Әулиекөл ауданыдық мәслихатының


Шағын кәсіпкерлік және орта кәсіпкерлік, сауда



жүктеу 1,01 Mb.
бет3/9
Дата19.11.2018
өлшемі1,01 Mb.
#21378
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Шағын кәсіпкерлік және орта кәсіпкерлік, сауда
2010 жылғы 1 қаңтардагы жағдай бойынша шағын кәсіпкерліктің белсенді субъектілерінің саны 1352 бірлікті құрады, оның ішінде: 59 заңды тұлға (жалпы санының 4,4%), 1056 жеке кәсіпкер (78,1%) және 237 шаруа (фермерлік) шаруашылығы (17,8%).

2010 жылғы 1 қаңтарға шағын кәсіпкерлікте белсенді жұмыс істейтіндер саны 1140 адамды құрады, оның ішінде: шағын кәсіпкерліктің заңды тұлғалары – 449 адам, жеке кәсіпкерлер – 1136 адам және шаруа (фермерлік) шаруашылығында – 1219 адам.

2010 жылы белсенді кәсіпорындардың саны 2009 жылға қарағанда төмендеді, себебі шағын бизнес кәсіпорындары «Тіс» ЖШС, «Миалы» ЖШС, «Аманат 98» ЖШС, «Новонежинка Агро» ЖШС өз жұмыстарын уақытша тоқтатты.

7-кесте


Ауданда шағын кәсіпкерлікті дамыту көрсеткіштері динамикасы



Көрсеткіштер

2007 ж.

2008 ж.

2009 ж.

Шағын кәсіпкерліктің белсенді субъектілерінің саны, бірлік

28

29

33

Шағын кәсіпкерлікте жұмыс істейтіндер саны, адам, оның ішінде

2428

2800

2804

Әулиекөл ауданында облыс бойынша жұмыс істеп тұрған шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жалпы санын 3,7% бар. Ауданда шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту тұрғындардың жұмысқа орналасуын көбеюіне және кедейшілік денгейінің төмендеуіне ықпал етеді. Бірақ шағын кәсіпкерлік әзірге инновациялық белсенділігі төмен инертті болып қала беретінің мойындауымыз керек.

Ауданның азық-түлік рыногындағы бәсекелестік ірі өнеркәсіп кәсіпорындары мен шағын бизнес арасында ғана емес, жергілікті тауар өндірушілердің арасында да бар екені анықталды. Сонымен бірге ішкі тауар рыногы басқа өңірлерден , таяу және алыс шет елден тауарлар әкелу есебінен құрылады.

Жергілікті тауар өндірушілкрдің негізгі басымдығы –жалпы өзіндік құнында көлік шығынының үлесі төмендігі есебінен бағалар жоғары емес. Кемшіліктерге дамыған көлік желісі қызметінің және қысқа мерзімдік жинақтау жүйесінің болмаын жатқызуға болады. Шағын және орта бизнестің дамуына кедергі келтіретін негізгі барьерлер-қаржылық мәселелер:кепілдік қамтамасыз етудің болмауына байланысты кредиттік қорға қол жеткізудің шектеулігі, сыйақы мөлшерінің жоғары болуы,кредиттік мекемелерде құжаттарды қарау мерзімінің ұзақтығы,аздаған жергілікті тауар өндірушілердің өндіретін ауыл шаруашылығы өнімдерін өз бетінше (немесе шамалы делдалдар мөлшерінде) облыстың ішкі рыногында,сонымен қатар Қазақстан бойынша да сата алмауы.

Сауда-ауданның экономикалық қызметінің бір саласы және оның дамуы –экономиканың табысты дамуының шарттарының бңрң.2009 жылы тауарларды бөлшек саудада сату айналымы 1469 млн.теңгені құрады, 2008 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (тұрақты бағамен) 44%көбейді.Әулиекөл ауданы бойынша сауда рыноктарындағы айналым көлемі енетін бөлшек сауда айналымы 2008 жылы 1017 млн.теңгені құрады және 2007 жылмен салыстырғанда 11,9% көбейді.Сатылған тауар негізінен аудан орталығыныкі. Бөлшек сауда айналымы 2010 жылы 1603,4 млн.теңгені құрады, немесе 2009 жылғы деңгеймен салыстырғанда 104,3%.Сатылған тауар негізінен аудан орталығыныкі.

Бөлшек сауда айналымы құрылымында ауданның ауыл шаруашылығына бағытталғанына байланысты азық-түлік тауарлары басым. 2011 жылғы 1 қаңтарға Әулиекөл ауданында 312 сауда нысаны жұмыс істейді, оның 206 ауылдық жерде. Әмбебап рынок үлгісінде 315 сауда орны бар 3 рынок тіркелген. Статистикалық мәліметтер бойынша бүгінгі күннің тұрғындардың саудамен айналысатыны 674 адам.

Қазақстан Республикасында сауда қызметін дамыту Бағдарламасының болмауы сауда қызметін дамытуға теріс ықпал етеді.

Тұрғындардың тұтыну белсенділігінің төмендеуінің бір себебі азық-түлік тауарлары бағасының қымбаттауы.

Сауда саласындағы проблемалар:

Сауда қызметін реттеу саласында заңнамамен қамтудың әлсіздігі, оларды қолдану механизмінің болмауы, сауда саласының қызметкерлерінің құқықтық білім деңгейінің төмендігі.


Инновациялар мен инвестициялар
2009 жылы Құсмұрын поселкесінде,2010 жылы Әулиекөл селосында инвестициялық жобалар іске асырылды және осы кәсіпорындардың жаңа сумен жабдықтау жүйелері пайдалануға берілді,ол тұрғындар үшін сапалы су және жаңа нысандардың қосылуға және 2011-2015 жылдары өндіріс көлемінің ұлғаюына мүмкіндік туғызды.

Қазақстан Республикасының 2010 – 2015 жылдарға арналған индустриалдық- инновациялық даму Стратегиясын іске асыру мақсатында

Құсмұрын поселкесіндегі «Приозерный Разрез» Қазақстан – Ресей компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін жандандыру,жаңарту және көмір өндіру көлемін арттыру»инвестициялық жобасын іске асыруды жалғастыру болжануда.Разрез 2010 жылы 250 мың тонна қоңыр көмір өндіруге дайын.Кәсіпорынның баға саясаты мәселесі шешілді,қазіргі уақытта көмірдің 1 тоннасы 2400 теңгеден сатылады.Бірақ қазіргі уақытта сату рыногын іздестіру шешуін күтетін мәселе болып қала береді,жыл аяғына дейін 56,1 мың тонна қоңыр көмір өндіру көзделген.Инвестициялық жобасын іске асыруда жаңадан 150-ден астам жұмыс орны ашылады,аудандық бюджетке табыс түсімі артады ,ауданның ,Құсмұрын поселкесінің әлеуметтік-экономикалық жағдайы елеулі жақсарады,жаңа инвестициялық жобаларды іске асыруға мүмкіндік туады.

Қарастырылып отырған кезеңде негізгі капиталға инвестицияның негізгі көзі кәсіпорындардың, ұйымдардың және тұрғындардың өз қаражаты болып табылады. Осы көздің жалпы көлемде алатын арасалмағы 76 %.Жалпы инвестиция көлемінде 2009 жылы бюджет қаражатының үлесі 23,5% құрады.

2009 жылы негізгі капиталға инвестицияның басым бөлігі ауыл шаруашылығына-1973 млн. теңге (негізгі капиталға инвестиция көлемінің 66,55%) және өнеркәсіп – 684 млн. теңге (23%), көлік пен жинақтауға-125 млн. теңге (4,2%),жылжымайтын мүлікпен операциялар -44 млн. теңге (1,5%),бөлшек және көтерме сауда, автомобиль мен мотоцикл жөндеу – 28 млн. теңге (0,9%) және басқаларына бағытталды. 2010 жылы 3272 млн. теңге инвестиция игерілді, өсу 4% құрады.

Өндірілетін өнімнің сапасын жақсарту және бәсекеге қабілеттілікті жетілдіру бойынша жұмыс жүргізілуде.

2010 жылғы 1 қазандағы жағдайда ИСО 9001-2000 сәйкес сертификаты барлар: «Болашақ-А»жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ИСО 9001-2001 №КZ .7500195.03.00882 сертификаты 20.09.2007 ж., «Диев Агрофирмасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ИСО 9001-2001 №КZ. 3910176.07.03.00927сертификаты 22.10.2007 ж.,»Мұстафа» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ИСО 9001-2001 №КZ. 3910318.07.03.04832 сертификаты 22.02.2010 ж.

Күшті жақтары

Минералдық шикізаттық-ресурстардың болуы.

Өңдеу өнеркәсібінде инвестициялық жобаларды іске асыру мүмкіндігі.

Әлсіз жақтары

Ауданның өнеркәсіп кәсіпорындары жабдықтарының физикалық және моральдық жоғары деңгейде тозуы, оларды жаңартуға қаражаттың тапшылығы.



Қауіп-қатерлер

Тау-кен секторы өнімдері бағасының төмендеу мүмкіндігі.

Сату рыногының болмауы

Мүмкіндіктер

Отандық тауар өндірушілерді сыртқы экономикалық ( кедендік жеңілдіктер) қолдау.

Сату рыногын көбейту,өндірісті кеңейту.
2.2.2.Ауданның әлеуметтік саласын талдау

Білім беру

Ауданда күндізгі жалпы білім беру мектептерінің жалпы саны 2007-2009 жылдары қысқартылған жоқ және 38 бірлікті, 37 күндізгі мемлекеттік жалпы білім беру мектебін, 1 кешкі мектептерді құрады.

Ауданда 2007-2009 жылдардағы мектептерді қысқартуымен қатар оқушылардың саны 456 адамға қысқарды. 2010-2011 оқу жылының басында оқушылардың саны 6455 құрады.

Бірыңғай Ұлттық Тестілеу нәтижелерін талдау негізгі сапалы көрсеткіштер бойынша оң серпінге көз жеткізіп отыр. 2010 жылы орташа балл 90,85 бірлікті ( облыс бойынша 89,67) құрады. Білім сапасы – 59,94%, 2009 жылы – 86,30 бірлік (облыстық – 82,88).

2009-2010 жылы 26,92 % түлек 101 және одан артық балл алды.

Ауданда 2 үміткерден 2 адам (100%) «Алтын белгі» жалпы орта білім беру аттестатын алып, өздерінің үлгілі білімдерін растады. 2009 жылы 2 түлек (100%) «Алтын белгі» белгісін алды.

Облыстың ең үздік 25 мектебінің қатарына С .Баймағамбетов атындағы Әулиекөл МГ енді,мектеп бойынша орташа балл 99,76. Білім сапасы – 86,84%,облыс деңгейінде орташа балл бойынша 11-орында, Білім сапасы бойынша 8- орында.

2010 жылы ҰБТ қатысушы 127 (40%)Мемлекеттік білім грантына ие болды.

2010 жылы ПГК қорытындысы: 4 сынып бойынша 18,05 (ең жоғарғы - 20) ; 9 сынып бойынша 70,27 (ең жоғарғы - 90) .

2010 жылы 1 түлек (Құсмұрын №121 ОМ) «Болашақ» бағдарламасы бойынша өз оқуын жалғастырды.облыс әкімінің 2 гранты және аудан әкімінің 2 гранты бөлінді.

Ауданның жалпы орта білім беру мектептерінде 859 педагог қызмет атқарады, оның ішінен 79,7% (685) жоғары білімді. Сонымен қатар, жоғары және бірінші санаттағы оқытушылардың саны – 329 (38,3%) ұлғайды. 2010-2011 жылғы оқу жылының басында аудан мектептеріне 30 жас маман ( 2008 жылы – 21 мұғалім, 2009 жылы – 25) келді.

Ауданда мектеп жасындағы балаларды оқумен толық қамту мақсатында оқушылардың контингентін сақтау және есепке алу жөнінде жұмыс жүргізілуде. Басты назар негізгі орта білім беру орындар түлектерінің одан әрі тиісті білім алуын жалғастыруына аударылуда.

2010 жылы 735 негізгі орта білім беру орындары түлектерінің қатарынан 440(55,8%) оқушы жалпы білім беру мектептерінің 10 сыныбында, 147 (20%) – колледждерде,137 (18,6%) – кәсіби лицейлерде оқуын жалғастыруда.

2010 жылы аудан бойынша жалпыға міндетті оқу қорларына көзделген қаржы 18165,0 мың млн. теңгені немесе мектептерді ұстауға арналған шығыстардың жалпы сомаларынан 1,5% құрайды.

Мектеп оқушыларына ыстық тамақты ұйымдастыру мәселесінде оқушылардың 100%-на ыстық тамақ беріледі.

Мектепте тамақпен дұрыс қамтамасыз етуді ұйымдастыруға биліктің жергілікті атқарушы органдарының шаруашылық субъектілермен әлеуметтік әріптестігі көмектесуде.

Ауданда барлық мұқтаж балаларды (135 бала және жеткіншек) 100% тасымалдау ұйымдастырылған. Ыңғайлы және сапалы тасымалдау үшін 2015 жылға дейін қосымша 4 мектеп автобустарын сатып алу жоспарланды.

Білім беру жүйесін дамытуға демеушілер мен шаруашылық субъектілері елеулі үлестерін қосып отыр, соңғы жылдары білім беру обьектілерін күрделі, ағымдағы жөндеу және материалдық-техникалық базасын нығайтуға 643 млн. теңгеге жуық қаражат жұмсады.

Жол картасы шеңберінде 2010 жылы жалпы 41 млн. 242 мың теңге сомасына 1 мектеп күрделі жөндеуден өтті.

Күшті жақтары:

-апаттық жағдайда тұрған және 3 ауысымдық мектептердің жоқтығы;

-жалпы орта білім туралы «Алтын белгі» аттестатын алуға үміткерлер-түлектер санының өсуі және екінші жылға қалатын оқушылар санының төмендеуі;

- Интернет желісіне мектептердің 100%-ы қосылды.

- 1 компьютерге 7,7 адамға дейін келетін білім алушылардың саны қысқарды;

- тұрмысы төмен отбасылардан шыққан оқушылардың 100% ақысыз ыстық тамақпен қамтылды;

- ауданда аяқталуы 2012 жылы жоспарланып отырған барлық мектептерді күрделі жөндеу жөнінде өңірлік бағдарлама іске асырылуда.

Әлсіз жақтары:

- педогикалық кадрлардың перманентті жетіспеушілігі (бөліп айтқанда математика, физика, информатика, химия, ағылшын тілі мұғалімдері);

- бала туудың азаюына байланысты мектеп оқушыларының саны қысқаруда;

- ауылдық елді мекендерде ыңғайластырылған жайларда орналасқан мектептердің болуы.



Қауіп-қатерлер:

- тұрғындардың жақсы еңбекақы және тұру жағдайларына тырысуы жоғары біліктілігі мен балалармен жұмыс істеу тәжірибесі бар педагогикалық кадрлардың білім беру жүйесінен жүйелі түрде кетуіне апарып соғады, бұл орта білімнің сапасын төмендетеді;

- осы заманғы жаңа үлгідегі мектептердің құрылысына арналған шығындардың жеткіліскіз қаржыландырылуы ауылдық елді мекендерде ыңғайластырылған жайларда орналасқан мектептер үлесін сақтауды негіздейді.

Мүмкіндіктер:

- бюджеттік қаржыландыруды қамтамасыз ету және 1 компьютерге 1 немесе 2 адамнан келетін мектеп оқушыларының саны мен мектептерді компьютерлік техникалармен толтыру және кең жолақты Интернет желісіне қосу деңгейін 100% дейін жеткізу мақсатында орта білім объектілерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға байланысты шығындарды қаржыландыруға жеке сектордың қатысуын ынталандыру;

- жас педагогикалық кадрлардың өз істерін беріліп істеуіне және елді мекенге сіңісіп кетуін ынталандыратын шаралар жүйесін әзірлеу.

Ұсынымдар:

- алыс ауылдық-елді мекендерде тұратын оқушылардың тұруы үшін кәсіби мектептердің; мектептердің жанындағы ресурстық орталықтардың құрылысын кеңейту;

- мектептерді, мектептердің жанындағы интернаттарды күрделі жөндеуден өткізуге және қайта жаңғыртуға байланысты шығыстарды қаржыландыруды кеңейту;

- 12 жылдық оқытуға толыққанды көшуді қамтамасыз ету мақсатында және оқудың жаңа формаларын дамыту үшін білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға шығыстарды бюджеттік қаржыландыруды қамтамасыз ету және жеке қаржыландыруды ынталандыру.

Мектепке дейінгі білім беру

Ауданда мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының жалпы саны 2010 жылдың аяғында : 6 балабақша,37-шағын-орталық бірлікті құрай отырып, 2007-2010 жылдары 3 бірлікке ұлғайды, олардың өсуі 50%.

Ауданда балабақшаға баратын балалардың жалпы саны 2007-2009 жылдары 56,6% ұлғайып, 2010 жылда 762 адамды құрады.

Ауданда 0 ден 7 жасқа дейінгі балалардың саны 2010 жылдың 1 қазанына 4109, оның ішінде балабақша 6, шағын орталық 37 бар, 1536 бала тәрбиеленуде:соның ішінде бала бақшада-726, шағын орталықта-810 бала, екі балабақшада оқу қазақ тілінде жүреді, бес топ мемлекеттік тілде оқытылады.Олардың 23,3%-ын (375) 1-ден 6 жасқа дейінгі қазақ балалары қамтиды.

Ауданда ірі екі елді мекеннің: Әулиекөл селосы мен Құсмұрын поселкесінде балабақшада орын жетіспейді. 2010 жылдың 1 қазанына балабақшаға кезектегі бала саны 453 құрады.

Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған «Балапан» бағдарламасын іске асыру шеңберінде ауданда 2010 жылы Аманқарағай селосында 100 орынға арналған бала бақша ашылды және Құсмұрын поселкесінде 60 орынға арналған балабақша ашу жоспарланып отыр.

Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту саласында ауданда балаларды мектепке дейін тәрбиелеумен және оқытумен қамту деңгейімен қызметкерлермен қамтамасыз етілуі мектепке дейінгі тәрбие деңгейінің ұлғаюымен көрініп отырған оң серпін байқалып отыр. Сол сияқты, мектепке дейінгі тәрбиемен айналысатын кадрлардың жетіспеушілігі, топтардың көбеюі және мұғалімдер мен тәрбиешілерге түсетін өте ауыр жүктеме бұл басты проблемалары болып табылады. Сонымен қатар, өңірде қызмет көрсетудің сапасына жүзу бассейндері, спорт және музыка залдары сияқты мектепке дейінгі тәрбие ұйымдарын жеткіліксіз қамтамасыз ету сияқты шектеуші факторлар әсерін тигізеді.

Күшті жақтары

-аудан бойынша мектепке дейінгі тәрбие ұйымдары желісінің кеңеюі;

-аудан бойынша мектепке дейінгі тәрбие ұйымдары педагогикалық құрамының жалпы құрылымында жоғары білімді мұғалімдер үлесінің ұлғаюы.

Әлсіз жақтары

- мектепке дейінгі тәрбие ұйымдарын ның жеткіліксіз желісі;

- мектепке дейінгі тәрбиемен айналысатын кадрлардың жинақталуы.

Қауіп-қатерлер:

бюджеттен бөлінетін қаражаттардың шектілігі аудандағы мектепке дейінгі тәрбие ұйымдарының нашар материалдық-техникалық базасын негіздейді, атап айтқанда мектепке дейінгі тәрбие ұйымдары қатарында спорт залдарының, жүзу бассейндерінің, музыка залдарының жоқтығы балалар денсаулығын нығайту және сол балалардың арасында салауатты өмір салты насихаттау мүмкіндігін төмендетеді.



Мүмкіндіктер:

мектепке дейінгі жастағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқумен қамтуды 100%-ға дейін жеткізу мақсатында осы заманғы мектепке дейінгі тәрбие ұйымдары құрылысын бюджеттік қаржыландыруды қамтамасыз ету және жеке қаржыландыруды ынталандыру;

Мектепке дейінгі тәрбие ұйымдары материалдық-техникалық базасын нығайту саласында мемлекеттік-жеке серіктестікті дамыту (ғимараттарды күрделі жөндеу, оқу орындарын арнайы жабдықтармен және мүліктермен жарақтандыру);

мектепке дейінгі тәрбие және оқыту саласында, оның ішінде жұмыс істеу және тұру үшін қолайлы жағдайлармен қамтамасыз ету мақсатымен жас мамандарды тарту және оларды қолдау шараларының жүйесін әзірлеу;



Ұсынымдар:

-мектепке дейінгі тәрбие мекемелері желісін, әсіресе Әулиекөл селосы мен Құсмұрын поселкесінде кеңейту

Тиісті қызмет өтілі бар жеке мекемелерден немесе коммерциялық емес ұйымдардан (әлеуметтік тапсырыс), болмаса біліктілік әлеуетін растаған үкіметтік емес ұйымдардан мектепке дейінгі тәрбие және оқыту қызметтерін сатып алуға мемлекеттік тапсырысты ұлғайту;

Білім берудің арнайы түзету ұйымдары

Түзету сыныптарында оқитын дамуында мүмкіндігі шектеулі балалардың саны ұлғаюда. 2007 жылы жалпы білім беру мектептерінде 54 баланы қамтитын 10 сынып, 2009-2010 оқу жылы мүмкіндігі шектеулі 91 бала оқитын – 19 сынып қызмет етті. 150 астам бала сөйлеудегі ақауларын түзетуге мүмкіндігі бар 6 логопедиялық пункт жұмыс істейді. 27 балаға үйде тегін жеке оқыту ұйымдастырылды. Түзету мектептері мен мектеп-интернаттарын аяқтаған соң түзету ұйымдарының 7 түлегі кәсіби лицейлерде оқиды. Бүгінгі күні дамуында мүмкіндігі шектеулі 54 балалар аудан орталығында ашылған педагогикалық-психологиялық түзету кабинетінде көмектерін алады. Небәрі 3 жылдың ішінде көрсетілген санаттардағы 190 балаға, оның ішінде 60-тан астамына кеңес түрінде көмек көрсетілді.

Барлық уақыт ішінде ауданда дамуында жетіспеушіліктері бар балаларға көмектің тиімді жүйесін дамытудың оң серпіні, оларды тәрбиелеуге, оқытуға, еңбек және кәсіби даярлауға, балалар мүгедектігінің алдын алуға байланысты проблемаларды шешу байқалып отыр.

Балаларға білікті көмек көрсетудің сапасын жоғарылатудағы аса маңызды мәселелердің бірі мамандардың білім алуы және олардың біліктілігін жоғарылату болып табылады. Қолда бар кадрлар қартаюда, ал жоғарғы оқу орындарының кадрларды шығаруы мен даярлауы маманданған түзету ұйымдарына жеткіліксіз болып отыр.

Педпгогика- психологиялық кабинетін қажет құралдармен жабдықтау қажет.



Күшті жақтары

физикалық және ақыл-ес мүмкіндіктеріне сәйкес дамуында мүмкіндіктері шектеулі балалардың оқуына мүмкіндік беретін, инклюзивтік білім алуын дамытуға көмектесетін жалпы білім беру ұйымдарында түзету сыныптарының саны ұлғаюда;

МДБҰ және мектептерде логопедиялық пункттердің саны өсіп жатыр, бұл балалардың, әсіресе мектепке дейінгі және бастауыш мектеп жастарында сөйлеу ақауларының жойылуында оң нәтижелер байқалып отыр;

білім берудің түзету ұйымдары осы заманғы жабдықтармен жабдықталуда, бұл дамуында мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқытуды тиімді ұйымдастыруға көмектеседі;

дамуында мумкіндіктері шектеулі балаларға ППТК-да түзету көмектерін алу мүмкіндіктері ұсынылған.

Әлсіз жақтары

жалпы білім беру мектептерінде түзету сыныптарының желісі жеткіліксіз дамыған;

Қауіп-қатерлері

педагогикалық кадрлардың тапшылығы (дефектологтар, сурдологтар, тифлопедагогтар);

ауданның арнайы түзету сыныптарының оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешендермен жеткілікті қамтамасыз етілмеуі.

Мүмкіндіктері

мектептерді арнайы мамандармен қамтамасыз ету үшін түзету сыныптарын, ашуға, педгогикалық кадрлар даярлауға бюджеттік қаржыландыруды қамтамасыз ету;



Ұсынымдар

мектептерді арнайы мамандармен, оның ішінде мемлекеттік тілде оқытуды қамтамасыз ету үшін түзету сыныптарын, оның ішінде қазақша оқытуды ашуға, әкімдерінің гранттары бойынша педгогикалық кадрлар даярлауға бюджеттік қаржыландыруды қамтамасыз ету;



  • арнайы білім берудің түзету ұйымдарын оқулықтармен , оқу-әдістемелік жиынтықтармен қамтамасыз ету;

  • арнайы білім берудің түзету ұйымдарын интерактивті тақталармен толық қамтамасыз ету үшін бюджеттік қаржыландыруды қамтамасыз ету;

психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерін қажетті жабдықтармен аяғына дейін жарақтандыру үшін бюджеттік қаржыландыруды қамтамасыз ету.

Балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жүйесі

Ауданда бүгінгі күні 145 жетім бала және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала немесе жалпы жаңа туғандардан 18 жасқа дейінгі балалардың1,3%-ы Осы қатардан 111 бала қамқорға алынды және асырап алынды, 15 бала – жанұяларының қамқорлық тәрбиесінде, 5 бала 19 білім беру, денсаулық сақтау және тұрғындарды әлеуметтік қорғау жүйелерінің мемлекеттік мекемелерінде тәрбиеленуде.

Қамқорлық тәрбиелеуді дамыту әлеуметтік жетімдіктің алдын алуды іске асыру бағыттарының бірі болып саналады. Қамқорлыққа берілген балалардың саны ауданда 11-ден 15-ке дейін өсті.



Күшті жақтары

  • құрылымның отбасылық нысандарымен қамтылған ата-анасының

қарауынсыз қалған балалар мен жетім-балалардың саны ұлғаюда;

  • «Қазақстан балалары» мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде

енгізілген балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша мамандар санының ұлғаюына байланысты 2009 жылы ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың саны (мамандардың саны 1-ден 2 дейін өсті.

Әлсіз жақтары

-қамқорлыққа алу немесе асырап алу органдары мамандарының жиі ауысуы;

-кәмелетке толмағандарға қатысты ата-аналар құқықтарынан айырылғандар ата-аналардың жауапкершілігі (материалды және басқа да) шаралары, алимент төлету тетігі реттелмеген.

Мүмкіндіктері

-қамқорлыққа алу немесе асырап алу органдары мамандарының құқықтық құзыретінінің деңгейін жоғарылату үшін бюджеттік қаржыландырумен қамтамасыз ету;

-отбасы құрылымының баламалы формалары мен отбасы құндылықтарын насихаттау.

Қауіп-қатерлер

-қамқорлыққа алушылар мен асырап алушыларды балаларды ұстауға арналған жәрдемақы төлемдері түрінде экономикалық қолдау тетігінің қабылданбауы;

- Ұсынымдар

қамқорлыққа алу немесе асырап алу органдарының мамандарының ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың және жетім-балалардың құрылымын деинституционалдандыру стратегиясын іске асыру жөніндегі курстардан өтуін қамтамасыз ету.


Техникалық және кәсіби білім

Әулиекөл ауданында 2010 жылы 1 қазанында білім алушыларының жалпы саны 572 адамды қамтитын «Қостанай болысы әкімдігінің №4 1кәсіби лицейі» қызмет етеді.

Кәсіби лицейде мамандар даярлау 6 мамандық бойынша бойынша жүргізіледі.

2010-2011 оқу жылына Кәсіби лицейде – 189 адам, техникалық және кәсіби білімі бар мамандарды қабылдауға және дайындауға мемлекеттік тапсырыс бекітілді. Сонымен қатар мемлекеттік тапсырыс орналастырылды: Білім алушылардың еңбек нарығына қажет мамандықтарға ие болуы, тұрғындардың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету және жұмыссыздық деңгейін ұстап тұру.

Кәсіби лицей үлгілік ғимаратта орналасқан, практикалық тәжірибелер жинау және жаңа технологияларды үйрету үшін оқу шаруашылықтары ұйымдастырылған, 1,5 мың гектар жер бар.

Ауданда алыс елді мекендерде тұратын Кәсіби лицей білім алушыларына тұру және оқу үшін жағдайлар жасалған. 2010-2011 оқу жылының басында 80 орындық жатақхана қызмет етеді.

Кәсіби шеберлік конкурстарын өткізу қажет кадрлар даярлығында оларды жұмыспен қамтамасыз етуге жәрдемдеседі, түлектерін жұмысқа орналастыру жыл сайын шамамен 97%.

Облыс және республика деңгейіндегі білім алушылар, ұстаздар, өндірістік оқу шеберлері арасында «Мамандық үздігі» жыл сайынғы конкурстарының нәтижелері білім алушыларды дайындаудың жеткілікті деңгейін, олардың ұстаздарының кәсібилігінің жоғырылығын көрсетеді. 2010 жылы кәсіпорындары және ұйымдарымен әлеуметтік әріптестік туралы 200-ден астам шарт жасасты.

Жалпы онда оқитындардың санында көрсетілген зерттелетін сала дамуының оң қарқыны байқалып отыр.

Күшті жақтары


  • Кәсіби лицейдің мықты материалдық-техникалық базасы;

  • Басқа елді мекендерден келгендерге жатақханалар бар болуы;

-Педагог кадрлармен толық жинақталуы.

Әлсіз жақтары

Жатақханаларда орын аздығы;

Компъютермен заманауи құрал-жабдықпен жабдықталуы деңгейі жеткіліксіздігі.

Қауіп-қатерлер

- өндірістік оқу шеберлерінің төмен еңбек ақысы сол немесе басқа да мамандық бойынша білім алушылардың тәжірибелік дағдыларын меңгеруі көзқарасымен білім беру үдерісі сапасының төмендеуіне әсер етеді

- бюджеттік қаржыландырудың жеткіліксіздігі

Мүмкіндіктері

жатақханалар жөндеу мен қосымша салуды бюджеттік қаржыландыруды қамтамасыз ету;

Кәсіби лицейдің желілерін кеңейтуде мемлекеттік-жеке әріптестікті дамыту;

білім беру жүйесінің, кәсіпорындар мен ұйымдардың тығыз байланысын жорамалдайтын, сонымен қатар дайын мамандарды жұмысқа орналастыру мәселелерін алып тастайтын корпоративтік білім қағидаттарын енгізу;

білікті кадрлардың ағымын ынталандыру шараларының жүйесін әзірлеу;

Ұсынымдар

Жұмыс берушілермен кәсіби лицейдің ұйымдары мұғалімдерінің тағылымдамадан және білім алушыларының тәжірибеден өтуі туралы шарттар жасасу;

Жұмыспен берушілерді Кәсіби лицейдің оқу-материалдық және ақпараттық базаларын нығайтуға тарту.

Денсаулық сақтау

2010 жылдың басында аудан аумағында тұрғындарға емдiк-алдын алу көмегін көрсететiн 36 дәрiгерлiк ұйымдар жұмыс iстедi (2007 жыл – 37). Денсаулық сақтау желiлерiн нормативтерге сәйкес келтiруге байланысты олардың саны 2007-2009 жылдары 1 бiрлiкке қысқарды.

Аудан азаматтарының туу кезiндегі күтiлетiн өмiр сүру ұзақтығы 2009 жылы 67 жасты құрады және 2007 жылмен салыстырғанда (64 жас) 3 жылға ұлғайды, бiрақ орташа республикалық көрсеткіштен аз болып қалады (ҚР – 67,75 жас).

Туудың ұлғаюы және өлiм-жiтiмнiң азаюы нәтижесiнде ауданда 2008 жылдан бастап оң табиғи өсiм (2007 жыл +0,7; 2008 жыл – +0,9; 2009 жыл – +2,6) байқалып отыр.

Жалпы өлiм-жiтiм көрсеткiшi (тұрғындардың 1000 адамына шаққанда) төмендеу қарқынына ие және 2009 жылдың қорытындылары бойынша 10,8, 2007 жылмен салыстырғанда (12,1) 1,2%-ға азайды.

2008 жылы облыстың дәрiгерлiк ұйымдарында бүкiл әлемдiк денсаулық сақтау ұйымының ұсынысы бойынша тiрi және өлi туу өлшемдері енгізілді. Әрбір ана өлiмінiң және 5-жасқа дейінгі балалар өлімінің жағдайына ай сайын мониторинг және талдау жүргiзiледi. Балалардың тууының барлық жағдайлары туралы жедел ақпараттар жиналады, сонымен бiрге «Мединформға» бағдарламасы бойынша деректер қоры қалыптасады және берiледi. Консультациялық және тәжірибелік көмек көрсету мақсатында жаңа туған және 1 жасқа дейінгі ауыр халдегі балалар туралы күн сайын мониторинг жүргiзiледi. Перинатальдық көмекті өңірлерге бөлу қағидалары сақталады. Ана өлiмін және ауыр жағдайларын жасырын түрде тексеру енгiзілді.

Ауданның дәрiгерлiк ұйымдарында тiрi туудың жаңа өлшемдерiн енгiзуге байланысты нәресте өлiм-жiтiмі көрсеткiшiнiң 2007 жылғы 9,8-ден 2008 жылы 24,9-ға ұлғаюы орын алып отыр, ал 2009 жылы 2008 жылмен салыстырғанда оң серпіліс – 21,1 (орташа облыстық: 2007 жылы – 14,13; 2008 жылы – 19,86; 2009 жылы – 16,46) байқалып отыр.

Көрсеткіштің төмендеуі неонатологтердi, бала дәрiгерлерi, акушер-гинекологтарды қайта даярлау сапасының жақсаруымен, дәрiгерлiк ұйымдардың осы заманғы дәрiгерлiк жабдықтармен жарақтандырылуымен және дәрi-дәрмектермен қамтамасыз етілуімен негізделіп отыр. Ауданда нәрестелiк өлiм-жiтiмнiң басты себептерi перинаталь мерзiмiнің жекелеген жағдайы, дамудың туа бiткен ауытқуы, қайғылы жағдайлар, жарақаттану және уланулар төңiрегiнде болып табылады.Ауданда 7 жыл ішінде нәрестелiк өлiм-жiтiм болған жоқ.

Азаматтардың денсаулығына, олардың өмiр сүру ұзақтығына әлеуметтiк маңызы бар аурулар және олардан қайтыс болу маңызды ықпалын тигізіп отыр.

Өлім-жітім себептерінің құрылымында қан айналу жүйесінiң аурулары бiрiншi орында, қайғылы жағдайлар, өлтiру, өздiн өзі өлтiру, тағы да басқа сыртқы жағдайлар екінші орында, қатерлi жаңа түзiлiмдер үшiншi орында тұр.

Облыстың аумағында қан айналу жүйесі ауруларымен (ҚЖА) ауруды және аурулардан өлiм-жiтiмдi төмендету мақсатында көрcетiлген ауруларды ерте анықтау үшін тұрғындарды алдын ала қарау жүргiзiледi.

Жасалған жұмыс нәтижесінде 2007 жылмен (769,6) салыстырғанда 2009 жылы 100 000 тұрғынға шаққанда ҚЖА өлiм-жiтiмі 37,8%-ға азайды және 492,1 құрады.

Ауданда соңғы 3 жылда (2007-2009 жылдар) қатерлi ісіктермен ауру жоғары деңгейде сақталып отыр (100 000 тұрғынға шаққанда).

Қатерлі ісіктермен аурудың жыл сайын аздап төмендеуіне қарамастан (2007 жылы – 218,4; 2008 жылы – 225,5; 2009 жылы – 186,4, бұл көрсеткіш орташа облыстық көрсеткіштен тұрақты түрде төмен (2007 жыл – 258,4; 2008 жыл – 254; 2009 жыл – 247,1). Қатерлі ісіктердің таралған формасының үлес салмағы 2009 жылы 21,4% дейін төмендегені (2007 жыл – 29%, 2008 жыл – 22,9%; орташа облыстық : 2007 жыл – 24,6%; 2008 жыл – 20,5%; 2009 жыл – 19,9%) байқалып отыр. Қатерлі ісіктерден қайту жалпы жалпы қайтыс болу себептерінің құрылымында үшінші позицияға ие (11,2%). Онкологиялық ауруларды және олардан қайтыс болуды одан әрі төмендету мақсатында қатерлі ісіктерді анықтаудың скринингтік бағдарламаларын жалғастыру қажет, онкологиялық қызмет ұйымдарының ресурстық жабдықталуы, осы заманғы химиялық препараттарды сатып алу көлемін ұлғайту қажет.

Өткізілген профилактикалық тексерулер, ауруды басталған кезінен ақ анықтау және медициналық ұйымдардың осы заманғы емдеу-диагностикалық мүмкіндіктерін жақсарту нәтижесінде 2009 жылы қатерлі ісіктерден қайтыс болудың көрсеткіші 2007 жылға қарағанда (2007 жыл – 12,1; 2008 жыл – 11,4; 2009 жыл – 9,7) 2,4 пайызға, яғни төмендеді.

Өткен екі жылда аудан бойынша 100 000 тұрғынға шаққанда жалпы туберкулезбен ауру көрсеткішінің төмендегені байқалып отыр ( 2008 жыл – 132,4; 2009 жыл – 104,7). Аудан көрсеткіштерінің оң серпініне қарамастан, эпидемиологиялық көрсеткіш сол қалпында қалып отыр.

2007 жылдан 2009 жыл аралығында туберкулезден қайтыс болу 7,9%-ға (2007 жылы 16,3-тен 2009 жылы 8,4 дейін), яғни, 100 000 тұрғынға шаққанда 7,9 % төмендеді. Мұндай табыстарға туберкулезге қарсы қызметтердің негізгі көрсеткіштерін үнемі бақылау, облыстың туберкулезге қарсы диспансер мамандарының белсенді ұйымдастыру-әдістемелік жұмыстарының, туберкулезге қарсы қызмет жұмысшыларының туберкулез жағдайларын тіркеу ошақтарында алғашқы медициналық көмек көрсету жұмыстарының жақсы жүргізілуі, халық арасындағы белсенді санитарлық-жарақтандыру қызметінің жүргізілуі нәтижесінде қол жеткізілді.

2010 жылдың 1-қаңтарында аудан бойынша 15 АҚТҚ жұқтырғандар тіркелді. АҚТҚ -инфекциясы эпидемияның шоғырланған сатысында таралуын тұрақтандыру мақсатында алдын-ала шараларды кеңейтуді, сонымен қатар ЖҚТБ-мен ауруларға қажет ретровирусқа қарсы емді толық көлемде қамтамасыз етуді көздейтін ЖҚТБ эпидемиясына қарсы тұру бойынша жұмыс жалғастырылатын болады.

Ауданда 2009 жылы телемедицина енгізілді. Бұл жергілікті жерлерде ауруларға қажеті көлемде медициналық көмек беруге мүмкіндік береді.

Халық денсаулығының төмен деңгейде болу себебі ол ауруларды алдын-алу бойынша ақпараттық жұмыстың жеткіліксіздігі сияқты халықтың салауатты өмір салтын сақтау мәселелеріндегі төмен уәждеме және дұрыс тамақтанудың төмендігі салдарынан болады. Денсаулық сақтаудың бүкіләлемдік ұйымдарының мәліметтеріне сүйенсек адам денсаулығының 50%-ы оның өмір сүре білуіне байланысты. Көптеген созылмалы жұқпалы аурулардың пайда болып таралуы оның өмір салтына байланысты. Жоғары деңгейде қатердің мінез-құлықтық факторларының таралуы: темекі шегу (22,2%), алкогольді ішімдікті пайдалану (35%) дене шынықтыру және спортпен халық жеткіліксіз айналысуы (23%) деуге болады. Осыған байланысты Ауданда тұрғындарында салауатты өмір салтын қалыптастыру және халықты дене шынықтыруға баулу маңызды болып саналады. Осы мақсатпен облыста «2008-2016 жылдарға арналған Салауатты өмір салты» салалық бағдарламасын орындау жөнінде Өңірлік іс-шаралар жоспары әзірленіп, іске асырылуда, оның шеңберінде денсаулық сақтау бюджетінен 1%-дан 3%-ға дейін қаржыландыру ұлғайтылуда, саланың профилактикалық бағыты белсендірілуде, халықтың жекелеген санаттарының профилактикалық қараудан өтуі ұлғаюда. Азаматтардың, бірінші кезекте балалардың физикалық белсенділігі бойынша шаралар іске асып жатыр. Әлеуметтік тапсырысты орналастырудың арқасында үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық кеңейтіліп жатыр. Сонымен қатар, азаматтардың денсаулығын нығайту үшін дұрыс тамақтану және тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласында стратегия қабылдау жоспарлануда. Салауатты өмір салтын сақтауды қалыптастыру саласында шараларды іске асыру мүдделі органдар мен ұйымдар арасында, әсіресе алкогольді және темекі өнімдерін шығаруды шектеу, жол қозғалысының қауіпсіздігі сияқты мәселелері жөніндегі сектораралық өзара әрекетті күшейтуге әсерін тигізеді. Нәтижесінде, өмір сүрудің орташа ұзақтығының ұлғаюы, аурудың ауыртпалығы және мінез-құлықтық тәуекел факторларының азаюы күтіліп отыр.

Медициналық қызмет көрсету сапасын басқарудың жүйесін жетілдіру мақсатында медициналық ұйымдардың деңгейінде ішкі тексеріс енгізілді.

2010 жылдың басында 353 медицина қызметкерлері аудан халқына медициналық, оның ішінде 70 дәрігер және 283 орташа медицина қызметкерлері көмек көрсетті.2010 жылдың басында кадрлардың жетіспеушілігі 10 маманды құрады.

Ауданда жас мамандарды ауылдарға бекіту Бағдарламасы әзірленді. Жыл сайын жергілікті бюджеттерде көтерме жәрдемақыларды төлеуге бюджеттік қаражаттар көзделіп, тұрғын-үй бөлу мәселелері шешілуде. 5 жас маманға көтерме төлемдер төленді.

Дәрігерлік кадрлар тапшылығы мәселесін шешудің бірден бір жолы –студенттерді медициналық академияларда гранттар және бюджеттен тыс қаражаттар есебінен оқыту. Қазіргі уақытта Облыс әкімінің гранттары бойынша медициналық академияларда 5 студент, аудан әкімінің гранттары бойынша – 2 студент оқып жатыр. Барлығы 7 студент. Жас дәрігерлердің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларын жақсарту мәселелерін әрдайым бақылайды.

2007 жылдан 2009 жылға дейінгі кезеңде ауданда денсаулық сақтау ұйымдарының осы заманғы медициналық құралдармен және медициналық бағыттағы бұйымдармен жабдықталуында оң серпін байқалды. Жарақтандыру пайызы 15% (2007 жылғы 40%-дан 2009 жылы 55%-ға дейін) ұлғайтылды.

2010 жылдың басында аудан бойынша медициналық ұйымдар ғимараттарының тозу деңгейі 85% құрады. Елді-мекендер шегінде ғимараттар тозуының жоғары деңгейі (90%-дан 100%-ға дейін): Сосовка, Сұлукөл, Тимофеевка, Бағаналы, Казанбасы, Октябрь, Қосағал, Лесной, Лаврентьевка, Новоселовка, Новонежинка-байқалады.

Ауданның денсаулық сақтау ұйымдарына басқару шешімдерін қабылдау еркі берілген,сонымен бірге медицина қызметкерлерінің еңбегін нәтижесі бойынша төлеу үшін қосымша қаражат бөлінген.

Халықты әлеуметтік қорғау
Әулиекөл ауданы статистика басққармасының мәліметтері бойынша 2007 жылдан 2009 жылғы шекті ауданда экономикалық белсенді тұрғындардың саны 30850-ден 29834-ке азайды.Жұмыспен қамту деңгейі 95,5%-дан 95,6%-ға өсті.

Жалпы жұмыссыздық деңгейі 2007-2009 жылдары бір пайызға төмендеді, 2007 жылғы 5,6%-дан 2009 жылы 4,6%.

Тіркелген жұмыссыздық деңгейі 2010 жылғы 1 қазанға 0,6% (осы көрсеткіш 2009 жылғы 1 қазанға 0,5%-құрады),облыстық көрсеткіш 0,5%. Жұмыспен қамту бөлімінде тіркелген жұмыссыздардың 197 адам қоғамдық жұмысқа қатысты.2010 жылғы 1 қазанға жұмыспен қамту бөлімінде тіркелген жұмыссыздардың саны 192 адам болды. Жұмыссыздардың құрамында 138 адам немесе 71,9%-әйелдер.

Экономика саласы бойынша жұмыс істейтіндердің саны басымы ауыл шаруашылығы-80,2%, өнеркәсіпте-2,9%, саудада-2,4%.

Жұмыс істейтіндер санының төмендеуінің негізі тұрғындардың экономикалық белсенділерінің ішкі көші-қоны.

Аудан аграрлық бағытталған.Ауданның негізгі мәселесі еңбек рыногында сұраныс пен ұсыныстың сәйкес келмеуі. Еңбек рыногында өңірлік жұмыспен қамту стратегиясы мен ,инвестициялық бағыттағы Жол картасы оң көрініс берді.

Халықты жұмыспен қамтудың өңірлік Стратегиясын іске асыру шеңберінде бос жұмыс орындарын белсенді іздеу мен іріктеу пайдаланылады,жұмыссыздарды және тұрғындардың мақсатты тобының басқалай өкілдерін оқыту,қайта даярлау мен біліктілігін жетілдіру атқарылады.Жұмыспен қамту нәтижелі болуы үшін қоғамдық жұмыстар,әлеуметтік жұмыс орындары ұйымдастырылып,бос орын-жәрмеңкесі өткізіледі,кепілді әлеуметтік төлемдер қамтылып және қарттарға, мүгедектерге және басқаларына әлеуметтік қолдау көрсетіледі.

2010 жылдың 9 айында ауданда 439 жұмыс орны ашылды,оның ішінде Жол картасы шеңберінде -113. Қоғамдық жұмыстарға 197 жұмыссыз қатысты. Жергілікті бюджет қаражаты есебінен 26 жұмыссыз әлеуметтік жұмыс орындарына орналасты. Жол картасы шеңберінде әлеуметтік жұмыс орындарына және Жастар практиксына 100 адам орналасты.

Сонымен қатар ауылдық елді мекендер үшін бос жұмыс орындарының жетіспеуі қиын мәселе болып қала береді.

Кәсіби оқытуға 53 жұмыссыз жіберілді,оның ішінде Жол картасы бағдарламасы бойынша -20 адам.Даярлау мен қайта даярлау 5 мамандық бойынша 4 оқу орнының базасында өткізілді. Жұмыссыздық деңгейін төмендетуге және жұмыссыздарда жұмысқа орналастыруды жақсартуға бос орындардың шағын-жәрмеңкесін өткізу жәрдемдеседі.

Жол картасының басты мақсаттарының бірі – жұмыссыздықтың елеулі өсуіне жол бермеуге, бүгінгі күні қол жеткізілді.

Аудан тұрғындарының табысы кедейшілік деңгейінен төмендері үлесі 2009 жылы 2007 жылға (0,9%) қарағанда 0,2%-ға азайды.

Әлеуметтік саясаттың тағы бір маңызды басымдылығы ана мен баланы қорғау болатын және солай болып қалады.2006 жылы балалы отбасыларын қолдаудың жаңа жүйесі енгізілді,18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларына ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы енгізілді. (1 айлық есептік көрсеткіш).2009 жылы 3601 балаға 43,4 млн.теңге сомасына жәрдемақы тағайындалды.2010жылғы бюджет балаға жәрдемақыны, тұрғын үй көмегін және басқалай әлеуметтік көмектерді көбейтіп, аз қамтылған отбасыларын молынан қамтуды көздейді. Мысалға, мемлекеттік атаулы жәрдемақыға 5,7 млн. теңге бөлінді, мемлекеттік балалар жәрдемақысы -47,2 млн.теңге,тұрғын үй көмегі-2,6 млн.теңге.Жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына 2010 жылы 2009 жылға қарағанда 10,0% артық жоспарланған және 9,4 млн. теңгені құрайды. Тұтастай алғанда әлеуметтік бағдарламаларды іске асыруға 67,4 млн.теңге қарастырылған, бұл 2007 жылмен салыстырғанда (37,9 млн.теңге) 1,8 есе артық.

Тұрғындардың табысы 2009 жылы 2007 жылмен салыстырғанда (14749 теңге) 38,8% артық және 1 адамға 24111 теңгені құрады.2009 жылы орташа айлық еңбек ақы 41744 теңгені құрады, 2007 жылмен салыстырғанда (30801 .теңге) 26,2 % артық.

2009 жылы аудандағы ең төменгi күнкөрiс 12005 теңгенi құрады және 2007 жылмен салыстырғанда 28,5%-ға өстi.

Алайда тұрмысы төмен азаматтарды әлеуметтiк қолдау жүйесінде оң өзгерiстермен қатар шешiлмеген мәселелер де сақталып отыр:

кедейлiктен шығу бойынша белсендi шаралардың төмен тиiмдiлiгi;

кедейлiк пен теңсiздiктiң сақталуы;

мүмкiндiктерi шектеулi адамдардың толық қамтылмауы;

көп балалы үйлерде кедейлiктiң басымдылығы;

әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк қызмет көрсету стандарттарының жетілдірілмеуі.

Осындай жағдайда ең төмен бекітілген табыстан төмен табысы бар халықтың қауқарсыз тобына әлеуметтік көмек көрсету басқарма жұмысының стратегиялық бағыты болып табылады.



Күштi жақтары

Еңбек нарығында жаппай жұмыстан босату көзделіп отырған жоқ, бұл жұмыссыз азаматтар санының ұлғаюына апармайды.

Жұмыссыздарды уақытша жұмыспен қамтуды ұйымдастыруға жергiлiктi атқарушы органдардың қаражаттары жеткiлiктi.

Әлеуметтiк қолдауға мұқтаж азаматтардың барлық санаттарын іс жүзінде қамту.

Медициналық-әлеуметтiк мекемелерде мүгедектерді, қарттарды, мүгедек балаларды арнайы әлеуметтiк қызмет түрлерiмен толық қамту.

Мүгедектерді әлеуметтiк және кәсiби оңалтуға бағытталған іс-шараларды өткiзу мүмкiндiктерi шектеулi адамдарға барынша тәуелсіздікке, толық физикалық, зерделi, әлеуметтiк және кәсiби қабiлеттiлiктерге қол жеткізуге және сақтауға және оларды өмiрдiң барлық кезеңдерінде толық қосуға және тартуға мүмкiндiк береді.



Әлсiз жақтары

Ауылдық елдi мекендердегi бос жұмыс орындар санының аздығы.

Еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсыныс арасындағы сәйкессiздiк.

Азаматтардың белгілі санаттарына мемлекеттiк бюджеттен жәрдемақы алу ақша алудың жалғыз қайнар көзi болып табылады.

Оңалту құралдарымен немесе қызметтермен қамтылған мүгедектердiң үлесі жүз пайызға жетпейдi, бұл мыналарға байланысты:

мүгедектерге бюджет қаражаты есебінен барлық қызметтер көрсетілмейді, атап айтқанда мүгедектердің жеке санаттарына протез-ортопедиялық көмек бойынша қызметтердi көрсету бұйымдардың құнынан 50 пайыз жеңiлдiкпен немесе жеке меншiк қаражат есебінен белгіленген;

медициналық-әлеуметтiк сараптамалық комиссиялары мүгедектердi оңалтудың жеке бағдарламасы мүгедектің жүгінуіне қарай әзірленеді, ал келесi қаржы жылына бюджеттi құрастыру ағымдағы жылдың үшiншi тоқсанында қалыптасады, сондықтан бюджеттi құрастырудан кейiн әзірленген жеке оңалту бағдарламасы мерзiмінде орындалмайды.

Мүмкiндiктер

Жұмыс орындарын жасау, оның iшiнде халықтың жұмыспен уақытша қамтылуына жәрдемдесудiң белсендi бағдарламаларын iске асырудың бөлiгiнде:

а) қоғамдық жұмыстар;

б) әлеуметтiк жұмыс орындары.

Жұмыссыз азаматтарды кәсiптiк оқыту, қайта даярлау.

Бос жұмыс орындары мен бос лауазымдардың жәрмеңкелерiн өткiзу.



Қауiп-қатерлер

Бүркемелі жұмыспен қамту.

Тiркелген жұмыссыздар санының өсуi.

Жасанды жұмыссыздықты жасау (мемлекеттiк жәрдемақы тағайындау жұмыспен қамтылмаған тұрғындардан жұмыссыз азаматтың мәртебесiн және табыстар туралы анықтама берудi талап етеді).

Арнайы әлеуметтiк қызмет түрлерiн беру саласында үкіметтік емес ұйымдар құру бойынша ынталы топтардың болмауы.

Мүгедектердің оңалту іс-шараларымен толық қамтылмауы.


Мәдениет және тілдерді дамыту
Ауданда мәдениет желілері 2007 жылдан бері өзгеріссіз қалды.

Ауданда 45 мәдениет объектілері (41 – мемлекеттік ), оның ішінде 29 кітапхана (29 – мемлекеттік), 16 клуб (12 – мемлекеттік), Тарихи және мәдени маңызы бар республикалық маңызды емес 59 ескерткіш бар.

Соңғы жылдары мәдениет ұйымдарына қаражат салу елеулі өсті. Әулиекөл селосындағы Мәдениет Үйі 62 млн.теңге сомасына жөнделді. Мәдениет Үйінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға 22 млн.теңге сомасында жұмсалды. 2010 жылы Әулиекөл селосындағы кітапхана 18млн.теңгеге жөнделді.Шаруашылық субъектілерінің қолдауымен. Лесное, Диев, Москалев, Қарақалпақ селоларындағы ескерткіштер жөндеуден өтті.

2009 жылы кітап қорын ұлғайыту мақсатында 2,6 млн.теңгеге 6436 кітап сатып алынды. 2009 жылы клуб мекемелері 1023 шара өткізді, оған 160567 адам барды (2008 жылғыдан 5311 адам артық). Мәдени-көпшілік шаралар өткізуге 2009 жылы 641 мың теңге бөлінді, 2007 жылы 615 мың теіге, өсуі 65%. Мәдениет нысандарын нығайтуға шығын жоспарлы жұмсалады.



Күшті жақтары

Мәдениет саласында қызмет көрсету қажеттілігінің өсуі байқалады;

Тарихи және мәдени маңызы бар ескерткіштерді сақтау,дамыту мен насихаттау бойынша жұмыс жүйеленген.

Әлсіз жақтары

Тұрғындардың мәдениет ұйымдарының қызмет көрсетуіне қоллл жеткізуінің бірдей еместігі

мәдениет ұйымдарының материалдық-техникалық базасын деңгейінің әлсіздігі, кәсіби кадрлардың жетіспеуі

Мүмкіндіктері

-мәдениет мекемелері желісін кеңейту

Ауданның тарихи және мәдени маңызы бар ескерткіштерін сақтау мен дамыту

Жұмыстың жаңа түрлерін енгізу арқылы клуб мекемелері мен кітапханалардың жұмысын жетілдіру;

Шығармашылық ұжымдардың санын көбейту.



Қауіп-қатерлер

Табиғат-климаттың тарихи және мәдени маңызы бар ескерткіштерге жағымсыз әсері;

Кәсіби мамандардың кетуі

мәдениет нысандарын материалдық-техникалық жабдықтаудың шамалылығы.

Ауданның тілдер саясаты ретінде мемлекеттік тілді қолдану саласын кеңейтуді қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін жағдайларды жасауға және өңірдің лингвистикалық капиталын сақтауға бағытталған.

Мемлеттік тілді үйрету үшін мемлекеттік тіл кабинеті қызмет етуде. Жыл сайын мемлекеттік тілді оқитын ересек тұрғындардың саны өсіп келеді. 2007 жылы 180 адам, 2010 жылы – 187 адам, 14 адам сертификат алды.

Ұлттық сана мен қалыптасуды сақтау тәсілдерінің бірі ретінде барлық тілдің қызмет етуі және дамуы үшін жағдайлар жасалды. «Асыл мұра» бағдарламасын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан халқы тілдерін сақтау мен дамыту жұмыстары әзірленді.Мемлекеттік тілді насихаттау мен мәртебесін жоғарлату, Қазақстан халқының тілін дамыту мен сақтау.

Құжат айналымының жалпы көлемінде мемлекеттік органдарда мемлекеттік тілде іс қағаздар жүргізудің үлесінің көлемі 2010 жылы 84%, 2008 жылмен салыстырғанда 3% ұлғайды.

Бұл ретте қазақ тілімен қатар орыс тілі де ресми түрде пайдаланылатынын ескеру қажет. 1Асыл мұра» бағдарламасын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан халқы тілдерін сақтау мен дамыту жұмыстары әзірленді.

Құжат айналымының жалпы көлемінде мемлекеттік органдарда мемлекеттік тілде іс қағаздар жүргізудің сыбағалы көлемі 2010 жылы 84%, 2008 жылмен салыстырғанда 3% ұлғайды. Бұл ретте қазақ тілімен қатар орыс тілі де ресми түрде пайдаланылатынын ескеру қажет, ағылшын тілін оқуға жағдайлар жасалынуда.

Білім беру жүйесінде мемлекеттік тілдің рөлі нығаюда. Қазақ ұлтының ана тілінде оқитын оқушыларының үлесі ұлғаюда.

Жалпы ауданда қазақ тілін меңгеру деңгейі 42%-ды құрайды.

Мемлекеттік тілдің дамтудың негізгі проблемалары:

қоғамда мемлекеттік тілді мегерудің тұрақсыз деңгейі;

өңірдің әлеуметтік-коммуникативтік кеңістігіне мемлекеттік тілдің жеткіліксіз енгізілуі;мемлекеттік тілді оқытудың бірыңғай әдістемесінің және стандарттарының, оқу инфрақұрылымы қызметтерінің жалпы стандарттарының, сондай-ақ мемлекеттік тілді меңгеру үдерісін ынталандырудың болмауы.

Мемлекеттік тілді әлеуметтік-коммуникативтік кеңістікке енгізу үрдісінде маңызды фактор коммуникация, ойын-сауық, демалыс салаларында оны белсенді қолдану аясын кеңейту, отбасылық құндылық ретінде мемлекеттік тілді қолданудың мерейін арттыру және насихаттау.

Бұл ретте іскер қарым-қатынас, бизнес, ғылым сияқты халыққа қызмет көрсету саласында, мемлекеттік қызметтер көрсету жүйесінде де мемлекеттік тілді қолданудың төмен деңгейінің сақталуы жалғасып отыр.
Дене тәрбиесі және спорт, туризм

2011 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша спорт кешендерінің саны 80 объектіні құрады (2008 жылға қарағанда 100%).

2010 жылы спорт залдары барлығы 2 млн.550 мың теңгеге, оның : аудандық бюджеттен- 1 млн.теңге,тартылған қаражат 1 млн.550 мың теңге.

Ш. Уәлиханов атындағы Әулиекөл орта мектебі бюджеттен 3 млн.205 мың теңгеге жөнделді. Тартылған қаражат есебінен спорт залдарының жылу жүйесі жөнделді:Сосновка негізгі мектебі 1 млн.500 мың теңгеге,Москалев ЖШС 2 млн.100 мың теңгеге.Облыстық бюджеттен 11 млн.573 теңге сомасында қаражатына балалар жас өспірімдер спорт мектебі спорт зал күрделі жөндеуден өтті. 2010 жылы демеушілер есебінен 140 мың теңгеге,жергілікті бюджеттен 510 мың теңгеге спорт құрал-жарақтары алынды

Дене шынықтырумен және спортпен белсенді айналысатын тұрғындар саны 9039 адамды – аудан жалпы тұрғындарының санынан 18,9%, облыс бойынша орташа көрсеткіш – 24,5% құрайды.

2010 жылы 354 спорт іс-шаралары өткізілді, оған 19938 адам қатысты. Спорт мектебінде жалпы білім беру мектептері оқушыларының 7,6%-ы спорт сабақтармен қамтылды, БЖСМ-де мектеп оқушыларының сабақпен қамтылуы бойынша орташа облыстық көрсеткіш – 15,2%. Дене шынықтыру сабақтарын 76 штат жұмыскерлері өткізеді.

2010 жылы 3 спорт шеберіне кандидат, 10 адам -1 разрядшы, 61адам -2 разрядшы алды, 1 санаттағы 4 жаттықтырушылар даярланды.

Талдауға сүйене отырып, тұрғындардың спорт және дене шынықтыру қызметтерінде қамтамасыз етілу деңгейі, сонымен қатар осы секторлар мекемелерінің құрылымдарының тармақтылылығы аудандарға қарағанда қалаларда және аудандар бойынша орташа есеппен жоғары деген қорытынды жасауға болады. Спорт мекемелері ұсынатын қызметтер кешенін кеңейту қажет. Осындай шараларға арнайы объектілерді (бассейндер, корттар, веложолдар, спорт алаңдары) жатқызуға болады.

Негізгі проблемалардың бірі – дене шынықтыру мен спорт секторынан кадрлардың кетуі.

Күшті жақтары

спорт шараларының санын ұлғайту;

спорт шараларымен қамтылған азаматтар санын көбейту 2010 жылы(19938) 2007 жылмен (12527)салыстырғанда 63%-ке немесе 7411 адамға артық.

Әлсіз жақтары

Материалдық-техникалық базаның төмен деңгейде жабдықталуы;

Ауылдық жерлерде спорт жөнінде әдіскерлер санының аздығы.

Мүмкіндіктері

Ауданның инфрақұрылымда дене шынықтыру және спорт сабақтары үшін жағдайлар жасау, жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешендерін салу, қолданыстағы спорт объектілерін қайта жаңарту және күрделі жөндеуден өткізу. Барлық қызмет салаларында жұмыскерлердің кәсіби деңгейін арттыру (даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру).



Қауіп-қатерлер

Республикалық деңгейдегі ресми жарыстарда жоғары спорт нәтижелерін көрсететін спортсмендер мен жаттықтырушыларды әлеуметтік қолдауды қамтамасыз ету мақсатында нормативтік актілердің жетілдірілмеген нысандарының салдарынан кадрлардың осы сектордан кетуі туындап отыр және осы бағытта біліктілігі жоғары мамандардың төмен қызығушылығы байқалып отыр.


Жүргізілген талдау негізінде ауданда дене шынықтыру мен спорттың дамуын тоқтатып тұрған негізгі проблемалар анықталды:

1.Спорт инфрақұрылымының жеткіліксіз дамуы, спорттық ұйымдарды материалдық-техникалық жабдықтармен жабдықтаудың төмен деңгейі;

2. Дене шынықтыру мен спорт секторынан кадрлардың жетіспеуі;

3. селолық округтердің көбінде спорт залдары 70-жылдары салынған, стандартқа сай емес, ауданның кейбір елді мекендерінде тек жапсарлас салынған спорт залдары бар, бұл аудандағы балалардың қыста жаттығуын шектейді. Ауданда 2 ғана спорт әдіскері бар.

Туризмді дамытудың маңызды стратегиялық бағыттарының бірі аудан аумағында аң аулау және балық аулау туризімін ұйымдастыру үшін табиғаттың және су қорларының бар болуын. Қонақ үйлердің болмауы, әлсіз инфрақұрылым туризм саласының тиімді дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік бермейді.

2001 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ауданда туристік ұйымдардың жұмысы ұйымдастырылған жоқ.

Негізгі мәселелерді анықтау үшін талдау жүргізілді:

Күшті жақтары

Қолайлы географиялық орналасуы, аудан облыстың 6 ауданымен шектеседі, Челябинск-Астана трассасының бойында орналасқан, үлкен транзиттік әлеуеті бар. Аң аулау және балық аулау туризімін ұйымдастыру үшін ауданның биологиялық мүмкіндігі зор.



Әлсіз жақтары

Туризмнің инфрақұрылымының болмауы.

Қонақ үй сервисінің болмауы.

Ауданның туристік қорларының елімізде және шет елде нашар танылуы.



Мүмкіндіктер

Туризм саласында жаңа жұмыс орындарын ашу.

Туристік инфрақұрылымды дамыту.

Сырттан келген және ішкі туризм бойынша туристік ағындарды көбейту.



Қауіп-қатерлер

Инвестициялық белсенділіктер деңгейінің төмендігі;

Туризмнің инфрақұрылымының болмауы;

Тарихи-мәдени орындар бойынша насихаттың және туристік маршруттарды жылжытудың әлсіздігі;

Ауданның туристік әлеуеті туралы жарнамалық ақпараттың болмауы.
Ішкі саясат

8 қоғамдық ұйымдармен және бiрлестіктермен өзара іс-әрекет жүзеге асырылуда, олардың қатарында: 2 – саяси партиялардың филиалдары, 12 – шағын дiни бiрлестiк (заңды мәртебесі жоқ), ауылдық медбикелердің «Милосердие» қоғамы, Ардагерлер кеңесі, аңшылар мен балықшылар қоғамы, «Жастардың салауаттылығы орталығы» қоғамдық қоры, Шағын кәсіпкерлік субъектілері қоғамы, зағиптар қоғамы, 8-шағын діни топ бар.

Ауданда 8 діни имарат тіркелген, оның ішінде: 2 мешіт, 2 православиелік және 4 протестанттық шіркеу.

Әлеуметтік зерттеу « Қостанай облысында этноконфессияаралық қатнастардағы шиеленіс факторлары және оларды азайту бойынша шаралар» мәліметтеріне сәйкес ауданның 78,9 % тұрғыны этникааралық қатынасты жақсы, 17,5 %-қанағаттанарлық деп бағалайды. Сұрастырғанның 96,5% аудандағы діни жағдайды тыныш және қанағаттанарлық деп бағалайды. Аудан әкімінің этникааралық және этноконфессияаралық келісімге бағытталған жұмысын респонденттер 68,45% деп бағалайды.

Қазақстанның жаһандық халықаралық ұйымдардағы көшбасшылығын мойындаудың жетекші факторларының бiрi облыстағы мемлекеттiк саясатты, Мемлекет басшысының жыл сайынғы жолдауларының негiзгi бағыттарын және оларды іске асыру барысын түсiндiру мен насихаттау жөніндегі жұмыстар қолдайтын iшкi саяси тұрақтылық болып табылады. Тұрғындардың арасындағы ақпараттық-насихаттау жұмысы басты тетік болып табылады. Мемлекет басшысының Жолдауына сүйене отырып, облыстық ақпараттық-насихаттау тобының құрамы қалыптасуда. Ауданда жаппай ақпараттандыру үшін мемлекеттiк органдардың жетекшiлерi, аудандық және мәслихаттардың депутаттарынан, жұртшылық пiкiрiнiң жетекшiлерiнен тұратын 97 мүшелерді біріктіретін 17 ақпараттық-насихаттау тобының құрылды.

Ауданда 2010 жылға «Әулиекөл» газеті жұмыс істеп жатыр.

2010 жылы аудандық бұқаралық ақпарат құралдары арқылы мемлекеттiк ақпараттық саясатты iске асыру бойынша мемлекеттiк тапсырыстың жалпы сомасы 2200 мың теңгені құрады.

2009 жылдан бастап мемлекеттік тапсырыс аясында аудан аумағында көрсететін облыстық телеарналармен әріптестікке қол жеткізілді. Аудан аумағында спутниктік желімен «Қазақстан-Қостанай»желісі жаңалықтар бағдарламасы көрсетіледі. Сонымен қатар аудан аумағында ерекше «Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда» газеттері облыстық «Костанайские новости», «Қостанай таңы», «Костанай-Агро» және басқалары сұранысқа ие.

Интернет-ресурстармен жқмыс кеңейді.Аудан әкімінің сайтында «Ішкі саясат», «Жастар», «Үкіметтік емес сектор» айдарлары ашылды, онда Қазақстан Президентінің Жолдауының мәтіні, анықтамалық материалдармен әдістемелік ұсыныстар бар,Жолдауға арналған шаралар туралы үнемі аұпарат беріледі.

Ауданда 14 пен 29 жас аралығында 10718 жас бар, бұл жалпы тұрғындар санының 22 %.

«Жастардың салауаттылығы орталығы» қоғамдық қоры келесі негізгі бағыттар бойынша жұмыс істейді:

Жастарды тазалыққа және санитарлық дайындыққа тәрбиелеу, өз денсаулығына қарауды қалыптастыру,денсаулықты сақтау мен нығайту әдеттерін қалыптастыру.

Ауданда мемлекеттiк жастар саясатын iске асыруда жастардың қызығушылығы мен қажеттiлікктерiн iске асыруды, мемлекеттік органдардың, жастар ҮЕҰ-ның және бизнес-құрылымдарының іс-әрекетін біріктіруді қамтамасыз етуге шақырылған мемлекеттiк органдардың, қоғамдық бірлестіктердің өзара іс-әрекетін үйлестiру мақсатында әкімдік жанында Жастар ісі жөніндегі кеңес жұмыс iстейдi.

Есепті мерзімде облыста педагогикалық және дәрiгерлiк мамандықтар бойынша оқуға «Қостанай облысы әкімінің гранттары мен стипендиялары» жобалары іске асырылды. Облыс әкiмiнің гранттары бойынша барлығы 8 адам, оның ішінде 3-педагогтық, 5-медицина мамандығы бойынша, аудан әкiмiнің гранттары бойынша барлығы 6адам, оның ішінде 4-педагогтық, 2-медицина мамандығы бойынша..



Күштi жақтары

Мемлекеттік тапсырыс желісі бойынша әлеуметтiк маңызы бар жобаларды iске асыруға тартылған үкіметтік емес ұйымдар сандық және сапалы өсуi үшiн жағдайлар жасалған.

Үкіметтік емес ұйымдар үшін ресурстық орталық ашылды және белсене жұмыс iстейдi.

Жоғары және орта оқу орындары студенттерiнің шыққан дарынды жастарды мемлекеттiк қолдауды қаржыландыруды ұлғайту.



Әлсiз жақтары

Ақпараттық-насихаттау жұмыстарын өткiзу кезiнде жаңа ақпараттық технологияларды, коммуникативтік технологияларды қолданудың жеткiлiксiз жоғары деңгейi.

Қазiргi ақпараттық нарықтың талаптарына сай кәсіпқой-мамандардың тиiстi санының жоқтығы.

Салалық және аумақтық белгi бойынша әлеуметтiк қызмет түрлерiн көрсету процессінде ауылдық жастар үкіметтік емес ұйымдарының жеткiлiксiз тартылғандығы.

Өңірлік деңгейдегi мемлекеттiк жастар саясатын орталықтандырылған басқарудың жоқтығы.

Мүмкiндiктер

Әр түрлi сұхбаттық алаңдарда, кездесулерде талқылаудың нәтижесiнде, заңнамалық нормативтiк-құқықтық базаға ұсыныстар енгiзу.

Мемлекет пен үкіметтік емес ұйымдар әлеуметтiк әрiптестiгiн әрі қарай тереңдету.

Мемлекеттiк ақпараттық саясатты қаржыландыру көлемiн ұлғайту.

Мемлекеттiк жастар саясатын табысты iске асыру үшiн жас буынның отан сүйгiштiк сезiмін, азаматтық жауапкершілiгін жоғарылатуға, белсендi қоғамдық позицияларын қалыптастыруға, бәсекеге қабілеттілігін жоғарылатуға бағытталған тиімді модель әзірлеу қажет.

Қоғамдық қауіпсіздік және құқықтық тәртіп

Соңғы жылдары ауданда қалыптасқан қолайлы экономикалық және қоғамдық-саяси жағдайлар, мақсатты шаралар кешенін қабылдау ішкі істер органдарының қызметін айтарлықтай белсендіруге мүмкіндік берді.

Үш жыл бойы қылмыстың өсу деңгейі байқалмайды. (2007 жылы-197, 2009 жылы 198 қылмыс) жасаудың төмендегені байқалып отыр. Тіркелген ұрлық саны 5 есе,ұрлық – 3,8% (106-дан 102-ге) қысқарды.

2010 жылы негізгі бөлігін мүліктік түрлері құрайтын тіркелген қылмыстар қатарының өсу қарқыны байқалып отыр.

Жалпы айтқанда қылмыстардың ашылуы жоғары деңгейде тұрақты болып қалады. Қылмыстарды ашу деңгейі 2008 жылғы – 90,4% қарағанда 2009 жылы 89,5% құрады (0,9% төмендеу).

Қабылданатын шаралардың арқасында соңғы жеті жыл ішінде жас өспірімдер арасындағы қылмыстың төмендеу қарқыны сақталып отыр. Жасөспірімдер жасаған қылмыстың үлес салмағы 2007 жылғы 12,9%-дан 2009 жылы 12,4%-ға төмендеді.

Қылмыс жасаған жасөспірімдердің жартысынан көбісі мектеп, лицей, гимназия оқушылары. Бұл ретте олардың жасаған қылмыстарының маңызды бөлігі ауыр қылмыстар және өте ауыр қылмыстар санатына жатады.

Осыған байланысты полицияның «мектеп» инспекторларын дамытуды жалғастыру қажет. Полиция инспекторы әрбір қала және ірі ауылдық мектептерде болу қажет деген болжамдар бар. Бұл оқушылардың арасында құқық бұзушылықтардың ертерек алдын алумен айналысуға мүмкіндік береді.

Соңғы жылдары ауданда көлік апаты жағдайлары негізгі көрсеткіштерінің жоғары қалу қарқыны байқалады. Жол-көлігі апаттарының деңгейі (пайдаланатын көліктің 10 мыңына) 2009 жылғы 14,7-ден 2010 жылы – 11,9-ге дейін, жол-көлігі апаттарынан қайтыс болғандардың деңгейі (100 жарақат алғандарға шаққанда) – 14,7-ден 9,9-ға дейін, жол-көлігі апаттарында жарақат алғандардың деңгейі (10 мың адамға шаққанда) – 7,09 ден 8,8 дейін.

Сонымен қатар жол-көлігі кешені қиын жағдайларда қызмет етеді. Автомобильдер парктерінің және осы заманғы автомобильдердің жылдамдық сипаттамаларының өсу қарқыны көше-жол желілерінің даму қарқынынан асады. Көптеген жолдар ұзындығының айтарлықтай бөлігі түбегейлі қайта жаңғыртуды, жүру бөліктерінің жалпақтығын кеңейтуді, оларды тосқауылдық шектеулермен, жол белгілерімен жабдықтауды қажет етеді. Жергілікті маңызы бар жолдар өте қанағатсыз жағдайда тұр.

Жол қозғалысы қатысушыларының көлік тәртібі, ең алдымен көлік құралдары жүргізушілерінің тәртібі төмен болып отыр. Жүргізушілердің дайындық жүйелерін жақсарту талап етіледі.

Осы және басқа да себептердің кешені жол-көлігі жағдайларының өте ауырлығын алдын ала анықтап отыр.

Бірнеше жылдар бойы қылмыс құрылымында есірткі қылмыстары үлесі азаяр емес (10-10,9%). Анықталған есірткі сату фактілерінің саны да кемитін емес.

Жыл сайын заңсыз айналымнан орташа есеппен 2007 жылы 7кг 2009 жылы 5кг есірткі заттары,алынады.

Тұрғындардың есірткіні пайдаланудағы қызығушылықтары жоғары деңгейде қала бермек. Нашақорлықтың ертерек алдын алудың жүйесін құру, сондай-ақ мамандандырылған медициналық мекемелерді дамыту қажет.

Есірткіге қарсы насихаттың жалпы мемлекеттік жүйесін қалыптастыруға тәсілдерді ұйымдастыру толық жетілдіруді, оның ішінде заңнамалық деңгейде жетілдіруді талап етеді. Осыған байланысты барлық мемлекеттік органдардың әлеуетін және бұқаралық ақпарат құралдарын қолдана отырып, әрекет етуші ақпараттық-насихаттық шаралар кешенін қабылдау қажет.



жүктеу 1,01 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау