өтініш еркін нысанда жасалады.
      Лицензияның телнұсқасын өтініш берілген күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде уәкілетті орган береді.
      22. Бас және айрықша лицензиялардың иелері тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15-күніне дейін уәкілетті органға лицензияның орындалу барысы туралы есепті ұсынуға міндетті.
      Біржолғы лицензиялардың иелері лицензияның қолданылу мерзімі өткеннен кейін күнтізбелік 15 күн ішінде уәкілетті органға лицензияның орындалуы туралы анықтама беруге міндетті.
      23. Мүше мемлекеттің тиісті кеден органы лицензияны бақылаудан алған кезде өтінім берушіге оның жазбаша өтінішінің негізінде 5 жұмыс күні ішінде лицензияны орындау туралы анықтама береді.
      Анықтама берудің нысаны мен тәртібін Комиссия айқындайды.
      24. Егер кеден органдарының мұндай ақпаратты ұсынуы мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген болса, кеден органдары электрондық нысанда лицензиялардың орындалуы туралы ақпаратты тікелей уәкілетті органға береді.
      Егер кеден органдары лицензиялардың орындалуы туралы ақпаратты электрондық нысанда тікелей уәкілетті органға беретін болса, лицензиялардың иелері лицензиялардың орындалу барысы туралы есептерді және лицензиялардың орындалуы туралы анықтамаларды уәкілетті органға бермейді.

III. Рұқсаттар беру тәртібі

      25. Рұқсатты ресімдеу Комиссия бекітетін тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына және (немесе) импортына рұқсатты ресімдеу туралы нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады.
      Рұқсат Комиссия бекітетін тәртіппен, ал ол бекітілгенге дейін - мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес айқындалатын тәртіппен электрондық құжат нысанында берілуі (ресімделуі) мүмкін.
      Электрондық құжат нысанындағы рұқсаттың құрылымы мен форматын Комиссия бекітеді, ал ол бекітілгенге дейін мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес айқындалады.
      Бір мүше мемлекеттің уәкілетті органы берген рұқсаттарды барлық басқа мүше мемлекеттер мойындайды.
      26. Рұқсаттарды беру мерзімі өтініш берілген күннен бастап 3 жұмыс күнінен аспауы тиіс.
      Рұқсаттар сыртқы сауда қызметіне кез келген қатысушыларға уәкілетті органға берілетін:
      жазбаша өтініштің;
      қағаз жеткізгіштегі рұқсат жобасының;
      Комиссия бекітетін форматта, ал ол бекітілгенге дейін мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес айқындалатын форматта рұқсат жобасының электрондық көшірмесі негізінде шектеусіз беріледі.
      27. Рұқсаттың қолданылу мерзімі рұқсат берілген күнтізбелік жылмен шектеледі.
      28. Уәкілетті орган сыртқы сауда қызметіне қатысушыға немесе оны алуға өкілеттіктерді жазбаша растауы бар оның өкіліне берілетін рұқсаттың түпнұсқасын ресімдейді.
      Сыртқы сауда қызметіне қатысушы тауарлар кедендік декларацияланғанға дейін рұқсатты бақылауға қою кезінде сыртқы сауда қызметіне қатысушыға бақылауға қою туралы кеден органының белгісі бар оның көшірмесін беретін тиісті кеден органына рұқсаттың түпнұсқасын береді.
      Егер уәкілетті орган рұқсатты электрондық құжат нысанында берген (ресімдеген) болса, онда сыртқы сауда қызметіне қатысушының өз мемлекетінің кеден органына рұқсаттың түпнұсқасын қағаз жеткізгіште беруі талап етілмейді.
      Уәкілетті органдар мен кеден органдарының электрондық құжат нысанында берілген рұқсаттардың орындалуын бақылау бойынша өзара іс-қимылының тәртібі мүше мемлекеттердің заңнамасында айқындалады.
      29. Берілген рұқсаттар сыртқы сауда қызметіне басқа қатысушыларға қайта ресімдеуге жатпайды.
      Берілген рұқсаттарға өзгерістер енгізуге жол берілмейді.
      30. Берілген рұқсат жоғалған жағдайда, уәкілетті орган 3 жұмыс күні ішінде сыртқы сауда қызметіне қатысушының жазбаша өтініші бойынша түпнұсқаға ұқсас ресімделетін және «Телнұсқа» деген жазуы бар рұқсаттың телнұсқасын бере алады. Бұл ретте өтініште рұқсатты жоғалтудың себептері мен мән-жайлары түсіндірілуге тиіс. Өтініш еркін нысанда жасалады.

Еуразиялық экономикалық


одақ туралы шартқа  
№ 8 ҚОСЫМША      

Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке


қарсы және өтемақы шараларын қолдану туралы
ХАТТАМА

I. Жалпы ережелер



      1. Осы Хаттама Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың (бұдан әрі - Шарт) 48 және 49-баптарына сәйкес әзірленген және Одақтағы тауар өндірушілердің экономикалық мүдделерін қорғау мақсатында үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларының қолданылуын айқындайды.
      2. Осы Хаттамада пайдаланылатын ұғымдар мыналарды білдіреді:
      «ұқсас тауар» - тергеп-тексеру (қайта тергеп-тексеру) объектісі болып табылатын немесе болуы мүмкін тауарға толықтай сәйкес келетін тауар не мұндай тауар болмаған жағдайда - тергеп-тексеру (қайта тергеп-тексеру) объектісі болып табылатын немесе болуы мүмкін тауардың сипаттамасына жақын сипаттамалары бар басқа тауар;
      «демпингке қарсы шара» - демпингке қарсы баж, оның ішінде алдын ала демпингке қарсы баж енгізу немесе экспорттаушы қабылдаған ерікті баға міндеттемелерін мақұлдау арқылы Комиссия шешімі бойынша қолданылатын демпингтік импортқа қарсы іс-қимыл бойынша шара;
      «демпингке қарсы баж» - демпингке қарсы шараны енгізу кезінде қолданылатын және мүше мемлекеттердің кеден органдары кедендік әкелу бажына қарамастан алатын баж;
      «демпингтік маржа» - тауардың экспорттық бағасын шегерумен, осы тауардың қалыпты құнының оның экспорттық бағасына пайызбен көрсетілген қатынасы не тауардың қалыпты құны мен оның экспорттық бағасының арасындағы абсолюттік көрсеткіштермен көрсетілген айырмасы;
      «импорттық квота» - тауардың санына және (немесе) құнына қатысты оның Одақтың кедендік аумағына импортын шектеу;
      «өтемақы шарасы» - өтемақы бажын (оның ішінде алдын ала өтемақы бажын) енгізу не субсидиялаушы үшінші елдің уәкілетті органы немесе экспорттаушы қабылдаған ерікті міндеттемелерді мақұлдау арқылы Комиссияның шешімі бойынша қолданылатын, мүше мемлекеттердің экономика саласына экспорттаушы үшінші елдің өзіндік ерекшелікті субсидия әсерін бейтараптандыру жөніндегі шара;
      «өтемақы бажы» - өтемақы шарасын енгізу кезінде қолданылатын және мүше мемлекеттердің кеден органдары кедендік әкелу бажына қарамастан алатын баж;
      «мүше мемлекеттердің экономика саласына материалдық залал» - атап айтқанда, мүше мемлекеттерде ұқсас тауар өндірісі көлемінің және мүше мемлекеттер нарығында оны өткізу көлемінің қысқаруымен, мұндай тауар өндірісі рентабельділігінің төмендеуімен, сондай-ақ мүше мемлекеттер экономикасының осы саласындағы тауар қорларына, жұмыспен қамтуға, жалақының деңгейіне және мүше мемлекеттер экономикасының осы саласына инвестициялардың деңгейіне теріс әсер етуден көрінуі мүмкін, мүше мемлекеттер экономикасы саласы ахуалының дәлелдемелермен расталған нашарлауы;
      «тікелей бәсекелес тауар» - өзінің мақсаты, қолданылуы, сапалық және техникалық сипаттамалары бойынша, сондай-ақ тергеп-тексеру (қайта тергеп-тексеру) объектісі болып табылатын немесе болуы мүмкін тауарды тұтыну процесінде сатып алушы оны ауыстыратындай немесе ауыстыруға дайын болатындай басқа да негізгі қасиеттері бойынша тергеп-тексеру (қайта тергеп-тексеру) объектісі болып табылатын немесе болуы мүмкін тауарға сай келетін тауар;
      «сауданың әдеттегі барысы» - өндірістің орташа өлшемді шығасыларына және орташа өлшемді сауда, әкімшілік және жалпы шығасыларға негізделе отырып айқындалатын ұқсас тауардың орташа өлшемді өзіндік құнынан төмен емес баға бойынша экспорттаушы үшінші елдің нарығында оны сатып алу-сату;
      «төлеушілер» - Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексіне сәйкес айқындалған тұлғалар;
      «алдын ала демпингке қарсы баж» - оған қатысты тергеп-тексерулер жүргізетін орган тергеп-тексеру барысында демпингтік импорттың болуы және осыған байланысты мүше мемлекеттердің экономика саласына материалдық залалы, оның келтіретін қауіпі немесе мүше мемлекеттердің экономика саласын құрудың айтарлықтай бәсеңдеуі туралы алдын ала қорытынды жасаған тауардың Одақтың кедендік аумағына импорты кезінде қолданылатын баж;
      «алдын ала өтемақы бажы» - оған қатысты тергеп-тексерулер жүргізетін орган тергеп-тексеру барысында субсидияланатын импорттың болуы және осыған байланысты мүше мемлекеттердің экономика саласына материалдық залалы, оның келтіретін қауіпі немесе мүше мемлекеттердің экономика саласын құрудың айтарлықтай бәсеңдеуі туралы алдын ала қорытынды жасаған тауардың Одақтың кедендік аумағына импорты кезінде қолданылатын баж;
      «алдын ала арнайы баж» - оған қатысты тергеп-тексерулер жүргізетін орган тергеп-тексеру барысында мүше мемлекеттердің экономика саласына елеулі залал келтірген немесе келтіру қауіпін төндірген үдемелі импорттың болуы туралы алдын ала қорытынды жасаған тауардың Одақтың кедендік аумағына импорты кезінде қолданылатын баж;
      «алдыңғы кезең» - қажетті статистикалық деректері бар тергеп-тексеру жүргізу туралы өтініш берілген күннің тікелей алдындағы күнтізбелік 3 жыл;
      «байланысты тұлғалар» - төменде келтірілген бір немесе бірнеше критерийлерге сай келетін тұлғалар:
      осы тұлғалардың әрқайсысы басқа тұлғаның қатысуымен құрылған ұйымның қызметкері немесе басшысы болып табылады;
      тұлғалар іскер әріптестер болып табылады, яғни шарттық қатынастармен байланысты болады, пайда алу мақсатында әрекет етеді және бірлескен қызметті жүзеге асыруға байланысты шығыстар мен залалдарды бірлесіп көтереді;
      тұлғалар бір ұйымның жұмыс берушілері және жұмыскерлері болып табылады;
      қандай да бір тұлға дауыс беретін акциялардың 5 және одан да көп пайызын немесе екі тұлғаның үлестерін тікелей немесе жанама түрде иеленеді, бақылайды немесе олардың номиналды ұстаушысы болып табылады;
      тұлғалардың біреуі екінші тұлғаны тікелей немесе жанама түрде бақылайды;
      екі тұлғаны да үшінші тұлға тікелей немесе жанама түрде бақылайды;
      екі тұлға бірлесіп үшінші тұлғаны тікелей немесе жанама түрде бақылайды;
      тұлғалар неке қатынастарында, туыстық немесе бала асыраушы немесе асырап алынған, сондай-ақ қамқоршы және қамқорлықтағы қатынастарда болады.
      Бұл ретте мынадай іс-қимылдардың біреуін немесе бірнешеуін жасау:
      оның атқарушы органының функцияларын жүзеге асыру;
      заңды тұлғаның кәсіпкерлік қызметін жүргізу шарттарын айқындау құқығын алу;
      заңды тұлғаның жарғылық (қалыптасу) капиталын (қорын) құрайтын акцияларға (үлестерге) тиесілі дауыстардың жалпы санының 5 пайызынан астамына билік ету арқылы заңды тұлға қабылдайтын шешімдерді заңды немесе жеке тұлғаның айқындау мүмкіндігі тікелей бақылау деп түсініледі.
      Жеке немесе заңды тұлға арқылы не арасында тікелей бақылау бар бірнеше заңды тұлғалар арқылы заңды тұлға қабылдайтын шешімдерді заңды немесе жеке тұлғаның айқындау мүмкіндігі жанама бақылау деп түсініледі;
      «мүше мемлекеттердің экономика саласына елеулі залал» - мүше мемлекеттер экономика саласының өндірістік, сауда және қаржы жағдайының айтарлықтай нашарлауынан көрінетін және әдетте, алдыңғы кезең ішінде айқындалатын мүше мемлекеттерде ұқсас немесе тікелей бәсекелесуші тауар өндірісімен байланысты ахуалдың дәлелдемелермен расталған жалпы нашарлауы;
      «арнайы қорғау шарасы» - импорттық квотаны, арнайы квотаны немесе арнайы бажды, оның ішінде алдын ала арнайы бажды енгізу арқылы Комиссияның шешімі бойынша қолданылатын Одақтың кедендік аумағына үдемелі импортты шектеу жөніндегі шара;
      «арнайы квота» - оның шеңберінде Одақтың кедендік аумағына тауар арнайы бажды төлеусіз, ал осы көлемнен артық арнайы баж төлемімен жеткізілетін Одақтың кедендік аумағына тауар импортының белгілі бір көлемін белгілеу;
      «арнайы баж» - арнайы қорғау шарасын енгізген кезде қолданылатын және мүше мемлекеттердің кеден органдары кедендік әкелу бажына қарамастан алатын баж;
      «субсидияланатын импорт» - өндірілуі, экспортталуы немесе тасымалдануы кезінде экспорттаушы үшінші елдің өзіндік ерекшелікті субсидиясы пайдаланылған тауардың Одақтың кедендік аумағына импорты;
      «үшінші елдер» - Шарт қатысушылары болып табылмайтын елдер және (немесе) елдердің бірлестіктері, сондай-ақ Комиссия бекітетін әлем елдерінің сыныптауышына енгізілген аумақтар;
      «субсидиялаушы орган» - экспорттаушы үшінші елдің мемлекеттік органы не жергілікті өзін-өзі басқару органы не тиісті мемлекеттік органның не жергілікті өзін-өзі басқару органының тапсырмасы бойынша әрекет ететін немесе құқықтық актіге сәйкес немесе нақты мән-жайларға орай тиісті мемлекеттік орган не жергілікті өзін-өзі басқару органы уәкілеттік берген тұлға;
      «мүше мемлекеттердің экономика саласына материалдық залал келтіру қаупі» - мүше мемлекеттердің экономика саласына материалдық залал келтірудің дәлелдемелермен расталған шарасыздығы;
      «мүше мемлекеттердің экономика саласына елеулі залал келтіру қаупі» - мүше мемлекеттердің экономика саласына елеулі залал келтірудің дәлелдемелермен расталған шарасыздығы;
      «экспорттық баға» - Одақтың кедендік аумағына тауардың импорты кезінде төленген немесе төленуге тиіс баға.

II. Тергеп-тексеру

1. Тергеп-тексеру жүргізу мақсаттары

      3. Тауардың импорты кезінде арнайы қорғау, демпингке қарсы немесе өтемақы шарасын енгізу алдында:


      Одақтың кедендік аумағына өскен импорттың және осыған байланысты мүше мемлекеттердің экономика саласына елеулі залалдың немесе оны келтіру қаупінің болуын;
      Одақтың кедендік аумағына демпингтік немесе субсидияланатын импорттың болуын және осыған байланысты мүше мемлекеттердің экономика саласына материалдық залалдың немесе оны келтіру немесе мүше мемлекеттердің экономика саласын құрудың айтарлықтай бәсеңдеуі қаупінің болуын анықтау мақсатында тергеп-тексеру жүргізіледі.

2. Тергеп-тексерулер жүргізетін орган

      4. Тергеп-тексерулер жүргізетін орган өзіне халықаралық шарттарда және Одақтың құқығын құрайтын актілерде берілетін өкілеттіктер шеңберінде әрекет етеді.
      5. Тергеп-тексерулер жүргізетін орган тергеп-тексеру нәтижелері бойынша Комиссияға арнайы қорғау, демпингке қарсы немесе өтемақы шарасын қолдану мерзімін қолданудың немесе ұзартудың не арнайы қорғау, демпингке қарсы немесе өтемақы шарасын қайта қараудың немесе күшін жоюдың орындылығы туралы ұсынысы бар, Комиссияның тиісті шешімінің жобасы қоса берілген баяндаманы ұсынады.
      6. Арнайы қорғау, демпингке қарсы немесе өтемақы шарасын қайта қарау қайта тергеп-тексерудің қорытындылары бойынша оны өзгертуді, күшін жоюды немесе ырықтандыруды көздейді.
      7. Осы Хаттаманың 15 - 22, 78 - 89, 143 - 153-тармақтарында көзделген жағдайларда, тергеп-тексерулер жүргізетін орган тергеп-тексеру аяқталғанға дейін Комиссияға алдын ала арнайы, алдын ала демпингке қарсы немесе алдын ала өтемақы бажын енгізу мен қолданудың орындылығы туралы ұсынысы бар, Комиссияның тиісті шешімінің жобасы қоса берілген баяндаманы ұсынады.
      8. Тергеп-тексерулер жүргізетін органға дәлелдемелер мен мәліметтер ұсыну, сондай-ақ тергеп-тексерулер жүргізетін органмен хат алмасу орыс тілінде жүзеге асырылады, ал шетел тілінде жасалған құжаттардың түпнұсқалары орыс тіліндегі аудармасымен (осындай аудармасы куәландырылып) қоса берілуге тиіс.

III. Арнайы қорғау шаралары

1. Арнайы қорғау шарасын қолданудың жалпы қағидаттары

      9. Арнайы қорғау шарасы тауардың шығарылатын еліне қарамастан:


      1) әрқайсысының үлесіне Одақтың кедендік аумағына осы тауар импортының жалпы көлемінің көп дегенде 3 пайызынан келетін дамушы немесе аз дамыған үшінші елдерден шығарылатын осы тауар импортының жиынтық үлесі Одақтың кедендік аумағына осы тауар импортының жалпы көлемінің 9 пайызынан аспайтын жағдайда, дамушы немесе аз дамыған елден шығарылатын осы тауар импортының үлесі Одақтың кедендік аумағына осы тауар импортының жалпы көлемінің 3 пайызынан аспайынша, Одақтың тарифтік преференциялар жүйесін пайдаланатын, дамушы немесе аз дамыған үшінші елден шығарылатын тауарды;
      2) 2011 жылғы 18 қазандағы Еркін сауда аймағы туралы шарттың Тарапы болып табылатын, осы Шарттың 8-бабында белгіленген талаптарды орындаған кезде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттен шығатын тауарды қоспағанда, экспорттаушы үшінші елден Одақтың кедендік аумағына импортталатын тауарға қатысты қолданылады.
      10. Комиссия дамушы немесе аз дамыған үшінші елден шығарылатын және осы Хаттаманың 9-тармағына сәйкес арнайы қорғау шараларының қолданылуынан алынып тасталған тауарға, егер осы Хаттаманың 31, 33 немесе 34-тармақтарына сәйкес тергеп-тексерулер жүргізетін орган жүргізген қайта тергеп-тексеру нәтижесінде, осындай дамушы немесе аз дамыған үшінші елден тауар импортының үлесі осы Хаттаманың 9-тармағында белгіленген көрсеткіштерден асып түсетіні анықталған болса, арнайы қорғау шарасын тарату туралы шешім қабылдайды.
      11. Комиссия осы Хаттаманың 9-тармағына сәйкес арнайы қорғау шарасының қолданылуынан алынып тасталған, 2011 жылғы 18 қазандағы Еркін сауда аймағы туралы шарттың тарапы болып табылатын Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттен шығарылатын тауарға, егер осы Хаттаманың 31, 33 немесе 34-тармақтарына сәйкес тергеп-тексерулер жүргізетін орган жүргізген қайта тергеп-тексеру нәтижесінде, осы Шарттың 8-тармағында белгіленген талаптарды одан әрі орындамайтыны анықталған болса, арнайы қорғау шарасын тарату туралы шешім қабылдайды.

2. Өскен импорт салдарынан мүше мемлекеттердің экономика


жүктеу 3,03 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   46




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау