Техникалық жобадаболатын мәліметтер:
· техникалық шешім туралы мәліметтер;
· бұйымның құрылысытуралы мәліметтер;
· бұйымның жұмыс істеу принципін толық түсіндіретін мәліметтер болады.
Техникалық жобада шешілетін мәселелер:
· жаңа бұйымның жоғары техникалық деңгейі,
· бұйымды дайындау мәселелері,
· бұйымды жинау және пайдалану процестерін қамтамасыз ететін барлық мәселелер шешілуі керек.
Техникалық жобада бұйымды керек болған жағдайда майлау, салқындату, салқындататын сұйықтарда құю мәселелері сондайақ керек болған жағдайда жанар-жағар май де шешілуі керек.
Кешенді шешімдерде көбнесе күту алаңы, қоршау, бір деңгейден екінші деңгейге көтерілу сатылары, жәлдеткіш мәселелері болмашы, арзымайтын нәрселер деп, көңіл бөлінбейді. Бұл кемістіктер шешім көрсеткіштеріне кері әсер етеді. Бұл мәселелерді уақытында шешпеу, оларды конструкцияға кейіннен, қалай болса солай, қоса салу конструкциялық біркелкілікті бұзады сондықтан оларды алдын ала ескерген жөн.
Достарыңызбен бөлісу: |