13
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
тарындағы сындарлы идеялармен, ұсыныстармен толығып келеді.
Қазақстан халқы Ассамблеясы бірегей институтын құру жəне адамның
этностық һəм діни қатыстылығына қарамастан оның құқықтары мен бос-
тандықтарының артықшылығына негізделген қоғамдық келісім мен ұлттық
бірліктің қазақстандық үлгісінің қалыптастырылуы мемлекет пен қоғамның
қоғамдық-саяси тəжірибесінде «ұлттық азшылық» ұғымы мүлде қолданыл-
майтын этносаралық қатынастар үйлесімділігінің жəне көпэтносты қоғамның
бірігуінің жоғары деңгейіне қол жеткізді. Объективті зерттеулер көрсеткенін-
дей, шығу тегі əртүрлі Қазақстан азаматтары өздерін бірегей халықтың негіз-
гі жəне ажырамас бөлігі ретінде сезінеді, барлық құқықтарды пайдаланады
əрі туған тілін қолдануда, мəдениетін, салт-дəстүрлерін дамытуда ешқандай
қиындық көрмейді (қар.
Ұлттық азшылықтар, Ұлттық азшылықтар істері
жөніндегі Жоғарғы комиссар).
АККУЛЬТУРАЦИЯ (лат.
ad –
к жəне
cultura –
білім беру, даму ор.
Аккуль-
турация, ағыл.
Acculturation) – 1. Бір мəдениет аясында мəдениет элемент-
терін бір ұрпақтан келесі ұрпаққа беру (қар.
Əлеуметтену). 2. Түрлі əлеумет-
тік жəне мəдени жүйелердің тікелей байланысы мен өзара ықпалы кезіндегі
материалдық мəдениеттің, əдет-ғұрыптар мен нанымдардың өзгеріс үдерісі.
(қар.
Ассимиляция). А. барысында түрлі этномəдени топтардың арасындағы
байланыстар олардың біреуі мəдениеттің жаңа үлгілерін алуына немесе екеуі
де басқа мəдениетті толығымен не жартылай қабылдап алуына əкеліп соқты-
рады. А. үдерісі екі негізгі проблемамен байланысты: өз мəдениетін қолдау
жəне мəдениетаралық байланыстарға қатысу. Осы аса маңызды екі сұрақтың
жауаптарының комбинацияларына байланысты А.-ның төрт негізгі стратегия-
сы көрсетіледі:
Ассимиляция, сепарация, маргиналдану жəне
Интеграция.
А.-ның соңғы нəтижесі – ортаның талаптарына сай жеке немесе топтық сана-
дағы өзгерістері біршама тұрақты этномəдени топтың ұзақ уақыт бойы бейім-
делуге қол жеткізуі. Бейімделу жеке адам мен ортаның өзара үйлесімділігіне
əкелмеуі де мүмкін, бейімделу барысында ыңғайлану ғана емес, қарсылық
пен өз ортасын өзгертуге немесе ортаны да, өзін де өзгертуге талпыныстар
да болуы ықтимал. Осы тұрғыдан алғанда, бейімделу дегеніміз тек оң нəтиже
ғана емес; қазіргі ғылыми ыңғайларда оның кереғар екі мағынасы да қолда-
нылады: ол алуан түрлі болуы мүмкін жəне жағымды мағынадан жағымсыз
мағынаға дейін, жеке адамдардың өз жаңа өміріне сəтті бейімделуі жағдайы-
нан жаңа мəдениетке үйлесуге жарамсыз болу жағдайына дейін ұласып жа-
тады.
АНА ТІЛІ (ор.
Родной язык, ағыл.
mother tongue, native language )– 1.
Тіл,
баланың сəби кезінде ересектердің сөзіне еліктеп санадан тыс игерген тілі,
мұны қолдану дағдыларын ересек кезінде сақтап та қала алады, ұмытуы да
мүмкін. А.т. оның иесінің өмірінің түрлі кезеңдерінде бірінші немесе екін-
14
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
ші тіл, туған немесе басым тіл дəрежесінде болуы мүмкін. 2. Этноспен бір-
дейлесу тілі, кез келген халықтың тілдік санасынан маңызды орын алатын,
«өзімдікі» жəне «өзгенікі» ұғымдарын ажыратушы ділдік қалыптардың (мен-
тальды стереотиптердің) ықпалымен байланысты тіл. А.т. əрдайым нақты бір
индивидпен байланысты болады жəне сол индивидке тəн ауызша я жазбаша
сөйлеу тəсілдерінің жиынтығы ретінде көрінеді (қар.
Этностық тіл, Этнос-
тық топ, Этностық бірдейлесу, Этнос, Тілдік бірдейлестік, Тілдік құқық).
АНА ТІЛІН ПАЙДАЛАНУ жəне МƏДЕНИЕТТІ ДАМЫТУ ҚҰҚЫҒЫ
(ор.
Право на пользование родным языком и развитие культуры, ағыл.
Right
to use native language and culture development) – адамның өз этностық бір-
дейлестігін тануға жəне қамтамасыз етуге берілетін кепілдіктердің бір түрі,
адамның табиғи құқығы. ҚР Конституциясы 19-бабының 2-тармағымен «Əр-
кiмнiң ана тiлi мен төл мəдениетiн пайдалануға, қарым-қатынас, тəрбие, оқу
жəне шығармашылық тiлiн еркiн таңдап алуға құқығы бар» екендігі бекітіл-
ген. Мемлекет жеке адамдар арасындағы жəне діни бірлестіктердегі тілдің
қолданысына араласпайды, өмірдің бұл жақтары заңнамалық реттеуге жат-
пайды.
1997 ж. 11 шілдедегі №151 «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы»
ҚР Заңы Қазақстанда қолданылатын тілдің ешқайсысын қалдырмай бəріне де
құрметпен қарауды қамтамасыз етеді. Мемлекет Қазақстан халқының тілдерін
үйрену мен дамытуға жағдай жасауға қамқорлық көрсетеді. Ұлттық топтар
жинақы шоғырланып тұратын жерлерде іс-шараларды өткізуге солардың тілін
пайдалануға болады. Қазақстанда ұсынылатын мемлекеттік жəне басқа тіл-
дердің үйретілуі мен қолданылуына кедергі келтірген əрекеті үшін лаузымды
тұлғалар заңды жауапқа тартылады.
Азаматтардың мұндай конституциялық құқығын бекіте отырып, аталмыш
Заңда мемлекеттік тіл қазақ тілімен, ресми қолданылатын орыс тілімен қатар
«басқа тілдерді» де пайдалану қарастырылған.
Қажет болған жағдайда бұл тілдерге жеке жəне заңды тұлғалардың мəміле-
лерінің құжаттары, деректемелер мен көрнекі ақпарат аударылады. Басқа тіл-
дер сот жүргізуде жəне əкімшілік құқық бұзуға қатысты істерде, мемлекеттік
емес ұйымдарда қолданылуы мүмкін. Ал мемлекеттік органдар мен мемле-
кеттік емес ұйымдардың жауаптары мемлекеттік тілде не болмаса ізденуші
жүгінген тілде беріледі.
Ана тілінде білім алу құқығы
Қазақстанда мектепке дейінгі балалардың
мемлекеттік тілде қызмет ететін, ал ұлттық топтар жинақы тұратын жерлерде
солардың тілінде қызмет ететін ұйымдарын ашу жолымен қамтамасыз етіледі.
Балалар үйінде жəне соған теңестірілген ұйымдарда оқыту, тəрбиелеу тілін
контингенттің ұлттық құрамын ескере отырып жергілікті атқару органдары
анықтайды. Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық жəне кəсіптік,
ортадан кейінгі, жоғарғы жəне жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу мем-