48
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
І. «Бір ел – бір тағдыр» - əр азаматтың өзінің ортақ тағдыры мен Отаны-
ның – Қазақстан Республикасының – ортақ екенін ұғыну
ІІ. «Тегі басқа – теңдігі бір» этностық, болмаса басқа да шыққан тегіне,
діни ұстанымына жəне əлеуметтік жағдайына қарамай барлық азаматтарға
тең мүмкіндік беру;
ІІІ. «Ұлт рухын дамыту» – біріктіруші жəне бекітуші бастау ретінде Ұлт
Рухын нығайту жəне дамыту. Біздің Ұлттық Рухымызды көтеру үшін негізгі
басымдықтар мыналар: дəстүр мен отансүйгіштік рухы, жаңару рухы, жарыс
пен жеңіс рухы.
ҚЕБД тиімді жүзеге асыру мақсатында ел бірлігін одан ары нығайту үшін
құқықтық, əлеуметтік-экономикалық, саяси, мемлекеттік басқару шарала-
рының бірыңғай жүйесін құруға бағытталған ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 25
мамырдағы № 468 Жарлығы қабылданды (қар. ҚР Президентінің Жолдауы,
Ұлттық идея, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы).
ҚАЗАҚСТАН ТІЛДЕРІ (ор. языки Казахстана, ағыл. languages of
Kazakhstan) - Қазақстан аумағында 117 тіл бар (2009), бұлардың қатарында
қазақ тілі – Қазақстанның Мемлекеттік тілі, Автохтондық тілі, Титулды
тілі, ал орыс тілі, Қазақстан Республикасы Конституциясы 7-бабының 2) тар-
мағы бойынша, «қазақ тілімен ресми түрде тең қолданылатын» тіл, диаспора-
лар тілі, иммигранттық тілі бар.
Генеологиялық жіктеуге сəйкес, Қазақстан тілдері əлем тілдерінің аса ірі
семьялары мен макросемьяларына жататын сегіз генетикалық топ пен кіші
топтарға бөлінеді, олар: алтай тілдері, үнді-еуропа тілдері, орал тілдері, қы-
тай-тибет тілдері, иберий-кавказ тілдері, семит-хамит (афразия) тілдері, па-
леоазия (чукот-коряк, чукот-камчат) тілдері, аустроазия тілдері.
Алтай тілдерінің ішінде мынадай топтар бар:
-түркі тілдері – əзірбайжан, алтай, башқұрт, гагауз, долған, қазақ, қарайым,
қарақалпақ, қарашай-балқар, қырым татарлары, құмық, қырғыз, ноғай, татар,
тофалар, тыба, түрік, түркімен, өзбек, ұйғыр, хақас, чуваш, шор, саха (якут)
тілдері;
- монғол тілдері – бурят, қалмақ, монғол (қалқа монғол) тілдері;
- тұңғұс-мəнжүр тілдері – нанай, негидал, орок, ороч, удэге, улч, эвенк,
эвен тілдері;
- оқшауланған тілдер – корей, жапон тілдері.
Үндіеуропалық семьяда мынадай топтар бар:
- славян тілдері – белорус, болгар, поляк, орыс, серб, словак, украин,
хорват, чех тілдері;
- балтық тілдері – латыш, литва тілдері;
- герман тілдері – ағылшын, идиш, неміс, нидерланд, швед тілдері;
- үнді тілдері – урду, хинди, цыган тілдері;
49
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
- иран тілдері – белудж, күрді, осетин, парсы, пушту, рушан, тəжік, талыш,
тат, шугнан тілдері;
- роман тілдері – испан, италян, молдаван, румын, француз тілдері;
- оқшауланған тілдер – албан, армян, грек тілдері.
Орал тілдерінің семьясында мынадай топтар бар:
- фин-угор тілдері – венгер, вепс, ижор, карел, коми-зырян, коми-пермяк,
лив, манси, таулық мари, жайылымдық мари, мордвалық мокша, мордвалық
эрзя, саам, удмурт, фин, ханты, эстон тілдері;
- самоди тілдері – нганасан, ненец, селькуп, энец тілдері.
Қытай-тибет тілдерінің семьясында – дүнген, ханзу тілдері бар.
Иберий-кавказ тілдерінің семьясында мынадай топтар бар:
- абхаз-адыгей тілдері – абазин, абхаз, адыгей (кях), кабарда-шеркес тіл-
дері;
- картвель тілдері – грузин тілі;
- нах-дағыстан тілдері – авар, агул, дарғын, ұңғыш, лак, лезгин, рутул, та-
басаран, удин, цахур, шешен тілдері.
Семит-хамит (афразия) семьясында мынадай тілдер бар:
- араб, ассирия (жаңа сириялық тіл), иврит тілдері.
Палеоазиялық тілдер семьясында мынадай топтар бар:
- чукот-камчат тілдері – ительмен, коряк, чукот тілдері;
- эскимос-алеут тілдері – алеут, эскимос тілдері;
- юкагир-чуван тілдері - чуван, юкагир тілдері;
- кет-асан тілдері – кет тілі;
- оқшауланған тілдерден – нивх тілі.
Аустроазия семьясына вьетнам тілі кіреді.
Қазақстан тілдерінің арасында тіл типтерінің төртеуі де бар: агглютина-
тивті (жалғамалы) типке Қазақстан тілдерінің алтай, орал, палеоазия, ибе-
рий-кавказ текті тілдері; флективті типке үнді-еуропа тілдері; оқшауланды-
рушы типке қытай-тибет, аустроазия тілдері; инкорпоративтік типке палеоа-
зия текті тілдер жатады.
Референтті этностардың саны бойынша Қазақстан тілдері былайша көрініс
береді: Ι. Миллиондық тілдер, яғни сөйлейтіндер саны миллионнан астам тіл-
дер, мұндай тілдер – қазақ жəне орыс тілдері. ΙΙ. Сөйлеушілерінің саны жүз
мың, одан астам тілдер, мұндай тілдерге белорус, неміс, татар, өзбек, ұйғыр,
украин тілдері жатады. ΙΙΙ. Сөйлеушілерінің саны елу мыңнан астам – əзір-
байжан, корей, түрік тілдері. ΙV. Сөйлеушілерінің саны он мыңнан асатын
– армян, башқұрт, грек, дүнген, ұңғыш, күрд, қырғыз, молдаван, мордва (мок-
ша, эрзя), поляк, тəжік, шешен, чуваш жəне басқа тілдер. V. Сөйлеушілерінің
саны мыңнан асатын – авар, болгар, грузин, иврит, идиш, қарақалпақ, қара-
шай-балқар, қырым татарлары, латыш, лезгин, литва, мари (жайылымдық,
таулық), осетин, парсы, түркімен, удмурт, цыган, эстон т.б. тілдері. VΙ. Сөйлеу-
шілерінің саны бес жүзден астам – бурят, гагауз, дарғын, қалмақ, коми-пер
50
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
мяк, құмық, лак, моңғол, румын, талыш, фин, чех т.б. тілдері. VΙΙ. Сөйлеу-
шілерінің саны жүзден астам – абхаз, агул, адыгей, алтай, ассирия, венгер,
карел, коми-зырян, ноғай, рутул, табасаран, удин, хақас, чуван, шор, саха
(якут) т.б. тілдері. VΙΙΙ. Сөйлеушілерінің саны оннан асатын – абаза, албан,
белудж, вепс, долған, ижор, кабарда-шеркес, қарайым, коряк, нанай, ненец,
рушан, словак, тат, тофалар, тыба, удэгей, ханты, хорват, цахур, чукот, швед,
шугнан, эвенк, эвен, жапон т.б. тілдері. ΙХ. Сөйлеушілерінің саны онға жет-
пейтін – алеут, ительмен, кет, лив, манси, негидал, нивх, ороч, саам, селькуп,
серб, ульч, энец, юкагир т.б. тілдері.
Қазақстан тілдерінің мəртебесі қазақ тілімен (мемлекеттік тілмен) қаты-
насына қарай белгіленген. Қазақстан тілдеріне қатысты тілдік саясат пен тіл-
ді жопсарлау істері бірқатар мемлекеттік құжаттармен жəне актілермен рет-
телген (қар. Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы,
Əлем тілдері, Тілдік ахуал, Тілдік заңнама).
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТІЛ ТУРАЛЫ ЗАҢНАМА (ор. Законодательство
о языках в Казахстане, ағыл. The legislation on languages in Kazakhstan) –
Қ.Т.З. 1998 жылғы 24 наурыздағы «Нормативті құқықтық актілер туралы» ҚР
Заңында белгіленген тəртіппен қабылданған, тілдерді қолдану мен дамытуға
қатысты нормативті құқықтық кесімдердің жиынтығы. Бұл заңнамаға ҚР Конс-
титуциясы да жатады, атап айтқанда, оның қазақ тілінің мемлекеттік тіл деп
танылатыны, орыс тілінің қазақ тілімен ресми түрде тең қолданылатыны, Қа-
зақстан халқының тілдерін үйрену мен дамытуға қамқорлық жасаудың мем-
лекетке жүктелетіні туралы қағидалары мен нормалары; ана тілін пайдалануға
əркімнің де құқықтылығы мен тілдесім, тəрбие, оқыту мен шығармашылық
тілін таңдауға еріктілігі, тілге байланысты кемсітушілікке тыйым салынатын-
дығы т.б. туралы қағидалары мен нормаларының осы Заңнамаға қатысы бар.
Қазақстанда тілдерді қолданудың құқықтық негіздерін, мемлекеттің оларды
оқып-үйрену мен дамыту үшін жағдай жасауы жөніндегі міндеттерін белгілеу,
ҚР-да қолданылатын тілдердің бəріне бірдей құрметпен қарауды қамтамасыз
ету – 1997 жылы 11 шілдеде қабылданған №151 «Тіл туралы» ҚР Заңының
тағайындалған міндеті. Тіл проблемасының ерекше өткірлігіне байланысты
нақ осы Заңда, біріншіден, мемлекеттік органдарда жергілікті өзін-өзі басқару
органдарында (тілдерді қолдану, мемлекеттік органдардың актілерінің тілі, құ-
жаттама жүргізу тілі, азамттардың өтінішіне жауап беру тілі, Қарулы күштер
мен құқық қорғау органдарындағы тіл, əкімшілік құқық бұзушылық істерін
жүргізу тілі, келісімдер тілі) тілді пайдалану ережелері; екіншіден, білім,
ғылым, мəдениет жəне БАҚ салаларында тілдерді қолдануға қойылатын та-
лаптар; үшіншіден, тілді елді мекендер атауында, жалқы есімдерде, көрнекі
ақпаратта қолдану ережелері; төртіншіден, тілдерді құқықтық қорғау негіз-
дері; бесіншіден, шет елдермен жəне халықаралық ұйымдармен қарым-қаты-
наста тілдерді пайдалану ережелері бекітілген.
Достарыңызбен бөлісу: |