Еуразиялық экономикалық комиссия



жүктеу 393,5 Kb.
бет3/5
Дата23.11.2018
өлшемі393,5 Kb.
#23829
1   2   3   4   5

Көлік құралдарының электрондық паспорттары (көлік құралдары шассиінің электрондық паспорттары) және өздігінен жүретін машиналар мен техниканың басқа түрлерінің электрондық паспорттары жүйелерін ақпараттық қамтамасыз ету

ТӘРТІБІ



  1. Көлік құралдары электрондық паспорттары (көлік құралдары шассиі электрондық паспорттары) және өздігінен жүретін машиналар мен техниканың басқа түрлері электрондық паспорттары (бұдан әрі - электрондық паспорттар) жүйелерін ақпараттық қамтамасыз ету мынадай:

  1. электрондық паспорттар жүйелеріндегі ақпаратты (объектілерді кодтау негізінде) бірмәнді және үнемді ұсыну;

  2. объектілер арасындағы байланыстар сипатын ескере отырып, ақпаратты талдау және өңдеу рәсімдерін (объектілердің сыныптамасы негізінде) ұйымдастыру;

  3. электрондық паспорттар жүйелері қатысушыларының өзара
    іс-қимылын ұйымдастыру;

  4. автоматтандыру объектісінің жұмыс істеуін басқаруда (құжаттаманың біріздендірілген жүйесі негізінде) ақпаратты тиімді пайдалануды қамтамасыз ету міндеттерін шешудің құралы болып табылады.

  1. Электрондық паспорттар жүйелерін ақпараттық қамтамасыз ету:

  1. машинадан тыс ақпараттық қамтамасыз етуді (техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштары, құжаттар, әдістемелік нұсқаулық материалдар, нормативтік-анықтамалық ақпарат);

  2. машинаішілік ақпараттық қамтамасыз етуді (макеттер, алғашқы деректерді енгізу немесе нәтижелі ақпаратты шығару үшін экрандық нысандар, электрондық түрдегі мәліметтер мен құжаттардың форматтары, сондай-ақ дерекқорлар) қамтиды.

  1. Электрондық паспорттар жүйелерін ақпараттық қамтамасыз етуге мынадай талаптар қойылады:

  1. ақпараттық қамтамасыз ету электрондық паспорттар жүйелерінің барлық автоматтандырылған функцияларын қолдау үшін жеткілікті болуға тиіс;

  2. ақпаратты кодтау үшін тиісті сыныптауыштар қолданылуға тиіс;

  3. электрондық паспорттар жүйелері қатысушыларының ақпараттық жүйелерінің үйлесімділігі қамтамасыз етілуге немесе олардың өзара іс-қимылы көзделуге тиіс;

  4. ақпараттық хабарлар мен олардың мазмұнын қалыптастырудың графикалары, сондай-ақ пайдаланылатын аббревиатуралар жалпыға бірдей қабылданған және электрондық паспорттар жүйелері әкімшісімен (бұдан әрі - әкімші) және электрондық паспорттар жүйелері қатысушыларымен келісілген болуға тиіс;

  5. электрондық паспорттар жүйелерінде енгізілетін алғашқы деректер мен шығарылатын нәтижелі ақпаратты бақылау, деректерді жаңарту және электрондық құжаттардың алдыңғы нұсқаларын және мәліметтерді ақпараттық массивтерде электрондық түрде сақтау, ақпарат қорының тұтастығын бақылау, рұқсатсыз кіруден қорғау құралдары көзделген болуға тиіс.

  1. Электрондық паспорттар жүйелерін ақпараттық қамтамасыз етуді ұйымдастыру олардың тапсырылған автоматтандырылған функцияларды орындау қажеттілігінен шығады. Ақпараттық базаның тұтастығын қорғау ұйымдық-техникалық шаралармен қамтамасыз етіледі.

  2. Ақпаратты сыныптау мен кодтау жүйесі түсініктердің бірмәнділігі мен пайдаланушының электрондық паспорттар жүйелерімен диалогының қолайлылығын қамтамасыз ететін және мынадай:

  1. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің (бұдан әрі - мүше мемлекеттер) сыныптауыштарына және Еуразиялық экономикалық одақта қолданылып жүрген бірыңғай сыныптауыштарға сәйкестігі;

  2. сыныптама объектілерін қамтудың толықтығын қамтамасыз ету;

  3. деректерді өңдеу үшін сыныптау тереңдігінің жеткіліктілігі;

  4. сыныптауыш құрылымын бұзбай, көптеген объектілерді және олардың топтарын кеңейту кезінде белгілерді ізеуірттеуді қамтамасыз ету;

  5. біртекті объектілердің басқа да сыныптауыштарымен ұштасу талаптарын қанағаттандыратын сыныптауыштар кешенін білдіреді.

  1. Электрондық паспорттар жүйелерінің ақпараттық-лингвистикалық қамтылымы (бұдан әрі - ақпараттық-лингвистикалық қамтылым) мынадай қағидаттарға сәйкес әзірленеді:

  1. жалпы қағидаттар:

пәндік саланың және басқару органдарының ақпараттық өрісінің декомпозициясы кезінде ақпараттық-лингвистикалық қамтылымның тұтастығын және басқарудың ұштасқан органдарын автоматтандырылған басқару жүйесімен ақпарат алмасуды қамтамасыз ететін олардың құрылымдық элементтері арасындағы барлық басты байланыстарды белгілеуден тұратын жүйелілік қағидаты;

жұмыс қабілетін бұзбай (соның ішінде жұмыс істейтін жүйелер үшін), электрондық паспорттар жүйелері функцияларын толықтыру мен жаңарту мүмкіндігі көзделетін даму (ашықтық) қағидаты;

интерфейстердің іске асырылуына себепші болатын, соның арқасында электрондық паспорттар жүйелері белгіленген хаттамаларға сәйкес басқа жүйелермен өзара іс-қимыл жасай алатын сыйысымдылық қағидаты;

ақпараттық-лингвистикалық қамтылымның типтік, біріздендірілген және стандартталған құрауыштарын ұтымды пайдалану талап етілетін стандарттау (біріздендіру) қағидаты;

ақпараттық-лингвистикалық қамтылымды жасауға кететін шығыстар мен электрондық паспорттар жүйелері жұмысының орнықтылығын, толассыздығын, жеделдігін арттыру нәтижесінде алынатын нысаналы әсерлер арасындағы оңтайлы арақатынасқа жетуге бағытталған тиімділік қағидаты;


  1. ерекшелікті қағидаттар:

электрондық паспорттар жүйелерінің қалыптасқан құрылымын және олармен ұштасатын жүйелерді жобалау және пайдалану кезінде қолданылған әдістемелік және техникалық шешімдерді жан-жақты есепке алудан тұратын сабақтастық қағидаты;

ақпараттық-лингвистикалық қамтылымды жасау мақсатының, оның функционалдық міндеті мен мүмкіндіктерінің аппараттық және бағдарламалық құралдардың даму деңгейіне және басқарудың автоматтандырылған жүйелеріне қойылатын қазіргі заманғы талаптарға сәйкес келу қағидаты;

пайдаланылатын ақпараттың барлық құрауыштарын және оны әдістемелік тәсілдемелерге сәйкес ақпараттық-лингвистикалық қамтылымды жасауға стандарттауды біріздендіру қағидаты;

ақпараттық-лингвистикалық қамтылымның нақты уақыт ауқымында жұмыс істеу қағидаты;

сыныптау мен кодтаудың бірыңғай жүйесін пайдалану қағидаты;

бірыңғай ақпараттық тілдерді қолдану қағидаты.



  1. Электрондық паспорттар жүйелерінің қатысушылары электрондық паспорттар жүйелерінің жұмыс істеуі кезіндегі тиісті рөлдері шеңберінде ақпарат алушылар және берушілер болуы мүмкін.

Ақпарат алушылар Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының
20 жылғы № шешімімен бекітілген Көлік құралдары электрондық паспорттары (көлік құралдары шассиі электрондық паспорттары) және өздігінен жүретін машиналар мен техниканың басқа түрлері электрондық паспорттары жүйелерінің жұмыс істеу тәртібінің (бұдан әрі - Тәртіп)
13-тармағына сәйкес айқындалған көлемде ақпарат алады.

Ақпарат берушілер оны электрондық паспорттарға енгізу үшін ақпаратты Тәртіп белгілеген тәртіпте және қағидалар бойынша береді.



  1. Ақпарат жинау автоматтандырылған режимде тек бағдарламалық құралдармен жүзеге асырылады.

  2. Электрондық паспорттар жүйелері енгізілген ақпараттың тұтастығы мен құрылымдық дұрыстығын бақылауды қамтамасыз етеді.

  3. Электрондық паспорттар жүйелерінде ресімдеумен, одан әрі толтырумен және электрондық паспорттарға өзгерістер енгізумен байланысты ақпаратты жинау және өңдеу процесінде нәтижесі электрондық паспорт мәртебесін сақтау немесе өзгерту туралы шешім болып табылатын өзектіленген электрондық паспорттың мәліметтеріне талдау жасалады.

  4. Электрондық паспорттарды ресімдеу рәсімдерін өту және электрондық паспорттар жүйелерінің жұмыс істеуі кезінде электрондық паспорттар жүйелері қатысушыларының өзара іс-қимылына қойылатын талаптар мүше мемлекеттердің ақпараттық жүйелерін пайдалана отырып, электрондық паспорттар жүйелерінің жұмыс істеуімен байланысты емес деректерді электрондық алмасуда қолданылмайды.

  5. Электрондық паспорттар жүйелері қатысушыларының ақпараттық өзара іс-қимылы кезінде электрондық паспорттарды ресімдеу рәсімдерін өту барысында ведомствоаралық электрондық өзара іс-қимыл жүйелері және жұмыс істеуі осы мүше мемлекеттің заңнамасымен реттелетін мүше мемлекеттің деректерді беруінің басқа да жүйелері пайдаланылуы мүмкін.

  6. Электрондық паспорттар жүйелерінде деректерді электрондық алмасу шеңберінде жасалатын барлық операциялар үшін электрондық паспорттар жүйелерінің қатысушылары мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес жауапты болады.

  7. Хабарлама құрылымына және форматына қойылатын талаптарды, сондай-ақ мемлекетаралық ақпараттық алмасу кезінде хабарламалар алмасу тәртібін Еуразиялық экономикалық комиссия белгілейді.

  8. Хабарлама құрылымына және форматына қойылатын талаптарды және Тәртіптің «б» - «д» тармақшаларында көрсетілген электрондық паспорттар жүйелері қатысушыларының өзара іс-қимылы кезінде ұлттық деңгейде хабарлама алмасу тәртібін Еуразиялық экономикалық одақтың құқығына кіретін актілерге және мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес жасасылатын ақпараттық өзара іс-қимыл туралы электрондық паспорттар жүйелерінің әкімшісі мен қатысушысы арасындағы екіжақты келісімдерге сәйкес әкімші айқындайды.

  9. Электрондық деректер алмасудың қатысушылары арасындағы ақпараттық алмасу ақпараттық хабарламалар арқылы қамтамасыз етіледі.

  10. Жекелеген жағдайларда электрондық паспорттар жүйелері қатысушыларының өзара іс-қимылы «Интернет» ақпараттық-телекоммуникациялық желісінің порталы арқылы көзделуі мүмкін. Көрсетілген портал интерактивті режимде электрондық паспорттар жүйелерімен тікелей өзара іс-қимыл жасауға мүмкіндік береді.

  11. Электрондық паспорттар жүйелерінде электрондық деректер алмасу рәсімдерінің ұлттық деңгейде электрондық деректер алмасу рәсімдерімен ұштасу қағидалары мүше мемлекеттер заңнамасына сәйкес белгіленеді.

  12. Электрондық паспорттар жүйелерінің қатысушылары электрондық паспорттар жүйелерімен ұлттық оператор арқылы, ал әкімші тіркелген мүше мемлекеттің аумағында әкімші арқылы өзара іс-қимыл жасайды.

  13. Электрондық паспорттар жүйелерінің ақпараттық қауіпсіздігі, олардың тұтастығы мен құпиялылығы мынадай:

ақпаратты резервтік көшіру;

апатқа төзімділікті қамтамасыз ету;

аутентификация жүргізу;

пайдаланушылар құқығының аражігін ажырату;

заңдық маңызы бар электрондық өзара іс-қимылды жүзеге асыру;

пайдаланушылардың іс-әрекеттерін хаттамалау;

ақпараттық арналарды рұқсатсыз кіруден қорғау салаларындағы іс-шаралар кешенін орындаумен қамтамасыз етіледі.

Көрсетілген салаларда орындалатын іс-шаралар тізбесін әкімші әрбір мүше мемлекет үшін осы мүше мемлекеттің заңнамасына, сондай-ақ халықаралық шарттар мен Еуразиялық экономикалық одақтың құқығын құрайтын актілерге сәйкес әзірлеп, бекітеді.



Көлік құралдарының электрондық паспорттары (көлік құралдары шассиінің электрондық паспорттары) және өздігінен жүретін машиналар мен техниканың басқа түрлерінің электрондық паспорттары жүйелерінің жұмыс істеу тәртібіне
№ 7 ҚОСЫМША

Көлік құралдарының электрондық паспорттарын
(көлік құралдары шассиінің электрондық паспорттарын) ресімдеудің


ҚАҒИДАЛАРЫ



  1. Көлік құралдарының электрондық паспорттарын
    (көлік құралдары шассиінің электрондық паспорттарын) (бұдан әрі – электрондық паспорт) ресімдеу электрондық паспорттың бөлімдері мен бос жолдарын толтыру арқылы жүзеге асырылады.

Электрондық паспортты толтыруға қол жеткізу Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің уәкілетті органының (ұйымының) немесе Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің уәкілетті органының (ұйымының) және көлік құралдарының (көлік құралдары шассиінің), өздігінен жүретін машиналар мен техниканың басқа түрлерінің паспорттарын (электрондық паспорттарын) ресімдеуді жүзеге асыратын көлік құралдарын (көлік құралдарының шассилерін), өздігінен жүретін машиналар мен техниканың басқа түрлерін жасаушы ұйымның (бұдан әрі тиісінше – уәкілетті органдар (ұйымдар), жасаушы ұйымдар, мүше мемлекет) бірыңғай тізіліміне енгізілген электрондық паспорттарды ресімдеуді жүзеге асыратын көлік құралдарын (көлік құралдарының шассиін) жасаушы ұйымның таңдаған және растаған өкілеттіктеріне және Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 877 шешімімен қабылданған «Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» Кеден одағы техникалық регламентінің (бұдан әрі – КО ТР 018/2011) талаптарына көлік құралының (көлік құралы шассиінің) (бұдан әрі – көлік құралы (шасси) сәйкестігін растайтын құжаттардың мазмұнына байланысты әртүрлі режимде жүзеге асырылады.

  1. «Электрондық паспорттың түрі: көлік құралының электрондық паспорты» («Электрондық паспорттың түрі: көлік құралы шассиінің электрондық паспорты») бөлімінде уәкілетті орган (ұйым) немесе жасаушы ұйым таңдаған өкілеттіктерге сәйкес «Көлік құралының электрондық паспорты» немесе «Көлік құралы шассиінің электрондық паспорты» - электрондық паспортының түрі көрсетіледі.

  2. «Көлік құралы электрондық паспортының нөмірі» («Көлік құралы шассиі электрондық паспортының нөмірі») бөлімінде Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 20 жылғы № шешімімен бекітілген Көлік құралдарының электрондық паспорттары (көлік құралдары шассилерінің электрондық паспорттары) және өздігінен жүретін машиналар мен техниканың басқа түрлерінің электрондық паспорттары жүйелерінің жұмыс істеу тәртібінің (бұдан әрі - Тәртіп) 17-тармағына сәйкес автоматты түрде электрондық паспорттар жүйелерінде қалыптастырылған көлік құралы электрондық паспортының бірегей нөмірі немесе көлік құралы шассиі электрондық паспортының бірегей нөмірі көрсетіледі.

  3. «Көлік құралының электрондық паспортының мәртебесі» («Көлік құралы шассиі электрондық паспортының мәртебесі») бөлімінде электрондық паспорттың:

көлік құралдары үшін:

«аяқталмаған»;

«қолданыстағы»;

«жойылған»;

«өтелген»;

«кәдеге жаратылған көлік құралы»;

шасси үшін -

«кәдеге жаратылған шасси» мәртебелерінің біреуі көрсетіледі.



  1. «Көлік құралының сәйкестендіру белгілері» («Көлік құралы шассиінің сәйкестендіру белгілері») бөлімінде:

  1. «сәйкестендіру нөмірі» бос жолында – КО ТР 018/2011 № 7 қосымшасына сәйкес көлік құралына (шассиге) берілген сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.

Электрондық паспорттарды қолдана бастаған күнге дейін айналымға шығарылған көлік құралдары (шассилері) үшін аталған бос жолда КО ТР 018/2011 № 7 қосымшасының талаптарына сәйкес келмейтін сәйкестендіру нөмірін көрсетуге жол беріледі.

Сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда аталған бос жолда көлік құралының (шассидің) зауыттық нөмірі көрсетіледі;



  1. «1968 жылғы 8 қарашадағы Жол қозғалысы туралы конвенцияға сәйкес көлік құралының санаты» бос жолында көлік құралының А, В, С, D санаты немесе тіркеме 1968 жылғы 8 қарашадағы Жол қозғалысы туралы конвенцияға сәйкес көрсетіледі.

Көлік құралы шассиінің электрондық паспортын ресімдеу кезінде аталған бос жол пайдаланылмайды;

  1. «қозғалтқыш нөмірі» бос жолында – жасаушы ұйым берген қозғалтқыш нөмірі көрсетіледі.

Қозғалтқыш нөмірі болмаған жағдайда аталған бос жолға «жоқ» деген жазу жазылады.

Қозғалтқышсыз жиынтықтағы тіркемелер мен шассиге қатысты аталған бос жол пайдаланылмайды;



  1. «шасси (рама) нөмірі» бос жолында - жасаушы ұйым берген және салған шасси (рама) нөмірі;

  2. «шанақ (кабина, тіркеме) нөмірі» бос жолында - жасаушы ұйым берген және салған шанақ (кабина, тіркеме) нөмірі;

  3. «шұғыл қимылдайтын жедел қызметтерді шақыру құрылғысының сәйкестендіру нөмірі туралы мәліметтер» бос жолында - шұғыл қимылдайтын жедел қызметтерді шақыру құрылғысының сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.

Ақпарат болмаған жағдайда аталған бос жолға «жоқ» деген жазу жазылады;

7) «шанақ (кабина, тіркеме) түсі» бос жолында – көлік құралының (шассидің) шанағына (кабинасына, тіркемесіне) сыртқы жағынан боялған негізгі мынадай: ақ, сары, қоңыр, қызыл, қызғылт сары, күлгін, көк, жасыл, қара, сұр түстердің біреуі көрсетіледі.

Негізгі түспен қатар түстің реңін немесе көлік құралын (шассиді) жасаушы ұйымның ерекшелігіне сәйкес түсті қосымша көрсетуге жол беріледі.

Көлік құралы (шасси) шанағының (кабинасының, тіркемесінің) сыртқы жағы бірнеше түс боялған жағдайда аталған бос жолда (3-тен аспайтын негізгі түстерді көрсете отырып) «аралас» немесе «көптүсті» деген жазу жазылады;

8) «жасалған айы мен жылы» бос жолында – көлік құралын (шассиді) жасап шығарған ай мен жыл (ай – сөзбен, жыл – төрт араб цифрымен) көрсетіледі.


  1. «Көлік құралы туралы мәліметтер» («Көлік құралы шассиі туралы мәліметтер») бөлімінде:

  1. «қауіпсіздіктің міндетті талаптарына сәйкестікті растайтын құжат» бос жолында – Көлік құралының типіне берілген мақұлдаулар, көлік құралы конструкциясының қауіпсіздігі туралы куәліктер және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2014 жылғы 2 желтоқсандағы № 225 шешімінде көзделген «Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» Кеден одағы техникалық регламентінің (КО ТР 018/2011) талаптарына сәйкестікті куәландыратын құжатты жою жөніндегі тіркелген хабарламалардың бірыңғай тізіліміндегі көлік құралы типін (көлік құралы шассиін мақұлдау), көлік құралы конструкциясының қауіпсіздігі куәлігі туралы жазбаны енгізудің тіркеу нөмірі мен уақыты, сондай-ақ көлік құралының типін мақұлдауды (шасси типін мақұлдауды) ресімдеген сертификаттау жөніндегі органның немесе көлік құралы конструкциясының қауіпсіздігі туралы куәлікті ресімдеген сынау зертханасының (орталықтың) атауы немесе КО ТР 018/2011 күшіне енген күнге дейін КО ТР 018/2011 техникалық реттеудің объектісі болып табылатын көлік құралына (шассиіне) қатысты берілген, мүше мемлекет заңнамасында көзделген міндетті талаптарға сәйкестікті бағалау туралы құжаттың нөмірі мен оның күні, сондай-ақ осындай құжатты ресімдеген органның (ұйымның) атауы көрсетіледі.

Тәртіптің 20-тармағы «в» тармақшасында айқындалған жағдайларда аталған бос жолға «жоқ» деген жазу жазылады және көрсетілген жағдайларды растайтын құжаттың деректемелері көрсетіледі;

  1. «марка» бос жолында – көлік құралына (шассиге) жасаушы ұйым берген марка жазылады.

Көлік құралында (шассиде) марка болмаған жағдайда, аталған жолға «жоқ» деген жазу жазылады;

  1. «коммерциялық атауы» бос жолында – көлік құралына (шассиге) жасаушы ұйым берген коммерциялық атау көрсетіледі.

Көлік құралының (шассиінің) коммерциялық атауы болмаған жағдайда, аталған бос жолға «жоқ» деген жазу жазылады;

  1. «типі» бос жолында – көлік құралының (шассидің) жасаушы ұйым берген типі;

  2. «базалық шассидің маркасы, моделі мен типі, көлік құралы шассиінің паспортын (көлік құралы шассиінің электрондық паспортын) ресімдеу нөмірі мен күні» бос жолында – түпкілікті көлік құралын жасап шығару кезінде базалық ретінде қолданылатын шассидің маркасы, моделі (бар болған кезде), типі, көлік құралы шассиінің паспортын (көлік құралы шассиінің электрондық паспортын) (бар болған кезде) ресімдеудің нөмірі мен күні көрсетіледі.

Көлік құралын басқа көлік құралының базасында жасап шығарған жағдайда, аталған бос жол пайдаланылмайды.

Көлік құралы шассиінің электрондық паспортын ресімдеу кезінде аталған бос жол пайдаланылмайды;



  1. «базалық көлік құралының маркасы, моделі мен типі, көлік құралының паспортын (көлік құралының электрондық паспортын) ресімдеу нөмірі мен күні» бос жолында - түпкілікті көлік құралын жасап шығару кезінде базалық ретінде қолданылатын көлік құралының маркасы, моделі (бар болған кезде) мен типі, көлік құралының паспортының (көлік құралының электрондық паспортының) (бар болған кезде) берілген нөмірі мен күні көрсетіледі.

Түпкілікті көлік құралын шасси базасында жасап шығарған жағдайда, аталған бос жол пайдаланылмайды.

Көлік құралы шассиінің электрондық паспортын ресімдеу кезінде аталған бос жол пайдаланылмайды;



  1. «модификация» бос жолында – көлік құралының (шассидің) типін білдіретін модификация (түрлендіру) көрсетіледі.

Көлік құралында (шассиде) модификация (түрлендіру) болмаған жағдайда, аталған бос жол пайдаланылмайды.

  1. «Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы №877 шешімімен қабылданған «Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» Кеден одағы техникалық регламентіне (КО ТР 018/2011) сәйкес санат» бос жолында – КО ТР 018/2011 № 1 қосымшасына сәйкес көлік құралы (шасси) жатқызылған және жасаушы ұйым беретін санат көрсетіледі;

  2. «экологиялық класс» бос жолында – көлік құралының (шассидің) экологиялық класы көрсетіледі.

L, O санатындағы көлік құралдарына және қозғалтқышсыз шассиге қатысты аталған бос жол пайдаланылмайды.

Егер көлік құралының (шассидің) экологиялық класы анықталмаған жағдайда, аталған бос жолда «анықталмаған» деген жазу жазылады;

10) «жасап шығарудың нұсқасы» бос жолында – шассиді жасап шығарудың мынадай нұсқаларының біреуі көрсетіледі:

кабинасы мен қозғалтқышы бар шасси;

рамалы конструкциялы автобустарға арналған шанақсыз автобус шассиі;

қаңқалы конструкциялы автобустарға арналған шанақсыз автобус шассиі;

арнайы кабинасы бар көлік құралдарын жасап шығаруға арналған кабинасыз жүк шассиі;

ішінара жинақталған кабинасы бар (артқы қабырғасы жоқ) жүк шассиі;

үй-автомобильдерді жасап шығаруға арналған кабинасының алдыңғы бөлігі бар шасси;

үй-автомобильдерді жасап шығаруға арналған кабинасыз шассидің алдыңғы бөлігі;

тіркеме шассиі.

Көлік құралының электрондық паспортын ресімдеу кезінде аталған бос жол пайдаланылмайды;



  1. «жасаушы және оның мекенжайы» бос жолында – жасаушы ұйымның атауы, оның орналасқан жері (заңды тұлғаның мекенжайы), нақты мекенжайы (заңды тұлға үшін) немесе тұрғылықты жері (жеке кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлға үшін) көрсетіледі. Егер жасаушы бірнеше құрастырушы зауыты, соның ішінде әр елде орналасқан зауыттары бар трансұлттық компания болып табылатын жағдайда, сәйкестікті бағалау кезінде жасаушы ретінде мәлімделген ұйымның атауы, оның орналасқан жері (заңды тұлғаның мекенжайы), нақты мекенжайы көрсетіледі;

  2. «жасаушының өкілі және оның мекенжайы» бос жолында – тиісті мүше мемлекеттегі шетелдік жасаушы өкілінің атауы, осы мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес оны заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтер, орналасқан жері (заңды тұлғаның мекенжайы), нақты мекенжайы, телефон және факс нөмірлері, электрондық пошта мекенжайы көрсетіледі.

Жасаушының өкілі туралы ақпарат болмаған жағдайда, аталған бос жолға «жоқ» деген жазу жазылады;

7. «Көлік құралын таңбалаудың сипаттамасы» («Көлік құралы шассиін таңбалаудың сипаттамасы») бөлімінде:



  1. «жасаушы тақтайшасының орналасу орны» бос жолында – көлік құралында (шассиде) тақтайшаның көзге көрінуі үшін көлік құралында (шассиде) оның орналасу орнының сипаттамасы көрсетіледі.

Көлік құралында (шассиде) жасаушы ұйымның тақтайшасы болмаған жағдайда, аталған бос жолға «жоқ» деген жазу жазылады;

  1. «көлік құралының сәйкестендіру нөмірінің орналасу орны» («көлік құралы шассиінің сәйкестендіру нөмірінің орналасу орны») бос жолында –көлік құралында (шассиде) сәйкестендіру нөмірінің көзге көрінуі үшін көлік құралында (шассиде) оның барлық орналасу орындарының сипаттамасы көрсетіледі.

  2. «көлік құралының сәйкестендіру нөмірінің құрылымы мен мазмұны» («көлік құралы шассиінің сәйкестендіру нөмірінің құрылымы мен мазмұны») бос жолында – көлік құралының (шассидің) сәйкестендіру нөмірін құрайтын әрбір символдың (ұштасқан символдардың) мағынасын көрсете отырып, сәйкестендіру нөмірінің символдары көрсетіледі.

«Сәйкестендіру нөмірі» бос жолында көлік құралының (шассидің) зауыттық нөмірін көрсеткен жағдайда, аталған бос жол пайдаланылмайды;

  1. «қозғалтқыш нөмірінің орналасу орны» бос жолында - қозғалтқыш нөмірінің көзге көрінуі үшін оның орналасу орнының сипаттамасы көрсетіледі.

Қозғалтқыштың нөмірі болмаған жағдайда, аталған бос жолға «жоқ» деген жазу жазылады.

Қозғалтқышсыз жиынтықтағы тіркемелер мен шассиге қатысты аталған бос жол пайдаланылмайды;



  1. «қозғалтқыш нөмірінің құрылымы мен мазмұны» бос жолында – қозғалтқыш нөмірі символдарының құрылымы көрсетіледі.

Қозғалтқыш нөмірі жоқ болған жағдайда аталған бос жолға «жоқ» деген жазу жазылады.

Қозғалтқышсыз жиынтықтағы тіркемелер мен шассиге қатысты аталған бос жол пайдаланылмайды;

8.«Көлік құралының жалпы сипаттары» («Көлік құралы шассиінің жалпы сипаттары») бөлімінде көлік құралы (шассиі) жалпы сипаттамалары туралы ақпаратты уәкілетті орган (ұйым) немесе жасаушы ұйым КО ТР 018/2011 талаптарына сәйкестікті растайтын құжат негізінде енгізеді.

Көлік құралының (шассидің) типін мақұлдау негізінде ресімделетін электрондық паспорттың «Көлік құралының жалпы сипаттары» («Көлік құралы шассиінің жалпы сипаттары») бөлімінің бос жолдары тиісінше көлік құралы типін мақұлдауға № 1 қосымшада және шасси типін мақұлдауға № 1 қосымшада көрсетілген мәліметтерге сәйкес толтырылады.

Электрондық паспортты көлік құралы конструкциясының қауіпсіздігі туралы куәлік негізінде ресімдеген жағдайда, электрондық паспорттың «Көлік құралының жалпы сипаттары» бөлімінің бос жолдары көлік құралы конструкциясының қауіпсіздігі туралы куәлікте көрсетілген мәліметтерге сәйкес толтырылады.

Көлік құралының типін мақұлдауға № 1 қосымшада немесе көлік құралының электрондық паспортында (Тәртіпке № 3 қосымша) көрсетілетін мәліметтер тізбесінің 7-тармағында көрсетілген көлік құралы конструкциясының қауіпсіздігі туралы куәлікте жекелеген бос жолдар болмаған жағдайда, аталған бос жолдар пайдаланылмайды.



Тәртіптің 20-тармағы «в» тармақшасында айқындалған жағдайларда, көлік құралының электрондық паспортында (Тәртіпке № 3 қосымша) көрсетілетін мәліметтер тізбесінің 7-тармағының бос жолдары көлік құралы конструкциясының қауіпсіздігі туралы куәлік негізінде электрондық паспортты ресімдеуге арналған осы Қағидаларда көзделген көлемде ресімделеді.

  1. «Көлік құралының жалпы түрі» («Көлік құралы шассиінің жалпы түрі») бөлімінде көлік құралының (шассидің) типін мақұлдауға сәйкес көлік құралының (шассидің) проекциялық сызбасы келтіріледі.

Жалғыз дана көлік құралына электрондық паспортты ресімдеген жағдайда, аталған бос жолда көлік құралының алдынан, бүйірінен (екі жағынан), артынан түсірілген фотосуреттері келтіріледі.

  1. «Қосымша ақпарат» бөлімінде (бар болған кезде):

  1. уәкілетті орган (ұйым): көлік құралының (шассидің) типін мақұлдау негізінде берілген көлік құралы конструкциясының қауіпсіздігі туралы куәлік негізінде көлік құралының электрондық паспортын ресімдеген жағдайда – соның негізінде көлік құралы конструкциясының қауіпсіздігі туралы куәлік ресімделген көлік құралының (шассидің) типін мақұлдау туралы жазбаны енгізудің тіркеу нөмірі мен күнін көрсетеді.

Көлік құралы шассиінің электрондық паспортын ресімдеген жағдайда, аталған бос жол пайдаланылмайды;

  1. уәкілетті орган (ұйым): көлік құралының (шассидің) мүше мемлекеттің аумағында жүруі үшін арнайы рұқсатты ресімдеудің қажеттілігі туралы;

  2. жасаушы ұйым немесе уәкілетті орган (ұйым): ортақ пайдаланылатын жолдарда шектеусіз немесе габариттері мен өс массалары бойынша нормативтердің асып түсуіне байланысты шектей отырып пайдаланудың қолда бар мүмкіндігі туралы;

  3. жасаушы ұйым немесе уәкілетті орган (ұйым): ортақ пайдаланылатын жолдарда шассиді пайдаланудың (көлік құралы шассиінің электрондық паспортын ресімдеген жағдайларда) қолда бар мүмкіндігін шектеулер туралы;

  4. жасаушы ұйым немесе уәкілетті орган (ұйым): көлік құралын маршруттық көлік құралы ретінде пайдалану мүмкіндігі туралы;

  5. жасаушы ұйым немесе уәкілетті орган (ұйым): ауыстырылған нөмірлік агрегаттар туралы мәліметтерді көрсете отырып, кепілдік міндеттемелердің (бар болған кезде) орындалғаны туралы;

  6. жасаушы ұйым немесе уәкілетті орган (ұйым): өзге де ақпаратты (бар болған кезде) көрсетеді.

  1. «Әкімшілік ақпарат» бөлімінде:

  1. «жеңілдік режимін қолдана отырып, көлік құралын жасап шығару туралы мәліметтер» («жеңілдік режимін қолдана отырып, көлік құралының шассиін жасап шығару туралы мәліметтер») бос жолында – жеңілдік режимін көрсете отырып «көлік құралының моделі жеңілдік режимінде жасап шығарылған» (көлік құралы (шасси) жеңілдік режимін қолдана отырып жасап шығарылған жағдайда) деген жазу жазылады.

Егер Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі - Одақ) органдары қабылдаған шешімдерді іске асыру мақсатында мүше мемлекеттердің заңнамасында көлік құралына (шассиге) қатысты қолданылатын шектеулер белгіленген жағдайда, аталған бос жолда тиісті шектеулер көрсетіледі.

Көлік құралын (шассиді) жеңілдік режимін қолданбай жасап шығарған жағдайда аталған бос жол пайдаланылмайды;



  1. «жерсеріктік навигация аппаратурасының сәйкестендіру нөмірі туралы мәліметтер» бос жолында – ГЛОНАСС жерсеріктік навигация аппаратурасының немесе өзге де жаһандық навигациялық жерсеріктік жүйелермен бірлескен ГЛОНАСС сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.

Ақпарат болмаған жағдайда аталған жолға «жоқ» деген жазу жазылады;

  1. «жүргізушінің қозғалыс, еңбек және демалыс режимін сақтауын бақылаудың техникалық құралының сәйкестендіру нөмірі туралы мәліметтер» бос жолында - жүргізушінің қозғалыс, еңбек және демалыс режимін (тахограф) сақтауын бақылаудың техникалық құралының сәйкестендіру нөмірі туралы мәліметтер көрсетіледі.

Жүргізушінің қозғалыс, еңбек және демалыс режимін сақтауын бақылаудың техникалық құралы болмаған жағдайда, аталған бос жолға «жоқ» деген жазу жазылады;

  1. «электрондық паспортты ресімдеудің негіздемелері туралы мәліметтер» бос жолында - электрондық паспортты ресімдеудің негіздемелері көрсетіледі.

Электрондық паспорттың бірегей нөмірінің 6-шы белгісінде электрондық паспортты ресімдеу негіздемесінің коды - 4 көрсетілген жағдайда, аталған бос жол пайдаланылады;

  1. «көлік құралын әкету елі» («көлік құралының шассиін әкету елі») бос жолында – аумағынан көлік құралы (шасси) әкетілген ел көрсетіледі.

Көлік құралы (шасси) Одақ аумағында жасап шығарылған жағдайда, аталған бос жол пайдаланылмайды;

  1. «көлік құралын жасап шығарушы (жасаушы) ел» («көлік құралының шассиін жасап шығарған (жасаушы) ел») бос жолында – мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленген тәртіппен және халықаралық шарттар мен Одақ құқығын құрайтын актілерге сәйкес айқындалатын көлік құралын (шассиді) жасап шығарушы (жасаушы) елдің атауы көрсетіледі;

  2. «кедендік кіріс ордерінің сериясы, нөмірі, кедендік декларацияның нөмірі» бос жолында - кедендік кіріс ордерінің сериясы мен нөмірі немесе көлік құралына (шассиге) ресімделген кедендік декларацияның нөмірі көрсетіледі.

Мәліметтер болмаған жағдайда, аталған бос жолға «жоқ» деген жазу жазылады.

Көлік құралы (шасси) Одақ аумағында жасап шығарылған (жасалған) жағдайда, аталған бос жол пайдаланылмайды;

8) «кәдеге жарату алымын төлеу туралы мәліметтер» бос жолында - «кәдеге жаратудың алымы төленген. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекет (аумағында осы мемлекеттің заңнамасында көзделген кәдеге жарату немесе өзге де осыған ұқсас алымды төлеу жүзеге асырылған мүше мемлекетінің атауы)» (егер мүше мемлекеттің заңнамасында кәдеге жарату алымын алу белгіленсе) немесе «кәдеге жарату алымы төленбейді. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекет (мүше мемлекеттің атауы)» (егер мүше мемлекеттің заңнамасында кәдеге жарату алымын немесе өзге де осыған ұқсас алым алу белгіленбесе) деген жазулар жазылады.

9) «кедендік шектеулер» бос жолында – мәлімделген кедендік рәсімнің шарттарына сәйкес немесе халықаралық шарттар мен Одақ құқығын құрайтын актілерге сәйкес кедендік рәсімдерге орналастыруға жатпайтын тауарлардың жекелеген санаттары үшін белгіленген шарттарға сәйкес көлік құралдарын (шассилерді) пайдалану және (немесе) оларға билік ету жөніндегі шектеулер көрсетіледі.

Көрсетілген шектеулер болмаған жағдайда, аталған бос жолға «жоқ» деген жазу жазылады

Көлік құралы (шасси) Одақ аумағында жасап шығарылған (жасалған) жағдайда, аталған бос жол пайдаланылмайды;



  1. «электрондық паспортты ресімдеген ұйымның (органның) атауы» бос жолында – электрондық паспорты ресімдеген уәкілетті органның (ұйымның) немесе жасаушы ұйымның толық атауы көрсетіледі;

  2. «электрондық паспортты ресімдеу күні» бос жолында – электрондық паспорттар жүйесінде электрондық паспортқа «қолданыстағы» мәртебесін берген күн көрсетіледі.

  1. «Жасаушының ақпараты» бөлімінде жасаушы ұйым көлік құралының (шассидің) базалық жабдығы туралы мәліметтерді, сондай-ақ көлік құралы (шасси) туралы өзге де қосымша ақпаратты көрсетеді.

  2. «Көлік құралын мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтер» бөлімінде көлік құралдарын мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын органдар (бұдан әрі – тіркеу органдары) берген мәліметтер негізінде:

  1. «тіркеу әрекеттері жүзеге асырылған Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекет» бос жолында - тіркеу әрекеттері жүзеге асырылған мүше мемлекеттің атауы;

  2. «меншік иесінің (иеленушінің) түрі» бос жолында - меншік иесінің (иеленушінің): заңды немесе жеке тұлға түрі;

  3. «тіркеу әрекеті» бос жолында – көлік құралына қатысты жасалған тіркеу әрекетінің атауы;

  4. «тіркеу әрекетінің күні» бос жолында - көлік құралына қатысты тіркеу әрекеті жасалған күн;

  5. «меншік иесі (иеленуші) орналасқан өңір» бос жолында – аумағында меншік иесі (иеленуші) тіркелген мүше мемлекет өңірінің атауы көрсетіледі.

Көлік құралы шассиінің электрондық паспортын ресімдеу кезінде аталған бөлім пайдаланылмайды.

  1. «Жасалған өзгерістер туралы мәліметтер» бөлімінде көлік құралы конструкциясына енгізілген және көлік құралының тіркеу құжаттарында жазылған өзгерістер туралы ақпарат:

  1. «көлік құралы типінің, мақсатының өзгерістері» бос жолында – көлік құралының жаңа типі, жаңа мақсаты;

  2. «көлік құралының тіркеу құжаттарында көрсетілетін сипаттар, мәндер» бос жолында - көлік құралының тіркеу құжаттарында көрсетілетін жаңа сипаттар, мәндер;

  3. «конструкциясына өзгерістер енгізілген көлік құралының қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі туралы куәліктің нөмірі» бос жолында - конструкциясына өзгерістер енгізілген көлік құралының қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі туралы куәліктің нөмірі көрсетіледі.

Көлік құралы шассиінің электрондық паспортын ресімдеу кезінде аталған бөлім пайдаланылмайды.

  1. Электрондық паспорттар қолданыла бастағанға дейін айналымға шығарылған көлік құралдарының (көлік құралдары шассилерінің) электрондық паспорттарын уәкілетті орган (ұйым) тіркеу немесе сәйкестендіру құжаттарындағы деректер негізінде, сондай-ақ анықтамалық материалдар мен уәкілетті орган (ұйым) жүргізген қарап тексеру нәтижелері негізінде ресімдейді.

Көлік құралдарының электрондық паспорттары (көлік құралдары шассилерінің электрондық паспорттары) және өздігінен жүретін машиналар мен техниканың басқа түрлерінің электрондық паспорттары жүйелерінің жұмыс істеу тәртібіне
8-қосымша

жүктеу 393,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау