19
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
сүру кезеңінде күшейеді (бұл этносаралық некелердің санынан байқалады)
(қар. Қостілділік, Даулар, Саны аз халықтар, Этностық бейімделу, Этнос-
тық гомотектілік, Этностық фузия, Тілдік идеология, Тілдік қауымдас-
тық, Тілдік саясат).
- Ə -
ƏЛЕМДІК ТІЛДЕР (ор. мировые языки, ағыл. international, global
languages) – Біріккен Ұлттар Ұйымының жəне басқа да халықаралық ұйым-
дардың Ресми тілі жəне Жұмыс тілі мəртебесі бар тілдер. Ə.т. клубы өз-
гергіш, қазіргі уақытта оның қатарына ағылшын, араб, испан, қытай, орыс,
француз тілдері кіреді. Сөйлеушілерінің саны – Ə. Т. басты белгісі емес
(мыс., қытай тілі, сөйлеушілері миллиардтан астам болғанмен, Ə.т. клубына
кірмейді). Ə.т. мəртебесі тілдің коммуникативтік дəрежесінің жоғарылығына
байланысты: олар халықаралық салалардың бəрінде – дипломатияда, дүние-
жүзілік саудада, туризмде, интернет пен коммуникацияның қазіргі құралда-
рында, ғылымда т.б. пайдаланылады. Ə.т. көпшілік елдерде мектептер мен
жоғарғы оқу орындарында міндетті пəн болып саналады (қар. Мемлекеттік
тіл, Тұрғылықты тіл, Халықаралық тіл, Жергілікті тіл, Ресми тіл, Титулды
тіл, Этностық тіл, Ұлтаралық қатынас тілі).
ƏЛЕУМЕТТІК ТІЛТАНУ (ор. Социолингвистика, ағыл. Sociolinguistics,
лат. soci (etos) қоғам + фр. linguistique < лат. lingua тіл) – тіл білімінің қарқын-
ды дамып келе жатқан қажетті салаларының бірі, лингвистика, əлеуметтану,
тіл əлеуметтануы, əлеуметтік психология, лингвистикалық антропология,
лингвосоциология пəндерінің т.б. ыңғайлары мен жетістіктерін біріктіре пай-
даланудан келіп шығатын сала. Ə.Т. құзыретіне мына сияқты мəселелер енеді:
тілдің əлеуметтік табиғаты мен стратификациясы, функциялары мен тірлік
ету формалары, Тілдік қауымдастықтың, Тілдік ахуалдың, Тілдік саясаттың
ерекшеліктері мен динамикасы, бұқаралық жəне дара Қостілділіктің форма-
лары мен жағдайы, бірдейлестіктің алуан түрі, тілдердің түйісулері, Шиеленіс-
тер т.б. көптеген мəселелер. Қазіргі Ə.Т. «тілді əлеуметтік контексте» зерттей-
тін ғылым ретінде өзіндік жүйесі бар, мəліметтерді жинаудың қатаң əдісте-
месі бар, айғақтарды талдаудың сандық-статистикалық əдістері бар, болжам
ұсынудың экспериментпен тексерілу жолы т.б. бар (қар. Демография, Тілдік
идеология).
- Б -
БИЛИНГВИЗМ (ор. Билингвизм, двуязычие, ағыл. Bilingualism, лат. bi
дву(х) + lingua язык) – осымен бірдей: Қостілділік.
20
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
БОСҚЫНДАР (ор. беженцы, ағыл. Refugees) – төтенше жағдайлардың
салдарынан тұрақты мекен еткен елін тастап кеткен тұлғалар (қар. Депорта-
ция). БҰҰ қабылдаған 1951 жылғы Конвенция мен 1967 жылғы Хаттамаға
сəйкес Б. – негізі бар қауіптің салдарынан нəсілдік, діни, азаматтық белгілері,
саяси нанымдары, белгілі бір топқа қатыстығы бойынша қудалау құрба-
ны болуы мүмкін, өз азаматтығы тиесілі елден тысқары жерде болатын, өз
елінің қамқорлығын пайдалана алмайтын немесе осындай қауіптің себебінен
қамқорлығын пайдаланғысы келмейтін тұлға. Не болмаса белгілі бір азамат-
тығы жоқ жəне осындай жағдайлардың нəтижесінде бұрынғы тұрған елінен
сыртта болып, осындай қауіптің салдарынан сол елге қайтуға мүмкіндігі жоқ
немесе қайтып баруды қаламайтын тұлға. Босқындықтың ресми атауы қа-
былдайтын елдің заңнамасына сəйкес беріледі.
БӨЛІНГЕН ХАЛЫҚТАР (ор. разделенные народы, ағыл. the divided
peoples). Бөлінген халықтар деп шоғырланып ықшам мекен еткен аумағы
екі немесе онан да көп мемлекеттік түзілімдердің шекараларымен бөлініп
жатқан, сонда да тұтас қауымдастық екенін түсінетін этностық топты түсін-
ген жөн. Мұндай халық өзіндік біртұтас мемлекеттік немесе автономиялық
құрылыс шеңберінде өз этностық кеңістігін біріктіруге талпынады жəне мем-
лекеттік шекараларға бөлініп кеткен өз құрамдас бөліктерінің мəдени жік-
теліске түсуін тежейтін өзіндік механизмдер қалыптастырады.
Қазіргі əлемде шекаралар бөліп тастаған көптеген халық бар. Бұған күрд-
тер тарихы классикалық үлгі бола алады. Шекарамен бөлінген халықтар
арасында адам саны жағынан күрдтер анағұрлым ірі халыққа жатады, кей
дерек бойынша, адам саны 30 млн айналасында. Бірінші дүниежүзілік соғыс-
тан кейін олар ірі-ірі төрт топқа бөлініп кеткен жəне қазіргі уақытта төрт ел-
дің шекарасы түйісінде өмір сүруде, ол елдер: Ирак, Иран, Түркия, Сирия.
Оның үстіне, аумағы бойынша бірнеше рет өзгерген бөлініс сан ғасыр бойы
жалғасып келеді. Өткен ғасырдың қырқыншы жылдары депортацияланған
40 мыңнан астам күрд Қазақстанда да өмір сүруде.
Кəріс халқын 38 параллель бойынша екі мемлекет шекарасы бөліп жатыр.
Еуропадағы бөлінген халықтарға ирландтықтар жатады, осыдан сəл бұрын
бұл жағдай немістерге де тəн болатын. Бұрынғы отаршыл метрополиялардың
шекарасымен бөлінген көп халық Африкада да өмір сүруде.
КСРО ыдырағаннан кейін бөлінген халықтар арасындағы ең ірілерінің бірі
орыс халқы болды. Орыс халқының бестен бір бөлігіне таяуы, яғни 25 млн-
нан астамы жақын шетел мемлекеттерінде қалып қойып, елімен байланыс-
ты сақтап қалу мүмкіндігі қиындап кетті. Ресей аумағындағы бөлінген ха-
лықтарға лезгин, черкес, осетиндер жатады. Олардың ірі топтары Кавказ бен
Таяу Шығыс елдерінің өзге республикаларында өмір сүруде.
Бөлінген халықтар терминінің осы мақаладағы анықтамасы бөлінген
халықтардың халықаралық-саяси жағдайға, жекелеген мемлекеттердің
Достарыңызбен бөлісу: |