Пән атауы
|
Мазмұны
|
1
|
Қазақ әдебиеті
|
Жұлдызың туды оңыңнан,
Жан біткен ерді соңыңнан.
Он сан Алаш баласын
Жусатып қойдай өргіздін,
Жұмсап жүрсің қолыңнан.....
Үзінді қай автордың өлеңінен алынған?
Бұл туындыда не туралы айтылатынын қысқаша баяндап, автор стиліне баға беріңіз.
|
2
|
Қазақ әдебиеті
|
Кеуделері кепедей,
Мұрындары төбедей,
Күрек тісі кетпендей,
Кеңірдегі жүһіттің көріндей...
1. Өлеңде қолданылған ажарлаудың түрі және оның ережесін айтыңыз
A) инверсия B) метафора C) аллегория D) ассонанс E) теңеу
2. Затты барынша ұлғайта суреттеу деген не және ережесін айтыңыз
A) гипербола B) метафора C) аллегория D) ассонанс E) литота
|
3
|
Қазақ тілі
|
Жаһандану – жалпы әлемдік саяси, экономикалық, мәдени, ақпараттық жағынан тұтастық құру идеясы. Мұның екі жағы бар, біріншіден, жаһандануға бет бұрған елдердің экономикасы неғұрлым жедел дамиды, бірақ бұл елдер өзінің ұлттық құндылықтарынан алыстамаған жағдайда ғана өзінің ұлттық құндылықтарынан, яғни ұлттық идеясынан қол үзбеуіне мүмкіндік туады. Екіншіден, экономикасы жедел дамыған кез келген ел өз халқының ертеден қалған нышандарын халықтың топтасуына жұмсауы тиіс. Сонда ғана ұлттың қазіргісі мен өткені, болашағы көрініс табады. Бұл процестен шетін қала алмайтын қазақ қоғамы заман ағымына лайықты бейімделе отырып, ұлттық ерекшеліктерімізге жататын ұлттық дәстүр мен мәдениетімізді сақтаған жағдайда өміршеңдікке жол аша алады. Бүгінгі таңда жаһанданудың әсерінен жастар арасында батысқа еліктеушілік белең алып, олардың жүріс-тұрысы, ойлауы мен киінуінен, мінез-құлқынан өзгергіштік байқалады. Бұл өзгерістерге бұқаралық ақпарат құралдарының әсері болмай отыр десек қателесеміз. Себебі күнделікті басылымдардан, телерадио арналарынан батыстың кино, музыкалық туындылары көптеп беріледі. Қазақ халқының төл киносы мен ән-күй өнері жеткілікті дәрежеде уағыздалып, жастар санасына сіңірілуде, бірақ бұл жеткілікті дәрежеде жүзеге асырылып отыр деуге әлі ертерек. Тек қазіргі таңдағы жастардың киім кию үлгісіндегі батыстық сарын көзге бірден көрінеді. Әсіресе, қыз балалардың денелерін жартылай жалаңаштап жүруі соңғы жылдары белең алған батыстан ауысқан сән үлгісі. Бұл сән түрінің қазақ қыздары мен әйелдеріне әкеліп жатқан зияны туралы дәрігерлер үнемі айтуда. Бұл қыздарымыздың жартылай жалаңаштанып жүретін құлқы жаратылысынан емес, өскен орта мен көрген үлгі-өнегесі, тәрбиесінің нәтижесі. Ол үлгі-өнегені жастар көбінде бұқаралық ақпарат құралдары арқылы бойларына сіңіруде. Бұл күн тәртібіндегі кезек күттірмейтін өзекті мәселе.
а) Мәтіндегі негізгі ойды және қосымша ақпаратты анықта.
ә)Мәтіннің стилін анықта. Стиліне тән жанрлық ерекшеліктерді айт. б)Мәтіндегі айтылған ойға өз көзқарасыңды білдір
|
4
|
Қазақ тілі
|
а) Қалаған сөйлемге синтаксистік талдау жаса.
ә) Қарамен берілген сөздерге морфологиялық талдау жаса.
б) Мәтіннен ілгерінді және кейінді ықпал қатысқан 3 сөз тіркесін тауып, оларға фонетикалық талдау жаса.
|
10 сынып __ ІI_ тур
Жұмыс уақыты: Тапсырманың орындалу уақыты 120 минут
Берілген жауаптарды бағалау тәртібі: Әр сұраққа қойылатын ең жоғарғы баға – 12,5 ұпай, бағалау мынадай критерийлерге негізделеді:
10-12,5 ұпай – жауабы ерекше, жауап барысында мектеп бағдарламасынан тыс мәліметтер мен деректерді келтіре отырып, терең білім алғанын байқатады;
8-9 ұпай – сұраққа толық жауап беріледі, кейбір қосымша мәліметтер келтіре білді;
5-7 ұпай – жауап барынша толық болмады, терминдерді түсіндіруде, анықтамалар мен ережелерді айтуда, сөйлем талдауда кейбір қателер кездесті;
3-4 ұпай – жауабы толық емес, дөрекі қателер кетті;
1-2 ұпай – сұраққа жауаптың қатысы жоқ, нақты емес.
Бұнда оқушының жинайтын ең жоғарғы ұпайы – 50.
Достарыңызбен бөлісу: |