57
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
Ғылыми-сараптамалық кеңестің, комиссиялар мен жұмыс топтарының қыз-
метін үйлестіру жұмыстарын ҚХА Хатшылығы жүзеге асырады. ҒСК жұмыс
органы – ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Эт-
носаралық жəне конфессияаралық қатынастарды зерттеу жөніндегі орталығы
(қар.
Этносаралық қатынастар саласындағы заңнама, ҚХА қызметі).
ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ КАФЕДРАЛАРЫ (ор.
ка-
федры Ассамблеи народа Казахстана, ағыл.
Departments of the Assembly of
People of Kazakhstan) – Республиканың жоғарғы оқу орындарындағы ғылыми
жəне білім беретін орталықтар. ҚХА-ның алғашқы кафедрасы 2013 жылы
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде ашылды. Кафе-
драның мақсаты – этносаясат саласымен байланысты пəндерді теориялық,
əдіснамалық жағынан қамтамасыз ету, сондай-ақ этносаяси зерттеулердің
əдіснамасын дамыту. Ал міндеттері – этносаясат менеджменті жүйесіндегі
мемлекет институты мен мемлекеттік органдардың рөлін түсінуді қалыптас-
тыру; оқу үдерісі шегінде этносаралық қатынастың мəдениеті мен əдебін
қалыптастыру; этносаралық келісім мен толеранттылықтың функционалды
қоғамдық құндылығын түсінуге сеп болу; этносаралық толеранттылық пен
қоғамдық келісімнің қазақстандық үлгісінің қағидаттарын іске қосу.
Кафедра жұмысының бағыттары – іргелі жəне қолданбалы зерттеулерді,
оқу процесін əдістемелік тұрғыдан қамтамасыз ету
.
Пəндер мен нысандары: Қазақстан Республикасы қарекетінің маңызды
қағидаты ретіндегі қоғамдық келісім, Қазақстан Республикасы қарекетінің
маңызды қағидаты ретіндегі саяси тұрақтылық; Қазақстан Республикасын-
дағы этносаяси менеджмент; құқықтық жəне институционалдық аспектілері,
Қазақстандағы этносаралық жəне конфессияаралық қатынастарға ықпал
ететін ішкі жəне сыртқы факторлар, этносаралық қақтығыстар жəне олар-
ды реттеу амалдары, Қазақстандағы көпэтностық: тарих жəне қазіргі за-
ман, Қазақстан Республикасы өмірінің конституциялық қағидаты ретіндегі
қазақстандық патриотизм, толеранттылыққа тəрбиелеу жөніндегі интерак-
тивтік білім беру бағдарламасы, мəдениетаралық коммуникация мен тіл-
десімнің психологиясы, Қазақстанның қоғамдық-саяси өміріндегі дін (қар.
Қазақстан халқы Ассамблеясы).
ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ (ор. -
Председатель Ассамблеи народа Казахстан, ағыл.
Chairman of the Assembly
of the People of Kazakhstan) – Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы, Ас-
самблея кеңесін басқаратын жəне Ассамблеяның жұмысына жалпы басшылық
жасайтын тұлға. Бұл лауазым тағайындалғаннан бері, оны Қазақстан Респу-
бликасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ə.Назарбаев атқарып келеді,
оған Ассамблеяға ғұмыр бойы басшылық жасау құқығы тиесілі. Төрағаның
лауазымдық міндетіне Ассамблеяның бағдарламалық құжаттарын бекіту мен