Қауіпсіздік техникасы ережелерін мына пункттерге бөлуге болады:
1) жалпы;
2) ДК-де жұмысты бастау алдында;
3) жұмыс істеу кезінде;
4) авариялық жағдайларда жағдайлардағы;
5) жұмысты аяқтағанда.
Жалпы қауіпсіздік талаптары:
Мұғалімнің рұқсатынсыз құрал-жабдықтарды орнынан қозғауға, сымдарға, розеткаларға, штепсельдің айырына, штекерге тиісуге тыйым салынады.
Мұғалімнің рұқсатынсыз компьютерлік сыныпқа кіруге және одан шығуға болмайды.
Мұғалімнің рұқсатынсыз сынып ішінде жүруге болмайды.
Дербес компьютерде су қолмен және су киіммен жұмыс істеуге болмайды.
Корпусы мен сымдардың бүтіндігі бұзылған (ашық) ДК-де жұмыс істеуге тыйым салынады.
Үстелге, ДК-дің жанына сөмке, портфель, кітап қоюға болмайды. Үстелде тек қалам мен дәптер ғана жатуы тиіс.
Пернетақта үстіне ештеңені қоюға болмайды.
Компьютерлік сыныпта жүгіруге, ойнауға, жолдастарыңның көңілін қажетсіз аударуға, бөгде жұмыстарды істеуге тыйым салынады.
Дербес компьютерде жұмыс істеуді бастау алдында қойылатын қауіпсіздік талаптары
ДК электр тогына қосылмаған жағдайда сымдардың, ДК-дің корпусының бүтіндігін және айыру (изоляция) бұзылмамағанын қарап шығып, олардың дұрыс жағдайда екендігіне көз жеткізу керек.
Жұмыс кезінде оларға тие бермеу үшін, сымдар сальбырап тұрмауына көңіл бөлу керек.
Жұмыс орнын пайдалануды есепке алу журналына белгі қою керек.
Дербес пайдаланылатын компьютер жұмысы кезіндегі қауіпсіздік талаптары
ЭЕМ жұмыс істеу кезінде көздің экраннан ең қолайлы қашықтығын (60-70см) сақтау керек. Мүмкін қашықтық -50см.
Келушілер кіргенде оқушылардың орнынан тұруының қажеті жоқ.
Көз талғанда немесе шаршағанда орнынан тұрмай көзді дем алдыратын бірнеше жаттығу орындау керек.
Оқушылар электр тогымен зақымданғанда алғашқы медициналық көмек көрсету әдістерін, өрт сөндіргішпен жұмыс істеу және өрт сөндіру әдістерін білуі керек.
Оқушылар көзді дем алдыру жаттығуларды білуі керек.
Апат (төтенше ) жағдайлардағы қауіпсіздік талаптары
ДК-де жұмыс істеу барысында ақауларын бйқағанда, түтін немесе әдеттен тыс дыбыстар пайда болғанда жұмысты тоқтатып, аппаратураны өшіру және оқытушыға хабарлау керек.
Қажет болса, өртті сөндіруге көмектесу керек.
Қажет болса, электр тогынан зақымданғандарға алғашқы көмек көрсету керек.
Компьютер сыныбында өртті сумен өшіруге болмайтынын білуі керек. Мұнда құмды немеса көбікті өрт сөндіргішті пайдалануға болады.
Егер зақымданған адам электр тогының әсерінде болса, оны жалаңаш қолмен ұстауға болмайтынын білу керек. Зақымданушы электр тогын өткізбейтін материалдарды пайдаланып босатуға болады.
ДК-де жұмысты аяқтау қауіпсіздігінің талаптары
Аппаратураны оқытушының нұсқауымен өшіру керек.
Жұмыс орнын ретке келтіру керек.
Жұмыс орнын пайдалануды есепке алу журналында белгі қою керек.
«Объектілі-бағытты бағдарламалау негіздері» пәнін оқытудың мақсаты: объектіге бағытталған программалау негізін, программалаудың автоматтық негіздерін, объектіге бағыталған программалау тілдерінің құрылымын оқу және программалық қамтамасыз етуді жобалау тәсілдерін, программалау стилін, программалаудың сапа көрсеткішін, программаны сынау мен қалыптастыру тәсілдерін меңгеру. Программа жасау тәсілдерін және оны жасау барысында қолданылатын негізгі стандарттарды меңгеру. Жаңа технологияларға сәйкес сенімді программалық жабдықтарды жасауды үйрену. Программаны сынауға , сапалы программалық құжатты құруды оқу.
Жаңа тақырыпты бекіту:
1.Қауіпсіздік техника ережелерін қандай пункттерге бөлуге болады?
2.Жалпы қауіпсіздік талаптарына нелер жатады?
3.Апат жағдайлардағы қауіпсіздік талаптарына нелер жатады?
4.ДК – де жұмысты аяқтау қалай жүзеге асады?
5.Пән мақсаты қандай?
Үйге тапсырма:
Қауіпсіздік ережесін жаттау.
Достарыңызбен бөлісу: |