166
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
Араб тілі – барлық араб елдерінің, Сомали Демократиялық Республика-
сының, Джубити Республикасының ресми тілі. БҰҰ-ның ресми жəне жұмыс
тілдерінің бірі; Қазақстан арабтары этностық тобының экзогенді тілі.
Араб тілі афразиялық немесе семит-хамит ірі тілдер семьясының семит
тармағына жатады.
Қазақстанда өмір сүретін арабтардың көбі сүннит мұсылмандар, шейіттік-
ті ұстанатындары да бар.
АРМЯНДАР, өз атауы – хай.
Қазақстандағы армяндар саны: 1999 жылғы мəлімет бойынша 14 758 адам,
2009 жылғы мəлімет бойынша 14705 адам.
Армян тілі – Армения Республикасының мемлекеттік тілі; Қазақстан ар-
мяндары этностық тобының экзогенді тілі.
Армян тілі – үндіеуропалық тілдер семьясының оқшауланған тілі.
2014 жылғы мəлімет бойынша ұйыса қоныстануы – Алматы қаласында
– 2069 адам, Астанада – 1119 адам, Қостанай облысында – 1695 адам, Сол-
түстік Қазақстанда – 1353 адам. Қазақстан Республикасының барлық қалала-
рында армяндардың өз мəдени орталықтары бар.
Армяндардың көбі христиандықтың ең бір көне бағыты миофизит апостол
шіркеуінің бағытын ұстайды. Армяндардың аздаған бөлігі православие мен
католиктік бағыттарға сенеді.
АССИРИЯЛЫҚТАР (АЙСОРЫ, АСОРИ), өз атауы – сураи, халдеи.
Қазақстандағы ассириялықтардың саны: 1999 жылғы мəлімет бойынша
371 адам, 2013 жылғы мəлімет бойынша 186 адам. Көне заманда ассирия-
лықтар əуелі Месопотамияны мекен етіп, арамей тілінде сөйлеген. Қазіргі
уақытта дүние жүзіне ең көп шашыраған халықтың бірі болып есептеледі.
Ассирия тілі – Қазақстан ассириялықтары этностық тобының эндогенді
тілі.
Ассирия (жаңа ассириялық, айсорлық) тілі семит-хамит тілдері семьясы-
ның арамей тобының солтүстік-орталық ішкі тобына жатады.
Дінге сенетін ассириялықтардың көбі – христиандар. Қазақстандағы асси-
риялықтар Шығыстың ассириялық шіркеуіне, Халдей католиктік шіркеуіне
немесе православиеге жатуы мүмкін.
АУҒАНДЫҚТАР, өз атауы – пуштун, паштан, пахтан.
Қазақстандағы ауғандықтардың саны: 1999 жылғы мəлімет бойынша 491
адам, 2013 жылғы мəлімет бойынша 943 адам.
Пушту – Ауғанстанның ресми тілі (дари тілімен қатар); Қазақстан ауған-
дары этностық тобының экзогенді тілі.
Пушту (пашто, ауған тілі) үндіеуропалық тілдер семьясы иран тармағы-
ның шығыс-иран тобына жатады.
167
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
Кейбір облыстарда Ауған ұлттық-мəдени бірлестіктері бар (Солтүстік Қа-
зақстан, Алматы облысы).
Үстем діні – сүнниттік ислам, оған жұртының 90%-ы берілген. Ауған-
дықтар арасында будданы, зороастризмді ұстанатындар, шетелдік діндестер-
мен байланысы бар синкретикалық нанымдарға сенетіндер де (йезидтер) бар.
БАЛҚАРЛАР, өз атауы – таулула – «горцы», малкъар халкъ, маллкъарлы.
Қазақстандағы саны: 1999 жылғы мəлімет бойынша 2079 адам, 2013
жылғы мəлімет бойынша 1847 адам.
Қарашай-балқар тілі қолданылады, Кабарда-Балқар Республикасының
мемлекеттік тілі болып саналады, Қазақстан балқарлары этностық тобының
экзогенді тілі.
Қарашай-балқар тілі алтай тілдері семьясының түркі тобының батыс ғұн
бұтағындағы қыпшақ тобының қыпшақ-половец ішкі тобына жатады.
Қазіргі уақытта балқарлардың басым көпшілігі – сүннит мұсылмандар.
Күнделікті санада жарылқаушы құдайларға, сиқыршылыққа, табиғаттың кие-
лі құбылыстарына деген сенім де сақталып қалған.
БАШҚҰРТТАР, өз атауы – башқұрт.
Қазақстандағы башқұрттардың саны: 1999 жылғы мəлімет бойынша
23 247 адам, 2013 жылғы мəлімет бойынша 17 006 адам.
Башқұрт тілі – Башқұртстан Республикасының мемлекеттік тілі; Қазақстан
башқұрттары этностық тобының экзогенді тілі.
Башқұрт тілі алтай тілдері семьясының түркі тобы батыс ғұн тармағының
қыпшақ-бұлғар ішкі тобына жатады.
Дінге сенетін башқұрттар, əдетте, сүннит мұсылмандар.
2014 жылғы мəлімет бойынша башқұрттардың шоғырланып ықшам қоныс-
тануы Карағанды облысында (23,94%), Қостанай облысында (22,67%), Ақ-
мола облысында (11,28%) байқалады. Қазақстанның барлық ірі қалаларында
башқұрттардың мəдени орталықтары бар.
БЕЛОРУСТАР, өз атауы – беларус.
Қазақстандағы белорустардың саны: 1999 жылғы мəлімет бойынша
111 927 адам, 2009 жылғы мəлімет бойынша 61 449 адам.
Белорус тілі – Беларусь Республикасының мемлекеттік тілі; Қазақстан бе-
лорустары этностық тобының экзогенді тілі.
Белорус тілі үндіеуропалық тілдер семьясының славян тобының шығыс
славян ішкі тобына жатады.
Дінге сенетін белорустар, негізінен, православиені ұстанады.
2014 жылғы мəлімет бойынша белорустардың шоғырланып ықшам қоныс-
тануы Қостанай облысында (23,18%), Қарағанды облысында (19,87%), Ақ-
мола облысында (17,97%), Солтүстік Қазақстан облысында (10,02%) байқа-
168
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
лады. 90-жылдың соңында белорус ұлттық-мəдени орталықтары Павлодар,
Өскемен, Астана, Қостанай, Қарағанды, Көкшетау, Петропавл қалаларында
пайда болды. 2013 жылы Қазақстанда 12 белорус ұйымы тіркелді.
БЕЛУДЖДЕР, өз атауы – балуи, балои.
Дəстүрлі көшпелі мəдениеті жəне дамыған тайпалық бөлінуі бар иран
халқы.
Қазақстандағы белудждердің саны: 1999 жылғы мəлімет бойынша 33 адам,
2009 жылғы мəлімет бойынша 137 адам.
Белудж (балочи) тілі – Қазақстан белудждері этностық тобының эндогенді
тілі.
Белудж (балочи) тілі үндіеуропалық тілдер семьясының иран тармағының
солтүстік-батыс тобына жатады.
Діни сенімі жағынан белудждер – ханафи мазхабындағы сүннит мұсыл-
мандар.
БОЛГАРЛАР, өз атауы – болгар.
Қазақстандағы болгарлардың саны: 1999 жылғы мəлімет бойынша 6195
адам, 2013 жылғы мəлімет бойынша 4487 адам.
Болгар тілі – Болгария Республикасының ресми тілі; Еуропа Одағындағы
25 ресми тілдің бірі; Қазақстан болгарлары этностық тобының экзогенді тілі.
Болгар тілі үндіеуропалық тілдер семьясының славян тобының оңтүстік
славян ішкі тобына жатады.
Болгарлардың көбі (80%-ы) – христиандар, көбі православиені ұстанады.
2014 жылғы мəлімет бойынша ұлттың шоғырланып ықшам қоныстануы
Павлодар облысында (911 адам), Ақтөбе облысында (687 адам) байқалады. Қа-
зақстанның барлық ірі қалаларында болгарлардың мəдени орталықтары бар.
БУРЯТТАР, өз атауы – бурят, буряад.
Қазақстандағы буряттардың саны: 1999 жылғы мəлімет бойынша 553
адам, 2013 жылғы мəлімет бойынша 341 адам.
Бурят тілі – Бурят Республикасының мемлекеттік тілі, Қазақстан бурят-
тары этностық тобының экзогенді тілі.
Бурят тілі алтай тілдері семьясының монғол тобының ерін үндестігі бар
агглютинативті типтегі тілдеріне жатады.
16 ғасырдан бастап буряттарда гэлуг немесе «шара шажан» (сары дін) мек-
тебінің тибеттік буддизмі кең тарады, бұл наным-сенім тəжірибесінде осы
уақытқа дейін сақталған буддизмге дейінгі шамандықпен араласып кеткен.
ВЕНГРЛЕР, өз атауы – мадияр, мажар.
Қазақстандағы венгрлердің саны: 1999 жылғы мəлімет бойынша 440 адам,
2013 жылғы мəлімет бойынша 363 адам.
Достарыңызбен бөлісу: |