Этнос14. 12. indd



жүктеу 6,97 Kb.
Pdf просмотр
бет68/180
Дата25.05.2018
өлшемі6,97 Kb.
#17595
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   180

143
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
қабылдауда мемлекет пен азаматтық қоғам институттарының атқаратын рөлі 
белгіленген.
Бесінші.  ҚР  Парламент  Мəжілісінің  ҚХА  сайлаған 9 депутаты  Парла-
ментте барлық этностың кепілді өкілдігін қамтамасыз етеді. ҚР Парламент 
Мəжілісіндегі 107 депутаттың, ҚХА сайлаған 9 депутатты қосқанда, 31 де-
путаты түрлі этностық топтардың өкілдері. Жалпы алғанда, ҚР Парламентін-
дегі  түрлі  этностарға  жататын  депутаттар  саны – 41, этностық  топтардың 
саны – 14. Мəжілістегі ҚХА депутаттық тобының форматы қоғамдық-саяси 
тұрғыдан жаңаша толықтырылды. Қазір ол топқа Парламенттегі үш партия-
ның  жəне  Азаматтық  альянстың  өкілдері  кіреді,  мұның  өзі  заң  шығаратын 
қосымша мүмкіндік туғызып отыр. Мемлекет басшысының ҚХА ХІХ сессия-
сында берген тапсырмасы бойынша ҚХА-мен партиялар арасындағы əрекет-
тестіктер өңірлік деңгейде де қолданылады.
 Алтыншы. Мəдениеттің көпалуандығын сақтау мен ұлғайтуға мемлекет-
тің этностық тілдер мен мəдениеттерді қолдайтын өзгермес саясаты сеп бо-
лып отыр. Кез келген этнос құрмет пен сенімге ие, кез келген этностың заңна-
мада бекітілген ретпен өзінің жасампаз əлеуетін арттыруға мүмкіндігі бар. 
 Жетінші. Қазақстандағы этносаралық қатынастар саясатсыздандырылған 
жəне бұл заңмен бекітілген: ҚР Конституциясының 39-бабының 2-тармағы 
бойынша, «Ұлтаралық  татулықты  бұзатын  кез  келген  əрекет  конституция-
лық емес деп танылады».
 Сегізінші. Этносаралық қатынастар үлгісінде ҚХА шешуші орын алады. 
Ассамблеяға Қазақстанды мекендейтін барлық этностық топтардың 600-дей 
өкілі енеді. Оның жоғарғы органы – сессия, ҚХА Төрағасы ел Президентінің 
төрағалық етуімен өтеді. Сессия шешімдерін мемлекеттік органдар қарасты-
руға міндетті.
 Тоғызыншы. Этносаралық толеранттылық пен конфессияаралық келісімді 
қамтамасыз ету жолындағы Қазақстанның қарекеті еліміздің гуманитарлық 
өлшемдегі ең маңызды жетістіктерінің бірі ретінде əлемдік деңгейде мойын-
далып отыр. 
Этносаралық  толеранттылық  пен  қоғамдық  келісімнің  қазақстандық  үл-
гісі шеңберінде этносаясат ғылыми тұрғыдан талданып, сараптамамен қоста-
луда, этносаясатты халықаралық жəне отандық тəжірибе негізінде одан ары 
дамытудың  стратегиялық  ыңғайлары  жасалуда  (қар.  Қазақстанның  ел  бір-
лігі доктринасы, Толеранттылық, «Қазақстан 2050» Стратегиясы тұрғы-
сынан заманауиландыру).
ЭТНОСАЯСАТ  ИНДИКАТОРЫ  (ор.  индикатор  этнополитики,  ағыл. 
ethnopolitical indicator)–  этносаралық  қатынастарды  болжау  мен  ахуалды 
бағалау кезінде тиімді қолдану үшін пайдаланылатын əлеуметтік түрлендір-
ме (вариация) ретінде бағаланады. Мұндайда Э.и. ахуалдар мен шындықтар-
ды ескере отырып мақсатты түрде дами түсуінің маңызы зор. 


144
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
Э.и. тілдік жəне этностық өзгерістердің бастапқы сатыларындағы белгілер 
немесе  тіл  мен  этностың  өзгермейтін  сипаттары  ретіндегі  тұрақты  вариа-
тивтіліктің белгілері жатады. 
Этносаралық  ахуалдың  индикаторлары  қоғамдағы  этносаралық  қаты-
настардың  даму  үрдісі  мен  жай-күйін  анықтайтын  айнымалы  шамалардың 
жүйесі болып табылады. Этносаралық саланы бағалау үшін, сондай-ақ мем-
лекеттік органдардың қолдануына ыңғайлы болу қажет типтік индикаторлар 
ретінде  мыналар  қарастырылғаны  жөн:  этносаралық  келісімді  қамтамасыз 
ету ісіне жұрттың беретін бағасы; ҚХА-ның этноұлттық саясатты жүзеге асы-
ру жолындағы іс-шараларына тартылған орталық жəне жергілікті атқарушы 
органдардың үлесі; этноұлттық саясат саласындағы іс-шараларына орталық 
жəне  өңірлік  деңгейде  этномəдени  бірлестіктердің  қамтылуы;  этносаралық 
қатынастар саласында Конституция нормаларына сəйкестігі сараптамадан өт-
кізілген заң жобаларының үлесі; Этносаралық толеранттылық пен қоғамдық 
келісімнің  қазақстандық  үлгісін  түсіндіру  жөніндегі  ақпараттық  жұмыспен 
қамтылған жұрттың үлесі; этносаралық қатынастардың жайын оң бағалайтын 
жұрттың үлесі; қоғамның жалпы ұлттық құндылықтарды қолдау деңгейі; ұлт-
тық-мемлекеттік бірегейлік белгілерімен өзін бірдейлестіретін жұрттың үлесі; 
мемлекеттік тілге оқытып-үйретудің барлық түрімен қамтылған этностардың 
жəне тілін, дəстүрі мен мəдениетін сақтау жолында жұмыс жүргізіп жатқан
этностардың  үлесі;  этносаралық  қатынас  пен  қоғамдық  келісім  мəселелері 
бойынша  іргелі  жəне  қолданбалы  зерттеулердің  деңгейі;  Қазақстан  Рес-
публикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында оқы-
ған тыңдаушылардың даярлық сапалық құрамы мен деңгейі.
Этносаралық қатынастардың түрлі деңгейлерге тəн, көп бағытты жəне көп 
компонентті  сипаттары  мол.  Сондықтан  бағалау  межелеуіштерінің  ішінде 
мыналар  ескерілуі  қажет:  əлеуметтік-экономикалық  ахуал;  əлеуметтік-саяси 
ахуал; тілдік ахуал; азаматтардың өзін-өзі сəйкестендіруі мəселелері; этностық 
қоғамдастықтар  мен  топтардың  қоғамдық  үдеріске  қосылғандығы  (қар.  Эт-
ноəлеуметтану, Этносаясаттану).
ЭТНОССЫЗДАНДЫРУ /ДЕЭТНИЗАЦИЯ/ (ор. деэтнизация, ағыл. de-
ethnicization) – этнос мəдениетінің, тілінің жəне тұрмысының ұлттық ерек-
шелігінің  жоғалуы;  қоғамдық  өмірдің  ұлттық  формаларын  тұқырту  жəне 
ығыстыру.
Д. этностың жүйелі тұтастық ретінде жоғалуына əкеліп соқтырады, алайда 
осы этносты құраған адамдар басқа этностың құрамында солардың дəстүр-
лерін қабылдап тіршілік ете береді. Халықтың немесе оның жеке өкілдерінің 
өз этностық ерекшеліктерін жоғалту үдерісі ана тілінен айырылуынан баста-
лады, кейін этностық сана-сезім мен этностық бірегейлік те жоғала береді. 
Д.  этностық  антижүйені  жаңа  мүшелермен  толықтырудың  міндетті  шарты 
болып табылады. Д. бір этностың басқа этносты сіңісуге мəжбүрлеуінің (ал 


жүктеу 6,97 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   180




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау