Ермекбаева акбопе тонтаевна



жүктеу 7,74 Mb.
Pdf просмотр
бет38/51
Дата09.11.2018
өлшемі7,74 Mb.
#18771
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   51

84 
 
біздің планетамыздағы Ophidia рөлін және адам өміріндегі маңызын түсіндіруді 
белгіледік. Осы мақсатта: 
1. Ophidia биологиясы және экологиясы саласында теориялық білімдер мен 
практикалық іскерліктер жүйесін қалыптастыруды;  
2. Студенттердің зерттеушілік іскерліктерінің дамуына, жүйелік ойлаудың 
дамуына,  өзіндік  ойлауды  және  шешім  қабылдауды,  шығармашылық 
қабілеттіліктердің дамуына жағдай жасау;  
3. Студенттердің экологиялық білім алуына, жалпы адами құндылықтарға, 
жыландардың адам өміріндегі және адамның жыландардың ары қарай тіршілік 
етуіндегі рөлін ұғынуға бағыттау.  
Білім алушылардың дайындығы деңгейіне қойылатын талаптар: 
-  білім алушылардың ғылыми зерттеуді жүргізу әдістерін меңгеруі;  
- зерттеу  кезеңдерін талдауы;  
-  түрлі  ақпарат  көздерімен  жұмыс  жасау,    ғылыми  жоба  жұмысын 
жоспарлау,  орындау,  орындаған жобаны  қорғауы;  
- реферат, эссе жазу деңгейлері; 
-  білім  алушылардың  тестілеуге  арналған  сұрақтар  мен  тапсырмаларды 
құра білуі, сауалнама құруы; 
-  болашақ  педагогикалық  іс-әрекетте  білімді  практикада  қолдану 
біліктіліктері.  
Нәтижеде    таңдау  пәндерін  оқытудың  әдістемесі  ретінде  студенттерге  
өлкелік  компонентті  оқытуға  арналған  оқу  құралын    білім    берудің  әдіс-
тәсілдері  ретінде  жүйелі  түрде  қолдандық.  Бұл  білім  алушылардың 
Қазақстанның Ophidia бойынша алған теориялық білімдерін практикада зерттеу 
кезінде  жинақтаған  материалдарын  қолдана  отырып  оқыту  арқылы    олардың 
кәсіптік  іскерліктерін  дамытуға  және  оның  нәтижесін  анықтауға  мүмкіндік 
берді.   
Пән бойынша студенттердің өзіндік жұмыстарының мазмұны: 
1. 
Зерттеушілік  іс-әрекеттерді  дамыту  мақсатымен  тақырыптар 
бойынша ұсынылған әдебиеттермен, сөздіктермен, энциклопедиямен, интернет 
көздерімен жұмыс жасау. 
2.  «Ежелгі  бауырымен  жорғалаушылар,  жыландардың  шығу  тегі» 
тақырыбы бойынша конспект құрастыру (ұсынылған әдебиеттер, сөздіктермен, 
интернеттегі ізденіс көздерін пайдалану негізінде). 
3.  Оқу-зерттеушілік  жобалар  бойынша  жоба  тақырыбын  орындау. 
Зерттеушілік  іскерліктерді  сипаттайтын  ұғымдардың  қысқаша  аңдатпа 
каталогын құру. 
4. 
«Қазақстан 
жыландарының 
биологиялық 
және 
экологиялық 
ерекшеліктері»  атты  тақырыпта  терминологиялық  сөздік  (тезаурус)  құру. 
Ғылыми  жұмыстың  үзіндісімен  жұмыс  жасау:  түсіндіру,  мәтін  мазмұнын 
интерпретациялау, ұғынумен байланысты сұрақтарды дайындау. 
5.  Тірі  табиғат  мүйісінде,  зообақтардың  террариумдарында  жыландарды 
орналастыру  мақсатында  «Жыландар  сенің  үйінде»  тақырыбы  бойынша  
зерттеушілік іскерліктерін дамыту моделін жобалау. 


85 
 
6.  «Жыландардың  пайдалы  қасиеттерін  анықтау»  тақырыбы  бойынша 
зерттеу мәселесін анықтау әдістемесі.    
7.  Студенттердің  экологиялық  зерттеудің  тақырыбын  таңдауы.  Аталған 
зерттеу ұйымдастыру бойынша  әдістемелік нұсқау дайындау. 
8.  Биология  сабақтарында  және  сыныптан  тыс  жұмыстарда    зерттеушілік 
іскерлікті дамыту әдістемесі. 
9. «Оқушылардың зерттеушілік іс-әрекеттерін ұйымдастыру»  тақырыбына 
эссе жазу. 
10. 
«Оқушылардың 
ғылыми-зерттеушілік 
қызметін 
(ОҒЗҚ) 
ұйымдастырудың әдістемелік жүйесі» моделін құрастыру. 
Студенттердің  ғылыми-зерттеу  жұмыстарын  ұйымдастыру  және  дамыту– 
болашақ  мамандармен    жүргізілетін  шығармашылық  жұмыстардың  бірі. 
Болашақ 
мамандарды 
 
зерттеушілік 
жұмыстарға 
баулу 
олардың 
интеллектуалды  және  шығармашылық  қабілеттіліктерін  дамытуға  мүмкіндік 
береді.  
Студенттердің 
ғылыми-зерттеу 
жұмыстарына 
қатынасу 
бірнеше 
мақсаттарды  іске  асырады.  Біріншіден,  өз-өзіне  сенімі  артады;  екіншіден, 
меңгерілетін  білімнің  ғылымилығы  қамтамасыз  етіледі;    үшіншіден,    зерттеу 
әдістерін меңгереді; өз жұмысының нәтижелерін дұрыс қорыта білуге үйренеді; 
төртіншіден, берілген уақытты тиімді жұмсауға, өз жұмысының мәнін талдауға 
үйретеді.  
Студенттер  белгілі    тақырып    бойынша  рефераттық  жұмыс  орындауда 
және эссе жазуға төселіп, әдебиет көздерімен жұмыс жасауға үйренеді.   
Осындай  зерттеушілік  жұмыстар  кезінде  болашақ  педагог  келешекте 
мектеп 
қабырғасында 
оқушылардың 
ғылыми-зерттеу 
жұмыстарын  
ұйымдастыруға  дайындалады.  Мұғалім  ғана  білім  алушылардың  ойлау 
қабілетінің  ғылыми  стилін  және  оқушылар  арасында  биологияны  оқытудың 
танымалдылығын  практикалық  бағыттылығы  бар  ғылыми-зерттеу  жұмыстар 
арқылы қалыптастырады. 
Студенттер –  болашақ биология мұғалімі ретінде, оқушылардың ғылыми 
зерттеушілік іс - әрекетіне, түрлі  шығармашылық тапсырмаларды орындауына 
басшылық  ету  деңгейіне  көтеріледі.        Әдістемелік  дайындықтың  негізінде 
студенттер оқушылардың ғылыми зерттеу әрекетін ұйымдастыру арқылы  білім 
алушыларда  тек  танымдық  қызығушылықтарды  дамытып  қана  қоймай, 
олардың    өзіндік  жұмыстарын,    оқу  еңбек  мәдениетін,  сондай-ақ,  түрлі 
жағдайларда  практика  мен  күнделікті  өмірде  білім  мен  дағдыны  жүйелеуді, 
жалпылауды және қолдана білуді игеруін ұйымдастыра біледі.  
Студенттер  шығармашылық  зерттеу  жұмыстарының  бес  түрін  орындауға 
үйренеді:  
Реферативті  –  таңдалған  тақырып  бойынша  ақпараттарды  жинақтау  мен 
оларды көрсету негізінен құралған жұмыстар енеді. Реферативті жұмыстардың 
мәні  –  таңдалған  мәселені  айтарлықтай  толыққанды  сипаттайтын  алғашқы 
көздерден  материалды  таңдау.  Рефераттың  ерекшелігі  оның  құрамындағы 


жүктеу 7,74 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   51




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау