60
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
of the Republic of Kazakhstan) – Қазақстан Республикасы Парламентінің екі
палатасының бірі («төменгі палата» деп те жиі айтылады).
Жүз жеті депутаттан құралады. Тоқсан сегіз депутат жалпыға ортақ, тең
жəне тікелей сайлау құқығы негізінде, пропорционалды жүйе бойынша (пар-
тиялық тізім бойынша) жасырын дауыс беру жолымен сайланады. Ал тоғыз
депутат ҚХА-дан сайланады. Жиырма бес жасқа жеткен адам Қ.Р.П.М. депу-
таты бола алады.
Қ.Р.П.М. Парламенттің өкілеттік, заң шығарушылық жəне бақылау қыз-
меттерін жүзеге асыруда маңызы зор. Сайлаушылардың тікелей қалауымен
Қ.Р.П.М. (тұтастай алғанда, Парламентте) партиялық көпшілік қалыптаса-
ды. Бұл көпшілік Үкіметпен бірге билік тармақтарына ортақ қарекеттердің
бағдарламасын əзірлеп, жүзеге асыруға жауап береді. Сөйтіп, биліктің заң
шығарушы жəне атқарушы тармақтарының арасында жұмыс жөнінде келісіл-
ген ортақ стратегия ретке салынады, қабылданған шешімдер үшін ортақ жа-
уапкершілік орын алады.
Жалпыұлттық өкілдік палатасы ретінде Қ.Р.П.М. Республика Прези-
дентінің елдің Премьер-Министрін тағайындауына қатысу, Парламентке ен-
гізілген заңдарды қабылдау, бұл жобаларды қарау, Үкіметке сенімсіздік біл-
діру, Палаталардың бірлескен мəжілісін ұйымдастыру т.с.с. ерекше өкілет-
тіліктер берілген.
Ұлттар арасындағы қатынастарға байланысты мүдделерді демократиялық
жолмен айқындаудың ықпалды жолы ҚХА тікелей тоғыз депутат сайлауы бо-
лып есептеледі. Сайлау «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» кон-
ституциялық заңға сəйкес өткізіледі.
Жұмысты жүйеге келтіру үшін 21 Мəжіліс депутатынан тұратын ҚХА
депутаттық тобы құрылған, топтың тірегі – ҚХА сайланған 9 депутат. Бұл
депутаттық топтың жұмысы Мəжілістегі саяси партиялардың фракцияла-
рымен, ҚХА Хатшылығымен, өңірлік ассамблеялармен тығыз байланыста
жүргізіледі.
Депутаттар мынадай аса маңызды тұжырымдамалық құжаттарды даяр-
лау үшін нақты жұмыстар жүргізді: Қазақстан Республикасының мемле-
кеттік тəуелсіздігінің жиырма жылдығы декларациясы; Ұлттық бірлік док-
тринасы (2010 ж.); орта мерзімді болашақтаға 2020 жылғы дейін ҚХА да-
муының стратегиясын онан ары жетілдірудің мемлекеттік бағдарламасы,
Этномəдени білім беру тұжырымдамасының жаңа редакциясы; Достық үй-
лерінің тұжырымдамасы жəне басқа актілер. Заң шығаруға бастамашылық
ету конституциялық құқығын пайдаланып Ассамблеядан сайланған депу-
таттар ҚХА туралы Заңды т.б. бірқатар заң жобаларын əзірлеу мəселесін
іске қосты, 373 заң жобасын талқылау мен жетілдіруге жұмыс тобының мү-
шелері ретінде тікелей қатысты, көптеген заң жобаларына қатысты жұмыс
топтарын басқарды.
61
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
IV шақырылымдағы Мəжілістің жұмыс кезеңінде ҚХА қалаулылары 185
депутаттық сұрау жолдады, өңірлерде 900-ден аса кездесу өткізіп оған 60
мыңнан аса адам қатысты. Аталмыш депутаттық топ Республиканың Пре-
мьер-Министріне 884 хат жолдап, бірқатар маңызды мəселелердің шешімін
табудың орайын келтірді.
Депутаттық топ түрлі жосықтағы басқа да əр түрлі іс-шаралар – ғылы-
ми-тəжірибелік конференциялар, дөңгелек үстелдер, өңірлерге барып өт-
кізілген семинарлар – өткізіп отырады.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПАРЛАМЕНТІНІҢ СЕНАТЫ (ор.
Сенат Парламента Республики Казахстан, ағыл. Senate of the Parliament of
the Republic of Kazakhstan) – Қазақстан Республикасы Парламентіндегі екі па-
латаның бірі («жоғарғы палата» деп те жиі аталады). Сенаттың Парламенттің
өкілдік, заң шығарушы жəне бақылау қызметтерін жүзеге асыратын айрықша
маңызды рөлі бар.
Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенатын əр облыстан, респу-
бликалық маңыздағы қаладан жəне Қазақстан астанасынан екі адамнан
конституциялық заңмен бекітілген депутаттар құрайды. Олар дауыс бе-
рушілер алқасының жиналысында сайланады жəне дауыс берушілерге
тиісті облыстардағы (республикалық маңыздағы қала мен астанадағы)
барлық мəслихаттардың депутаттары жатады. Сенаторлар аймақтар мен
мəслихаттардың өкілі, ал жалпы Сенат территориялық өкілдік палатасы
болып табылады.
ҚР П.С. он бес депутатын Сенатты қоғамның ұлттық-мəдени жəне басқа
да маңызды мүдделерін қорғайтын өкілеттікпен қамтамасыз ету қажеттігін
ескере отырып Республика Президенті тағайындайды. Мұның өзі мемлекет-
тік ұлттық саясатты жүзеге асырудың бір тəсілі ретінде қабылданады.
ҚР Конституциясына сəйкес жасы отызға толған, жоғары білімі жəне кем
дегенде бес жыл еңбек өтілі бар, тиісті облыс, республикалық маңызды қа-
ланың тұрақты тұрғыны немесе астанада кемінде үш жыл тұрған тұлға Қа-
зақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты бола алады. Сенатта
саяси партиялар фракциясы құрылмайды.
Мəжілісті тарату кезеңінде заңдарды қабылдайтынын қоса алғандағы
конституциялық-құқықтық мəртебесі, өкілеттігінің ерекшеліктері, сондай-ақ
депутат-сенаторлардың əлеуметтік жəне кəсіптік құрамы ҚР П.С. Парламент-
тің мəслихаттармен жəне аумақтармен байланысы жөніндегі, Парламенттің
саясиландырылған шешімдерді шұғыл түрде қабылдауын ескерту жөніндегі,
сондай-ақ заң шығару жұмысының сапасын жоғарылату жөніндегі миссияны
тиімді орындауына мүмкіндік береді.
Тұтастай алғанда осы жəне басқа да объективті факторлар ҚР П.С., жал-
пы алғанда қоспалаталы Парламенттің, құрылуының біртұтас көпұлтты жəне
көпконфессиялы Қазақстанның мақсатына сай екендігін көрсетеді.
62
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
ҚР Президенті Əкімшілігі ҚХА ХАТШЫЛЫҒЫ (ор. Секретариат
Ассамблея народа Казахстана Администрации Президента РК, ағыл. the
secretariat of the APK ) – Ассамблеяның Қазақстан Республикасы Прези-
дентінің Əкімшілігі құрамына енетін, қызметі Қазақстан Республикасының
заңнамаларымен реттелетін жұмыс органы. Хатшылық меңгерушісі əрі Ас-
самблея төрағасының орынбасары болып та саналады. 2008 жылдың 20 қа-
зандағы №70-IV Қазақстан Республикасының «Қазақстан халқы Ассамблея-
сы туралы» заңына сəйкес Ассамблея Аппараты (Хатшылық):
1. Қазақстан Республикасы Президентi Əкiмшiлiгiнiң құрамына кiретiн,
қызметi Қазақстан Республикасының заңнамасымен регламенттелетiн Ас-
самблеяның жұмыс органы болып табылады.
Аппаратты (Хатшылықты) сонымен бiр мезгiлде Ассамблея Төрағасының
орынбасары болып табылатын Аппарат (Хатшылық) меңгерушiсi басқарады.
3. Сессияның, Кеңестiң шешiмдерi жəне Ассамблея Төрағасының тапсыр-
малары Аппараттың (Хатшылықтың) орындауы үшiн мiндеттi болып табы-
лады.
4. Аппараттың (Хатшылықтың) негiзгi функциялары:
1) Ассамблеяның қызметiн ұйымдастыру жəне қамтамасыз ету, оның
iшiнде Ассамблеяның қызметiн сараптамалық-талдамалық жəне ақпараттық
тұрғыдан қолдау;
2) елдегi этносаралық келiсiмге ықпал ететiн халықаралық, республика-
лық жəне облыстық ғылыми-практикалық конференциялар, басқа да iс-шара-
лар мен акциялар өткiзу;
3) мемлекеттiк органдармен жəне ұйымдармен, қоғамдық бiрлестiктермен
жəне шет елдердiң осыған ұқсас құрылымдарымен, сондай-ақ халықаралық
ұйымдармен Қазақстанның орнықты дамуын қамтамасыз етуге жəне Ассам-
блеяға жүктелген мiндеттердi iске асыруға бағытталған өзара iс-қимыл жасау
болып табылады.
Қазақстан Республикасының 2011 жылдың 7 қыркүйегіндегі №149
«Қазақстан халқы Ассамблеясы жөніндегі ереже туралы» Жарлығы Хат-
шылықтың мəртебесі мен өкілеттігін күшейтті.
Ереженің жаңа редакциясы бойынша Хатшылықтың міндеттері:
1) Ассамблеяның, оның Төрағасының жəне Кеңесінің қызметін қамтама-
сыз ету;
2) Қазақстан Республикасы Президентінің этносаралық қатынастар сала-
сындағы өкілеттіктерін жүзеге асыруды қамтамасыз ету.
Хатшылықтың Қазақстан Республикасы Президентінің, сондай-ақ Ассам-
блеяның этносаралық қатынастар саласындағы өкілеттіктерін іске асыруды
қамтамасыз ету бойынша өкілеттігі Қазақстан Республикасы Президенті
Əкімшілігінің ішкі актілерімен айқындалады.
Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) ассамблея-
лары өз қызметiн жүзеге асыру кезiнде Ассамблеяның алдында есеп бередi
жəне жауапты болады.
Достарыңызбен бөлісу: |