148
төлеуді қолдайды. 87%-ы болашақ мұғалімдерді кәсіптік даярлаудың негізгі
артықшылықтарын атады. Сондай-ақ, респонденттер мектеп пен университет
кафедрасы арасындағы байланыстың күшейтілуі қажеттілігін, бірінші
фазадағы бағдарлық практиканың тікелей бақлыауға алынуы тиістігін,
педагогикалық практика санының көбейтілгені дұрыс екендігін айтады[199].
Зерттеу барысында Германияның болашақ мұғалімдерді кәсіби даярлау
үдерісіне талдау жасалды. Бірінші еркшелігі оның нормативтік құжаттарына
сүйенсек, болашақ мұғалімдердің кәсіби даярлығы мамандықтар бойынша
емес, типтеріне қарай жүргізіледі. Мәселен, 6 типті мұғалімдерді даярлау
жүзеге асырылады:
1. бастауыш мектеп мұғалімі (1-4 сынып)
2. бастауыш мектеп және орта мектептің бірінші сатысының мұғалімі (5-
10 сынып базалық, реалды мектеп, гимназия және біріккен мектеп немесе орта
мектептің бірінші сатысының жеке типтерінің);
3. орта мектептің бірінші сатысының мұғалімі (5-10 сынып базалық,
нақты мектеп, гимназия және біріккен мектеп);
4. орта мектептің екінші сатысының мұғалімі (11-13 сынып гимназия
және біріккен мектеп) (жалпы білім беретін пәндер);
5. орта мектептің екінші сатысының мұғалімі (11-13 сынып) (кәсіби
дайындық пәні); арнайы мектеп мұғалімі.
Мұғалімдерді даярлаудың базалық үлгісі бойынша теориялық
даярлығының ұзақтығы:
интеграцияланған даярлықтың дәстүрлі моделі (8-10 семестр)
бакалавр/магистр схемасы бойынша көп деңгейлі модель (6 + 2 немесе
4 семестр).
Практикалық даярлығының ұзақтығы:
Тағылымдамалықтәжірибе(референдариат) ((18-24 ай)
Педагогикалықбілімберудегі теория мен практиканыңарақатынасымәселесі
Дуальдіоқытумодельдері
Дәстүрлі педагогикалық білім беру жүйесі аясында педагогикалық
практика дағыдуальді оқыту элементтері
Мұғалімдерді
даярлаудың
магистрлік
бағдарламаларындағы
практикалық семестр (мысалы:Солтүстік Рейн-Вестфалия, Төменгі Саксония)
Жоғарыбілімнегізіндемұғалімдердіжеделдаярлауаясындадуальдіоқыту
(Саксониядағы Лейпциг университетініңмысалында)
Жоғары
білім
беруде
дуальді
оқыту
үлгілері
тек
ішінарағанағылымжөніндегісараптамакомиссиясыныңөлшемдерінежауапбереді
(Wissenschaftsrat 2013) [200].
Осы тұста Германияның Бавария федеративтік жеріндегі болашақ
мұғалімдердің кәсіби даярлығының негізі саналатын «үш фазалық оқытуға»
тоқталып өткенді жөн санадық:
Бірінші фазасы мұғалім мамандығының түрлеріне қарай мерзімі 4-5
жылдан тұрады және төрт практиканы (бағдарлық, дидактикалық,
педагогикалық, өндірістік) құрайды. Бірінші фазаны тамамдаған студент
149
бірінші мемлекеттік емтиханға жіберіледі. Оны табысты тапсырған студентке
сертификат беріледі де ол екінші фазаға баруға мүмкіндік алады.
Аталған кәсіби даярлықтың біз үшін қызығушылық тудыратыны болашақ
мұғалімдердің кәсіби даярлығында міндетті саналатын өндірістегі (мектепте
өткізілетін) практикасы.
Біріншіден, бағдарлық практика студенттің университет алды практикасы
тұрғысынан университетке оқуға түскенге дейін немесе түскеннен кейін
мектепте өтетін практикасы – өту уақыты 6 ай. Мұнда студент 1 оқушымен
жұмыс істейді. Оны бақылайды, сабақтарын үйретеді, онымен әңгімелеседі,
тәрбие жұмыстарын жүргізеді, қысқасы онымен тығыз қарым-қатынаста
болады.
Екіншіден, педагогикалық практика болашақ мұғалімнің кәсібіне
қызығушылығын арттыруға бағытталады – 1-нші немесе 2-нші семестрден
кейін (уақыттытаңдауы студенттің еркіне қарай) демалыс уақытында өтеді.
Үшіншіден, дидактикалық практика (пәнді оқыту әдістемесі бойынша) –
аптасына 1 күн (әр аптаның сәрсенбі күні) 1 семестр бойы, соңғы семестрге
дейін (қай семестрде баратыны студенттің өзі таңдайды).
Төртіншіден, белсенді педагогикалық практика – 160 сағат – студенттің
практикасына жетекшілік ететін, қолдайтын, кеңес беретін, үйрететін,
бақылайтын, бағалайтын университет оқытушыларынан арнайы оқытушы және
мектептен арнайы ментор бекітіледі.
Бесіншіден, өндірістік практика – соңғы семестрде 8 апта – мектептен тыс
кәсіпорындарда жүргізілетін практика [201].
Екінші фазада студент мектепте (екі түрлі мектепте) екі жыл жұмыс
істейді. Екінші мемлекеттік емтиханды табысты тапсырғаннан кейін ғана
мұғалім біліктілігін растайтын диплом беріледі. Сонымен Германияда мұғалім
білііктілігіне ие болу үшін кем дегенде 7 жыл оқиды және мұғалімдерді кәсіби
дарлаудың екінші фазасы толығымен олардың практикалық дағдыларын
шыңдауға арналады. Ал бұл болса, Германияның болашақ мұғалімдердің кәсіби
даярлық үдерісіне дуальді оқыту элементерінің ендірілгенін дәлелейді. Екінші
мемлекеттік емтихан тапсырады. Комииссия құрамына мектептің мұғалімдері,
университет оқытушылары, Министрлік, департамент өкілдері енеді. Екінші
емтиханды табысты тапсырған жағдайда, үшінші фазаға біліктілігін көтеруге
жіберіледі.
Үшінші фазада–өмір бойы үздіксіз білім алу – біліктілігін көтеру.
Бавария
федеративтік
жеріндегі
болашақ
мұғалімдердің
кәсіби
даярлығындағы бір ерекшелік, және оны біз дуальді оқыту элементтері деп
қабылдайтын себебіміз университет базасында Педагогикалық білім беру
орталығы құрылған. Оның жетекшісі болып жергілікті федеративтік Білім
министрлігінің өкілі тағайындалады. Оның ұйымдастырушы органы болып
Атқарушы комитет құрылады. Оның құрамына декан орынбасарлары,
оқытушылар, мектеп мұғалімдері, студенттер кіреді. Олрадың басқару
функцияларына студенттерге кеңес беру, білім беру сапасын басқару,
жобаларды басқару және т.б. жатады. Орталықтың бақылау органы болып
Достарыңызбен бөлісу: |