Емтихан сұРАҚтары баланың білім алуға әлеуметтік педагогикалық құқығы


Баланың даму бағыттарының саипаттамасы



жүктеу 117,09 Kb.
бет6/69
Дата26.01.2022
өлшемі117,09 Kb.
#35022
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   69
ЕМТИХАН СҰРАҚТАРЫ жауабы

Баланың даму бағыттарының саипаттамасы

Баланың әлеуметтену үрдісін қамтамасыз ететін әлеуметтік институт – отбасы, әлеуметтендіруші агенттері болып – ата-аналары болып есептеледі. Отбасындағы баланың әлеуметтену үрдісі мақсатқа бағытталған және стихиялы болып екі түрге бөлінеді. Мақсатқа бағытталған әлеуметтену дегеніміз ата-ананың ақыл кеңесі, үлгі-өнегелері, бірігіп атқарған шаруалары, стихиялы әлеуметтену – отбасында баланың өзі куә болған оң және теріс ықпалдар, ата-ананың теріс әрекеттері мен қылықтары нәтижесінде жинақталған тәжірибелер.

Әлеуметтену үрдісі белгілі бір психологиялық механизмдердің желісінде жүзеге асады. Олай болса, отбасындағы баланың әлеуметтену үрдісін қамтамасыз ететін механизмдерге тоқталып өтейік:

1. Дүниеге келгеннен басталатын әлеуметтену үрдісі персонификация және идентификация (ұқсастырылу) механизмдері негізінде жүзеге асады. Дүниеге жаңа келген сәби ата-анасының өмір тәжірибесін көріп өседі де есейе келе сол көргендерін қайталай отырып, болашақта атқаратын қызметі мен орындайтын рөлдерін игереді. Мысалы, 2-3 жастағы балалар үйде ата-аналары не істесе, ойнаған кезінде соны қайталайды. Қыз бала анасының қылықтарын, ал ер бала әкесінің қылықтарын қайталайды. Бұл жай ғана ойын емес. Ол ертең есейгенде қыз баланың ана болатынын, дүниеге сәби әкеліп, ас пісіру, үй жинау сияқты қызметтермен айналысатыны туралы тәжірибе жинайды, ал ұл балалар ер азамат болуға дайындықты бастайды. Осыдан келіп қыз бала анасына, ұл бала әкесіне ұқсайды. Қазақ халқы бұл айтылғанды «әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» деген қанатты сөзімен кейінгі ұрпаққа жеткізген.

2. Атақты орыс психологы Л.С.Выготский психологияға енгізген интериоризация механизмі. Интериоризация латын тілінен аударғанда «сырттан ішке енгізу» деген мағынаны білдіреді. Яғни адам өзінің психикалық әлемін біртіндеп сыртқы ортаның ықпалымен, оқыту және тәрбиелеу үрдістерінде ақыл, білім, тәжірибе, дағдыларды жинақтап, әлеуметтік-психологиялық қасиеттерге ие болады. Яғни «сырттан ішке енгізілген» білім, тәжірибе, дағдылар әркімнің дара және жас ерекшеліктеріне қарай үнемі динамикалы өзгеріп отыратын құбылыс. Бала дүниеге келгеннен бастап белсенді түрде сыртқы ортамен байланысқа түседі. Нәтижесінде психикалық даму заңдылықтарына сәйкес өзіндік санасын, өмірге деген қатынасын қалыптастырады. Бұл үрдісте ата-ананың рөлі ерекше. Баланың бойындағы жақсы қасиеттер ананың сүтімен, әлдиімен, жылы-жылы сөйлеген сөзімен, мейірімді жүрегімен, үлгі-өнегеболарлық әрекеттерімен әлем кеңістігіне сенімді кіруіне негіз болады.

3. А.Н.Леонтьев бойынша «игеру» және «өз құндылығына айналдыру» механизмдері арқылы бала дүниеге келген күннен бастап, қоршаған ортасындағы құндылықтарды игере бастайды. Жақсы мен жаманның, қайырымдылық пен зұлымдықтың ара қатынасын ашып, өзінің рухани-адамгершілік құндылықтар жүйесін түзеді. Игерілген білім, тәжірибелер оның құндылығына айналып болашақта өз әрекеттерін реттеуде белсенді пайдаланады.

З. Фрейдтің әлеуметтік дамуға енгізген келесі психологиялық механизмдері: имитация (еліктеу), идендификация (ұқсастырылу), ұят және кінә сезімдері.

Имитаця (еліктеу) – баланың қандай да белгілі әрекет-қылық үлгісін саналы қайталауға тырысуы. Мұндай үлгі ата-ана, жақындарының, достарының және т.б. әрекеттері болуы мүмкін. Осы механизм негізінде бала көргендерін, естігендерін ұқсастыра қайталай отырып,болашақта нені айтуға, істеуге болмайды дегендей жақсы мен жаманның ара қатынасын ашады.

Идентификация (ұқсастырылу) бала өзін ата-анасымен, ағайын- туыстарының,достарының ішіндегі өзіне ұнаған адамдармен ұқсастырылу арқылы жақсы (өкінішке орай кейде теріс) әрекет-қылық үлгілерін, олардың бойындағы құндылықтар мен нормаларды қабылдап өзінің меншікті әлеуметтік-психологиялық сапа-қасиеттеріне айналдырады.

Қоршаған жақын адамдарының пікірлері бала үшін соншалықты маңызды да мәнді, себебі олардың ықпал-әсері арқасында оның «Мен» бейнесі қалыптасады. Егер отбасында татулық, сыйластық болса, уақыт өте келе бастапқы әлеуметтік ұжымдардағы әлеуметтік ықпалдар мен байланыстардың шеңберінің кеңеюі нәтижесінде субъективті «Мен» нығайып, тұрақтанады, қоршаған адамдар ықпалымен баланың өзін-өзі қадағалау, бақылау қабілеті артады, әлеуметтік нормалары мен құндылық бағдары, әлеуметтік белсенділігі жоғарылайды.


  1. жүктеу 117,09 Kb.

    Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   69




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау