XX ғасырдың бас кезіндегі қазақ әдебиетіндегі ірі тұлғалардың бірі - Міржақып Дулатов. М. Дулатов бастапқыда ауыл мектебінде, соңынан білімін орыс мектебінде жалғастырды, өздігінен білім алды. Қажырлы еңбегінің арқасында ол орыс тілін кемеліне келтіре меңгерді, орыс және шетел жазушыларының шығармашылығын зерттеді. М. Дулатов ақын әрі жазушы, өлең жинақтары мен бірінші қазақ романы - «Бақытсыз Жамалдың» авторы ретінде көпке танылды. Роман орыс сыншылары мен қазақ қоғамы тарапынан жоғары бағаланды. М. Дулатов А. Пушкин, М. Лермонтов, И. Крылов, Ф. Шиллердің шығармаларын қазақ тіліне аударды. Ол қазақ әдеби тілінің тынымсыз жаңашылы әрі реформаторы болды, өз шығармаларында жаңа сөздер мен түсініктер енгізді.
XX ғасырдың бас кезінде талантты қазақ жазушысы әрі драматургі Жүсіпбек Аймауытовтың шығармашылық жолы басталды. Ол ауыл мектебін бітіріп, білімін орыс-қазақ мектебінде жалғастырды, 1914 жылы Семейдегі мұғалімдер семинариясына түсті. Оның негізгі шығармалары кеңестік уақытта жазылды. Дегенмен Ж. Аймауытов 1917 жылдың өзінде «Абай» журналының жұмысына да араласты.
Мағжан Жүмабаевтың шығармашылығы қазақ поэзиясында ерекше орын алады. М. Жұмабаев казак ағартушылык ойының неғұрлым белсенді әрі жарқын идеологтарыньщ бірі болды. Ол 1925 жылға дейін Кеңес өкіметіне карсы болып, ұлттык рухты оятуға, бостандыққа үмтылуға бағытталған шығармалар жазды. Мағжан өлең жазуды 14 жасынан бастады, оның шығармалары қазақ жөне татар тілінде шығатын барлық газеттер мен журналдарда жарияланып тұрды. 1912 жылы Қазанда оның өлеңдерінің «Шолпан» атты жинағы шықты. М. Жумабаев - еуропалық мәдениет биігіне жеткен талантты ақын. Қазақ өлең өнеріндегі жаңа поэзиялык формаларды енгізу оньщ есімімен тікелей байланысты. Ңазақ, араб, парсы, түрік тілдерін, басқа да түркі халықтарының тілдерін терең меңгерген ол бозбала кезінен бастап-ақ Абай мен Махамбет поэзиясының мектебінен өтіп, өзінің ақындық өнерін дамытуда кол жеткен табыстарымен тоқталып қалған жоқ. Сталиндік баскарудың каһарына мінген жылдары оның шығармашылығына тыйым салынды. М. Жүмабаев түтқын- далып, алдымен Беломорканал, соңынан Соловкидегі лагерьге жіберілді. 1938 жылы ату жазасына бүйырылды.
Достарыңызбен бөлісу: |