Энциклопедия indd


С. Торайғыров атындағы облыстық.   Кітапхана энциклопедиясы



жүктеу 2,93 Mb.
Pdf просмотр
бет3/116
Дата24.01.2020
өлшемі2,93 Mb.
#27241
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   116

8
С. Торайғыров атындағы облыстық.   Кітапхана энциклопедиясы
Кітапхана ісі «Кітапхана және өлкетану»,  «Экология  жизнь»,  «Жана-
шыр», «Открытая библиотека», «Библиотека – новые технологии», «Биб-
лиотека  –  центр  культуры  и  досуга»,  «Шаңырақ»  бағдарламаларына 
бағытталған.  Бағдарламаның  жүзеге  асуына  кітапхананың  әр  бөлімі  өз 
үлестерін  қосады.  Кітапхананың  шығармашылық  бастауы  «Қазақ  тілі» 
қоғамы, экология және биоресурс басқармасы, ұлттық-мәдени орталықтар, 
Қ.  Сәтбаев  атындағы  республикалық  қордын  филиалы,  салауатты  өмір 
сүру Орталығы және басқа да әр түрлі ресми жөне қоғамдық ұйымдардың 
серіктестерінің қолдауына ие.
БАҚ-ның  қызметкерлерімен,  И.  Байзақов,  П.  Васильев  атындағы 
әде би-бірлестік  өкілдерімен  кітапхана  көп  жылдар  бойы  достық  қарым-
қатынаста.
Кітапхана  –  Павлодар  өмірінің  мәдени  орталығы. Қала тұрғындарын 
ретроспективті  және  жаңа  түсімдерге  жасалған  кітап  көрмелері,  «My 
Englich»,  «Наш  очаг»,  «Фиалочка»,  «Өлкетану»,  «СӨС»  клубтарындағы 
қарым-қатынас,  «Визит»  музыкалық  қонақжайындағы  танымдық  кештер, 
тіл мен әдебиет мәселелерін көтеретін «Тіл өнері» халық университетінде 
өтетін пікір-сайыс пен лекциялар қызықтырады. Бейнелеу мен қолданбалы 
өнер туындыларының тұсау кесері өтетін «Аinа» галереясынан керемет әсер 
алады. «Әділет» әлеуметтік-құқықтық ақпарат орталығы құқықтық дерек-
тер қорына енуді ұйымдастырады.
1998  жылы  кітапхана  Қазақстан  Кітапханалар  қауымдастығына,  
2002 жылы Қазақстан кітапханалар Ақпараттық Консорциумға мүше бол-
ды. 2003 жылы Қазақстан кітапханалар астанасы байқау қорытындысы бой-
ынша  Павлодарда  облыстық  кітапханалар  негізінде  «Жаңа  ақпараттық 
қоғамның жаңа кітапханасы. Үлгілік ауыл кітапханасы» атты республикалық 
конференциясы өтті. Алғашқы рет Қазақстанда үлгілік ауылдық кітапхана 
(Шарбақты ауданы, Орловка ауылы) тұсау кесер рәсімі өтті.
2000-шы  жылдары  облыстық  кітапхана  кітапханаларды  ақпарат-
тандыру  саласындағы  аймақтық  саясатты  құруға,  аймақтық  мақсатты 
бағдарламаларды даярлауға белсенді қатысады.
2004  жылы  республикада  алғашқы  рет  С.  Торайғыров  атындағы 
облыстық кітапхана әзірлеген, 2004-2006 жылдарға арналған «Ауыл кітап-
ханасы» облыстық бағдарламасы қабылданды. Бағдарлама мақсаты – ауыл 
тұрғындарын  ақпаратпен,  біліммен,  мәдени  құндылықтармен  қамтамасыз 
ету,  ауылдық  кітапханаларды  ақпаратты,  білім,  мәдени  орталық  ретінде 
дамыту.  Жүзеге  асыру  жылдары  57  ауылдық  кітапхана  ашылды.  Барлық 
орталық аудандық, қалалық және үлгілік ауылдық кітапханалар компью-
терленген.  Олар  Интернетке  шығады,  өзіндік  деректер  қорын  құрады, 


9
С. Торайғыров атындағы облыстық.   Кітапхана энциклопедиясы
қорды электронды басылымдармен толықтырады, құжаттарды электрон ды 
тасымалдауды жүзеге асырады.
ОӘҒК өткізілетін облыстық семинарлар жаңа технологияларды иге-
ру мәселелеріне және өзекті тақырыптарға байланысты болды: «Павлодар 
аймағының  ақпараттық  кеңістігінде  кітапханалық  сайт»,  «База  данных 
библиотек области как фактор эффективной реализации информационных 
технологий  на  современном  этапе»,  «Облыс  кітапханалары:  міндеттері 
және болашақта даму бағыты». 
2006  ж.  қараша  айында  Павлодар  қ.  өткен  «Кітапханалар-қоғамның 
даму  және  еліміздің  бәсекелестігі  ресурстық  орталығы»  республикалық 
семинарында «Ауыл кітапханасы 2004-2006 жж.» облыстық бағдарламасы 
жүзеге  асыру  қорытындылауда  ҚР  Мәдениет  және  ақпарат  министрі  
Е.Қ.  Ертісбаев  еліміздің  кітапханалар  қауымдастығы  алдында  алғашқы 
рет сөз сөйледі, өз сөзінде «Ауыл кітапханасы» бағдарламасын қабылдау 
және  іске  асыру  маңызын  ерекше  атап  өтті,  бұл  бағдарлама  Қазақстан 
кітапханалар  саласын  жаңартудағы  республикалық  бағдарламаның 
пилоттық жобасы болатына ерекше тоқталды. 
2006 жылы кітапхана оқырмандары «Тілдердің үштұғырлығы» мәдени 
жобасын жүзеге асыру аясында ұйымдастырылған «Тілтаным» Ресурстық 
орталығында мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерін өзінше үйренуге 
және жетілдіруге мүмкіндік алды.
С. Торайғыров атындағы облыстық кітапхана 2007 жылы ҚР Премь-
ер-Министрі  К.Қ.  Мәсімовтың  баратын  аймақтың  ірі  өнеркәсіптермен 
қатары  объектілері  тізіміне  енді.  Оның  кітапханаға  келуі,  кітапхананың 
әлеуметтік  маңыздыдығын  көрсетіп,  жетекші  ақпарат  орталығы  ретінде 
жұртшылық пен жергілікті басқару билік өкілдері арасында абыройын арт-
тырды.  Премьер  кітапхана  қызметімен  танысты,  оған  облыстағы  үлгілік 
кітапханалардың  интерактивтік  картасы  және  «Тілтаным»  ресурстық 
орталығы көрсетілді.
2007  жылы  С.  Торайғыров  атындағы  облыстық  кітапханада  «Пав-
лодар  аймағының  ақпараттық  кеңістігіндегі  кітапханалық  сайты»  атты 
облыстық семинары өтті, онда ҚР ҰАК серіктес мекеме ретінде қатысты. 
Бұл семинар қоғам және кітапханалар арасында үлкен мәртебеге ие болды 
және кітпаханалық практикаға жаңа ақпараттық технологияларды енгізу 
және автоматтандыру бойынша көмек беру саласында ҚР ҰАК мен біздің 
кітапхананың шығармашылық бірлестігінің үлгісі болды. 
Облыстық  кітапханада,  аудандық  кітапханаларда  электронды  үкі-
метке қоғамдық еркін қол жеткізетін пунктер орнатылды. Кітапхана оқыр-


10
С. Торайғыров атындағы облыстық.   Кітапхана энциклопедиясы
мандары мемлекеттік басқару органдарынан ақпараттық қызметтік алуға, 
заң мәтінімен, нормативті-құқық актілерімен танысуға мүмкіндік алды. 
Облыстық кітапхананың жаңғыру процестерін Павлодар облысы әкімі 
Б.Ә. Сағынтаев қолдады. Облыс әкімі кітапхананың базасында аймақтың 
ақпараттық ресурстық орталығын құру міндетін қойды. 
2007-2010  жж.  «Павлодар  облысының  кітапхана  саласын  үлгіленді-
ру» облыстық бағдарламасы жүзеге асты, оның қорытындысы. 59 үлгілік 
ауылдық  кітапхана,  286  ПК.  2008  ж.  қаңтар  айында  ОБӘҒК  сайтының 
екінші деңгейдегі доменмен жаңа түрі жіберілді – www.pavlodarlibrary.kz
2010-2011  жылдары  облыс  кітапханаларының  өмірінде  елеулі  орын 
алған бірнеше маңызды оқиғалар болды. 2010 жылы «Павлодар облысының 
кітапханалары:  дамудың  инновациялық  моделі»  облыстық  семинары  
ҚР ҰАК қатысуымен өтті, онда кітапханалар қызметінің қорытындысы жа-
салып 2011 жылғы басты бағыты айқындалды. 
2011  жылы  Жол  картасымен  Ак.  Сәтбаев  көшесі,  104  үй  бойынша  
кітапхана фасады жөнделді, ғимараты жаңартылды, 
2011  жылы  Қарағанды  облысының  кітапханашылары  біздің  ауыл-
дық үлгілік кітапханаларының озық тәжірибелерімен танысу мақсатында 
қарағандылық делегация облысымыздың  Павлодар, Ақтоғай аудандары-
ның,  Екібастұз,  Ақсу  айылдық  аймақтарының  кітап ханаларының,  об-
лыстық  кітапхананың  қазіргі  деңгейге  сәйкес  кітапхана лар  қызметімен 
танысты. 
ҚР Тәуелсізідігіне 20 жыл тойын мерекелеу аясында Астана қ. ҚР ҰАК 
«Павлодар  облысының  кітапханалары:  дамудың  инновациялық  моделі» 
атты  Павлодар  облысы  кітапханаларының  Күні  өтті,  оған  ҚР  мәдениет 
Министрлігі,  республиканың  облыстық  кітапханаларының  жетекші  ма-
мандары, сонымен қатар Астананың барлық жүйедегі және ведомстволық 
кітапханалар қызметкерлері қатысты. Республикалық кітапханалық қоғамы 
бірегей облыстық кітапхана жобасы – Павлодар Ертіс өңірінің электронды 
әдеби картасының тұсау кесерін жасады, онда Павлодар өңірінің жазушы-
лар  мен  ақындардың  өмірі  мен  шығармашылығы  туралы  толық  ақпарат 
берілген. «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында шығарылған «Жүсіпбек Ай-
мауытов» библиографиялық көрсеткішінің тұсау кесері, «Павлодар облы-
сы кітапханаларының ақпараттық кеңістігі» атты тренинг өткізілді. 
С.  Торайғыров  атындағы  облыстық  кітапхана  жұмысында  жеткен 
нәтижелері  алға  жылжуға,  жаңа  міндеттер  мен  перспективалар  қоюға 
мүмкіндік береді. 


жүктеу 2,93 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   116




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау