https://helpiks.org/7-17271.html
Конструкторлық құжаттардың түрлері.
Конструкторлық құжаттардың түрлеріне жататындар:
· эскиздік жоба,
· техникалық жоба
· конструкциялық жүмыс құжаттары
Эскиздік жоба техникалық тапсырма бойынша қажет болғанда ғана жасалады.
Эскиздік жобада бұйымның құрылысы және жұмыс істеу принципі жөнінде жалпы мәлімет беретін конструкторлық шешімге келетін тиімді варианттар жасалады.
Техникалық тапсырма және техникалық ұсыныс бойынша бұйымдарға қойылатын талаптар эскиздік жобада дәлелденеді және бекітіледі.
Эскиздік жобада типтік стандартталған және біріңғайланған бөлшектерді қолданудың негізі салынады. Практикада сынақтан өткен тораптар мен механизмдерді қолдануға ерекше көңіл бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |