9
З.Абасов, А.Азанбекова, Л.Ш.Арипбаева, С.А.Меркиндерді атай аламыз [14-
32].
Сол сияқты жаратылыстанудан білім алушыларды педагогикалық
тұрғыдан дайындау, болашақ маманның тұлғалық құндылықтары мен маңызды
қарым-қатынастық қасиеттерін қалыптастырды, олардың білімге деген
белсенділігін көтеруде өлкелік материалды пайдаланудың тиімділігін
көрсететін еңбектер қатарына: А.Е.Әбілқасымова, Т.С.Садықов, Қ.А.
Аймағамбетова, Ж.Б. Чилдибаев, Н.Торманов, Қ.Қайым, А.П.Сейтешов,
Г.А.Уманов, Ш.Т.Таубаева, Н.Д.Хмель, З.А.Исаева,
В.П.Беспалько, К.Жүнісова,
Р.Әлімқұлова,
Қ.Ә.Жұмағұлова,
С.Е.Қуанышева,
Ж.Т.Абдурасулова,
М.Б.Аманбаеваның ғылыми-әдістемелік жұмыстары жатады [33-54].
Өлкелік материалдарды білім беру үрдісінде пайдалануда және осы
тұрғыдан зерттеу жұмыстарын жүргізуде Қазақстандық белгілі географ
ғалымдарымыз
Ә.С.Бейсенованың,
К.Д.Каймулдинованың
ғылыми
еңбектерінен көруімізге болады. Ә.С.Бейсенованың еңбектерінде Қазақстанның
географиясы мен экологиясын оқытуда жүргізілетін ғылыми-зерттеу
жұмыстарын сараласа, К.Д.Каймулдинованың еңбегінде елтану, өлкетану
материалдарының білімдік маңызы ашылған. Бұл еңбектердің құндылығын біз
өз зерттеуімізге басшылыққа алдық [55-59].
Ал, орта және жоғары мектеп жүйесінде өлкетану материалдарын
пайдаланудың
тиімділігі
белгілі
әдіскер-ғалымдар:
Н.Д.Андреева,
В.П.Соломин, И.Ю.Азизова, С.С.Рябованың еңбектерінде кездеседі [60-64].
Оқытудың негізгі формасы – сабақ болғандықтан, оның басты міндеті
ғылыми-теориялық ұғымды жергілікті материалдармен байытып отыру арқылы
болашақ мамандардың зерттеу және оның нәтижелерін сабақта пайдалану
шеберліктерін дамыту болып табылады. Өлкелік компонентті пайдалану үшін
өлкетану жұмыстары ұйымдастырылатыны сөзсіз. Ал өлкетану жұмыстарының
түрі көп.
Өлкетану түрлері - танымдық, тарихи, ғылыми т.б. болып бөлінетінін
білеміз. Солардың ішінде біздің өлкелік компонент ретінде қарастыратын
жұмысымыздың түрі - ғылыми өлкетануға жатады. Себебі, біз жергілікті
материалдарды қоршаған ортаға оның табиғи жағдайына байланысты зерттеуді
мақсат етіп қоямыз.
Осы тұрғыдан қарағанда, біз өлкелік компонент ретінде Қазақстан
жыландарының биоэкологиялық жағдайын ендіруді көздедік. Себебі, жыландар
Қазақстанның барлық аймағында кездесе отырып, әр аймақтың табиғи
жағдайына байланысты олардың дене құрылысы (ұзындығы, түрі, қозғалу
икемдігі т.б.), тіршілік әрекеті (қоректенуі, жемін ұстауы т.б.), табиғи ортаға
пайдасы мен зияны т.б. өзгеріп тұрады. Бұл зерттеу барысында тіршіліктің өзін
қоршаған ортаға бейімділігін және соған қарай икемделуін көрсетеді.
Осы икемділіктерді зерттей алған болашақ педагогтар өлкелік материалды
зерттеудің әдіс-тәсілдерін меңгерумен қатар дүниенің біртұтастығына көздері
жетіп, кейін оқушыларға білім беруде осы біліктерін жүзеге асыруға
дайындалады.
10
Қазіргі заманғы білім берудің жарқын белгісінің бірі – жастарды оқыту
мен тәрбиелеуде өлкелік компонентті ендірудің рөлін арттыруға ұмтылысы.
Білім беру ортасының өңірлік ерекшелігі ауыл, аудан, қалада тиімді тәрбие
беру кеңістігін қалыптастыруға мүмкіндік беру. Аймақтың тарихы, мәдениеті
мен қазіргі жай-күйі күшті білім және тәрбие беру әлеуетін қамтиды.
Қазақстан жыландарының өлкелік биологиясы мен экологиясын зерттей
отырып студенттер оларды қоршаған ортаға өз көзқарастарын білдіруге,
адамның аяусыздыққа толы әрекетін сынай келе, оның ресурстарға деген
тұтынушылық тәсілін өзгертуге әсер етеді. Өлкелік компоненттер элементтерін
шебер пайдалана келе, оқытуға тұлғалық мән-мағына беріп, бұл үдерістің үш
тұғырлы міндеттерін: оқыту, тәрбиелеу және дамытудың тиімді шешімін табуға
болады.
Біздің зерттеу тақырыбымызды анықтау бірнеше қарама-қайшылықтар
негізінде туындады:
- өлкелік материалды білім беруде қолданудың тиімділігін атап өтетін
еңбектер болғанмен, нақты жыландарды өлкелік компонент ретінде қолдануға
арналған еңбектердің жоқтығы;
- Қазақстан жыландарын өлкелік компонент ретінде аймақтық жағдайда
зерттеудің қолайлылығы;
- Қазақстан жыландарын өлкелік компонент ретінде пайдаланудың
әдістемесінің жоқтығы;
- болашақ биолог мамандарды өлкелік компоненті пайдалануға дайындау
әдістемесінің жеткіліксіздігі.
Осы аталған жағдайлар біздің зерттеу тақырыбымыздың «Педагогикалық
жоғары оқу орындарында биолог-бакалаврларды пәндік және әдістемелік
дайындау мазмұны құрылымындағы өлкелік компонент» деп алуымызға негіз
болды.
Зерттеу нысаны: педагогикалық жоғары оқу орындарында биолог-
мамандарды даярлау үдерісі.
Зерттеу пәні: педагогикалық жоғары оқу орындарында биолог- мамандар
даярлаудың мазмұндық компоненті ретінде Қазақстан жыландарының
биоэкологиясы туралы білім беру.
Зерттеу мақсаты: ЖОО-да студенттерді пәндік дайындауда биологиялық
пәндердің мазмұнын байыту үшін Қазақстан аймағында мекендейтін
жыландардың биоэкологиялық ерекшеліктерін анықтау және оны білім беру
үдерісіне ендіру.
Зерттеу міндеттері:
1. Педагогикалық жоғары оқу орындарында биолог мамандарды
дайындауда өлкелік компонентті пайдаланудың теориялық негіздерін саралау.
2. Жоғары оқу орындарында биологияны оқытуда өлкелік компонент
ретінде Қазақстан жыландарының биоэкологиялық ерекшеліктерін зерттеу
және оны білім беру жүйесіне ендірудің мүмкіндіктерін айқындау.
3. Педагогикалық жоғары оқу орындарында биолог мамандарды
дайындауда өлкелік компонентті пайдаланудың әдістемесін ұсыну.
Достарыңызбен бөлісу: |