Иә, … қазір, шынайы өмір мен жасанды кеңістік, әлеуметтік желі мен кітап, адами қарым-қатынас пен онлайн қатынас бәсекеге түскен заман.
Іздеу жылдамдығы. Әлеуметтік желілердің көмегімен іздеген адамыңды жылдам тауып алуға болады (егер тіркелген болса).
Мейрамдар, туған күндер жайлы еске салады. Әлеуметтік желілер арқылы дер кезінде достарыңыздың туған күнін, айтулы мерекелерді біле аласыз. Біліп қана қоймай, арнайы құттықтау қағаздары, стикерлер арқылы құттықтауыңызға болады.
Әлеуметтік желінің зияны
Таяқтың екі ұшы болатыны сияқты, әлеуметтік желілердің залалы да жетерлік. Ол, тіптен пайдасынан көбірек болып жатады. Сондықтан, әр адам әлеуметтік желіні пайдаланбас бұрын оның пайдасы мен залалын таразылап алғаны дұрыс.
Әлеуметтік желі ең алдымен, адамның алтын уақытын жейді. Уақыт – Алланың адамға берген ең үлкен байлығы және баға жетпес құндылығы. Жоғалтқан уақытты ешқандай жолмен қайтара алмайсыз. Әлеуметтік желіде күн сайын жеті-сегіз, тіпті одан да көп сағаттап отыратындар алтын уақыттарын жоғалтып жатқандар.
Екінші залалы – әлеуметтік желі адамды белсенді емес тұтынушыға, яғни көк жалқауға айналдырады. Әрине, әлеуметтік желіні адамдар әртүрлі мақсатта пайдалануына болады, оның ішінде жаңа нәрселерді жасап, соны жұртқы ұсынуға да мүмкіндік бар. Дегенмен, оны тұтынушылардың көбі жаңаны жасағаннан гөрі, ұсынылып жатқан ақпараттарды тұтынғанды жөн санайды.
Әлеуметтік желі ақырсында адамды тәуелді етеді. Араққа, есірткіге тәуелді болған сияқты, адамдар көп ұзамай әлеуметтік желіге де тәуелділікке түседі. Енді олар күндіз-түні компьютерде отырып, әлеуметтік желіге қараудан жалықпайтын болады. Бүгінгі күні, әсіресе жасөспірімдер арасында әлеуметтік желіге тәуелділік белең алып барады.
Әлеуметтік желі адамды бақытсыз етеді. Иә, әлеуметтік желіге байланған адам үшін бақыт деген жұрттың өзі ұсынған ақпаратқа немесе суретке лайк басып, сүйсінуі болып саналады. Олар өзгелерді тамсандыру үшін, тіпті өмірлеріне қатер төндіріп биік үйлердің төбесінде, жүріп келе жатқан пойыз көрінісі аясында суретке түсуге ұмтылып жүріп, мерт болып немесе жарақат алып жатады. Жұрт лайк баспаса, ол үшін нағыз үлкен бақытсыздық болып табылады.
Сондай-ақ, әлеуметтік желі адамдарды жақындарымен, таныс-достарымен тірілей байланыс жасауына кедергі келтіреді. Жәй кедергі келтірсе жарайды ғой, олардың еркін алып, айналасындағылармен қарым-қатынастарын үзуге еріксіз мәжбүрлейді. Әлеуметтік желінің қызығына түскен адам туыстарын да, отбасын да, тамыр-таныстарын да естен шығарады.
Күніне сағаттап интернетте отырып, айналасындағы дүниені ұмытатын, адамдармен қарым-қатынасын үзетін, әлеуметтік желіге тәуелді болған пенде ақыр-соңында денсаулығын жоғалтып, түрлі ауруларға шалдығады. Бар уақыты мен күш-қуатын, қабілет-қарымын интернетте сағаттап отыруға жұмсайтын ондайлар күнделікті өмірдегі отбасы, еңбек ұжымы, жалпы қоғам алдындағы міндеттерін ұмытып, содан қолайсыз жағдайларға тап болады және тұрмыста да ауыртпалықтарға ұшырайды.
Әлеуметтік желілерде байланыс орнатудың түрі көбейген сайын оған қызыға түскендердің қатары артуда. Әлеуметтік желіде мың досы бар жандардың шынайы өмірде сыр бөлісе алатын жалғыз жолдасы да жоқ. Оған өкінбейтіндері де кем емес. Виртуалды әлемді өзі танымайтын, өзі көрмеген досының мақтауына семіріп, өзін керемет жан сезінетіндер жұртпен араласудан қалып барады. Қалай сөйлесу керектігін де ұмыта бастағандай.
Әлеуметтік желі деген де аурудың бір түріне айналып бара жатқан секілді. Көбінесе жастар ешкім кедергі келтірмесін деген оймен интернетке, әлеуметтік желіге түнде көбірек қосылады. Соның салдары-нан күндіз меңіреу, селқос жанның күйіне түседі. Ұйқысы қанбай, күн тәртібі бұзылады. Уақтылы тамақтануға, жеке гигиенаға көңіл бөлуге де уақыт жетпейді. Интернетке бір күн қосылмай қалса, әлемнің үлкен жаңалығынан құр қалғандай мазасыздана бастайды, тіпті қолы немесе аяғы жоқ жарымжан адамдай күйге түседі. Әрине, көпшілігі компьютер немесе ұялы телефонға ұзақ телмірудің денсаулыққа зиян екенін біледі. Бірақ оны қолданудан бас тартатындары өте сирек.
Әлеуметтік желіге тіркелгендер көп жағдайда өзі туралы мәліметті ашық жаза береді. Ал мұндай мәліметті қылмыскерлер пайдаланып кетуі ғажап емес. «Ертең мен ауылға кетемін, дүйсенбіде кездескенше, достар!» деп парақшасына жазып кеткен бір аңқау жігіт ауылдан оралса, үйін тонап кетіпті. Дүние кетсе мейлі, өмірімен қоштасып жатқандар да жоқ емес. Әлеуметтік желі арқылы өзіне ұқсайтын жалғызбасты әйелді тапқан қылмыскер онымен достасып алған. Кейін әбден сеніміне кіріп алған соң үйіне барып өлтіреді, аты-жөнін, дүние-мүлкін иемденеді. Статистикалық мәліметтерге сенсек, жыл сайын әлемде шамамен 100 адам әлеуметтік желіде қалдырған хаты үшін өмірден озады екен.
Компьютердің, ұялы телефондардың зияны туралы мақалалар өткен ғасырдың сексенінші жылдарынан бастап жарық көрген. Әсіресе, ондағы алуан түрлі ойындар жеткіншек балалар мен бүлдіршіндердің денсаулығына, жүйке жүйесіне зақым келтіретінін сол кезден-ақ ғылыми негізде дәлелденген.
Сонымен бірге балада тек өзіне ғана мәлім “жабық әлем” қалыптасады. Тек компьютермен шектелетіндіктен мұндай бала ерте ме, кеш пе әйтеуір қатарластарымен тілдесе алмайтын халге жетеді. Тіпті, бұған дейін достасып жүрген жолдастарын жоғалтады…
Интернет пен ұялы телефонның білім сапасына кері әсері. Телефон ең алдымен, байланыс, яғни сөйлесу құралы. Бірақ, неге екенін білмедік, көптеген бала-шаға оны ойын, уақыт өткізу құралына айналдырып алған. Осылайша олардың бар уақыты осы телефонмен өтеді. Шыны керек, тәулігіне 24 сағат болса, олар соның 12-13 сағатын осы қалта телефонымен өткізеді.
Cонымен қатар интернетті және әлеуметтік желілерді шектен тыс қолдану білім сапасының төмендеуіне де әсері бар екен. Сондықтан Интернеттің тек жақсы жақтарын пайдаланып керегімізге жаратайық.
Осы саладағы көптеген зерттеулер ұйықтар алдында әлеуметтік желіні пайдаланудың күндізгі уақытқа қарағанда әлдеқайда зиянды болатынын көрсетеді. Диод лампасының жарығы (телефон, ноутбук, планшет) мидағы табиғи ұйқы процесі мен мелатонин ұйқы гормонының бөлінуін тежейтін көрінеді. Тіпті мектеп жасындағы жасөспірімдер түнде әлсін-әлсін оянып, әлеуметтік желідегі жаңа хаттарды бірнеше рет тексереді екен. Бұл жағдай оларды әдеттегіден үш есе артық шаршатады. Ал ұйқы қанбаудың соңы қан қысымына, диабетке, семіздікке, жүрек-қан тамырлары ауруына, депрессияға ұласады. Нашақорлықтың медициналық-әлеуметтiк проблемаларының республикалық ғылыми-практикалық орталығы («НМӘП РҒПО» РМҚК – ред.) мамандарының 2013 жылы жүргізген зерттеуі бойынша, қазақстандықтардың 5 пайызы ойынқұмарлық пен интернет тәуелділікке ұшыраған.
Қазақстанда ата-аналардың 57%-ы балалары интернетте жасына сай емес ақпарат алуы мүмкін деп қауіптенеді екен. Десек те, ата-аналардың көбісі интернет қауіпсіздігі мәселесіне көп көңіл бөлмейді. Себебі, ата-аналардың 18%-ы балаларының ғаламторда не істеп отырғанын мүлде қадағаламайды екен.
Заман солай деген желеумен баламыздың компьютер, планшет, ұялы телефон және теледидар секілді сандық техникалармен бар уақытын сарп етуіне мүмкіндік беріп қойдық. Жарты күнін экран мен суперзаманауи гаджеттердің алдында өткізетін бүгінгі баланың ертеңіне ертерек алаңдасақ, ұтылмасымыз анық. Ол үшін баламыздың түрлі гаджеттерді қолдану уақытын шектеп қана қоймай, көріп отырған дүниесінің мазмұны дініміз бен діліміздің салт-санамыздың құндылықтарына қайшы келмеуін де қадағалап отырған абзал.
Мұның салдары қандай жағдайға апарып соғарын болжап білу мүмкін емес.
Көп уақытын шығындау. Әлеуметтік желілерде сағаттап отырамынымыз өтірік емес. Алайда бұл уақытыт пайдалы әрі тиімді өткізуімізге де болар еді. Бос әңгіме, жеңіл әзіл-қалжыңдармен уақыт өлтіргеннен гөрі, білім алу, тіл меңгеру — әлдеқайда пайдалы.
Шынайы өмірден алыстау. Әлеуметтік желілерде біздің мінез-құлқымыз, өзімізді ұстауымыз шынайы өмірге қарағанда өзгерек. Нәтижесінде шынайы өмірден алшақтап, қиялыңыздағы виртуалды кейіпкеріңізге әбден беріліп кетуіңіз мүмкін.
Жеке тұлғаның азуы. Егер әлеуметтік желілерге көп уақытын жұмсайтын адамдардың сөзіне, пікіріне назар салсақ, олардан мағынасыздықтың лебі еседі. Тіпті, бірқатарының сөздері көпшілікке түсініксіз.
Әлеуметтік желілер — алаяқтар мен арам пиғылды адамдардың алаңы. Өкінішке орай, көпшілігіміз әлеуметтік желіге өзіміз жайлы басы артық мәлімет берудің артынан болар зардабын біле бермейміз. Көбіне онда толық аты-жөнімізді, мекен-жайымызды, телефон нөміріміз бен жұмыс орнымызды жазып жатамыз. Мысалы, бүгін әлеуметтік желіде достарыңызбен ноутбук немесе қымбат тон сатып алғаныңыз жайлы мәліметпен бөлістіңіз делік. Біраз уақыттан соң өзге қалаға не мемлекетке саяхаттап бара жатқаныңыз жайлы жаздыңыз. Дәл осы уақытта сіздің жоқтығыңызды пайдаланған алаяқтар тоныңыз бен ноутбугыңызбен қатар, одан бөлек құнды дүниелеріңізді тонап кетуі мүмкін екен.
Әрине, егер шегін біліп қолдансаң, әлеуметтік желінің зияны жоқ деуге болады. Әлеуметтік желіге күніне 1 сағат уақытыңызды ғана бөлгеніңіз жөн дейді мамандар. Баланың ғаламтор желісінде ұзақ уақыт отыруға әуес болуынан туындайтын зияндар:
Көзінің көруі нашарлайды;
Айналасымен байланысы жоғалып, мінезі тұйықталып кетеді;
Денсаулығына кері әсерін береді;
Ойынға тәуелді болады;
Психикасы бұзылады.
Достарыңызбен бөлісу: |