Этнос14. 12. indd



жүктеу 6,97 Kb.
Pdf просмотр
бет65/180
Дата25.05.2018
өлшемі6,97 Kb.
#17595
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   180

137
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
тер,  анализ  бен  синтезді  сабақтастыру,  тарихи  жəне  логикалық  модельдеу 
əдістері т.с.с.
Э. философиялық, жалпы əлеуметтанулық, біріккен жəне таза этносаясат-
танулық  санаттарға  (категорияларға)  сүйенеді.  Ондай  санаттарға  этнос;  эт-
нос ретіндегі ұлт жəне мемлекет ретіндегі ұлт; этностық үдерістер; этнокра-
тия; этноұлттық институттар мен этносаяси мекемелер; этноұлттық саясат; 
қоғамның,  мемлекеттің  көпэтностығы;  этностардың,  халықтардың  құқығы; 
саны аз ұлттар; ұлттық азшылық; ұлттардың өзін-өзі билеуі; жеке тұлғаның, 
этностың өзін-өзі билеуінің этносаяси жəне этномəдени формалары т.б. жа-
тады  (қар.  Мемлекет,  Сəйкестілік,  Демократия,  Этносаралық  толерант-
тылық пен қоғамдық келісімінің қазақстандық үлгісі).
ЭТНОСАРАЛЫҚ  ҚАТЫНАСТАР  (ор.  межэтнические  отношения
ағыл. Interethnic relations) – қоғамдық қатынастардың бір түрі, этностардың 
өзара қарым-қатынастары барысында, сондай-ақ көпэтносты мемлекет ішінде 
этностар өкілдерінің арасында жеке адамдық деңгейде қалыптасады. Э.А.Қ. 
достық,  бейтарап  жəне  даулы  сипатта  болуы  мүмкін.  Э.А.Қ.  сипаты  мен 
мазмұны саяси режим мен əлеуметтік-экономикалық жағдайларға орайлас бо-
лады, өйткені бұл қатынастар да саяси режим мен əлеуметтік-экономикалық 
жағдайларға  байланысты  дамиды.  Солай  бола  тұра,  Э.А.Қ.  салыстырмалы 
түрде дербестік болады, ол дербестік бұл қатынастардың өзіндік ерекшелік-
терінен келіп шығады. Жалпы Э.А.Қ. кешенді сипаты бар, ол экономикалық, 
əлеуметтік-саяси, рухани жəне мəдени қатынастарды қамтиды. Көпэтносты 
қоғамдағы жалпы саяси ахуал Э.А.Қ. күйіне байланысты болады. Этностар 
арасында татулық пен бейбітшілік жағдайында көпэтносты қоғамдағы саяси 
ахуал тұрақты болады. Ал Э.А.Қ. шиеленіскен немесе даулы болса, ол жал-
пы саяси ахуалды тікелей əлсіретеді, қоғамдық дамуды тұрақсыздандырады. 
Көпэтносты  мемлекетте  Э.А.Қ.  шиеленісі  барлық  қоғамдық-саяси  ахуалды 
айқындайтындықтан көбінесе бірінші орынға қойылады. 
Бұған қатысты жағымды бір іс – соңғы жылдары этностар арасындағы жəне 
конфессиялар  арасындағы  қатынастар  академиялық,  жоғары  оқу  орындары 
ғылымдарының:  философтардың,  саясаттанушылардың,  тарихшылардың, 
құқықтанушылардың, филологтар мен басқа да шектес мамандықтағы зерт-
теушілердің зерттеу нысанына айналды. Бұл қадамның зерттеудің тақырыбын 
анықтаудың, оны ұйымдастыру мен жүргізудің кешенді тəсілдеріне қойылатын 
талаптарға лайық болып отырғанын айта кеткен жөн. Мұндай ғылыми ізденіс-
тердің  кейбірі  ҚХА  Ғылыми-сараптау  кеңесінің  (əрі  қарай – ҒСК)  қамқор-
лығымен жүргізіледі, олардың нəтижелері ғылыми айналымға енгізіліп, өңір-
лердегі зерттеушілердің назарына ілігіп келеді. Бұл мемлекеттік этносаясатта 
қабылданған императивтер негізінде бірыңғай əдістер жасауға, ұсынылатын 
зерттеушілік қызметтер үшін мемлекеттік органдардың жауапкершілігін арт-
тыруға, ғылыми əрекеттестікті кеңейтуге жағдай жасайды. Сонымен бірге бұл 


138
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
іс теорияның даму үдерісіне талдау əдістемесін меңгеру үдерісіне этносара-
лық, конфессияаралық, мемлекеттік-конфессиялық қатынастарды зерттейтін 
практиктердің жалпы қорытындыларын қосуға жəне мемлекеттік этносаясат-
тың тиімділігін арттыруға, бағытын айқындауға көмектеседі.
Қоғамда басқа адамдармен бірге өмір сүргенде əр адам мен барлық əлеу-
меттік топ басқа адамдардың мүдделерін, құқықтар мен еркіндіктерін ескеруі 
жəне қоғамдық адамгершілікті құрметтеуі керек. Бұл конституциялық норма 
заңнамада  жазылған  құқықтар  мен  еркіндіктерді  жүзеге  асыру  барысында 
адамгершіліктің  қажет  екендігіне  бағдар  береді,  құқық  пен  адамгершіліктің 
түпкі  байланысын  бекітеді.  Əлеуметтік  қарым-қатынастардың  басты  норма-
тивтік реттеушісі ретіндегі қоғамдық адамгершілік құқықтық салаға, əсіресе 
заңнамада жазылған құқықтарды, еркіндіктер мен міндеттерді жүзеге асыруға 
бағыт беруі тиіс. Конституцияның бұл нормасы – заң қайшылықтарын шешуде 
жəне нормативтік құқықтық актілерді қолдану үдерісінде таптырмайтын құрал. 
Ол мемлекеттік органдардың заң шығару жəне заң қолдану қызметтерінде, со-
нымен бірге заңға тəуелді нормативтік құқықтық актілерді дайындау, шығару 
жəне қолдану кездерінде ұстанатын бағдарлардың бірі болуы керек.
Қоғамдық-саяси  жəне  əлеуметтік-экономикалық  үдерістерді  заманауи-
ландыру  кезеңінде, «жаңаша  жаңғырту»  тұжырымдамалары  пайда  болған 
кезеңде  этностық  жəне  этносаралық  қатынастарды  тиісті  ғылыми-теория-
лық  негізде  этноұлттық  саясатты  жаңаша  жаңғырту  үдерістері  аясында  оң 
тəжірибені қолданып, сабақтастық пен дамуды сақтай отырып, заңды түрде 
қарастырған  жөн.  Сонда  ғана  қоғамның  нақты  салаларын  реформалау  сая-
сатының  тəсілдерін,  принциптерін,  мақсаттары  мен  міндеттерін  анықтауға 
болады.  Тек  осылай  ғана  этносаралық  дамудың  күрделі  құбылыстары  мен
үдерістерінің шынайы көрінісін көруге болады. Мұндайда адам мен қауымдас-
тықтар, этностар мен қоғам, ұлт ретіндегі этностар мен азаматтық қауымдас-
тық ретіндегі ұлт-мемлекеттер туралы білімдер сабақтастырылады.
Қазақстанда  этносаралық  қатынастар  принципті  түрде  саясатсызданды-
рылған.  Қазақстан  Республикасының  «Саяси  партиялар  туралы»  заңының 
5-бабына сəйкес, мақсаттары немесе iс-əрекеттерi əлеуметтiк, нəсiлдiк, ұлт-
тық, дiни, тектiк-топтық жəне рулық араздықты тұтатуға бағытталған саяси
партияларды құруға, олардың қызметiне тыйым салынады. Нəсілдік, этнос-
тық жəне діни белгілері бойынша партиялар құруға жол берілмейді.
Қазақстанда  этносаралық  қатынастарды  Қазақстан  Республикасы  Конститу-
циясынан басқа Қазақстан Республикасының мынадай нормативтік құқықтық ак-
тілері мен заңдары реттейді: «Қоғамдық бірлестіктер туралы», «Қазақстан халқы 
Ассамблеясы туралы», «Мемлекеттік əлеуметтік тапсырыс туралы», «Қазақстан 
Республикасындағы тілдер туралы», «Медиация туралы» жəне т.б.
Қазақстан  халқы  Ассамблеясының  даму  тұжырымдамасын (2020 жылға 
дейінгі) бекіту туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 
18 сəуірдегі №552 Жарлығында этносаралық қатынастардың ахуалына ықпал 


жүктеу 6,97 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   180




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау