А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті
Өңдеу технологиясы және стандарттау кафедрасы
Еріш Нұрбол Амантайұлы
ПРОЦЕСТЕР МЕН АППАРАТТАР
пәні бойынша курстық жұмысты (жобаны) орындау бойынша
әдістемелік нұсқау
5В072700 – Азық-түлік өнімдерінің технологиясы мамандығының студенттеріне арналған
Қостанай, 2012
ББК -36-1
Е77
Құрастырушы:
Өңдеу технологиясы және стандарттау кафедрасының аға оқытушысы Еріш Нұрбол Амантайұлы.
Рецензенттер:
Өндеу технологиясы мен стандарттау құжырасының аға оқытушысы Байканов М.Ж
М.Дулатов атындағы ҚИПУ техникалық сервис кафедрасының доценті, т.ғ.к. Хасенов У.Б.
Еріш Н.А. Е 77 Курстық жұмысты (жобаны) орындау бойынша әдістемелік нұсқау. – Қостанай: А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ, 2012., 19 б.
Әдістемелік нұсқау 5В072700 – Азық-түлік өнімдерінің технологиясы мамандығының күндізгі оқу түріндегі студенттердің курстық жұмысты орындау үшін арналған.
ББК- 36-1
А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің Аграрлық-биологиялық факультетінің Әдістемелік кеңесімен бекітілген. ____201_ж. № __. хаттама
© Ахмет Байтұрсынов атындағы
Қостанай мемлекеттік университеті
Мазмұны
Кіріспе ..............................................................................................................
|
4
|
1 Жалпы ережелер ..........................................................................................
|
5
|
2 Курстық жұмыстың (жобаның) тақырыбына қойылатын талаптар........
|
5
|
3 Курстық жұмыстың мазмұны мен құрылымы ..........................................
|
5
|
4 Курстық жұмысты (жобаны) рәсімдеу тәртібі ..........................................
|
7
|
5 Курстық жұмысты (жобаны) қорғау тәртібі..............................................
|
10
|
Қосымша 1 Курстық жұмыстың (жобаның) титул бетін рәсімдеу үлгісі
|
12
|
Қосымша 2 Курстық жұмысқа (жобаға) тапсырманы рәсімдеу үлгісі ......
|
13
|
Қосымша 3 Курстық жұмыстың (жобаның) мазмұнын рәсімдеу үлгісі ...
|
14
|
Қосымша 4 Жұмыстың (жобаның) пайдаланылған әдебиеттер тізімін рәсімдеу үлгісі .................................................................................................
|
15
|
Қосымша 5 Курстық жұмысқа (жобаға) сын-пікірді рәсімдеу үлгісі ........
|
16
|
КІРІСПЕ
«Тамақ өңдірісінің процестері мен аппараттары» жалпы инженерлік пәндерден арнайы мамандыққа өту болып табылады. Мұнда өте маңызды практикалық есептеулер мен тамақ өңдірісінің аппараттарын жобалауда жалпы инженерлік пәндерден алынған білім қоры қолданылады.
Курстың ерекшелігі оның кешенді сипатында жатыр, бұл курста процестер әртүрлі қырынан зерттеледі: физика-химиялық, жылулық, гидромеханикалық және т.б. Ал қыздыру, салқындату, кепіру, экстракция және т.б. процестері әртүрлі өңдіріс салалары үшін ортақ сипат алатынын айту қажет.
Бұл процестер жаңа процестер мен аппараттарды есептеудің жалпы үлгісін жасауға қажетті ғылыми негізде қарастырлады. Бұлай қорытындылау келешек мамандардың инженерлік-техникалық ой-өрісін едәуір кеңітеді және оларды арнайы курстарды оқуға дайындап қана қоймай өзіндік техникалық ойлау машығын қалыптастырады. Бұл жағдайда процестер мен аппараттарды зерттеудің қазіргі әдістерін меңгеру, физикалық және математикалық модельдеу және стационарлы емес пен қайтымсыз технологиялық процестерді кинетикалық әдіспен есептеуді меңгерудің маңызы зор.
Тамақ өнімдерін жаңа физикалық әдіспен өңдеуге, процестер мен аппараттарды оңтайландыру мәселелеріне және олардың тиімділігін арттыруға айрықша көңіл бөлінеді.
Бұл бағдарлама осы пәнді оқуға арналған максималды сағат санына есептелінген және оған енгізілген сұрақтардың тізімі әртүрлі мамандықтарға арналған оқу жоспарының көлемінен үлкен.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. МИ КГУ 013-2009 Требование к выполнению, оформлению и защите рефератов, курсовых и дипломных работ т проектов.
2. Ахбердиев Ә. Тамақ өңдірісінің процестері және аппараттары. – Алматы: Республикалық баспа кабинеті, 1998. – 207 б.
3. Кавецкий Г.Д., Касьяненко В.П. Процесы и аппараты пищевой технологии. 3-е изд., перераб. и доп. – М.: КолосС, 2008. – 591 с.
4. Пилипенко Н.И. Процессы и аппараты. – М.: Издательский центр «Академия», 2008. – 336 с.
5. Плаксин Ю.М., Малахов Н.Н., Ларин В.А. Процессы и аппараты пищевых произволств. – 2-е изд. перераб. и доп. – М.: КолосС, 2008. – 760 с.
1 Жалпы ережелер
Курстық жұмыс (жоба) оқу үрдісінің ең маңызды түрлерінің бірі болып табылады және пән бағдарламыс бойынша жеткешісі ұсынған немесе өзбетімен таңдаған тақырыбы бойынша студенттің ғылыми зертеу жұмысын көрсетеді.
Курстық жұмысты (жобаны) орындаудың мақсаты:
1) пән бойынша теориялық білімі мен практикалық дағдысын жүйелеуге, бекіту мен кеңейтуге және нақты ғылыми, техникалық, экономикалық, өндірістік, сонымен қатар мәдени мақсаттарды шешуге;
2) ғылыми зерттеу әдісін меңгеру және өз бетінше жұмыс жүргізе алу мен мәселелерді шешу кезіндегі эксперимент жүргізу дағдыларын дамыту;
3) студенттің қазіргі заманғы өндіріс, ғылым, техника, мәдениет және кәсіби құзырлылық жағдайындағы өзбетілік жұмысқа дайындығын анықтау;
Курстық жұмыс (жоба) ие болуы қажет:
- мақсатты бағытқа;
- анық құрылымға;
- материалды мазмұндауда логикалық бірізділікке;
- мәселелерді толық айықндау және терең зерттеуге;
- дәлелді аргументке;
- тұжырымдаудың қысқалығы және нақтылығы;
- жұмыс нәтижелерін нақты мазмұндауға.
2 Курстық жұмыстың (жобаның) тақырыбына қойылатын талаптар
Курстық жұмыстың (жобаның) тақырыптары қазіргі жағдай мен болашақтағы ғылымның, техника мен мәдениеттің дамуына сай болуы қажет. Курстық жұмыстың (жобаның) жұмыстарының тақырыптарын анықтағанда, өндіріс, ғылым және мәдениеттің мәселелері мен шынайы міндеттерін есепке алу ұсынылады.
Курстық жұмыстың тақырыбы ғылыми жетекші кафедра жиналысында бектіліде.
Курстық жұмыс ғылыми жетекшінің жетекшілігімен орындалады және мына келесі талаптарға жауап беруі тиіс:
- ғалымдармен, аналитиктермен, практиктермен, атап айтқанда, инженерлермен, конструкторлармен, менеджерлермен, экономистермен бірге өткізілген зерттеулер мен жобалар шешімдерінің қорытындылануы;
- зерттелген обьектілер бойынша ғылыми негізделген теориялық тұжырымдардың болуы;
- нақты мәселелерді шешуді қамтамасыз ететін ғылыми негізделген нәтижелердің болуы;
3 Курстық жұмыстың мазмұны мен құрылымы
Курстық жұмыстың (жобаның) құрылымдық элементтеріне мыналар жатады:
- титул беті;
- курстық жұмыстың (жобаның) орындалуына тапсырма;
- мазмұны;
- кіріспе;
- негізгі бөлім;
- қорытынды (тұжырым);
- пайдаланылған әдебиеттер тізімі;
- қосымшалар.
Титул беті диплом жұмысының бірінші беті құжатты қажетті жағдайда өңдеу және іздестіру үшін қажет болып табылатын ақпарат дерек көзі ретінде қызмет етеді (қосымша1).
Титул бетіне келесі мағлұматтар келтіріледі:
- курстық жұмыс (жоба) орындалған, ұйымның атауы,
- курстық жұмыс (жоба) орындалған, кафедра атауы,
- жұмыстың түрі - курстық жұмыс (жоба),
- «тақырыбына» деген сөздің көрсетілуімен, диплом жұмысының (жобаның) тақырыбының, атауы,
- мамандықтың атауы және коды,
- сол жағында «орындаған», қарама-қарсы оң жағынан студенттің тегі және аты жөні,
- бір жол төмен «ғылыми жетекшінің ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы» және тегі мен аты жөні,
- қала және жыл көрсетіледі,
Курстық жұмыстың (жобаның) мазмұны кіріспе бөлімін, реттік нөмірлер және барлық тараулардың атауларын, тараушаларды, қорытындыны, пайдаланылған әдебиеттер тізімін, беттердің нөмірлері көрсетілген қосымшаларын қамтиды.
Кіріспе бөлім курстық жұмыстың (жобаның) өзекті мәселелерін, ғылыми жаңашылдығын және практикалық маңыздылығын, қазіргі ғылыми мәселелерді шешу, ахуалын бағалаудан, сонымен қатар жұмыстың мақсаты, міндеттерін зерттелу обьектісін теориялық және әдіснамалық негіздерін құрайды.
Курстық жұмыстың (жобаның) негізгі бөлігінде, орындалған жұмыстың зерттеулердің мәнін, мазмұнын, әдістемесі мен курстық жұмыстың негізгі қорытындыларын білдіретін мәліметтер келтіріледі. Курстық жұмыстың (жобаның) негізгі бөлігі ережеге сай, бөлім және бөлімшелерге бөлінеді.
Қорытынды бөлім (тұжырым) курстық жұмыс зерттеулер қорытындыларының қысқаша тұжырымынан, қойылған міндеттердің толық шешілуін бағалаудан, зерттелінген обьекті бойынша нақты ұсыныстардан тұруы қажет. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ғылыми жұмыстарға қойылған талаптарға сәйкес рәсімделеді.
Қосымшаға жұмыстың зерттелуі мен орындалуына байланысты, негізгі бөлімде қамтылмаған материалдар кіргізіледі. Курстық жұмыстағы (жобаға) қабылданған шешімнің және барлық деректердің обьективтілігі мен дәлдігі туралы жауапкершілікті студент-курстық жұмыстың (жоба) авторы - өз мойнына алады.
4 Курстық жұмысты (жобаны) рәсімдеу тәртібі
Курстық жұмыс (жоба) компьютер арқылы А4 форматты ақ қағаздың бір жақ бетіне бір интервал (аралық) сақтай отырып орындалады. Шрифт-қалыпты, кегль 14.
Курстық жұмыстың (жобаның) мәтіні жан-жағынан қалдырылатын ашық орындардың (поля) мына мөлшерлерін сақтай отырып басылуы тиіс: сол жағынан - 30 мм, жоғары жағынан - 20 мм, оң жағынан - 10 мм және төменгі жағынан - 25 мм.
Айқындалып назар аударылатын терминдерге, формулаларға, теоремаларға, компьютерлік жағдайлардағы түрлі гарнитурлы шрифтарды пайдалануға рұқсат беріледі.
Курстық жұмыстың (жобаның) орындау тәсіліне қарамастан басылған мәтіннің сапасы мен иллюстрациялардың, кестелердің ресімделу ЭЕМ - дан басып шығарылған кездегі айқындығы талапты қанағаттандыруы тиіс.
Курстық жұмысты (жобаны) әзірлеу барысында көрінген қателер және графикалық дәлсіздіктерді, тазартқышпен немесе ақ бояумен бояу арқылы түзетуге және сол жерге машинамен басылған әдіспен немесе қара сиямен не қара тушпен - қолжазба түрінде түзетуге рұқсат беріледі.
Курстық жұмыстағы (жобадағы) тегі, мекеменің, ұйымның, фирманың аттары, өнімнің аталуы және басқа жалқы есімдер атаулары түпнұсқа тіліне келтіріледі.
Курстық жұмыстың (жобаның) құрылымдық элементтерінің атаулары «Мазмұны», , «Кіріспе», «Негізгі бөлім» «Қорытынды», «Пайдаланылған әдебиеттер тізімі», құрылымдық элементтерінің басында жазылуы тиіс.
Курстық жұмысты (жобаны) бөлімге және бөлімшелерге бөлу қажет. Әрбір бөлім және бөлімше аяқталған ақпараттан тұруы қажет.
Бөлімдердің атаулары курстық жұмыстың (жобаның) тақырыбын ашып көрсетуі, ал бөлімшелердің атаулары өзі сәйкес бөлімінің тақырыбын ашып көрсетуі тиіс.
Бөлімдер мен бөлімшелердің атаулары олардың мазмұнын нақты және қысқаша дәріптеуі тиіс.
Бөлімдер мен бөлімшелердің тақырыптарын абзацтан кейін бас әріппен, аяғында нүкте қоймай, астын сызбай басу қажет.
Егер де атаулар екі сөйлемнен тұрса, оларды нүктемен бөледі.
Курстық жұмыстың (жобаның) беттерін араб сандарымен нөмірлеу қажет. Беттің нөмері қағаздың төменгі жағының ортасына нүктесіз қойылады.
Титул беті жалпы беттердің нөмірленуіне қосылады. Титул бетіне нөмір қойылмайды.
Жекелеген беттерге орналастырылған иллюстрациялар және кестелер курстық жұмыстың (жобаның) беттерінің жалпы нөмерлеріне қосылады.
А3 формат парағындағы иллюстрациялар, кестелер бір бет ретінде есептелінеді.
Курстық жұмыстың (жобаның) бөлімдерінің барлық құжаттың өн бойында абзацтан кейін араб сандарымен белгіленіп нүктесіз қойылған реттік нөмірлері болуы қажет.
Бөлімшелер бөлімдер аясында нөмірленуі қажет. Бөлімше нөмірі, нүктемен бөлінген бөлім мен бөлімше нөмірлерінен тұрады. Бөлімше нөмірінен кейін нүкте қойылмайды. Бөлімдер екі немесе бірнеше бөлімшеден тұрады.
Курстық жұмыстың (жобаның) әр бөлім жаңа парақтан (беттен) басталуы қажет. Бір бөлімнің ішіндегі бөлімшелер бір-бірінен мәтіннен екі жол төмен түсіріліп бөлінеді.
Курстық жұмыстың (жобаның) беттері және қосымшасы, курстық жұмыс (жоба) құрамына кіретін барлық беттерінде нөмірлері болуы қажет.
Курстық жұмыстағы (жобадағы) иллюстрациялар (сызбалар, карталар, кестелер, схемалар, диаграммалар, түсірілген суреттер) бірінші немесе келесі беттерде екендігі ескертілген мәтіннен кейін орналасуы керек. Иллюстрациялар компьютермен де түрлі-түсті жолмен де орындалуы мүмкін. Барлық иллюстрацияларға сілтемелер болуы қажет.
Курстық жұмысында (жобада) орналасқан сызбалар, кестелер, диаграммалар, схемалар, иллюстрациялар конструкторлық құжаттардың бірыңғай жүйесі мемлекеттік стандарттың талаптарына сай болуы тиіс.
Қосымшадағы иллюстрациялардан басқа иллюстрациялар араб сандарымен басынан аяғына дейін нөмірленуі тиіс.
Егер сурет біреу болса, онда ол «Сурет 1», «Сурет» сөзі және оның аталуы жолдың ортасынан жазылуы тиіс .
Иллюстрацияларды бөлімдер шеңберінде (ішінде) нөмірлеуге болады. Мұндай жағдайда иллюстрациялар нөмірі нүктемен бөлінген бөлімнің нөмірі мен иллюстрацияның реттік нөмірінен тұрады. Мысалы: Сурет 1.1.
Иллюстрациялардың қажет болған жағдайда, атаулары мен қоса түсіндіретін мәліметтері болуы мүмкін сурет астындағы мәтін. Бұл жағдайда былай жазылады: Сурет 1. Банк жүйесінің құрылымы.
Иллюстрацияға сілтеме жасау барысында нөмірлеуде «2 суретке сәйкес» деп жазу қажет, басынан аяғына дейін ал бөлім бойынша нөмірлеуде «1.2 суретіне сәйкес» болуы тиіс.
Кестелер көрнекілік ретінде және көрсеткіштерді салыстыру мақсатында қолданылады. Кестелердің атаулары оның мазмұнын ашу керек. Дәл, қысқаша болуы тиіс. Кестелердің атауын кестеден жоғары, жолдың енінен абзацтан кейінгі «кесте 1» сөзінен соң келесі жолға орналастыру керек.
Кестені өзі ескертілген мәтіннен кейін орналастыру қарастырылады.
Барлық кестелерге курстық жұмысында (жобада) сілтемелер болуы тиіс. Сілтеме қоюда «кесте» деп нөмірлері көрсетіліп жазылуы қажет.
Көп жол мөлшердегі кестені келесі параққа (бетке) көшіруге болады. Кесте бөлігін келесі параққа (бетке) көшіру барысында «Кесте» сөзі және нөмірі бір рет кестенің бірінші бөлігінің сол жағына, ал келесі бөлігінде «Жалғасы» сөзі жазылады, және кесте нөмірі көрсетіледі, мысалы: «1 кестенің жалғасы». Кестелерді келесі параққа (бетке) көшіру барысында тақырыбы тек қана бірінші бөлігінің үстіне орналастырады. Кестенің бөлігін көшіруде кестені шектейтін төменгі көлбеу сызық сызылмайды.
Көп мөлшерлі графалы кесте қосымшаға енгізіледі.
Егер де кестенің әр түрлі жолдарындағы қайталанатын (графаларда) мәтін бір сөзден тұрса, онда ол бірінші жазылғаннан соң, тырнақшамен ауыстырылады; егер екі немесе көп сөзден тұрса, онда бірінші қайталанғаннан соң, оны «ол да солай» сөзімен ауыстырады, әрі қарай - тырнақшалармен. Қайталанып тұрған сандардың, маркалардың, белгілердің, математикалық және химиялық символдардың орнына тырнақшалар қоюға болмайды. Егер әріптік және былайғы мәліметтер қандай да кесте жолдарында келтірілмесе, онда оған сызықша қойылады.
Қосымшаға шығарылған кестелерден басқа, кестелер арап сандарымен басынан аяғына дейін нөмірленуі тиіс.
Бөлімдер ішіндегі кестелерді нөмірлеуге рұқсат беріледі. Мұндай жағдайда кестелер нөмірі нүктемен бөлінген бөлімнің нөмірінен және кестенің реттік нөмірінен тұрады.
Кесте жолдары және графа атаулары жекеше түрде бас әріппен жазылады, ал графаның тақырыпшалары, егер тақырыпша бір сөйлемнен тұрса, тармақша әріптермен, немесе егер олар дербес мағынаға ие болса, бас әріппен жазылады. Кестенің тақырыбы мен тақырыпшасынан кейін нүкте қойылмайды.
Кестелердің сол жағынан, оң және төменгі жағынан, ережедегідей, сызықпен шектелуі тиіс. Кестелердің шрифт мөлшерін, мәтіндегіден кем алуға рұқсат беріледі.
Графалардың аты, ережедегідей, кесте жолына қатарлас жазылады. Қажет болған жағдайда графалардың атын перпендикуляр орналастыруға рұқсат етіледі. Кестенің басы кестенің қалған бөлігінен жеке сызықпен бөлінуі тиіс.
«Ескерту» сөзі абзацтан бас әріппен жазылуы және сызылмауы тиіс.
Егер мәтін мазмұнына, кесте немесе графикалық материялдарға түсінік не анықтамалық мәліметтер қажет болса, курстық жұмысқа ескерту енгізіледі.
Ескертуді ескерту қатысты мәтіннен, графикалық материалдан кейін немесе кестеге орналастырады. Егер ескерту біреу болса, онда «Ескерту» сөзінен кейін сызықша қойылып, ескерту бас әріппен жазылады. Бір ескерту нөмірленбейді. Бірнеше ескертулер арап сандарымен рет-ретімен нүктесіз нөмірленеді. Кестелер бойынша ескерту кестенің аяқталуын білдіретін соңғы сызықтың үстінен жазылады.
Формулалар және теңдеулер мәтіннен басқа жеке жолға бөліп көрсетіледі. Әрбір формулалар және теңдеулердің жоғары және төменгі жағынан бос, бір жолдан кем емес орын қалдыру қажет. Егер теңдеу бір жолға сыймаса, онда ол теңдеу теңдік таңбаларынан кейін (=) немесе қосу белгісінен кейін (+), алу (-), көбейту (Х), бөлу (:), немесе математикалық белгілерден кейін көшірілуі тиіс және келесі жолдардың басында таңба тағы қайталанады.
Символдар мен сандық коэффиценттердің мағыналарын түсіндіру формулаға сәйкес келтіріліп, формулада берілген бірізділікпен жүргізілу керек.
Курстық жұмыстағы (жобадағы) формулаларды реттік нөмірлермен нөмірлеу барлық жұмыс шегінде дөңес жақшаға алынып, арап сандарымен оң жақ шетте бір жолда қарастырылады.
Мәтіндегі формулалардың реттік нөміріне сілтеме жақшаға алынып жасалады. Мысалы – (1) формулада.
Бөлімше шегінде (ішіндегі) формулаларды нөмірлеуге рұқсат беріледі. Мұндай жағдайда формула нөмірлері нүктемен бөлінген бөлімнің нөмірлері мен формулалардың реттік нөмірінен тұрады, мысалы (3.1).
Пайдаланған дерек көздеріне сілтемелер квадратты (шаршылы) жақшаға алынады.
Дерек көздері туралы мәлімет диплом жұмысының (жобаның) мәтініндегі дерек көздерінің сілтемелерінің жасалу реті бойынша орналасу керек және абзацтан кейін арап сандарымен нүктесіз нөмірленеді.
Қосымшалар осы диплом жұмысының (жобаның) жалғасы ретінде келесі парақтарына рәсімделеді.
Курстық жұмыстың (жобаның) мәтінінде барлық қосымшаларға сілтеме болуы тиіс. Қосымшалар мәтіндегі сілтемелердің ретіне қарай орналасады.
Әрбір қосымша жаңа беттен басталып «Қосымша» сөзі мен атауы беттің жоғарғы жағының ортасында көрсетілуі тиіс.
Қосымшаның аты болуы қажет, ол жеке жолға, мәтінге симметриалы түрде бас әріппен жазылады.
Егер курстық жұмыс (жоба) бір қосымшадан тұрса, онда белгілемей жіберіледі.
Қосымшалардың курстық жұмыстың (жобаның) қалған бөлімдерімен басынан басталатын ортақ нөмірлері болуы тиіс.
5 Курстық жұмысты (жобаны) қорғау тәртібі
Курстық жұмыс оқытушымен (жұмыс жеткшісімен) тексеріледі. Ол жазбаша тұжырымдама (сын-пікір) береді. Онда жұмыстың сапасын сипаттайды, оң және теріс жақтарын көрсетеді және қажет кезде қосымша толықтыруды көрсетеді. Сын-пікір жұмысты қорғауға жіберу туралы қорытындымен аяқталады (Қосымша 5).
Жұмыс (жоба) сын-пікірмен бірге студентке танысу үшін және дұрыстау үшін беріледі. Егер де курстық жұмыс жетекшінің тұжырымы бойынша қанағаттанарлықсыз болып табылса және қайтадан өңдеуге жатса, онда дұрыстағаннан кейін ол міндеті түрде бірінші сын-пікірді көрсетумен қайтадан сын-пікірге беріледі.
Сын-пікірдің сапасы туралы мәселелер кафедра жиналысында қарастырылуы қажет. Талқылауға қойылатын талаптарға жауап бермейтін сын-пікірлермен бірге, тәжірибе алмасу мақсатында сапасы толығымен қанағаттатын сын-пікірлерде ұсынылуы қажет.
Курстық жұмыс кем дегенде екі оқытушыдан құралған комиссиясы алдында қорғалады. Олардың біреуі жетекшісі болып табылады. Комиссия студенттің теориялық білімі мен тәжірибелік машық деңгейін және жұмыстың (жобаның) қойылған талаптарға сәйкестігін анықтайды.
Комиссия құрамы мен курстық жұмысты (жобаны) қорғау графигі 2-інші ішкі семестірлік аттестация басталғанға дейін екі жеті бұрын кафедра меңгерушісімен бекітіледі.
Курстық жұмысты қорғау 2-інші ішкі семестрлік аттестация басталғанға дейін бір жеті бұрын өткізілуі қажет.
Қорғауда студент 7-10 минут ішінде курстық жұмыстың мазмұның қысқаша мазмұндауы және комиссия мүшелерінің сұрақтары мен сын-пікір жазушының ескертулеріне толық жауап беруі қажет.
Курстық жұмыстың соңғы бағасы орындалған жұмыстың сапасы, оны рәсімдеу және ғылыми жетекшінің сын-пікірі негізінде қорғау нәтижесі бойынша қойылады.
Курстық жұмысты (жобаны) тапсырмаған білім лушы аталған пән бойынша емтиханға жіберілмейді.
Курстық жұмысты (жобаның) тақырыптары:
1 Бушыктыру аппаратын есептеу
2 Кептіру процесін есептеу
3 Ректификация процесін есептеу
4 Экстракторларды есептеу
5 Кристализаторларды есептеу
6 Сүзгілерді есептеу
7 Шөктіргіштерді есептеу
8 Центрифуганы есептеу
9 Ферментаторларды есептеу
10 Мембранды аппараттарды есептеу
11 Араластыру процесін есептеу
12 Бөлу процесін есептеу
13 Ұсақтау процесін есептеу
14 Салқындату және мұздату процесін есептеу
15 Абсорбция процесін есептеу
16 Адсорбция процесін есептеу
Қосымша 1
Курстық жұмыстың (жобаның) титул бетін рәсімдеу үлгісі
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті
Өңдеу технологиясы және стандарттау кафедрасы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Кептіру процесін есептеу
Пән Тамақ өңдірісерінің процестері мен аппараттары
мамандығы 5В072700 – Азық-түлік өнімдерінің технологиясы
Орындаған: Мустафина А.А
2 курс студенті
Жетекшісі: Ахметов Б.А., аға оқытушы
___________________
Курстық жұмыс қорғалды
____ _______ 201__ж.
бағасы _____________
Қостанай, 2012
Қосымша 2
Курстық жұмысқа (жобаға) тапсырманы рәсімдеу үлгісі
А. Байтұрсынов Қостанай мемлекеттік университеті
Өңдеу технологиясы және стандарттау кафедрасы
Пән: Тамақ өңдірісінің процестері мен аппараттары
Мамандығы: 5В072700 – Азық-түлік өнімдерінің технологиясы
Оқу бағдарламасы және түрі: Негізгі оқу бағдарламасы, күндізгі оқу түрі
Курс: 2
курстық жұмысты орындауға арналған ТАПСЫРМА
Студент: Мустафина Асем Аскаровна
Тақырыбы: Кептіру процесі
Мақсаты: Кептіру процесінің жүру жылдамдығын, механизмдерін және кептіргіштердің құрылымын талдау негізінде тамақ өнімдерін кептіру процесінің әртүрлі нұсқаларын қарастыру.
Зерттелуге жататын негізгі мәселелер:
1) материалдардың ылғалмен байланысу формалары;
2) кептіргіштердің материалды және жылулық байланысы;
3) кептіру процесінің нұсқалары.
Негізгі әдебиеттер: (қосымшаға сәйкес).
Курстық жұмыстың көлемі: 25 беттен кем емес.
Курстық жұмыстың орындалу барысы туралы жетекшіге баяндау мерзімі:
1) жиналған материал және курстық жұмысты орындау барысы туралы баяндау ___ ________________ 201_ ж. дейін
2) курстық жұмыстың жазылуы туралы баяндау ___ _____201_ж. дейін
Курстық жұмысты тапсыру мерзімі ____ ___________ 201 _ж. дейін
Курстық жұмыстың жетекшісі _________________ Б. Ахметов
___ __________ 201_ж.
Қосымша 3
Курстық жұмыстың (жобаның) мазмұнын рәсімдеу үлгісі
Мазмұны
Кіріспе……………………………………………………………………………......3
1 Негізгі бөлімі .........………………………………………………………………..4
1.1 Кептіру процесі туралы түсінік..............………………………………......6
1.2 Кептіру статикасы ................................................ ...........………………….8
1.3 Материалдардың ылғалмен байланысу формалары ................................11
1.4 Кептіру процесінің жүру жылдамдығы мен механизмдері ...………….14
1.5 Кептіргіштің материалдық және жылулық балансы ...............................17
1.6 Кептіргіштердің құрылымы .......................................................................21
Қорытынды....……………………………………………………………………….24
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.....……………………………………………...25
Қосымша .... ……………………………………………………………………….. 26
Қосымша 4
Жұмыстың (жобаның) пайдаланылған әдебиеттер тізімін рәсімдеу үлгісі
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1 Ахбердиев Ә. Тамақ өңдірісінің процестері және аппараттары. – Алматы: Республикалық баспа кабинеті, 1998. – 207 б.
2 Кавецкий Г.Д., Касьяненко В.П. Процесы и аппараты пищевой технологии. 3-е изд., перераб. и доп. – М.: КолосС, 2008. – 591 с.
3 Пилипенко Н.И. Процессы и аппараты. – М.: Издательский центр «Академия», 2008. – 336 с.
4 Плаксин Ю.М., Малахов Н.Н., Ларин В.А. Процессы и аппараты пищевых произволств. – 2-е изд. перераб. и доп. – М.: КолосС, 2008. – 760 с.
5 Антипов С.Т. Кретов И.Т. Остриков А.Н. и др.; Под. ред. академ. РАСХИ Панфилова В.А. Машины и аппараты пищевых производств. М.: - Высшее школа, 2001. – 703 с.
6 Кавецкий Г.Д., Королев А.В. Процесы и аппараты пищевой технологии – М.: Агропромиздат, 1991. – 432 с
7 Липатов М.Н. Процессы и аппараты пищевых производств. – М.: Экономика , 1987. – 272 с.
8 Стабников В.Н., Попов В.Д., Лисянский В.Н. Процессы и аппараты пищевых производств. – М.: Легкая и пищевая пром., 1985. – 623 с.
9 Стабников В.Н. Проектирование процессов и аппаратов пищевых производств. – Киев: Вища школа, 1982. – 198 с.
10 Нечаев А.П., Шуб И.С., Аношина О.М. и др.; Под. ред. Нечаева А.П. Технологии пищевых производств. – М.: КолосС, 2008. – 768 с.
Қосымша 5
Курстық жұмысқа (жобаға) сын-пікірді рәсімдеу үлгісі
А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті
Кафедра_____________________________________________________________
Мамандығы _________________________________________________________
Оқу бағдарламасы мен түрі ____________________________________________
Курс________________________________________________________________
курстық жұмысқа (жобаға) СЫН-ПІКІР
Студенттің аты-жөні __________________________________________________
Пән ________________________________________________________________
Жұмыстың (жобаның) тақырыбы _______________________________________
Сын-пікір білдірушінің (тегі, аты-жөні)
Сын-пікірші ___________________________ ___________________________
қолы аты, тегі
Жұмыс (жоба) қорғауға жіберілді ___ ___________201 ж.
Достарыңызбен бөлісу: |