Абайдың әдеби-мемориалдық мұражайы — Абай Құнанбайұлының өмірі мен ақындық жолына байланысты материалдар жинақталған мәдени мекеме. 1940 ж. 16-қазанда Абайдың 95 жылдық мерейтойына орай Семей қаласында ашылған. Алғашында қазіргі Абай көшесі, 83-үйде ұйымдастырылды. Ал 1944-67 жылдары қазіргі Комиссар көшесі 132-үйде орналасып, 1967 ж. музейдің экспонаттар қоры көбеюіне байланысты мемлекеттік архитектуралық ескерткіш болып саналатын Ленин көшесі 12-үйге көшірілді. Музейдегі 13 мың экспонат қоры (оның 7500-і негізгі қор) 7 дербес тақырыптық залдарға орналасқан. «Абай және оның дәуірі», «Жайлау», «Үш қайнар бұлақ», «Абай шығармашылығы», «Абайдың ақындық өнер айналасы», «Абайтану», «Қазақ халқы ақын атын ардақтайды» бөлімдерінде Абай өміріне байланысты архивтік материалдар, түрлі құжаттар, қазақ халқының тұрмыстық-этнографиялық өмірін бейнелейтін заттар, қол өнері мен бейнелеу өнерінің туындылары, сол кезеңде өмір сүрген ақындардың қолжазбамұралары, фотосуреттер, сирек кездесетін кітаптар т.б. орналыстырылған 1885 ж. Н.Ц.Долгополов арқылы өлкетану мұражайынаАбайдың алғашқы шығармалары, оның дүние жүзі халықтарының тілдеріне аударылған өлеңдері, ақынның әдеби мұрасынжалғастырушылардың шығармалары қойылған. Сондай-ақ М.О.Әуезов бастаған абайтанушы ғалым-зерттеушілердің еңбектері де бар (қ. Абайдың жидебайдағы қыстауы). Абайдың 150 жылдық мерейтойына байланысты мұражай үйі ұлғайтылып, түбегейлі жөндеуден өтті.байдың әдеби-мемориалдық мұражайы 1940 жылы ашылған. Ол Қазақстан тарихындағы тұңғыш әдеби мұражай болып табылады. Мұражай 1940-1944 жылдары Бекбай Байысовтың үйінде ашылып, 1944-1967 жылдары Әнияр Молдабаевтың үйіне қоныс аударады. Бұл екі үйдің де Абайға қатысы бар. Ақын 1875-1904 жылдары Семей қаласына келгенде осы үйлерге түсіп жүрген. 1967 жылы Абайдың 125 жылдық мерейтойы қарсаңында мұражай қаладағы сәулет ескерткіштерінің бірі саналатын, ұлы ақын өмір сүрген дәуір үлгісімен салынған көпес Роман Ершовтың үйіне көшірілді.
Мұражай алғашқы ашылған жылдары «Абайдың мемлекеттік әдеби-мемориалдық мұражайы» деген атпен Оқу министрлігінің қарауында болады. Одан соң мәдени-ағарту мекемелері басқармасының қарамағына көшті. Ал 1947 жылы Қазақ ССР Ғылым академиясының қарауына ауысты. 1953 жылы Абай мұражайы «мемориалдық музей» дәрежесіне түсіріліп, Ғылым академиясынан Мәдениет министрлігі қарауына ауыстырылды, одан Семей облысының мәдениет басқармасына берілді. Тек 1960 жылдары ғана ақын мұражайы Мәдениет министрлігінің қарауына ауыстырылды.
1990 жылы «Абайдың мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұражайы» болып қайта ұйымдастырылды. Жидебайдағы 6400 гектарлық қорық аймағы 16 ескерткішті қамтиды.
Қорық-мұражай құрамына Семейдегі бас мұражай, «Алаш арыстары – М.Әуезов» мұражайы, Жидебайдағы Абайдың мұражай-үйі, Шәкәрім мұражай-үйі, Әуезовтің Бөрілідегі мұражай-үйі, Көкбай Жанатайұлының Тақырдағы мешіт-медресесі, Мақаншыдағы Әсет Найманбайұлының мұражайы, Құндыздыдағы Шәкір Әбенұлының мұражай-үйі кіреді.
Бас мұражай экспозициясында «Абай дәуiрi», «Абай бейнелеу өнерiнде», «Алаш арыстары», «Абай және Семей шаһары» атты тақырыптық көрме залы, «Абай шығармашылығының үш қайнар бұлағы», ақын поэмаларына арналған «Шығыс залы», «Грек залы», «Жаз» өлеңіне арналған зал, «Абайдың ақындық мектебi», «Абайтану», «Абай халық жүрегiнде» атты сыйлықтар залдары орналасқан.
Алаш» партиясы, Алашорда үкіметі құрылуының 100 жылдық мерейтойына орай, Семейде «Алаш арыстары - Мұхтар Әуезов» мұражайының жаңа экспозициясы ашылды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасай отырып.
Жаңа экспозиция 1997 жылы ашылған Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейінің бөлімі ретінде жұмысын бастап отыр.Аталған қорық-музейдің ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары Мейрамгүл Қайрамбаеваның айтуынша, Хәкім Абай кезінде осы үйді жерлесі әрі шәкірті, Алаш қозғалысына белсене қатысушылардың бірі Әнияр Молдабаевқа сатып алуға көмек берген. Сонымен бірге, Абай өзі Семейге келген сапарларында осы үйге түсетін болған. Әнияр Молдабаевтың үйінде ұлы ақынның балалары мен туыстары, Көкбай Жанатайұлы мен Шәкәрім Құдайбердіұлы, Алаш қайраткерлерінің де жиі болғаны белгілі. Бұл үйде Ахмет Байтұрсынұлы әйелі Бадрисафамен тұрған. Сонымен қатар, ғұлама жазушы Мұхтар Әуезов өзінің мекенжайы ретінде осы үйді құжатта көрсеткен.1944-1967 жылдары бұл ғимаратта Абай музейі орналасты. Кейін балалар кітапханасы жұмыс істеді. Ұлы Абайдың өміріне тікелей қатысты тарихи орын ретінде 1990 жылы ғимарат ұлы ақын музейінің теңгеріміне беріліп, Абайдың 150 жылдық мерейтойы қарсаңында 1992-1995 жылдары аралығында музейдің уақытша экспозициясы қоныс тепті.1997 жылы бұл ғимаратта Тәуелсіз Қазақстанның тарихындағы Алаш тарихына арналған тұңғыш музей «Алаш арыстары - Мұхтар Әуезов» мұражайы ашылып, халыққа қызмет көрсетіп келеді», - дейді Мейрамгүл Қайрамбаева.Музей экспозициясы кеңейіп, ғимараттың бұрын бос тұрған бірінші қабатында ХХ ғасырдың басындағы үй интерьері жасалды. Екінші қабаттағы экспозиция арнайы тапсырыспен жасалған Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынұлы, М.Дулатов, Ш.Құдайбердіұлы, М.Әуезовтің мүсіндерімен толықтырылды. Әйгілі балауыз фигуралар сияқты бұл мүсіндерді жасауда суретшілер заманға сай материалдар - керамопласт және шыныталшық қолданды», - дейді ол.
1997 жылы қазақ әдебиетінің классигі М.Әуезовтің 100 жылдығы ЮНЕСКО шеңберінде аталып өтті. Мерейтойға орай Абайдың мемлекеттік қорық-музейінің қызметкерлері заңғар жазушымыздың өмірі мен шығармашылығын, қоғамдық қызметін зерттей отырып, Әнияр Молдабаев үйінде «Алаш арыстары-М.Әуезов» атты мұражай ашуды жоспарлады. Мұражай экспозициясында М.Әуезов өмірінің Семей дәуіріндегі кезеңін, Алаш қозғалысымен байланысын, Алаш зиялыларымен қарым-қатынасын көрсетуді мақсат етілді. Алаш арыстарының қоғамдық қызметі, Алашорда үкіметінің қызметі енді ғана зерттеле басталған жаңа тақырып болатын. Баспа бетінде жарық көрген материалдар мен фотосуреттер, Алаш тұлғаларының сол кезде шыға бастаған басылымдары мен архивтерден алынған деректерді жинау қолға алынды. Сонымен, 1997 жылдың қыркүйек айында Абай қорық-музейінің бір бөлімі болып ашылған «Алаш арыстары-М.Әуезов» мұражайы өз көрермендерін қабылдай бастады. Бұл еліміздегі Алашқа арналған тұңғыш музей болатын. Биыл мұражайдың ашылғанына 25 жыл толады. Осы жылдар бойы мұражай бала Мұхтардың оқуы мен алған білімі туралы; жас қаламгердің алғашқы шығармалары мен пьесаларының Семей театрлары мен клубтардағы қойылымын, 20-22 жастағы жігіт Мұхтардың тарихи кезеңдегі қоғамдық қызметін жан-жақты көрсете келе, Алаш қозғалысы, Алашорда үкіметімен байланыстыра насихаттап, жас ұрпаққа қазақ тарихының қилы кезеңдерін көрсетуде өз үлесін қосып келді.
Техникалық жағдайы:жақсы
Қорғау категориясы:тарихи архитектура категориясы бойынша Қазақстан Республикасының қорғауында.
Ескерткіш жайлы жазылған әдебиеттер тізімі:
Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9
↑ Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8
Ескерткіш сипаттамасы:
Маршруты:Семей қаласы,Бөгенбай батыр 132
Достарыңызбен бөлісу: |