Энергияны тасымалдау және жүйелерді біріктірген кезде пайда болатын техникалық-экономикалық есептер


Өндіріс орындарын электрмен жабдықтауды жобалауға арналған бастапқы мәліметтер, жобалардың мазмұны



жүктеу 0,56 Mb.
бет5/13
Дата11.01.2023
өлшемі0,56 Mb.
#40900
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Дәрістер

Өндіріс орындарын электрмен жабдықтауды жобалауға арналған бастапқы мәліметтер, жобалардың мазмұны
Электрмен жабдықтауды жобалау үшін өндірістік кәсіпорындарда техника-экономикалық негіздемелер (ТЭО) және аймақтардың құрылысына негіздемелер жүргізіледі. ТЭО-де аймақтың құны және техника-экономикалық негізгі көрсеткіштер анықталады.

ТЭО бар болған кезде бір кезеңде техникалық жұмыс істеу жобасы жүргізілуі тиіс. Екі кезеңдегі жобалауды - техникалық жоба және жұмыс сызбалары - ірі және күрделі өндіріс кешендерінде жасауға рұқсат беріледі; жаңа технологияны қолдану кезінде; құрылыстың күрделі шарттарында жасалады.


Жобалау кезінде орнатылған ретте ескерілген типтік жобаларды қолдануды қарастырған жөн, сонымен қатар жаңа рационалды шешімдерді енгізу және жаңа электротехникалық қондырғыны енгізуді қарастырған жөн. Техникалық жұмыстық жобаларда құрастырылатын сызбалар және техникалық мәліметтер типтік және қайта қолданылатын жекелеген жобаларда жоқ болуы керек.


Түсініктеме жазбалар қысқа және нақты болуы керек. Ол жерде тек есептеулер қорытындысы келтіріледі. Есептеулердің өзі қабылдаған шешімді дәлелдеу қажет болған жағдайда жобаның архивтік данасына қосымша ретінде жасалады. Есептеулерді типтік кестелер мен нормаларға сай орындау қажет. Сызбалардағы элементтердің сипаттамасы, және де зауыт бұйымдарының каталогтық сипаттамалары, норма ұстанымдары, мақалалар және т.б. келтірілмейді, тек қажетті жағдайда алынған жеріне нұсқау жасалады.


Электрмен жабдықтаудың техникалық жобасын құрастыру үшін кәсіпорынды энергиямен жабдықтаушы ұжымның торабына қосудың техникалық жағдайлары мен рұқсаты қажет. Техникалық шарттар келесідей техникалык құжаттамадан тұруы керек:


а) кәсіпорынды қоректендіре алатын электр тораптары мен қоректендіру көзінің берілуімен және жобаланатын кәсіпорынды орнатумен байланысты сұлбалық жоспар. Осы тұтынушылардың есептеу жүктемесі және қуаты мен 8-10жылда оның арту мүмкіндіктері көрсетілуі керек;
б) кәсіпорынның электрмен жабдықтауды көрсетіліп отырған ауданның электржүйесінің электрлі сұлбалары;
в) кәсіпорынды қоректендеруге арналған энергожүйенің ұсынатын ұзындықтары;
г) ИП бір желілі принципиалды сұлбалары;
д) ИП шинасындағы ауытқу шектері мен жұмыс кернеуі;
е) екі мерзімге арналған максималды және минималды режимге арналған қабылдаушы жобаланатын стансаларда немесе ИП шиналарында бастапқы мерзімде КЗ үшфазалы токты құраушы мерзім мәні;
ж) КЗ тогы 0,2 с кейін;
з) орнатылған КЗ тогы;
и) келесі сұрақтар бойынша энергожүйелерін көрсету және қойылатын талаптар: реактивті қуат компенсациясы, релелік қорғаныс, автоматика, телемеханикаландыру және диспетчерлеу, электр энергия саны, трансформаторлардың жөнделуі, май шаруашылығы және т.б.

Бастапқы мәндері бар өндірістік аймақтардың электрмен жабдықтаудың ішкі жүйесін жобалау үшін келесідей болады:


1) барлық мекемелер орнатқан бас жоспар, жоғарывольтті желілердің трассалары, жер беті, автожолдардың, теміржолдардың абсолютті белгілері;
2) электр жүктемелерінің сипаттамасы мен құрамы, электр энергия шығыны;
3) әр агрегаттың, аймақтың, цехтың электрмен жабдықтау сенімділігіне қойылатын талаптар. Бірінші деңгейдің электр қабылдағыштары;
4) климаттық және геологиялық берілгендері: жерасты суының деңгейі, жерасты коммуникациясының төсемдер зонасы топырағының температурасы; зауыттың әртүрлі жерлерінің электрлік кедергісі, құрамы, температурасы, жерасты суының сипаты; сейсмикасы және т.б;
5) метеорологиялық жағдайлар: жел жылдамдығы мен бағыты, ауа ылғалдылығы, жылдық жауын шашынды күндер саны; ауаның максимальды минимальды және орташа температурасы; тайғақтық; ауаның химиялық активті газдармен және булармен, шаңмен және т.б. ластануы; табиғи жарықтылық;
6) күштік электр қондырғысының (паспорты) және зауыт объектілерінің электрмен жарықтану мәліметтері;
7) қондырғылардың құрылуы жайлы цехтардың жоспары (сызбалар);
8) өндірістік сипаттама бойынша мәліметтері; өртке және жарылысқа қауіпті жағдайларға; температураға, ылгалдылыққа, шандануына, жерасты суының және ауаның ластануына;
9) зауыт торабына қосыған (егер бар болса), тыс тұтынушылардың жүктеме бойынша мәліметтері (субабоненттер).

Электрмен жабдықтау етудің жұмыстық сызбаларын жасау үшін оның техникалық жобасы мен растау хаттамасы; техникалық жоба бойынша сараптама қорытындысы; бастапқы мәндердің түзетілуі немесе расталуы қажет. Электрмен жабдықтаудың етудің техникалық жобасының құрамында келесілер болуы керек:


а) электр энергияының зауыт ішінде таратылуының принципиальы сұлбасы, ал ірі кәсіпорындарға, олардың УРП мен ГПП-сының ИП-мен, жергілікті электр стансаларымен және энергожүйе қосалқы стансаларымен байланысын көрсететін, сыртқы электрмен жабдықтаудың сұлбасы;
б) селективтілікті анықтау үшін ұстанымы көрсетілген РҚжА (АВР, АПВ) алмастыру сұлбалары. Орташа және кіші кәсіпорындар үшін РЗиА орналасуы көрсетілген электрмен жабдықтаудың жалпы сұлбасы беріледі;
в) кәсіпорынның бас жоспары, оған енгізілетіндер: электрмен жабдықтау жүйесінің барлық ғимараттары; ауалық және негізгі кабельдік желілердің трассасы және токөткізгіштер; 1 кВ дейін және одан жоғары негізгі ғимараттар мен құрылыстардың есептік жүктемесі; қосымша қызмет бойынша қондырғылар мен материалдарға арыздар ведомосы: қосалқы станса мен тораптың цехтері, трансформаторлымайлы шаруашылық және т.б., сонымен қатар энергожүйе талабы бойынша ИПның жеке элементтері үшін қондырғылары мен материалдарына;
г) жобаның негізгі техникалық көрсеткіштері келтірілген түсіндірмелі хат; бастапқы мәндер; жобаланатын кәсіпорынның қысқаша мәліметтері: ЭП сипаттамасы, негізгі өндірістің жұмыс режимі; жарылысқа қауіптілік, химиялық активтілік; құрылыс пен дамудың кезектілігі; климаттық мәліметтер: ауа мен топырақтың орташа есептік температурасы, ауа ылғалдылығы, жауын шашынмөлшері, атмосфераның ластануы және олардың сипаттамасы; айнымалы және тұрақты токтағы 1 кВ дейін және жоғары күштік және жарықтандыру ЭП-нің орныққан қуаты. Электрлік жүктемелер мен электр энергия шығыны; электрмен жабдықтау беріктілігінің жүктелу категориясы; ТП мен түрлендіру қосалқы (ПП) санын және қуаттың таңдау нәтижесі; электрмен жабдықтау көздері және олардың даму жолдары; жұмыстық және апаттан кейінгі режимдегі қорек көздері арасындағы жүктемені тарату; PП, ГПП, ПГВ қуатын және санын, желі кернеуін таңдау. СЭСтің қарастырылған нұсқалары ТЭОның қажеттілігі кезінде қабылданған нұсқасы жайындағы мәліметтер; жұмыстық және апаттан кейінгі режимдегі 1 категорияның қабылдағыштар және категорияның ерекше тобының қоректенуі бойынша негізгі есептер; КЗ тогын есептеудің нәтижесі және кернеуі 1 кВтан жоғары негізгі қондырғыны таңдау; қалыпты және апаттан кейінгі режим кезінде ең жақын және өшірілуге жақын ЭП үшін кернеу деңгейіне тексеру жүргізу. Кернеудің жоғарғы гармоникасы энергияның сапасын жақсартудағы шаралар; 1 кВ дейінгі және одан жоғары тораптарда реактивті қуатты компенсациялау жайында есептер; оқшауланған бейтарабы бар тораптардағы сыйымдылық токтар және оларды компенсациялау шаралары; РЗ бойынша есептік және негізгі есептеулер. Басқару, сигнализациялау, өлшеу жөнінде, электр энергия есебі және оперативті ток бойынша; СЭСті автоматтандыру және диспетчерлеу бойынша; СЭС қорғаныстық жерлендіру және найзағайдан қорғаныс құрылыстары бойынша; кәсіпорын аймағы бойынша электр энергия канализациясының қабылданған әдістерін есептеу. Кернеуі 610 кВ және одан да жоғары тораптың цех аралық кабельдерін таңдау; СЭСтің майландыру және жөндеу шаруашылығын ұйымдастыру бойынша, зауыт іші ауыр ірі көлемді электр қондырғыларының тасымалдануы, такелажы және монтажы бойынша электр шаруашылық эксплуатациясын ұйымдастыру бойынша және штаттар бойынша ұсыныстары.

Түсіндірмелі жазбаға қосылуға, келісуге және басқа да жоғарыда көрсетілген бастапқы құжаттардың техникалық жағдайы жайлы көшірмесі тіркелуі тиіс.


Электрмен жабдықтау жобасының жұмыстық сызбаларында келесілер келтіріледі:


а) кернеуі 1 кВ жоғары электрмен жабдықтаудың дәлденген принципиалды сұлбасы;
б) 1 кВ дейін тораптың цех аралық сұлбасы;
в) 6-10 кВ және одан жоғары негізгі желі трассалары, қабылдайтын қосалқы стансалар, жергілікті электр стансалары, кернеуі 6-10 кВ және одан да жоғары РП, сонымен катар (қажеттілігі бойынша) - ТП 6-10/0,4-0,69 кВ көрсетілген кәсіпорынның орналасуының жағдай жоспарының сұлбасы.
Жұмыстық сызбалардың түсіндірмесіне келесілер келтіріледі:
а) бастапқы мәндер;
б) орныққан қуат, есептік жүктемемен, электр энергиясының жылдық шығындары, ТП (есептеулер және таңдаудың нәтижесі) қуаты мен санын таңдау бойынша дәлденген мәліметтер;
в) сараптама нәтижесі бойынша және бастапқы мәндер мен есептердің өзгеруі нәтижесінде техникалық жобада қабылданған есептердің дәлдігі.



жүктеу 0,56 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау