ӘОЖ 687:624.05:687.17
ҚҰРЫЛЫС-МОНТАЖДАУ МАМАНДЫҚТАРЫНЫҢ
ЖҰМЫСШЫЛАРЫНА АРНАЙЫ КИІМ ДАЙЫНДАУ МӘСЕЛЕСІ
Сарсембаева М.С., Кудабаева А.К.
М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Тараз қ.
Қазіргі кездері арнайы киімдердің түрлері көптеп пайда бола бастады. Оларға жұмыс киімі, корпоративті киім, қызмет көрсету саласы қызметкерлерінің киімі, медициналық киім және т.б. жатады. Киім түрлерінің көптігі дизайнерлердің ғана қызығушылығын емес, сонымен қатар көптеген фирмалар мен фабрика – зауыттар басшыларының да нарықта ерекше назарға іліну мүмкіндіктерін көруге жағдай жасады. Арнайы киімдердің қазіргі заманғы даму тенденциясы бойынша арнайы киімдердің сапасы мен стиліне қарап, оны өндіруші компанияның статусын анықтауға болады. Арнайы киімдерді өндіруші компания тапсырыс берушінің негізгі талаптарына сай келетін арнаулы түс гаммаларын пайдаланып, жеке дизайн жасайды. Компания ұсынған кәсіпорын логотипі оның имиджін, ал жұмысшыларға корпоративтік ынтымақтастық сезімін арттырады. Ыңғайлы және әдемі тігілген жұмыс киімі психологтардың айтуынша, жұмысшылардың еңбек өнімділігіне тікелей әсер етеді.
Қазіргі заманғы арнайы киімдер – кез-келген брендтің ажырамас бөлігі болып саналады. Өзінің фирмалық стилі қалыптасқан мейрамханалардың барлық қызметкерлері – официанттар, бармендер, әкімшілік өкілдері, аспаздар, тіптен еден жуушылар да арнайы киімдер киеді, ол осы мекеменің имиджін арттырып, ерекше көтеріңкі көңіл-күй тудырады. Дұрыс дайындалған арнайы киімдер тек ыңғайлы ғана емес, ол «дем алатындай» (себебі, оны қызметкер бүкіл жұмыс күні бойына киіп жүреді), сондықтан ол әдемі, стильді болуы тиіс. Сол үшін арнайы киімдер дайындығына үлкен жауапкершілікпен және шығармашылықпен қарау керек. Арнайы киім дайындаумен айналысатын дизайнердің жұмысы, жеке тапсырыспен киім тігумен айналысатын модельерлердің жұмысынан жеңіл емес.
Арнайы киімдер адам денесін қорғауға арналған құралдардың қатарына жатқызылады. Арнайы киімдер жұмысшының денесін сыртқы механикалық және физикалық, өндірістік әсерлерден қорғауға арналған. Ұзақ уақыттар бойы арнайы киімдер жай жұмысшылардың киімі болып саналды, сондықтан бұл саланы мода тенденциясы айналып өтетін.
Құрылыс – монтаждау мамандықтары жұмысшыларының арнайы киімдері еркін қимылдауға мүмкіндік беретін ыңғайлы ғана емес, сонымен қатар, адамның денсаулығы мен өміріне қауіп төндіретін зиянды факторлардан қорғауды да қамтамасыз етуі қажет. Ол жылдам тазаланатын және мықты, берік материалдан тігілуі тиіс. Ол үшін материалды арнаулы ерітіндімен өңдейді. Құрылыс – монтаждау мамандықтарының жұмысшылары көбінесе ашық аспан астында және тұрғын емес жайларда жұмыс істейтіндіктен, олардың киімдері сондай жағдайларға сәйкес болуы қажет. Жұмыс киімінің жұмысшының атқаратын жұмысының сипатына дәл және сәйкес келуі – арнайы киімдерге қойылатын басты талап болып саналады.
Арнайы киімдер өндіріс зияндарынан сенімді сақтауды, организмге қалыпты термореттеуді қамтамасыз ете алатын, жұмысшының іс-қимылына кедергі келтірмейтін, ыңғайлы және кірленгенде тез тазаланатын болуы тиіс. Сондықтан, арнайы киімдерге материал таңдау кезінде оның қорғаныс қасиеттерінен басқа жалпы гигиеналық қасиеттеріне (ауа өткізгіштік, бу өткізгіштік, жұмсақ, икемді және өте тығыз болмауы) де назар аударылуы тиіс.
Құрылыс – монтаждау мамандықтары жұмысшыларына арнайы киімдерді әмбебап етіп дайындайды, олардың бір-бірінен ерекшеліктері жұмысшының жеке қауіпсіздігін сақтауына байланысты болады, яғни жұмысшының атқаратын жұмысына және өндіріс факторларына байланысты болады. Төменде электриктің, дәнекерлеушінің және әртүрлі жұмыс атқаратын жұмысшының арнайы киімдерінің айырмашылықтары қарастырылған.
Бүгінгі таңдағы арнайы киімнің мақсаты – бұл әлдеқайда маңызды көрсеткіштер бойынша, яғни маталар бойынша жұмыстар жүргізу. Өкінішке орай, отандық өндірісте маталарының деңгейі шетелдік маталарының деңгейінен төмен,бірақ нормалау кезінде, әсіресе қауіпсіздік көрсеткіштерін, екпін ең көшбасшы дүние жүзілік өндірушілердің көрсеткіштеріне жасалуы тиіс, ал отандық текстиль өнеркәсібінің мақсаты- оларға қол жеткізу. Бұл тек ғылым мен өндірістің өзара тығыз бірлескен жұмысымен ғана жүзеге асады.
Арнайы киім жұмысшылардың жеке қорғаныс заттары ретінде кең қолданылатындардың санына жатады. Олар келесі негізгі талаптарды қанағаттандыруы тиіс: оны қолдану кезеңінің ішінде адамның нормалы қызметтік жағдайын және оның жұмысқа қабілеттілігін сақтауды қамтамасыз етуі; зиянды өндірістік факторлардың әсерінен сақтауы; жалпы токсикалық және теріні тітіркендіру әсерін болдырмауы; жеткілікті төзімді және эстетикалы болуы тиіс.
Қорғаныс әсеріне жету үшін арнайы киім гигиеналық талаптар кешені, яғни адамның жұмыс қабілетілігін және денсаулығын сақтауға қажетті материалдар мен құрылысқа қойылатын талаптары ескеріліп дайындалуы тиіс.
Құрылыс-монтажды жұмысшылардың арнайы киімдерінің алуан түрлері бар. Олар нақты өндірістік шарттарға байланысты қауіпсіз еңбек шарттарын қамтамасыздандыруы үшін ұсынылуы мүмкін. Негізгілеріне жататындар: күртеше, шалбарлар, комбинезон, тізеге кигіш және т.б. Арнайы киімнің бұл түрлері жеке және бір-бірімен үйлесім ретінде қолданылуы мүмкін.
Сурет 1
|
Сурет 2
|
Жылдың суық уақыты кезінде бұл арнайы киімдер үшін қалыңдығы мен көлемдік салмағы жоғары емес, механикалық әсерлер кезінде, жоғары ылғалдылық шарттарында, ұзақ киілу барысында өз қасиеттерін жоғалтпайтын материалдар сәйкес келеді. Мұндай киімдерді дайындау үшін ең тиімді қасиеттерге табиғи жолмен пайда болған материалдар ие бола алады. Ал синтетикалық маталар бұл арнайы киімнің сыртқы қабатына өте жақсы сәйкес келеді, өйткені олар атмосфералық ылғалдан жақсы қорғайды. Тұмаудан сақтану үшін белсенді тер бөлуді тудыратын артық жылуқорғаушылықтан сақтану қажет. Олар киімді дымдандырып, жылусақтағыш қасиеттерінің төмендеуін туындатады.
Ертеден-ақ жұмыс істеп келе жатқан жұмысшылар арнайы киімді қажетті деп санайды. Негізгі көрсетушілер мен талаптар алғашқыда күрделі болды. Сондықтан киім өрескел жұмыс үшін арналды. Оған берік болуға, қозғалыста ыңғайлы және де өте қымбат емес болуы керек. Былайша айтқанда, арнайы киім сол заманнан біздің күнге дейін сақталған. Уақыт өте келе өнеркәсіп дами бастады, онымен қоса арнайы киімнің дәлірек айтқанда – костюмнің көптеген түрлері шықты. Костюм түрлеріне өзгерістер енді. Арнайы киімді қажет емес деп санаған адамдар, кейінірек жұмысшылардың арнайы киімін жоғары дәрежеде бағалады [1].
Қазіргі заманға сай құрал-жабдықтар шыққаннан кейін, жұмысшылардың киімі мен әмбебап форманы артық шығынсыз аздаған мөлшерде үнемдеп, сапасын жақсартып шығара бастады.
Әрбір компанияның сыртқы кейібін, формалы киімнің эмблемасын жоғары бағалау қажет. Қазіргі кезде арнайы киім мен әмбебап форманы жұмысшыларға таңдаған кезде шамалы қиынға түсуі мүмкін. Себебі, өндірістік сауда фирмаларында киімнің үлкен түрлері ұсыналады. Фирмалық киімді сатып алар кезінде, оның бағасына және өте маңызды параметрлеріне қарау қажет. Олардың арасында арнайы киімнің материалының сапасына, әмбебап форманың сырт пішініне үлкен көңіл бөлген қажет. Ол үшін айқын белгілермен формалы киіммен, әмбебап форманың сәйкестігі мен ұқсастығын салыстыруымыз керек. Көптеген өндіріс фирмаларының басты мәселесі - киімге матаны дұрыс таңдау. Кейбір адамдарға маталар аллергия беріп, тітіркенуі мүмкін. Көптеген тапсырыс берушілер формалық киімнің әрлендіруін жете бағаламайды, өзіндік стиль іздеп үнемдеуге тырысады. Әмбебап форманың сырт көрінісі, пішіні дұрыс болмаса, ол компанияға кері әсерін тигізеді. Жұмысшыларға арналған жазғы киімдер барынша ашық, үйлесімді, әрине адамгершілік нормалардың шектерінде де болуы керек. Әмбебап форма жеңіл, күн ыстықта, қапырықта жағымды, ыңғайлы болуы керек. Жазғы әмбебап форма пиджактармен, көкірекшелермен жабдықталуы қажет.
Әмбебап форманы даярлағанда матаны таңдау өте маңызды болып келеді. Мата ең алдымен биік сапалы, қоршаған ортаның жағымсыз әсерлерінен қорғайтын, гигиеналық қасиеттері жоғары, эстетикалық сапалары биік болуы керек. Кәсіпорын қызметкерлеріне арналған арнайы киіммен, өндірістік киімдерге матаны таңдау кезінде оның сапасына үлкен көңіл бөлгеніміз жөн.Оларға костюм мен арнайы киімдер ұсынылады. Маталардың жоғарғы тұрақтылығын арнайы тестілеумен тексереді. Әмбебебап форманы тапсырыспен парасатты компанияларда істейді, барлық өңдеу нәзіктіктерін даярлағанын реттейді.
Ірі компаниялардың қызметкерлеріне әмбебап форманы тіккенде маталарды дұрыс таңдауға талап етеді. Сондықтан, әмбебап формасына ай сайын тапсырыс бермес үшін, киімнің тігілуіне қажетті қосымша тапсырысты ескеру қажет. Әмбебап форма басқаларына қарағанда ассортименті көп тігін фабрикаларынан шығатын, жақсырақ маталармен ерекшеленеді. Бірлескен киім өндірісінде аралас маталарды қолданады, олар қайта-қайта кір жуулардан кейін мыжылмайды және түрін жоғалтпайды. Компанияларға матаның түрлі-түстерін дәстүрлі түрде таңдайды, бірақ негізінде жұмсақ боялған матаны қолданады. Жұмысшаларға арналған киімді тіккен кезде, арнайы өңделген фурнитура түрінде, фирмалық символдың мәнімен толықтырылады [ 2].
Әдебиет
1. Интернет. www.mail.ru. Спецодежда для водителей.
2. Жаркипов Е.Ж., Рудаченко К.К. Мода и спецодежда.
Достарыңызбен бөлісу: |