CATS Canterbury колледжінің жұмыс істеу әдісінің түсіндірмесі
Сізге көмектесуге арналған директордан және қызметкерлерден біздің ережелеріміз туралы хабар
CATS Canterbury колледжінде студенттерді күту әдісі және біз оларға көмектесу үшін істейтін барлық нәрселер туралы ережелердің толық ауқымы бар. Олар catscollege.com веб-сайтында ағылшын тілінде бар және жыл сайын жаңартылады. Бұл құжат осы ережелер туралы түсінік беруге және кейбір ең маңызды мәліметтерді өз тіліңізде беруге арналған. Толық ақпарат алу үшін колледждің толық ережелерін қараңыз немесе бізден оларды сізге түсіндіруді сұрай аласыз.
Көмектесе алатын адамдар
Әр студенттің бас оқытушысы болады. Студент онымен аптасына бір рет кездеседі. Ол студентке бізде болған кезінде көмектеседі. Қаласа, студент бас оқытушымен күнде кездесе алады, әрі бас оқытушы, колледждің тұрмыс жағдайы және күтіп алу қызметкерлері және бас қызметкерлер әрқашан қол жетімді және көмектесуге дайын. 24 сағаттық жедел телефон желісі бар, бұл желіде әрқашан көмектесуге дайын біреу болады. Оның нөмірі: +44 7876 684206
18 жасқа толмаған барлық студенттер әрқашан жатақханадағы ата-анасы қадағалауы үшін толығымен қадағаланатын үйлерде тұруы керек. 18 жастан асқан студенттерде қадағалайтын жатақханадағы ата-анасы болуы керек, бірақ олар ересектер ретінде қарастырылады және 18 жастан асқандарға арналған жатақханаларда тұрады, жатақханадағы ата-ана оларда барлығы жақсы екенін тексеріп тұрады.
Колледждегі өмір
Студенттерде жатақханаларда және колледжде Wi-Fi желісіне қатынас болады, әрі барлық жатақханаларда анықтама желісінің нөмірі және басқа телефон нөмірлері анық көрсетіледі. Қаласаңыз, ұсақ ақша беріледі, әрі әр студенттің бөлмесінде сейф болады және ол оған жеке кодын орната алады. Біз студенттерге оның ішіндегі заттарға сақтандыру полисін сатып алуды ұсынамыз, өйткені біз колледждегі жеке заттарды жоғалтудың орнын толтырмаймыз
Студенттерге колледжде толық пайдалы ас беріледі. Бұл таңғы асты, түскі асты (екі ет арасынан таңдауға болады) және бір вегетариандық тамақты, он салат түрін, жемістерді, сорпаны және нанды, әрі осы сияқты кең таңдауы және пудинг бар кешкі асты қамтиды. Үйде емес, мектепте тамақтануға біраз үйрену қажет болуы мүмкін және танысатын көп жаңа нәрселер болады. Студенттердің диетадағы осы өзгерістерге үйренуіне біраз уақыт кетуі мүмкін, бірақ олардың дұрыс тамақтануы және оларға Құрама Корольдікте қол жетімді тамақ түрлерінің кең ауқымына бейімделуі маңызды.
Студенттерге арналған тыныш аумақтар, соның ішінде 56-60 New Dover Road мекенжайында дұға оқу бөлмесі, сонымен бірге ыңғайлы үстелдер мен ТД-лар бар аумақтар бар. St Lawrence колледжінде әр кеште үлкен компьютер аумағы қол жетімді, студенттер оны пайдалана алады. Колледжде әр түні оқиғалар орын алады және студенттер не болып жатқанын білуі үшін бүкіл колледжде постерлер жапсырылады.
Сондай-ақ, колледждің интражелісінде, электрондық пошта арқылы және колледждің Facebook сайтында жүйелі түрде ақпарат беріледі. Ата-аналар Facebook сайтына кіріп, колледжде жыл бойы не болып жатқанын көре алады. Мұны біздің Facebook сайтындағы бетімізге сілтемемен өту арқылы істей аласыз: https://www.facebook.com/CATSCanterbury Студенттер колледждің интражелісін және колледждегі электрондық поштасын күнделікті тексеруі керек.
Колледжде біз студенттерімізге қамқорлық көрсетеміз және көп қолдау көрсетеміз, сондықтан студенттер колледждегі әр күні сағат сайын және кеште және демалыстарды жүйелі түрде тексеріледі. Колледж қызметкерлері студенттің қайда екенін әрқашан білуі керек, ал студенттер шығуы немесе жатақханадағы ата-аналарына әрқашан қайда екенін айтуы керек.
Егер Canterbury колледжінен шығып келгісі келсе, студенттер компьютерде желіде Exeat өтінішін толтыруы керек. Егер 18 жасқа толмаған болса, ата-аналардан рұқсат беру сұралады. Студенттер шыққысы келетін демалыста 16-00 уақытында сәрсенбіге дейін Exeat өтінішін толтыруы керек және бізге демалыстағы жоспарлары туралы бізге алдын ала айтуы керек, осылайша біз оалрдың қауіпсіз екенін және бізден қай кезде шығатынын тексере аламыз. Олардың баратын жерімен келіспесек немесе бірге баратын адамымен келіспесек, студенттерге Exeat рұқсаты берілмейді. 18 жасқа толмаған студенттерден жауапкершілігі бар ересекпен бірге болу және ата-ана рұқсаты болуы күтіледі.
Медициналық жәрдем
Студенттер бар кез келген медициналық күйлер я болмаса олар қабылдаған ауруханадағы емдеу немесе иммунизациялар туралы бізге міндетті түрде айтуыңыз керек. Пішінді толтырып, бұл туралы бізге толық мәліметтер беруіңіз керек, осылайша біз төтенше жағдайда не істеу керектігін және қалай көмектесу керектігін білеміз.
Медициналық ақпарат құпия түрде қалады және тек білуі керек адамдармен бөлісіледі. Сондай-ақ, біз студенттердің құпиялығын құрметтейміз, бірақ олардың өз қауіпсіздігі үшін ақпарат бөлісілетін жағдайлар болады. Сондай-ақ, студенттер колледжге келгенде колледждің медициналық сауалдамасын толтыруы керек.
Біз сіздің мәдени және діни көзқарастарыңызды әрқашан құрметтейміз.
Егер студент дәрі қабылдайтын болса, біз оның не екенін, дозасы қандай екенін, оны қабылдау жиілігін, оны қабылдау әдісін және кез келген мүмкін жанама әсерлерді білуіміз керек. Егер дәріні дәрігер жазып берген болса, медициналық күй туралы мәліметтер және студенттің жазып берілген дәріні қанша уақыт бойы қабылдауы керектігі туралы мәліметтер бар дәрігердің хаты керек.
Колледж жергілікті денсаулық сақтау орталығын және жеке дәрігерді, сонымен бірге, колледж медбикесін және медициналық қызметкерлерін пайдаланады. Мұнда 6 айдан астам оқып жатқан студенттер колледжге келгенде дәрігерге тіркеледі. Егер студент дәрігерге тез көрінгісі келсе немесе медбикеге қанағаттанбаса, жеке медициналық жәрдемге төлеуі керек болады. Құрама Корольдіктегі адамдардың көпшілігі денсаулық сақтау қызметіне қанағаттанады және жеке медицинаны пайдаланбайды, бірақ, қаласаңыз студенттерге дәрігерге жеке көрінуге көмектесе аламыз.
Егер студенттің жағдайы нашар болса, студенттен 56-60 New Dover Road мекенжайындағы колледжде колледж медбикесіне есеп беру күтіледі. Егер студенттің жасы 17-де және одан төмен болса, оған жатақханада қалуға рұқсат етілмейді, өйткені оған медбике медициналық жәрдем көрсетуі керек және қажет болса, күні бойы медициналық бөлімде қала алады және оған тиісті күтіп көрсетіледі. Егер оның температурасы жоғары болса және алып кету үшін тым қатты ауырса, біз жедел жәрдемді шақыра аламыз немесе онымен бірге болуы үшін қызметкерлерді шақыра аламыз. Колледждің медициналық бөлмесі медбикелік күтімді, дәрігерге қатынасты және күні бойы жаңартуларды қамтамасыз етеді. Егер студенттің жасы 18-ден асқан болса, ол қоңырау шала алады және медбике телефон арқылы оның қажеттіліктерін анықтайды және істеу керек ең дұрыс нәрсені ұсынады. Колледж 18-ден асқан студенттің дәрігерге қаралуын талап етуі мүмкін.
Осында 6 айдан астам болса немесе жеке төлей алса, барлық студенттер тіркелуі керек.
Қауіпсіз боблу және зияннан қорғау
Колледждің анық қорғау ережесі бар. Бүкіл қызметкерлер студенттеріміздің мүмкіндігінше қорғалған болуын қамтамасыз ету үшін қорғауға қатысты оқытудан өткен. Колледж ретінде біз жастарды зияннан, дискриминациядан немесе нашарлататын қараудан қорғау және олардың құқықтарын қорғау үшін барлық тиісті қадамдарды орындаймыз.
Біз барлық жастарды өздерін қорғалған етіп сезінуге шақырамыз және оларды өзіне ұнамайтын немесе өзіне ыңғайсыздық тудыратын кез келген нәрсе туралы бізге айтуға шақырамыз. Әрқашан көмектесетін, тыңдайтын және оларға қажет қолдауды беретін ересектер болады.
Бізде күтіп алу және тұрмыс жағдайы бөлімінің бастығы болып табылатын қорғау қызметкері бар — Керри Коссон. Қорғау қызметкерінің орынбасары — Анна Брзозовска. Бұл қызметкерлердің екеуі де баланы қорғауға қатысты арнайы оқытудан өткен.
Біздің қызметкерлерді және еріктілерді және бізде жұмыс істейтін кез келген адамды қылмыстық жазбалар бюросы мұқият тексереді және олар жастармен қауіпсіз жұмыс істей алады.
Жасөспірімге қауіп төнгеніне қатысты күдіктер болса, біз қажет болса жергілікті үкімет агенттіктеріне, әлеуметтік қызметтерге немесе полицияға хабарласамыз.
Біздің қамқорлығымыздағы жастардың тұрмыс жағдайы — біз істейтін ең маңызды нәрсе, әрі жасы, мәдениеті, кемшілігі, жынысы, тілі, нәсілі, діни нанымдары және/немесе жыныстық бағдары қандай болмасын, барлық студенттерімізде құқық бұзушылықтан, елемеуден, пайдаланудан және/немесе дискриминациядан қорғау құқығы бар.
Колледжге келетін ересектер қабылдау бөлмесінде немесе жатақхана ата-анасында тіркелуі керек және оның қасында қызметкерлердің біреуі болуы керек. Ешбір ересекке немесе ата-анаға қадағалаусыз жатақханаға кіруге рұқсат берілмейді.
Студенттер қызметкерлерге тек колледждің электрондық поштасы немесе колледждің телефондары арқылы хабарласа алады және оларға қызметкерлердің кез келгенімен Facebook немесе басқа әлеуметтік желі сайтында «достар» болуға рұқсат етілмейді.
Келісімінсіз студенттердің суреттерін түсіруге болмайды. Студенттердің барлығы колледжің суреттер түсіруіне келісімін берген, бірақ студенттер келісімін алмастан басқа студенттерді суретке немесе бейнеге түсіре алмайды.
Егер қорғау қызметкеріне құқық бұзу туралы айып тағылса, онда студенттер бұл туралы директорға есеп беруі керек. Директорға қарсы кез келген айыптар туралы Кембридж білім беру тобының басшысына есеп беру керек. Ол Кембриджде, Kett House, Station Road мекенжайында орналасқан.
Ата-аналардың және студенттердің құпиялығы құрметтеледі және басқа адамдарға ақпарат тек қажет болса айтылады.
Қызметкерлерге студент оларға құқық бұзу туралы ақпаратты айтса, құпияларды сақтауға рұқсат етілмегені және мұны көмектесуге және қолдауға қатысты оқытудан өткен біреуге айтуы керектігі туралы нұсқау берілген.
Заң бойынша құқық бұзу туралы айып тағылмай тұрып, айып тағылған студенттің немесе мұғалімнің тұлғасын анықтауға әкелетін ешбір материалды жариялауға болмайды.
Қорқыту
Колледж ретінде біз қорқытудың ешбір түрін қабылдамаймыз. Қорқыту — басқа адамға зиян келтіру ниетімен агрессияны пайдалану. Қорқыту мынаған қатысты болуы мүмкін:
Эмоционалдық
Физикалық
Нәсілдік
Жыныстық
Гомофобтық/трансфобтық
Ауызша
Желілік
Мобильді қорқыту
Діни
Оқудағы қиындықтарға қатысты
Кемшілікке қатысты
Біз колледжде қорқыту айыбы тағылған кез келген адамға қатысты тәртіптік ережені жүзеге асыру арқылы қатаң шараларды қолданамыз.
Психобелсенді заттарды дұрыс емес пайдалану
Колледжде психобелсенді заттарды дұрыс емес пайдалануға қатысты өте анық ережелер бар. Бұл алкогольді, есірткілерді дұрыс емес пайдалануды немесе заңды шектерден асуды қамтуы мүмкін. Колледжде немесе жатақханаларда темекі шегуге тыйым салынған. 16 жастағы және одан асқан студенттер ғана арнайы белгіленген аумақтарда темекі шеге алады. Біз темекі шегуді ешбір түрде ұсынбаймыз.
Колледж психобелсенді заттарды дұрыс емес пайдаланып жатса, кез келген студентті ақыларды мүлде төлемей, үйіне дереу жіберу құқығын сақтайды. Сондай-ақ, біз заңсыз немесе тыйым салынған заттарды іздеулерді өткізу, соныңішінде, есірткілер немесе алкоголь болуы мүмкін деген күдік бар колледжге жіберілген кез келген пакеттерде іздеу құқығын сақтаймыз. Біз кездейсоқ тексеру немесе кез келген студенттің алкоголь немесе есірткі қабылдауын тексеру құқығын сақтаймыз. Заңсыз заттарды кез келген пайдалану туралы полицияға хабарланады.
Интернет және ICT
Студенттер колледж жүйелерін тек білім алу мақсатында пайдалануы керек. Студент ешбір жағдайда пайдаланушы идентификаторын немесе құпия сөзін үшінші тарапқа бермеуі керек. Студенттер университеттің қабылдау жүйелерінің құпия сөздерін басқа ешбір адамға бермеуі керек.
Студенттер нәсілшіл, дөрекі, әдепсіз немесе заңсыз ешбір материалға қатысты аңғартпа жасай алмайды, оны жариялай алмайды немесе оған қол жеткізе алмайды. Бұл әлеуметтік желі сайттарында немесе интернеттегі кез келген басқа жүйеде жариялауды қамтиды. Студенттер колледж жабдығына ешбір рұқсат етілмеген бағдарламаны жүктемеуі немесе орнатпауы керек, әрі оларға кез келген қызметтердің қалыпты жұмысына әдейі шабуылдау, артық жүктеу немесе істен шығару әрекетін жасауға тыйым салынған.
Студенттерге тек колледж бекіткен электрондық пошта тіркелгілерін пайдалану ұсынылады.
Колледждегі мінез-құлық
Мінез-құлықтың жоғары стандарттары күтіледі және марапатталады. Студенттер жетекшілік сыйлықтарының кең ауқымы үшін жұмыс істей алады және оларға мақтауға тұратын жұмыс үшін жүйелі түрде куәліктер беріледі. Біз мүмкіндік болған жағдайда студенттерді марапаттауды және ынталандыруды көздейміз және мінез-құлықты немесе жұмысты көпшіліктің мойынтауы жиі орын алады.
Істер дұрыс болмаған кезде, колледжде бес деңгейлі тәртіп ережесі бар. Студентке ресми тәртіптік ескерту берілсе, оған, ата-анасына және оның агентіне көшірме жіберіледі. Студенттер тәртіптік журналына желіде кіре алады және алмаған болса, ата-аналарына барлық хаттарды көрсете алады. Тәртіп бұзушылықтың маңыздылығына қарай студент тәртіп жүйесінің кез келген деңгейінде орналастырылуы мүмкін. Сабаққа келу жиілігі төмендеген студенттер де тәртіптік ескертулер алады. Түпкілікті тәртіп деңгейі колледжен біржола шығаруға әкеледі. Мұның болуын болдырмау үшін қолымыздан келгеннің барлығын жасаймыз және біз студенттерге жақсаруға және табысқа жетуге әр мүмкіндікті береміз.
Директор студентты шығаруға қатысты қабылдайтын кез келген шешім «ықтималдықтар балансына» алынады. Бұл студенттің айып тағылған нәрсені істеу ықтималдығы істеу ықтималдығынан жоғарырақ екенін білдіреді. Бұл қылмыстық істе талап етілетін «негізделген күдік болмаса» стандартымен бірдей емес.
Шағымдар және “Tell us” (Бізге айтыңыз) түймешігі
Студенттер өздеріне ұнамайтын кез келген нәрсе туралы бізге айту үшін колледж интранетіндегі «Бізге айтыңыз» түймешігін пайдалануға шақырылады. Студенттер бізге айтса, мәселелердің көпшілігін тез және оңай шешуге болады. Сондай-ақ, олар бірдеңе ұнамаса бізге жеке айта алады.
Егер студенттер немесе ата-аналар колледжде мәселелер туралы хабарлауға қанағаттанбаса, ресми шағымдар беру ережесі бар және олар колледждегі тұтынушыларды қолдау қызметіне электрондық пошта арқылы немесе жазбаша түрде жазбаша шағымды тіркей алады. Бұл қызметтің электрондық поштасы: ccare@catscanterbury.com
Әлі қанағаттанбасаңыз, екінші деңгейді қолдануға болады, бұл директорға мына мекенжайға электрондық хабар жазу: principal@catscollege.com немесе онымен сөйлесу.
Әлі де қанағаттанбасаңыз CATS колледждерінің басқарушы директорына колледж арқылы жазу арқылы үш күн ішінде шешімге қарсы апелляция беруіңізге болады. Шағымдар беру процесінің толық мәліметтері барлық ережелердегі сияқты ағылшын тілінде CATS колледжінің веб-сайтында бар: catscollege.com
Барлық ресми шағымдар тіркеледі және бақыланады.
Қосымша ақпарат қажет болса немесе осылардың кез келгені туралы көбірек сөйлескіңіз келсе біз сізге көмектесеміз, әрі көп жағдайда көбірек білгіңіз келетін кез келген колледж ережелерін аударуға көмектесе аламыз.
|
CATS Canterbury колледжі жастарды қорғауға және олардың тұрмыс жағдайын жақсартуға бар күшін салады және барлық қызметкерлер мен еріктілер де солай етеді деп күтеді
|
Достарыңызбен бөлісу: |