Әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларын өткізу бойынша бірлескен қызмет үшін әріптестер таңдау конкурсын өткізу ережесіне



Дата15.04.2020
өлшемі71 Kb.
#29758
түріКонкурс


Әлеуметтік маңызды азық-түлік

тауарларын өткізу бойынша бірлескен

қызмет үшін әріптестер таңдау

конкурсын өткізу ережесіне

№4-қосымша

ШАРТ ЖОБАСЫ



Бірлескен қызмет туралы шарт

Талдықорған қ. ____________ 2019ж.

«Жетісу» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» өңірлік даму институты» акционерлік қоғамы, әрі қарай «1-тарап» атынан, Жарғы негізінде әрекет ететін, Басқарма Төрағасы Т.Малыбаев бір тараптан және Жеке кәсіпкер ________________, әрі қарай «2-тарап» атынан ______________________________ берілген _________________________________________ негізінде әрекет ететін, ______________________________, жеке басының куәлігі № ______________, __________________________ берілген, келесі тараптан, бірге әрі қарай – «Тараптар», төмендегілер туралы Бірлескен қызмет туралы осы шартты (әрі қарай – Шарт) жасасты:
1. Шарттың мәні
1.1. Осы Шарттың мәні болып, әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларын өткізу туралы Шартын орындау мақсатында Тараптардың қатысу тәртібін, талаптарын, құқықтары мен міндеттерін анықтау табылады.
2. Тараптардың міндеттері
2.1. 1-тарап:

2.1.1. 2-тарапқа сауда объектісін орнату үшін Алматы облысы, Талдықорған қаласы, _______________ көшесінде орналасқан, жалпы алаңы ____ шаршы мерт жер телімін уақытша иелікке береді.

2.1.2. 2-тараптың мүдделерін адал сақтау, шарт талаптарын орындау және өткізу үшін Алматы облысының азық-түлік тұрақтандыру қорына сатып алынған ӘМАТ-ты береді.

2.1.3. Тауарларды Тараптар арасында келісілген бағалар бойынша беру.

2.1.4. ӘМАТ-ты сауда объектісіне дейін тасымалдауды жүргізу.

2.1.5. Тұрақтандыру қорынан тауардың уақытында жеткізілуіне және сапасына жауапты болады.



2.2. 2-тарап:

2.2.1. Сауда объектісін өз меншігі болып табылатын, меншікті қаражаты есебінен орнатады. Сауда объектісі бекітілген эскизге сәйкес орнатылады. Құрастырманың сипаттамасы: Темір қаңқа. Шатыры мен сыртқы қоршау құрастырмасы сэндвич-панельден (жылыту минмақтасының қалыңдығы – 100 мм), декоративті элементтер темір касеталардан. Әйнек қаңқасы алюминий профильден. Ішкі әрлеу ақ түске боялған.

2.2.2. Сауда объектісін ұстау бойынша Талдықорған қаласының коммуналдық қызметтерімен, қоқыс шығару бойынша «Көркейту» ЖШС-мен, сумен қамту және электр қуатымен қамту қызметтерімен сәйкес шарттар жасайды.

2.2.3. Өзі өндіретін азық-түлік тауарларын және Алматы облысының азық-түлік тұрақтандыру қорынан алған тауарларды өткізеді, мұнда өткізілетін ӘМАТ тізімі және ӘМАТ-қа сауда үстемесі әрбір тоқсанның басына бекітілген прайсқа сәйкес келуі тиіс.

2.2.4. 1-тарапқа алған Тауарына толық құнын өткізу бағасы бойынша төлеуге міндеттенеді.

2.2.5. Өткізетін ӘМАТ-қа жергілікті атқарушы органдармен бекітілген, шекті бөлшек сауда бағасынан жоғары емес, бөлшек сауда бағасын белгілейді.

2.2.6. 1-тараптан ӘМАТ-ты қабылдағаннан кейін, оны сақтау және өткізуге байланысты барлық шығындарды көтереді.

2.2.7. Сауда объектісінде өткізілетін тауар сапасының Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының мемлекеттік талаптарына сай келуіне жауапты болады.

2.2.8. Сауда объектісін ұстауға байланысты барлық шығындарды көтереді.

2.2.9. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес, санитарлық және өртке қарсы талаптар мен нормалардың сақталуына жауапты болады.



2.3. 1-тараптың құқықтары:

2.3.1. Осы Шарт бойынша өзіне қабылдаған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген міндеттемелерді тиісінше орындау.

2.2.2. ӘМАТ-қа бөлшек сауда бағаларының Тараптармен келісілген бағаларға сәйкестігін тексеру.

2.4. 2-тараптың құқықтары:

2.4.1. Сауда объектісінде өткізуге арналған ӘМАТ-ты қоспағанда, азық-түлік тауарларының ассортиментін және бағасын дербес анықтау.


3. Тауардың бағасы

3.1. Жеткізілетін тауардың бағасы ҚҚС есептегенде, теңгемен белгіленеді.

3.2. 2-тарапқа комиссиялық сыйақы 1-тараппен келісілуі және қосымшаға сәйкес, өтінімде көрсетілуі тиіс.

3.3. 2-тарапқа комиссиялық сыйақы 1-тараптың жеткізу бағасы мен Тауарды өткізу бойынша келісілген бағасы арасындағы айырмашылықпен анықталады.


4. Тараптардың жауапкершілігі

4.1. Тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес, өздеріне осы Шарт бойынша қабылдаған міндеттемелерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін жауапты болады.

4.2. Тауар бөлшек сауда бағасын тексеру кезінде 1-тарап белгілеген бағадан артық бағада өткізілгені анықталған жағдайда, 2-тарап сатып алынған тауар сомасынан 1% көлемде айыппұл төлейді.

4.3. Тараптың өсімпұлды және/немесе айыппұлды төлеуі сол Тарапты осы Шарт

бойынша өз міндеттемелерін орындаудан босатпайды.
5.Форс-Мажор

5.1.Тараптардың кез келгеніне осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін толық немесе жартылай орындау үшін кедергі келтіруі мүмкін, тойтарылмайтын күш жағдайының, атап айтқанда: өрт, су басу, эпидемия, дүлей апаттар, жер сілкінісі, азаматтық толқулар, кез келген сипаттағы әскери әрекеттер, мемлекеттік органдардың актілері туындаған жағдайда, Тараптардың ешқайсысы өз міндеттемелерін толық немесе жартылай орындамағаны үшін жауапты болмайды.

5.2. Өз міндеттемелерін орындау мүмкін болмай қалған Тарап, шұғыл түрде тойтарылмайтын күш жағдайының туындағаны туралы келесі Тарапқа жазбаша түрде хабарлайды. Мұндай хабарламада осы жағдайдың сипаты туралы мәліметтер, сондай-ақ олардың осы Шарт бойынша міндеттемелердің орындалу мүмкіндігіне әсеріне бағалау қамтылады.

5.3. Бір тарап келесі тарапты туындаған Форс-Мажор жағдайы туралы ол туындаған сәттен 5 (бес) күнтізбелік күн ішінде хабарламауы, осындай жағдайлар әсеріне душар болған Тарапты оларды осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындауының негізі ретінде сілтеме жасау құқығынан айырады.


6. ДАУЛАРДЫ ҚАРАСТЫРУ ТӘРТІБІ

    1. Егер Тараптар келісімге келе алмаған жағдайда, осы Шартты орындау нәтижесінде немесе соныған байланысты туындаған барлық даулар мен келіспеушіліктер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес шешілуге жатады.

    2. Егер Тараптар осы Шартты орындауға байланысты туындаған дауды өздіктерінен реттей алмаған жағдайда, оларды шешу үшін Алматы облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына жүгінеді.


7. ХАБАРЛАМА

7.1. Бір тарап келесі тарапқа Шартқа сәйкес жолдайтын кез келген хабарлама ақысы төленген тапсырысты хатпен немесе факс бойынша, не электрондық пошта арқылы жіберіледі.

7.2. Хабарламалар жеткізілгеннен кейін немесе күшіне енетін күні көрсетілген күні (хабарламада көрсетілсе), қай күн кейін келуіне қарай күшіне енеді.

7.3. Тараптар арасындағы осы Шартты жүзеге асыру мәселелеріне қатысты ресми хат алмасу тек жазбаша түрде рәсімделгенде ғана күшке ие болады.

Осы Шарт бойынша барлық хабарламалар мен жазбаша хаттар факспен, пошта байланысымен, электрондық поштамен жөнелтілуі немесе Тараптың осы тармақта көрсетілген немесе Тарап көрсеткен басқа мекен-жайы бойынша курьермен жеткізілуі тиіс.

Хабарламаларды қабылдауға арналған мекен-жайлар:



«Жетісу» ӘКК» ӨДИ» АҚ

Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Талдықорған қаласы, Абылайхан к-сі, 113;

Телефон: 8(7282) 32-97-20, 32-95-00, факс: 32-94-94, 32-95-03;

e-mail: zhetisu@spk-zhetisu.kz.



«___________» ЖШС

Мекен-жайы: Алматы облысы, _______________

Телефон: 8 ______________;

e-mail: ________________

7.4. Тараптың заңды мекен-жайы, басқа деректемелері (телефоны, электрондық поштасы) өзгергенде, бірінші басшылары ауысқанда, сол Тарап келесі Тарапқа 7 (жеті) жұмыс күні ішінде орын алған өзгерістер туралы жазбаша хабарлама жолдауға міндетті.
8. Шарттың әрекет ету мерзімі және оны бұзу талаптары

 8.1. Шарт оған қол қойғаннан кейін күшіне енеді және Тараптар өз міндеттемелерін толық орындағанға дейін әрекет етеді.

8.2. 2-тарап дәрменсіз немесе төлем қабілетсіз деп танылған жағдайда, 1-тарап кез келген уақытта, бір жақты тәртіпте, 2-тарапқа сәйкес жазбаша хабарлама жолдаумен, осы Шарт талаптарын орындаудан бас тарта алады. Мұндай жағдайда, осы Шарт талаптарын орындаудан бас тарту шұғыл түрде жүргізіледі және 1-тарап осы Шарт талаптарын орындаудан бас тарту ешқандай шығын келтірмесе немесе 1-тарапқа жазылған немесе соның салдарынан жазылатын әрекеттерді жүргізу немесе жазаларды қолдану құқықтарына қатысты болмаса, 2-тарапқа қатысты ешқандай қаржылық міндеттеме көтермейді.

8.3. 1-тарап кез келген уақытта, оны әрі қарай орынсыз болған жағдайда, 2-тарапқа сәйкес жазбаша хабарлама жолдай отырып, осы Шартты бұза алады. Хабарламада осы Шарт талаптарын орындаудан бас тартудың себебі, сондай-ақ осы Шартты бұзудың күшіне енетін күні көрсетілуі тиіс.

8.4. Шарттың жоғарыда аталған жағдайға байланысты күші жойылса, 2-тарап Шартты жүзеге асыруға байланысты оны бұзу күніне нақты шығындарды ғана төлеуді талап етуге құқылы.

9. Басқа да талаптар

9.1. Осы Шарттың құқықтық нормалары болып Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы табылады.

Осы Шартпен реттелмеген мәселелер осы тармаққа сәйкес шешіледі.

9.2. Осы Шарт мемлекеттік тілде жасалған. Осы Шартқа қатысты барлық хат алмасулар және тараптар бір-бірімен алмасатын басқа да құжаттама осы талаптарға сай болулары қажет.

9.3. Салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес төленуі тиіс.

9.4. Осы Шартқа кез келген өзгертулер мен толықтырулар жазбаша түрде рәсімделген, Тараптардың уәкілеттік өкілдерімен қол қойылған және Тараптардың мөрлері басылған жағдайда ғана заңды күшке ие болады.

9.5. Осы Шартқа өзгертулер енгізуге Тараптар өзара келісімге қол жеткізгенде ғана жол беріледі.

Жасалған шартты осылай өзгертуге Тараптардың 10 (он) жұмыс күні ішінде хабарландырған жағдайда жол беріледі.

9.6. Осы Шарт бойынша Тараптардың біреуіне міндеттерді беруге келесі Тараптың жазбаша келісімі болғанда ғана жол беріледі.

9.7. Осы Шарт мемлекеттік тілде, бірдей заңды күшке ие екі данада жасалды.


10. Мекен-жайлар және баснктік деректемелер:


1-тарап

2-тарап

«Жетісу» ӘКК» ӨДИ» АҚ

Қазақстан Республикасы, Талдықорған қаласы, Абылайхан к-сі, 113,

СТТН 092 200 224 450,

«Қазақстанның Халық банкі» АҚ-ның ТӨФ,

ЖЖК KZ 446 010 311 000 035 908,

БСК HSBKKZKX, КБЕ 16

БСН 070640009334
____________

м.о.



___________

м.о.




Осы Шарт үлгі болып табылады және оны жасау кезінде түзетілуі мүмкін.

Бірлескен қызмет туралы

__________ №___________

шартына қосымша
Өтінім


Тауар атауы


Тауардың саны



Өткізу бағасы, теңге

Бөлшек сауда бағасы, теңге















ЖК _____________

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау