143
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
қабылдауда мемлекет пен азаматтық қоғам институттарының атқаратын рөлі
белгіленген.
Бесінші. ҚР Парламент Мəжілісінің ҚХА сайлаған 9 депутаты Парла-
ментте барлық этностың кепілді өкілдігін қамтамасыз етеді. ҚР Парламент
Мəжілісіндегі 107 депутаттың, ҚХА сайлаған 9 депутатты қосқанда, 31 де-
путаты түрлі этностық топтардың өкілдері. Жалпы алғанда, ҚР Парламентін-
дегі түрлі этностарға жататын депутаттар саны – 41, этностық топтардың
саны – 14. Мəжілістегі ҚХА депутаттық тобының форматы қоғамдық-саяси
тұрғыдан жаңаша толықтырылды. Қазір ол топқа Парламенттегі үш партия-
ның жəне Азаматтық альянстың өкілдері кіреді, мұның өзі заң шығаратын
қосымша мүмкіндік туғызып отыр. Мемлекет басшысының ҚХА ХІХ сессия-
сында берген тапсырмасы бойынша ҚХА-мен партиялар арасындағы əрекет-
тестіктер өңірлік деңгейде де қолданылады.
Алтыншы. Мəдениеттің көпалуандығын сақтау мен ұлғайтуға мемлекет-
тің этностық тілдер мен мəдениеттерді қолдайтын өзгермес саясаты сеп бо-
лып отыр. Кез келген этнос құрмет пен сенімге ие, кез келген этностың заңна-
мада бекітілген ретпен өзінің жасампаз əлеуетін арттыруға мүмкіндігі бар.
Жетінші. Қазақстандағы этносаралық қатынастар саясатсыздандырылған
жəне бұл заңмен бекітілген: ҚР Конституциясының 39-бабының 2-тармағы
бойынша, «Ұлтаралық татулықты бұзатын кез келген əрекет конституция-
лық емес деп танылады».
Сегізінші. Этносаралық қатынастар үлгісінде ҚХА шешуші орын алады.
Ассамблеяға Қазақстанды мекендейтін барлық этностық топтардың 600-дей
өкілі енеді. Оның жоғарғы органы – сессия, ҚХА Төрағасы ел Президентінің
төрағалық етуімен өтеді. Сессия шешімдерін мемлекеттік органдар қарасты-
руға міндетті.
Тоғызыншы. Этносаралық толеранттылық пен конфессияаралық келісімді
қамтамасыз ету жолындағы Қазақстанның қарекеті еліміздің гуманитарлық
өлшемдегі ең маңызды жетістіктерінің бірі ретінде əлемдік деңгейде мойын-
далып отыр.
Этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келісімнің қазақстандық үл-
гісі шеңберінде этносаясат ғылыми тұрғыдан талданып, сараптамамен қоста-
луда, этносаясатты халықаралық жəне отандық тəжірибе негізінде одан ары
дамытудың стратегиялық ыңғайлары жасалуда (қар. Қазақстанның ел бір-
лігі доктринасы, Толеранттылық, «Қазақстан 2050» Стратегиясы тұрғы-
сынан заманауиландыру).
ЭТНОСАЯСАТ ИНДИКАТОРЫ (ор. индикатор этнополитики, ағыл.
ethnopolitical indicator)– этносаралық қатынастарды болжау мен ахуалды
бағалау кезінде тиімді қолдану үшін пайдаланылатын əлеуметтік түрлендір-
ме (вариация) ретінде бағаланады. Мұндайда Э.и. ахуалдар мен шындықтар-
ды ескере отырып мақсатты түрде дами түсуінің маңызы зор.
144
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
Э.и. тілдік жəне этностық өзгерістердің бастапқы сатыларындағы белгілер
немесе тіл мен этностың өзгермейтін сипаттары ретіндегі тұрақты вариа-
тивтіліктің белгілері жатады.
Этносаралық ахуалдың индикаторлары қоғамдағы этносаралық қаты-
настардың даму үрдісі мен жай-күйін анықтайтын айнымалы шамалардың
жүйесі болып табылады. Этносаралық саланы бағалау үшін, сондай-ақ мем-
лекеттік органдардың қолдануына ыңғайлы болу қажет типтік индикаторлар
ретінде мыналар қарастырылғаны жөн: этносаралық келісімді қамтамасыз
ету ісіне жұрттың беретін бағасы; ҚХА-ның этноұлттық саясатты жүзеге асы-
ру жолындағы іс-шараларына тартылған орталық жəне жергілікті атқарушы
органдардың үлесі; этноұлттық саясат саласындағы іс-шараларына орталық
жəне өңірлік деңгейде этномəдени бірлестіктердің қамтылуы; этносаралық
қатынастар саласында Конституция нормаларына сəйкестігі сараптамадан өт-
кізілген заң жобаларының үлесі; Этносаралық толеранттылық пен қоғамдық
келісімнің қазақстандық үлгісін түсіндіру жөніндегі ақпараттық жұмыспен
қамтылған жұрттың үлесі; этносаралық қатынастардың жайын оң бағалайтын
жұрттың үлесі; қоғамның жалпы ұлттық құндылықтарды қолдау деңгейі; ұлт-
тық-мемлекеттік бірегейлік белгілерімен өзін бірдейлестіретін жұрттың үлесі;
мемлекеттік тілге оқытып-үйретудің барлық түрімен қамтылған этностардың
жəне тілін, дəстүрі мен мəдениетін сақтау жолында жұмыс жүргізіп жатқан
этностардың үлесі; этносаралық қатынас пен қоғамдық келісім мəселелері
бойынша іргелі жəне қолданбалы зерттеулердің деңгейі; Қазақстан Рес-
публикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында оқы-
ған тыңдаушылардың даярлық сапалық құрамы мен деңгейі.
Этносаралық қатынастардың түрлі деңгейлерге тəн, көп бағытты жəне көп
компонентті сипаттары мол. Сондықтан бағалау межелеуіштерінің ішінде
мыналар ескерілуі қажет: əлеуметтік-экономикалық ахуал; əлеуметтік-саяси
ахуал; тілдік ахуал; азаматтардың өзін-өзі сəйкестендіруі мəселелері; этностық
қоғамдастықтар мен топтардың қоғамдық үдеріске қосылғандығы (қар. Эт-
ноəлеуметтану, Этносаясаттану).
ЭТНОССЫЗДАНДЫРУ /ДЕЭТНИЗАЦИЯ/ (ор. деэтнизация, ағыл. de-
ethnicization) – этнос мəдениетінің, тілінің жəне тұрмысының ұлттық ерек-
шелігінің жоғалуы; қоғамдық өмірдің ұлттық формаларын тұқырту жəне
ығыстыру.
Д. этностың жүйелі тұтастық ретінде жоғалуына əкеліп соқтырады, алайда
осы этносты құраған адамдар басқа этностың құрамында солардың дəстүр-
лерін қабылдап тіршілік ете береді. Халықтың немесе оның жеке өкілдерінің
өз этностық ерекшеліктерін жоғалту үдерісі ана тілінен айырылуынан баста-
лады, кейін этностық сана-сезім мен этностық бірегейлік те жоғала береді.
Д. этностық антижүйені жаңа мүшелермен толықтырудың міндетті шарты
болып табылады. Д. бір этностың басқа этносты сіңісуге мəжбүрлеуінің (ал
Достарыңызбен бөлісу: |