46
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
интернационалистік сезімі, басқа топтар мен индивидтерге төзімділігі бар,
сол қауымдастық сипаттарынан өзгеше белгілердің кешеніне ие адамдар
мен қоғамдастықтар қарсы тұра алады. Өшпенділік пен қорқыныштың ке-
шені ретінде ксенофобия көбіне оқшау тұратын этностарға, сонымен бірге
ұзақ уқыт бойы басқа халықтар мен мемлекеттік бірлестіктердің тарапынан
ұлттық қысым, агрессиялық əрекеттер көрген шағын халықтар мен этностық
топтарға тəн. Бірақ шовинизмнің бір түрі ретіндегі ксенофобия ірі ұлт та-
рапынан басқа шағын халықтарға қатысты көбірек орын алуы мүмкін (қар.
Антисемитизм, Мигрантофобия, Толеранттылық, Этностық стереотип-
тер).
КІШІ ОТАН (ор. малая родина, ағыл. small homeland) – 1. Адамдардың
шағын тобының шағын, бастапқы тарихи отаны (қар. Отан, Тарихи отан).
2. Этностық жағынан өзгеше жұрт қоныстанған жəне жекелеген себептер-
ге байланысты салыстырмалы түрде алғанда басқа елдерден оңаша тұрған
аумақ. Дүние жүзінің көптеген елінде белгілі бір этностар қоныстанған,
көлемі шағын Этностық анклавтар сақталып отыр (мысалы, Испаниядағы
баскілер). Мұндай анклавтардың жұртының көбінесе өзіндік мəдени ерек-
шеліктері болады. 3. Жеке адамның туған жəне адам болып қалыптасқан жері.
К.о. маңызды құрамдас бөлігі – онда тірлік ететін адамдардың қоғамдас-
тығы түзетін əлеуметтік орта болып табылады. Осы əлеуметтік ортада адам-
ның сөйлеу тілі, жүріс-тұрыс мəнері, мінезі қалыптасады. Адамның жеке ба-
сының сапалары өзінің К.о. өмір сүретін адамдардың ділі, мəдениетімен өл-
шенеді. Бұл ықпалдың сипаты өмір шарты сияқты ұрпақтан ұрпаққа жалға-
сып отырады да өркениеттің жалпы дамуының əсерімен өзгереді. Осыған
орай жерлестердің əр түрлі ұрпағында К.о. табиғи бейнесін қайталанбас
түрінде қабылдаудың бірдейлігі сақталып отырады, бірақ өз болмысы туралы
əр түрлі əсерлер қалыптасады (қар. Отан, Тарихи отан).
- Қ -
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕЛ БІРЛІГІ ДОКТРИНАСЫ (лат. doktrina сөзі –
ілім, ғылыми немесе философиялық, саяси, діни немесе құқықтық теория,
көзқарастар жүйесі, жетекшілік ететін теориялық немесе саяси ұстаным. Док-
триналар ұлттық немесе ұлттан үстем деңгейде жасалатын ресми түрде жəне
білім салаларында жасалатын ғылыми түрде болуы мүмкін, ор. Доктрина
национального единства Казахстана; ағыл. The Doctrine of the National Unity
of Kazakhstan) – Қазақстан Республикасы дамуының жалпы контекстінде
нышанды сипаты бар құжат. ҚЕБД Қазақстан Республикасы Президентінің
Қазақстан халқы Ассамблеясының XIV сессиясында берген тапсырмасы
бойынша дайындалып, мемлекеттік этносаясаттың осынау терең де əлеуеті
сарқылмас факторды іске асыруға арналған стратегиялық құжатына айналды.
47
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
ҚЕБД – əр адамның əлеуетін қоғам дамуының игілігіне жұмсауға шақы-
ратын жұмылдырушы құжат. Осындай құжаттардың, олардың идеяларының
социумға орасан зор əсері жөнінде мысалдар жетерлік.
Кейбір елдерде идеологиялық əсерінің күші жағынан алғанда доктрина-
лармен басқа саяси-құқықтық ресурстар теңесе алмайды. Оған айқын мысал
ретінде Конфуцийдың, Монроның жəне т.б. доктриналарын келтіруге бола-
ды. Сондықтан ҚЕБД көрсетілген ережелердің өзектілігі мен құқықтылығы
ұлттық мемлекеттер құрудағы əлемдік тарихи тəжірибемен тұжырымдалған.
Ұлттар-мемлекеттердің даму тарихында доктринаның тылсым сыры (фено-
мені) адам факторы ықпалының өсуі, руханият пен мəдениетаралық үнқаты-
судың маңызының артуына байланысты қоғам дамуының күшті тетігі ретін-
де көрініс береді.
Қазақстан халқы Ассамблеясының Кеңесі ұсынған ҚЕБД-ны Қазақстан
халқы Ассамблеясының Төрағасы – Қазақстан Республикасының Прези-
денті 2010 жылы (сəуірде) Қазақстан халықтарының бірлігі күні қарсаңында
мақұлдады. Доктрина ұлттық этносаясаттың жаңа мақсаттары мен міндет-
терін айқындап берді. Н.Ə.Назарбаевтың айтуы бойынша: «бұл этносара-
лық жəне конфессияаралық қатынастардың барлық кешені бойынша іс-əре-
кеттердің тұтас бағдарламасы жəне əрбір қазақстандық саясаткердің «үстел
үстіндегі кітабы» болуға, əр депутат пен басқарушы, ғалым мен журналист
басшылыққа алуға бағытталған».
ҚЕБД, ең алдымен, өкіметке, ұлттық саясатты жүргізуге жауапты мемле-
кеттік органдарға арналған. Екінші жағынан, Қазақстанның əрбір азаматына
арналған, əрбір жеке тұлғаға бағытталған.
ҚЕБД əдіснамалық негізі: бірінші – біздің ұғымымызда ел бірлігі деген не?
Əр мемлекетте ел бірлігінің өз негізі бар. Біреулер үшін бұл тек діни фактор,
олар үшін тек дін ғана өзгермейтін, халықты мұратына жеткізетін күш. Басқа
біреулер біртұтас мемлекет құру арқылы ұлттық бірлікке жетуді жақтайды.
Осы себепті доктринада «əралуандықтағы бірлік» біздің ортақ жетістігімізге,
Қазақстанның символына айналғаны жəне елдің нəтижелі əлеуметтік-эконо-
микалық, қоғамдық-саяси дамуының кепілі жəне негізі болғаны атап өтіл-
ген; екінші мəселе – бізге ел бірлігін күшейту не үшін қажет? Бұл туралы
Доктринаны қорытындылау жəне жетілдіру бойынша қоғамдық комиссия
мүшелері: «Доктринаның басты идеясы – тəуелсіздікті нығайту. Ал бұл бүкіл
Қазақстан халқының бірлігі болса ғана мүмкін». «Енді біз нақты шоғырла-
ну мен шынайы жақындасу жолына түсуіміз керек. Азаматтарының мақсаты
мен бағыты əртүрлі мемлекет өмір сүруге бейімсіз» деп ықшам түрде айтып
өткен; үшінші мəселе – ел бірлігінің негізі қандай? Доктринада тəуелсіздікті
сақтау мен мемлекеттілікті нығайту, мүмкіндіктер теңдігі мен азаматтардың
құқықтарын жəне бостандықтарын қорғау, зияткерлік ұлт құрау мен ұлттық
рухты дамыту ел бірлігінің іргетасы деп көрсетілген.
ҚЕБД негізін құрайтын қағидаттар:
Достарыңызбен бөлісу: |