1 Әлеуметтік желі тарихы мен түрлері
Әлеуметтік желілер — қызығушылықтары бірдей адамдардың интернетте бірігетін қоғамдастық сайттары. Осы сайттарда адамдар жедел түрде мәліметтер алмасады және достар табады. Бірақ осы сайттар арқылы тек қатынасып қана қоймай, адамдар музыка, видео іздеуі де мүмкін.
Әлеуметтік желілерде адамдар өзі жайлы мәлімет тастап қалдыра алады (туған күні, оқыған мектебі, университеті, ермектері және т.б.), басқа қатынасушылар осы мәліметтерді пайдаланып сол адамды таба алады.
Жалпы, адамдардың әлеуметтік желіні қолдану мақсаттарын үшке бөліп қарауға болады. Бірінші, байланыс. Олар маркетингтік, сараптамалық, зерттеулік немесе жай ғана дос-таныстармен хат-хабар алмасу үшін қолданады. Өзі әлеуметтік желінің басты функцияларының бірі де осы. Екінші, ақпарат. Ақпаратты алу, бөлісу, тарату, жарнама жасау, құлақтандыру, хабарландыру, қоғамдық пікір қалыптастыру, пікірталас жүргізу тұрғысын көздейтіндер бар. Әлеуметтік желіні қолданушылар саны көбейген сайын мұның да маңызы артып келе жатыр. Өйткені, желілер түрлі мақсаттағы ақпараттарды қоғамға тез жеткізудің тиімді жолы. Бұған пайдалы да, арандату мақсатындағы ақпарат та кіреді. Басты бақылауға алынуы тиіс тұсы осы. Яғни, қадағаланбаса әлеуметтік желілер түрлі мақсаттарда үлкен қару болғалы тұр, болып жатыр да. Үшінші, психология. Бұл адамның ішкі қажеттілігін, яғни эгоны қанағаттандырудың ең қолайлы әдісі. Қоғамда өз орнын таба алмай, ойларын ашық жеткізуге шамасы жетпей, тұйық күйінде қалыптасқан жандар үшін керемет құрал. Осы желілерді пайдалану арқылы олар өздерін басқаша сезіне бастайды. Лайк жинау, пікір жазу, селфи жасау немесе құнды деп санайтын ойларын бөлісу арқылы ішкі эголарын қанағаттандырады. Оффлайн өмірде жасай алмағанын онлайнда жүзеге асырғысы келеді. Бірақ тым асыра пайдалану – психологиялық дертке соқтыруы мүмкін. Сондай-ақ, желіге тәуелділік арқылы қоғамнан одан сайын алшақтатуы да ықтимал. Қалай дегенде де интернет және әлеуметтік желілер қазіргі қоғам тіршілігінің ажырамас бөлшегі. Тек қолдану барысында дұрыс пайдалануды және шектен шықпауды қадағалаған жөн.
1970-ші жылдардың соңында адамдар бір-бірімен әңгімелесе алатын алғашқы электронды хабарландыру тақталары пайда бола бастады. Әрине, сол кезде бүгінгідей ыңғайлы болған жоқ, бірақ адамдарды ғаламторда біріктірудің бұл алғашқы қадамдары еді. Келесі кезең, алғашқы «on-line» сервистердің пайда болуы еді. Әңгімелесуге арналған чатты жасаған бірінші компания «CompuServe» болды. Сервисте әңгімелесудің бір сағатына 30 доллар төлеу керек еді, бұл осы компанияның негізгі кемшілігі болды.
Кейін жедел хабарламалар жүйесі пайда болды. Файлдарды жіберетін және чаттағы жедел әңгімелесудің бірінші сервисі, 1988 жылы «MultiUser Talk» программасын алмастырған IRC (Internet Relay Chat) болды. 1991 жылғы «Шөлдегі дауыл» әскери операциясын «on-line» режимінде бүкіл әлемнен келген хабарламалар трансляциясынан кейін «IRC»-дің кең танымла болды. «IRC» – дің негізгі кемшілігі — шектеулі қолдану болды.
1990 жылдардың ортасында «ICQ» құрылды, ол жеке компьюерлерге арналған жедел хабарламалар жеткізудің бірінші жүйесі болды. «ICQ»-дің негізін «Mirabilis» компаниясы қалады. Бүгінгі таңда ICQ – «Mail.Ru Group»-тың құрамына кіреді, 2012 жылдың наурыздағы көрсеткіш бойынша әлем бойынша 23.4 млн. қолданушысы бар.Әлеуметтік желілердің құрылуына келсек. Әлеуметтік желілердің пайда болуының басты себебі, ол әрине, адамдардың бір-бірімен әңгімелесуді қалауы.Бұрындары адамдар әңгімелесу үшін бір-бірімен кездесетін. Ер жігіт қызбен танысқысы келсе, көшеде танысып, серуендеуге шақыратын, киноға, театрға апаратын. Ал бүгінгі күні жастар қалай танысады? Таныс емес адамдарды, әлеуметтік желідегі парақшасына қосып танысады.Интернеттің пайда болуымен және таралуымен барлығы өзгере бастады. Достарыңмен тілдесу виртуалды әлемге көше бастады. Бұл дұрыс па, бұрыс па, әркім өзі шешеді. Соңғы кездері адамдар бетпе-бет кездесуден гөрі әлеуметтік желілерде тілдесуді қалайды.
Әлеуметтік желілердің пайда болуы мен дамуына не түрткі болды? Әрине тез дамып келе жатқан интернет.
Интернеттегі әлеуметтік желінің бірінші аналогі 1995 жылы Рэнди Конрадс іске қосқан «Classmates» болып табылады. Сайттың аудармасы «Сыныптастар». Сайттың мақсаты, сыныптастарды және мектептегі достарды табуға мүмкіндік жасау. Бастапқыда сайт танымал емес еді, өйткені профильді жасау және достарды қосу функциялары болмады. Ал сайт қолданушылары тек білім беру мекемелерінің және сонда оқыған оқушылардың тізімін ғана көре алатын. «Classmates» әлеуметтік желілердің пайда болуына түрткі болды. Жоба нәтижелі болды, және де өз иелеріне табыс әкелді. Осыған қызығушылықпен қараған басқа адамдар өз әлеуметтік желілерін ойлап табуға кірісті. Бүгінгі күні сайт өз жұмысын жалғастыруда. Әлем бойынша сайттың қолданушылар саны 50 млн.Бүгінгі күні, біздің түсінігіміздегі бірінші толыққанды әлеуметтік желіні Эндрю Вейнрейх 1997 жылы іске қосқан «SixDegrees»-деп айтуға болады. Әлеуметтік желінің мақсаты «алты қолалысу» теориясын дәлелдеу еді.
Келесі әлеуметтік желілер «AsianAvenue», «MiGente», «BlackPlanet» 1997 және 1999 жылдары аралығында пайда болды. Функционалдығы жағынан алдындағылардан қатты өзгешелік болмады.1999 жылдың 18 наурызында америкалық студент-программист Брэд Фицпатрик «жанды журнал» — Livejournal-ды құрды. Ол ТМД елдерінде кең танымал болды. «Livejournal»» бірінші болып топтарды құрып, хат алмасу мүмкіндігін еңгізді. Осыны біз бүгін барлық әлеуметтік желілерден байқай аламыз.
2004 жылы Марк Цукерберг «TheFacebook» әлеуметтік желісінің негізін қалады. 2005 жылдан бұл желі «Facebook» деп атала бастады. 2008 жылы «Facebook» әлеуметтік желісі әлемдегі ең танымал әлеуметтік желіге айналды, және де бүгінгі күнге дейін көштің басында. Бүгінгі күні «Facebook» әлем бойынша «Google»-дан кейін ең көп танымалдылыққа ие екінші интернет сайт.
2006 жылы Джек Дорси — «Twitter» жобасын іске қосты. Ол тез дамып келе жатқан жаңа әлеуметтік желіге айналды. «Twitter»-дің ерекшелігі, тек 140 символдан ғана тұратын хабарлама жаза аласыз. 2010 жылдан бастап сайттан видео, фото көруге мүмкіндіктері пайда болды. Бүгінгі таңда «Twitter» әлем бойынша ең көп қаралатын сайттардың 10-на кіреді.
M-agent- қазіргі кезде жастар ол әлеуметтік желіні қолданбайды. Тек қана почта арқылы жұмыстарын мұғалімдерге жіберіп отырады. Және үлкен мекемеде жұмыс істейтін адамдар іс-қағаздарды почта арқылы жіберіп,байланыс жасайды.
Whatsapp- қазіргі таңда жастардың көп қолданатын желілердің бірі. Тек қана жастар ғана емес, үлкен кісілерде қолданады. Оның пайдасы аудиомен сойлеп жіберуге болады. Өлең, видео, фото бір-бірімен алмасуға болады.
Instagramm- жастардың әлеуметтік желісі. Оның ерекшелігі күнделікті не істеп жүргеніңді фото арқылы достарына көрсетесің. Оның көмегімен қолданушылардың фотосуреттер жасауға, оларға фильтр қолдануға, сонымен қатар оларды өзінің сервисі немесе басқа да әлеуметтік желілер арқылы таратуға мүмкіндіктері бар. Британдық ғалымдар Instagram-ды денсаулыққа ең қауіпті әлеуметтік желі деп атады.
Viber-кең қолданылып келе жатқан әлеуметтік желі.
Другвокруг-хат алмасуға арналған желі.Былайша айтқанда керек емес әлеуметтік желі.
Cacao Talk, Line-ол қазір көп қолданылмайды. Енді ғана келе жатқан желі. Ол дәл Whatssap сияқты.
Imo, Skype- екеуі бірдей міндетті атқарады. Бірақ, Skype бұрыннан келе жатыр. Және шетелдегі халықпен байланыс жасай аласың. Хат алмасуға да болады. Ал, Imo енді еңген жүйе.Ол дәл Skype сияқты.
Қазақстанда қазіргі кезде ең көп қолданыстағы әлеуметтік желілердің бірі nur.kz сайты болып есептеледі. Одан Басқа да Birge.kz, Ilike.kz, on.kz, www.kazlife.com, Zhelide.kz сайттары жұмыс істеуде. Солардың ішінде Zhelide.kz сайтына келетін болсақ, Желіде.кз сайты 2011 жылдың тамыз айында ашылды, сондай аз уақыт ішінде 10000-нан аса қолданушы жинап үлгерді. Бұл ҚАЗНЕТ үшін өте жоғары көрсеткіш болып есептеледі.
Телеграм – 2013 жылы жарық көрген әлеуметтік желі. ВКонтактінің негізін қалаушы Павел Дуров келіспеушіліктерден кейін компаниядан кеткен соң қауіпсіз деп танылатын сервисті дүниеге әкелді. Әлемнің 50-ден астам мемлекетінде қолданылады.
Офисі Нью-Йорк штатындағы Буффало қаласында болғандығына қарамастан телеграм командасының орталығы ол жерде емес. Telegram-ның бас-офисі Берлинде орналасқан. Себебі, сервис өкілдерінің айтуынша, Германия аумағында орналасу оларды арнайы қауіпсіздік қызметтерінен тәуелсіз етеді.
WhatsApp-ты фейсбук сатып алғаннан кейін, қолданущылардың көбісі басқа ыңғайлы мессенджерге ауысу қажет деп тапты. Осы жылдың ақпан айының көрсеткіші бойынша Телеграм Чили, Мексика, Италия, Испания, Германия, Нидерланды және Таяу Шығыс елдерінде көш бастап тұр. Осылайша аз уақыт ішінде жаңа желі үлкен жетістікке жетті.
Telegram-ды барлық хабарламалар бұзып кіруден қорғалған. Осы функциясы арқылы кеңінен танымал болды. Қолданушыларының мәліметтерін америкалық бақылау қызметіне ұсынады дейтін Facebook тәрізді жанжалдарға жолай қойған жоқ. Террористік ұйымдардың көпшілігі де Telegram каналдары арқылы байланысады деседі. Дегенмен мамандардың сөзінше, сервис барлық хабарламаларды құпияландырмайды. Сіз тек белгілі бір фунцияны қосқаннан кейін ғана ақпаратыңыз сақталған болып есептеледі.
Қазіргі таңда ақпарат тарату мүмкіншілігі бойынша Интернет торабы алдыңғы қатарға шығып отыр. Газет, теледидар, радионың түгелге жуығы Интернет торабында сайт немесе өз парақшаларын ашып, электронды ақпарат құралдарының саны күннен-күнге өсуде. Ал, Интернеттегі әлеуметтік желілердің қолданушыларының орта жасы 7-ден 48-ге дейін болып отыр. Қазір кез-келген ұялы телефонда әлеуметтік желілерге қосылу үшін қосымша бағдарламалар орнатылатын болды. Кез-келген компанияның өз тауарларын жарнамалау мақсатында әлеуметтік желіде парақшалары бар. Тіпті, Үкімет мүшелері, көптеген лауазымды тұлғалар Интернетте өз парақшалары, блогтарын ашып, сол арқылы өздерінің қызметіне байланысты ақпарат беріп отырады.
Қазіргі заман — жаңа серпілістер кезеңі. «Бұл серпіліс Қазақстанды да айналып өткен жоқ. Бізде де халық тиімді деп таныған әлеуметтік желілерін пайдаланып жүр. «Internet World Stats»-тің есептеуі бойынша, Қазақстанда 5,6 миллион адам әлеуметтік желілерді күнделікті пайдаланады. «Астана ақшамы» газетінде көрсетілген мәліметке қарасақ, Қазақстанда 5,6 миллион адам әлеуметтік желілерді күнделікті пайдаланады екен. Ең танымал әлеуметтік желілердің қатарында күніне 1 млн. 125 мың рет қаралатын «ватсап», 558 мың рет қаралатын «инстаграм», 252 мың рет қаралатын «В контакте», 410 мың рет қаралатын «Facebook»-ті жатқызуға болады. Әлеуметтік желілердегі әрбір екінші адам өзі жайында өтірік мәлімет жазатын көрінеді. Тарқатып айтсақ, олардың 29 пайызы есімі мен жасын, 23 пайызы отбасылық жағдайын, 22 пайызы түр-әлпеті және қызығушылықтары туралы, 17 пайызы білімі мен жұмысына қатысты жалған ақпарат беретін болып шыққан».
Күніне 1 млн. 125 мың қазақстандық ұялы телефонмен ватсапқа кіреді екен. Шын мәнінде, ватсап — ақпарат алмасудың әрі тиімді, әрі арзан жолы. Дегенмен күні ватсаппен өтіп жатқандар да табылады. Біз бұл өмірге өзгелер өмірін білу үшін немесе тек ақпарат алмасу үшін емес, ең алдымен, шын өмір сүру үшін келдік.
Достарыңызбен бөлісу: |