Этнос14. 12. indd



жүктеу 6,97 Kb.
Pdf просмотр
бет23/180
Дата17.02.2018
өлшемі6,97 Kb.
#10028
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   180

48
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
 І. «Бір ел – бір тағдыр» - əр азаматтың өзінің ортақ тағдыры мен Отаны-
ның – Қазақстан Республикасының – ортақ екенін ұғыну
 ІІ. «Тегі басқа – теңдігі бір» этностық, болмаса басқа да шыққан тегіне, 
діни  ұстанымына  жəне  əлеуметтік  жағдайына  қарамай  барлық  азаматтарға 
тең мүмкіндік беру;
 ІІІ. «Ұлт рухын дамыту» – біріктіруші жəне бекітуші бастау ретінде Ұлт 
Рухын нығайту жəне дамыту. Біздің Ұлттық Рухымызды көтеру үшін негізгі 
басымдықтар мыналар: дəстүр мен отансүйгіштік рухы, жаңару рухы, жарыс 
пен жеңіс рухы.
ҚЕБД тиімді жүзеге асыру мақсатында ел бірлігін одан ары нығайту үшін 
құқықтық,  əлеуметтік-экономикалық,  саяси,  мемлекеттік  басқару  шарала-
рының бірыңғай жүйесін құруға бағытталған ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 25 
мамырдағы № 468 Жарлығы қабылданды (қар. ҚР Президентінің Жолдауы, 
Ұлттық идея, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы).
ҚАЗАҚСТАН  ТІЛДЕРІ  (ор.  языки  Казахстана,  ағыл.  languages of 
Kazakhstan) - Қазақстан аумағында 117 тіл бар (2009), бұлардың қатарында 
қазақ  тілі – Қазақстанның  Мемлекеттік  тілі,  Автохтондық  тілі,  Титулды 
тілі, ал орыс тілі, Қазақстан Республикасы Конституциясы 7-бабының 2) тар-
мағы бойынша, «қазақ тілімен ресми түрде тең қолданылатын» тіл, диаспора-
лар тілі, иммигранттық тілі бар. 
Генеологиялық жіктеуге сəйкес, Қазақстан тілдері əлем тілдерінің аса ірі 
семьялары мен макросемьяларына жататын сегіз генетикалық топ пен кіші 
топтарға бөлінеді, олар: алтай тілдері, үнді-еуропа тілдері, орал тілдері, қы-
тай-тибет тілдері, иберий-кавказ тілдері, семит-хамит (афразия) тілдері, па-
леоазия (чукот-коряк, чукот-камчат) тілдері, аустроазия тілдері. 
Алтай тілдерінің ішінде мынадай топтар бар: 
-түркі тілдері – əзірбайжан, алтай, башқұрт, гагауз, долған, қазақ, қарайым, 
қарақалпақ, қарашай-балқар, қырым татарлары, құмық, қырғыз, ноғай, татар, 
тофалар, тыба, түрік, түркімен, өзбек, ұйғыр, хақас, чуваш, шор, саха (якут) 
тілдері; 
- монғол тілдері – бурят, қалмақ, монғол (қалқа монғол) тілдері; 
-  тұңғұс-мəнжүр  тілдері – нанай,  негидал,  орок,  ороч,  удэге,  улч,  эвенк, 
эвен тілдері; 
- оқшауланған тілдер – корей, жапон тілдері. 
Үндіеуропалық семьяда мынадай топтар бар: 
-  славян  тілдері – белорус,  болгар,  поляк,  орыс,  серб,  словак,  украин, 
хорват, чех тілдері; 
- балтық тілдері – латыш, литва тілдері; 
- герман тілдері – ағылшын, идиш, неміс, нидерланд, швед тілдері; 
- үнді тілдері – урду, хинди, цыган тілдері; 


49
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
- иран тілдері – белудж, күрді, осетин, парсы, пушту, рушан, тəжік, талыш, 
тат, шугнан тілдері; 
роман тілдері – испан, италян, молдаван, румын, француз тілдері; 
- оқшауланған тілдер – албан, армян, грек тілдері. 
Орал тілдерінің семьясында мынадай топтар бар: 
- фин-угор тілдері – венгер, вепс, ижор, карел, коми-зырян, коми-пермяк, 
лив, манси, таулық мари, жайылымдық мари, мордвалық мокша, мордвалық 
эрзя, саам, удмурт, фин, ханты, эстон тілдері; 
- самоди тілдері – нганасан, ненец, селькуп, энец тілдері. 
Қытай-тибет тілдерінің семьясында – дүнген, ханзу тілдері бар. 
Иберий-кавказ тілдерінің семьясында мынадай топтар бар: 
- абхаз-адыгей тілдері – абазин, абхаз, адыгей (кях), кабарда-шеркес тіл-
дері; 
- картвель тілдері – грузин тілі; 
- нах-дағыстан тілдері – авар, агул, дарғын, ұңғыш, лак, лезгин, рутул, та-
басаран, удин, цахур, шешен тілдері. 
Семит-хамит (афразия) семьясында мынадай тілдер бар: 
- араб, ассирия (жаңа сириялық тіл), иврит тілдері. 
Палеоазиялық тілдер семьясында мынадай топтар бар: 
- чукот-камчат тілдері – ительмен, коряк, чукот тілдері; 
- эскимос-алеут тілдері – алеут, эскимос тілдері; 
- юкагир-чуван тілдері - чуван, юкагир тілдері; 
- кет-асан тілдері – кет тілі; 
- оқшауланған тілдерден – нивх тілі. 
Аустроазия семьясына вьетнам тілі кіреді. 
Қазақстан тілдерінің арасында тіл типтерінің төртеуі де бар: агглютина-
тивті  (жалғамалы)  типке  Қазақстан  тілдерінің  алтай,  орал,  палеоазия,  ибе-
рий-кавказ текті тілдері; флективті типке үнді-еуропа тілдері; оқшауланды-
рушы типке қытай-тибет, аустроазия тілдері; инкорпоративтік типке палеоа-
зия текті тілдер жатады. 
Референтті этностардың саны бойынша Қазақстан тілдері былайша көрініс 
береді: Ι. Миллиондық тілдер, яғни сөйлейтіндер саны миллионнан астам тіл-
дер, мұндай тілдер – қазақ жəне орыс тілдері. ΙΙ. Сөйлеушілерінің саны жүз 
мың, одан астам тілдер, мұндай тілдерге белорус, неміс, татар, өзбек, ұйғыр, 
украин тілдері жатады. ΙΙΙ. Сөйлеушілерінің саны елу мыңнан астам – əзір-
байжан,  корей,  түрік  тілдері.  ΙV.  Сөйлеушілерінің  саны  он  мыңнан  асатын 
– армян, башқұрт, грек, дүнген, ұңғыш, күрд, қырғыз, молдаван, мордва (мок-
ша, эрзя), поляк, тəжік, шешен, чуваш жəне басқа тілдер. V. Сөйлеушілерінің 
саны мыңнан асатын – авар, болгар, грузин, иврит, идиш, қарақалпақ, қара-
шай-балқар,  қырым  татарлары,  латыш,  лезгин,  литва,  мари  (жайылымдық,
таулық), осетин, парсы, түркімен, удмурт, цыган, эстон т.б. тілдері. VΙ. Сөйлеу-
шілерінің саны бес жүзден астам – бурят, гагауз, дарғын, қалмақ, коми-пер


50
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
мяк, құмық, лак, моңғол, румын, талыш, фин, чех т.б. тілдері. VΙΙ. Сөйлеу-
шілерінің саны жүзден астам – абхаз, агул, адыгей, алтай, ассирия, венгер,
карел,  коми-зырян,  ноғай,  рутул,  табасаран,  удин,  хақас,  чуван,  шор,  саха 
(якут) т.б. тілдері. VΙΙΙ. Сөйлеушілерінің саны оннан асатын – абаза, албан, 
белудж, вепс, долған, ижор, кабарда-шеркес, қарайым, коряк, нанай, ненец, 
рушан, словак, тат, тофалар, тыба, удэгей, ханты, хорват, цахур, чукот, швед, 
шугнан, эвенк, эвен, жапон т.б. тілдері. ΙХ. Сөйлеушілерінің саны онға жет-
пейтін – алеут, ительмен, кет, лив, манси, негидал, нивх, ороч, саам, селькуп, 
серб, ульч, энец, юкагир т.б. тілдері.
 Қазақстан тілдерінің мəртебесі қазақ тілімен (мемлекеттік тілмен) қаты-
насына қарай белгіленген. Қазақстан тілдеріне қатысты тілдік саясат пен тіл-
ді жопсарлау істері бірқатар мемлекеттік құжаттармен жəне актілермен рет-
телген  (қар.  Тілдерді  қолдану  мен  дамытудың  мемлекеттік  бағдарламасы, 
Əлем тілдері, Тілдік ахуал, Тілдік заңнама).
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТІЛ ТУРАЛЫ ЗАҢНАМА (ор. Законодательство 
о  языках  в  Казахстане,  ағыл.  The legislation on languages in Kazakhstan) – 
Қ.Т.З. 1998 жылғы 24 наурыздағы «Нормативті құқықтық актілер туралы» ҚР 
Заңында белгіленген тəртіппен қабылданған, тілдерді қолдану мен дамытуға
қатысты нормативті құқықтық кесімдердің жиынтығы. Бұл заңнамаға ҚР Конс-
титуциясы да жатады, атап айтқанда, оның қазақ тілінің мемлекеттік тіл деп 
танылатыны, орыс тілінің қазақ тілімен ресми түрде тең қолданылатыны, Қа-
зақстан халқының тілдерін үйрену мен дамытуға қамқорлық жасаудың мем-
лекетке жүктелетіні туралы қағидалары мен нормалары; ана тілін пайдалануға 
əркімнің де құқықтылығы мен тілдесім, тəрбие, оқыту мен шығармашылық 
тілін таңдауға еріктілігі, тілге байланысты кемсітушілікке тыйым салынатын-
дығы т.б. туралы қағидалары мен нормаларының осы Заңнамаға қатысы бар. 
Қазақстанда  тілдерді  қолданудың  құқықтық  негіздерін,  мемлекеттің  оларды 
оқып-үйрену мен дамыту үшін жағдай жасауы жөніндегі міндеттерін белгілеу, 
ҚР-да қолданылатын тілдердің бəріне бірдей құрметпен қарауды қамтамасыз 
ету – 1997 жылы 11 шілдеде қабылданған №151 «Тіл туралы» ҚР Заңының 
тағайындалған  міндеті.  Тіл  проблемасының  ерекше  өткірлігіне  байланысты 
нақ осы Заңда, біріншіден, мемлекеттік органдарда жергілікті өзін-өзі басқару 
органдарында (тілдерді қолдану, мемлекеттік органдардың актілерінің тілі, құ-
жаттама жүргізу тілі, азамттардың өтінішіне жауап беру тілі, Қарулы күштер 
мен құқық қорғау органдарындағы тіл, əкімшілік құқық бұзушылық істерін 
жүргізу  тілі,  келісімдер  тілі)  тілді  пайдалану  ережелері;  екіншіден,  білім, 
ғылым, мəдениет жəне БАҚ салаларында тілдерді қолдануға қойылатын та-
лаптар; үшіншіден, тілді елді мекендер атауында, жалқы есімдерде, көрнекі 
ақпаратта  қолдану  ережелері;  төртіншіден,  тілдерді  құқықтық  қорғау  негіз-
дері; бесіншіден, шет елдермен жəне халықаралық ұйымдармен қарым-қаты-
наста тілдерді пайдалану ережелері бекітілген. 


жүктеу 6,97 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   180




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау