Этнос14. 12. indd



жүктеу 6,97 Kb.
Pdf просмотр
бет4/180
Дата17.02.2018
өлшемі6,97 Kb.
#10028
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   180

9
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
(орта бойлы, қара торы, беті кішкентай). Монғолоидтық нəсіл өзге нəсілдерге 
қарағанда ең жасы, қалыптасқанына шамамен 12 мың жыл болған.
Зерттеуші ғалымдардың кейбір топтары қосымша американоидтық нəсіл-
ді бөліп көрсетеді. Бұл нəсіл Солтүстік жəне Оңтүстік Америкада таралған, 
генетикалық жағынан монғолоидтарға жақын. Американоидтықтар - тік қара 
шашты жəне құс тұмсық болады. Азиаттық монғолоидтарға қарағанда көзі 
қара, үлкен болады. Ересектерінде эпикантус сирек, ал балаларда жиі ұшы-
расады. Американоидтардың бойы біршама ұзын болады.
Антропологтар  арасында  австралоидтарды  (австралоидтық-мұхиттық 
нəсіл) бөліп қарауды жақтайтындар да бар. Ендігі Үндістаннан Гавай арал-
дарына  дейін  жəне  бойлығы  оңтүстікте  Тасманиядан  солтүстікте  Сахалин, 
Курилге дейін созылатын алып аймақты алып жатқан ежелгі нəсіл, яғни жер 
шарының жартысына дерлігін қамтиды. Бұған полинезиялық, меланезиялық, 
австралиялық, веддоидниялық, айндық топтар қосылады. Терісінің реңі авс-
тралиялық  аборигендердің  қошқыл,  қара  түсінен  сахалиндік,  курильдік 
жəне  солтүстікжапондық  айндардың  аққұбалығына  дейін  түрліше  бола  бе-
реді. Оңтүстіктің қошқыл түсті австралоидтары сырт пішіні жағынан негроид-
тарға  ұқсас  болғанымен,  генетикалық  жағынан  айтарлықтай  алшақ  (қар.
Этностық антропология, Нəсілшілдік).
АЗАМАТТЫҚ  (ор.  Гражданство,  ағыл.  Citizenship)  –  конституция-
лық-құқықтық  жағдай,  адамның  мемлекетпен  құқықтық-саяси  байланысы. 
Бұл байланыс адам мен мемлекеттің өзаралық құқықтары мен міндеттерінің 
жиынтығын білдіреді. А. терминімен қатар «бодандық» термині де қолданы-
лады, бірақ бұл термин адам мен монархиялық билік түріндегі мемлекет ара-
сындағы саяси-құқықтық байланысты білдіреді. Халықаралық құқықта жəне 
шетелдік салтта А. сөзінің синонимі ретінде «ұлтқа қатыстылық» деген ұғым 
да қолданылады. 
А.  институты  Қазақстан  Республикасының  конституциялық  құрылысы 
мен тəуелсіздігін, егемендігін анықтайтын белгі болып табылады. Қазақстан 
азаматтарының  конституциялық-құқықтық  мəртебесі  олардың  заң  алдында 
теңдігін  сақтай  отырып,  Конституция  белгілеген  құқықтар,  бостандық  пен 
міндеттердің кешеніне түгелдей ие болуын білдіреді.
ҚР Конституциясына сəйкес, Қазақстан Республикасының азаматын қан-
дай жағдайда болсын өз азаматтығынан, өз азаматтығын өзгерту құқығынан 
айыру мүмкін емес, сондай-ақ ол Қазақстан аумағынан ешқашан қуылмай-
ды. ҚР А. Заңға сəйкес қабылданады жəне тоқтатылады, А-ты қандай негізде 
алғанына қарамастан ол жалқы жəне бəріне бірдей тең болып саналады (10-
бап). 
Қазақстан  Республикасы  өзінің  мемлекеттік  органдары  мен  лауазымды 
тұлғалары арқылы Республика азаматтарының алдында, ал Республика аза-
маты  Қазақстан  Республикасының  алдында  жауапты.  Азамат  Конституция 


10
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
мен ҚР заңдарын сақтауға; елдің мүдделерін, аумақтық тұтастығын қорғауға; 
дəстүр, салттарға, мемлекеттік тіл мен ел аумағында тұратын барлық ұлттың 
тілдеріне құрметпен қарауға; Қазақстан Республикасының қуатын, егемендігі 
мен тəуелсіздігін нығайтуға міндетті.
А. қатынастарды реттейтін арнаулы заң ретінде 1991 жылы 20 желтоқсан-
да қабылданған №1017-ХІІ «Қазақстан Республикасының азаматтығы тура-
лы» ҚР Заңы қолданылады.
А.  принциптерімен  қатар  бұл  Заңда  А-ты  алудың,  сондай-ақ  одан  айы-
рылудың негіздемелері мен тəртібі белгіленген. Осы тұста шетелдіктер мен 
А-ғы жоқ тұлғалар үшін ортақ талаптармен қатар Қазақстан аумағында заң-
ды негізде тұрақты түрде төрт жылдан кем емес уақыт тұрған оралмандарға 
жəне Қазақстан азаматымен үш жылдан кем емес уақыт некеде тұрғандарға
жеңілдетілген (тіркелу) тəртібімен А-қа қабылдау шарттары; сондай-ақ жап-
пай саяси қуғын-сүргіннің салдарынан еріксіз түрде А-ты жоғалтқан я айы-
рылған,  заңды  түрде  Республика  аумағында  өмір  сүрген  құрбандары  мен 
олардың ұрпақтары үшін тұрған мерзіміне қарамай А-қа қабылдаудың жеңіл-
детілген шарттары анықталған. Сондай-ақ біздің елдің А-ғына жеңілдетілген 
тəртіппен  халықаралық  шарттар  негізінде  қабылдауға  болады.  Мəселен, 1) 
Беларусь, Қырғызстан мен Ресей азаматтары 1999 жылғы 26 ақпандағы «Аза-
маттық алудың жеңілдетілген тəртібі туралы келісім» шегінде; 2) Қазақстан 
азаматтарының бірімен некеде тұрған шетелдік əйел азаматтар 1957 жылғы 
20 ақпандағы «Күйеуі бар əйелдердің азаматтығы туралы конвенция» шегін-
де жеңіл шарттармен А. ала алады.
Бұрын Қазақстан А-ғында болған адамдардың А-ғы жеңілдетілген тəртіп-
пен  қалпына  келтірілуі  мүмкін.  Ол  үшін  олардың  біздің  елдің  аумағында 
тұрақты өмір сүруі (мекен еткен мезгілі есептелмейді) жəне шет мемлекет-
тің А-ғында болмауы қажет. Бұрын Қазақстан А-ғын жоғалтқаны тіркелген 
тұлғалардың А-ғы қалпына келтірілмейді.
Жеңілдетілген тəртіппен А. алу (А-ты қалпына келтіру) құқығын беру мем-
лекеттің өз отандастарына жəне Отанынан өмір жағдайларының қысымымен 
еріксіз кетуге мəжбүр болған басқа адамдарға деген ыстық ықыласын көрсе-
теді, сондай-ақ Қазақстан тығыз қарым-қатынас жасайтын, одан ары ықпал-
дасуға ұмтылатын басқа елдердің азаматтарына деген құрметті білдіреді.
«Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» ҚР Заңында А. мəсе-
лелерін шешудегі мемлекеттік органдардың құзыреті де бекітілген. ҚР Пре-
зидентінің 2006 жылғы 10 қазандағы №198 «Қазақстан Республикасы Пре-
зиденті жанындағы Азаматтық мəселелері бойынша комиссия туралы» Жар-
лығында жекелеген мəселелер егжей-тегжейлі түрде қосымша берілген.
ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 19 ақпандағы №111 қаулысымен мемлекеттік 
қызмет көрсетудің мынадай стандарттары бекітілген: «Қазақстан Республи-
касында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ тұлғаларға куəлік беру жəне ше-
телдіктерге мекендеу қағазын беру»; «Шетелдіктерге жəне азаматтығы жоқ 


жүктеу 6,97 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   180




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау