Әлеуметтік-Гуманитарлық- факультеті



жүктеу 2,59 Mb.
бет19/22
Дата29.01.2018
өлшемі2,59 Mb.
#8014
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22

Мінездеме


(Характеристика)
Мінездеме – қызметкердің қызметтік, қоғамдық әрекеттерін ресми түрде бағалау, іскерлік қабілеті мен моральдық сапасын ерекшелеп көрсету болып табылады. Қазіргі кезде ол мемлекеттік емес мекемелерде сирек қолданылады. Бірақ қызметі бойынша орын алмастырғанда, қызметін аттестациялау кезінде, іссапарға шыққанда және басқа жағдайларда мінездеме қажет болады.

Мінездеме А4 қалыпты жалпы бланкіге толтырылады. Мінездеме мәтініндегі логикалық байланыстағы бөлімдерді бөліп көрсетуге болады.

Басқы бөлім – анкеталық мәліметтер (аты-жөні, туған жылы, білімі, т.б.). Кейбір мінездемелерде бұл мәліметтер құжат атауынан бір интервал төменге басылады.

Екінші бөлімде – еңбек қызметі туралы мәліметтер (мамандануы, жұмыс істеу мерзімі, қызметі бойынша өсуі, т.б.) және еңбегіне берілген баға жазылады.

Үшінші бөлімде – қоғамдық белсенділігі, тұрмыстағы тәртібі, әріптестерімен қарым-қатынасына баға беріледі.

Қорытынды бөлімде тұжырымдама және мінездеменің берілу мақсаты жазылады.



Мінездеменің міндетті деректемелері:


  1. Жеке адам туралы негізгі мәліметтер:

  • аты-жөні;

  • ұлты;

  • әскери қызметке қатысы;

  • отбасы жағдайы;

  • білімі;

  • лауазымы;

  • туған жылы;

  • туған жері;

  • азаматтығы.

  1. Қызмет істеген орны, қызмет атқарған жылдары.

  2. Жеке басының қасиеттері. Өз міндетіне, қоғамдық тапсырмаларға қарым-қатысы.

  3. Мінездеменің берілу мақсаты.

  4. Мекеме басшысының қолы.

  5. Мінездеменің берілген уақыты (айы, күні, жылы)

  6. Мекеменің мөрі.


Мәтінге арналған сөздік

Словарь к тексту

мінездеме – характеристика

қызметкердің қызметтік әрекеті – служебная деятельность сотрудника

қоғамдық әрекет – общественная деятельность

ресми түрде бағалау – официальная оценка

іскерлік қабілеті – деловая спосбность

моральдық сапасы – моральная качества

қазіргі кезде – в настоящее время

мемлекеттік емес мекемелерде – на негосударственных предприятиях

сирек қолданылады – используется реже

қызметі бойынша – по службе

орын алмастырғанда – при передвижении

қызметін аттестациялау кезінде – при аттестации на должность

іссапарға шыққанда – при откомандировании

және басқа жағдайларда – и в других случаях

қажет болады – необходимо

жалпы бланкіге – на общем бланке

деректемелері – реквизиты

қызметін көрсету – указание на должность

құжатты беруші ұжымның атауы – наименование организации, выдающей

документ


логикалық байланыстағы бөлімдер – логически связанные части

бөліп көрсетуге болады – можно выделить

басқы бөлім – заголовочная часть

анкеталық мәліметтер – анкетные данные

кейбір мінездемелерде – в некоторых видах характеристик

бұл мәліметтер – эти данные

бір интервал төменге басылады – печатаются через один интервал ниже

екінші бөлім – второя часть

еңбек қызметі туралы мәліметтер – данные о трудовой деятельности

мамандануы – специализация

жұмыс істеу мерзімі – продолжительность работы

қызметі бойынша өсуі – продвижение по службе

еңбегіне берілген баға – оценка труда

қоғамдық белсенділігі – общественная активность

тұрмыстағы тәртібі – поведение в быту

әріптестерімен қарым-қатынасы – отношение с коллегами по работе

қорытынды бөлім – заключительная часть

тұжырымдама – вывод

мінездеменің берілу мақсаты – назначение характеристики
1-жаттығу. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз (Ответьте на вопросы).
Қызметкердің қызметтік, қоғамдық әрекеттерін ресми түрде бағалап, іскерлік қабілеті мен моральдық сапасын ерекшелеп көрсететін құжат түрі қалай аталады? Мінездеме қандай мекемелерде сирек қолданылады? Мінездеме қандай жағдайларда қажет болады? Мінездеме қандай бланкіге толтырылады? Мінездеменің деректемелерін атап көрсетіңіз. Мінездеменің басқы бөлімінде қандай мәліметтер беріледі? Мінездеменің екінші бөлімінде нелер жазылады? Үшінші бөлімде қызметкердің қандай сапалық қасиеттеріне баға беріледі? Қорытынды бөлімде не жазылады?
2-жаттығу. Төмендегі етістіктерді қалау рай формасында, үш жақта, жекеше және көпше түрде Жіктеңіз (Проспрягайте).
Шық, оқы, өс, ойла, ұйықта, тап, көшір, жаз, таста, баста, ал, отыр.
3-жаттығу. Қазақ тіліне аударыңыз (Переведите на казахский язык).
Характеристика – это официальная оценка служебной, общественной деятельности сотрудника, оценка его деловых способностей и моральных качеств. В настоящее время на негосударственных предприятиях она используется реже. Но при передвижении по службе, аттестации на должность, откомандировании и в других случаях характеристика необходима.

Характеристика может быть оформлена на общем бланке формата А4. Реквизиты его таковы: название (характеристика); указание на должность лица, которому выдается характеристика; наименование организации, выдающей документ; имя, отчество и фамилия сотрудника; текст, подписи и печать.

В тексте характеристики можно выделить логический связанные части.

Заголовочная часть – анкетные данные (инициалы, фамилия, год рождения, образование и пр.). В некоторых видах характеристик эти данные печатаются через один интервал ниже названия.

Вторая часть – данные о трудовой деятельности (специализация, продолжительность работы, продвижение по службе и т.д.), оценка труда.

Третья часть – оценка общественной активности, поведения в быту, отношения с коллегами по работе.

В заключительной части содержатся вывод и назначение характеристики.
4-жаттығу. Үлгіні пайдаланып, әріптесіңізге мінездеме жазыңыз (По образцу напишите характеристика).

Мінездеме

Самат Айдынұлы Мәуленбаев, 1970 жылы туған, ұлты – қазақ, білімі – жоғары. Қазақстан Республикасының азаматы. Самат Айдынұлы Мәуленбаев – 1970 жылғы қаңтар айының 15-інде Қазақстан Республикасы Алматы облысы, Райымбек ауданы, Нарынқол ауылында туған. Орта мектепті бітіргеннен кейін 1987 жылы қазіргі Ұлттық политехника университетінің компьютерлік техника факультетіне оқуға түсіп, оны 1992 жылы үздік дипломмен бітірген. 1993-98 жылдар аралығында Ғылыми-жобалау институтының аға ғылыми қызметкері. Қазір – Қазақ ұлттық университеті металлургия өнеркәсібі факультетінің аға оқытушысы. 1998 – 2001 жылдар аралығында ҚазҰПУ-дің өндірістен қол үзбей оқитын аспирантурасында оқып, 1991 жылы кандидаттық диссертация қорғады.

С. А. Мәуленбаев - өз ісін жетік білетін, тәжірибелі маман. Ол – бірнеше ғылыми еңбектердің авторы. С.А. Мәуленбаевтың “Металлургия өнеркәсібінің терминдері” деп аталатын еңбегі Шоқан Уәлиханов атындағы сыйлыққа ие болды.

С. А. Мәуленбаев – қазақ, орыс, ағылшын тілін жетік біледі. Студенттер мен әріптестерінің арасында беделді; үлгілі отбасы иесі.



Мінездеме Ғылыми-техникалық орталықтың бас маманы қызметіне ұсыну үшін беріледі.
Мекеме басшысы /аты-жөні, қолы/
Айы, күні, жылы
5-жаттығу. Берілген сөз тіркестерімен сөйлем құраңыз (Составьте предложения, используя нижеприведенные словосочетания).
Мінездеме жазу, мінездеме беру, мінездемеге қол қою, жоғары білімді, өз ісін жетік білетін маман, тәжірибелі маман, орта білімді, беделді, қазақ тілін жетік меңгерген.
6-жаттығу. Морфологиялық талдау жасаңыз (Сделайте морфологический разбор).
Ұсыныс хат берілу мақсаты мен мәтініндегі ақпараттық құрамы жағынан мінездемеге ұқсас болады. Бірақ мұндай хаттар еркін стильмен толтырылады.
7-жаттығу. Сөз формаларының тиістісін таңдап алып, жақшаны ашыңыз (Раскройте скобки, выбрав подходящую форму слова).
Мінездеме – мекемеде, ұйымда, кәсіпорында жұмыс істейтін (адамның, адам, адамға, адамда) туралы әкімшілік немесе қоғамдық ұйым (тарапымен, тарапының, тарапынан, тарапында, тарапына) берілетін, жеке адамның іскерлігін, біліктілігін, кәсіби деңгейін (сипаттап, сипаттар, сипатта, сипаттайтын, сипаттамас) ресми құжат. Мінездеме нақты, объективті, дәл және толық (болған, болып, болса, болуы, болды) керек. Мінездеме басқа мекеме /сот, прокуратура/ сұраған жағдайда, оқуға, (аспирантурамен, аспирантураға, аспирантураны, аспирантурадан, аспирантурасын) түсу кезінде, сондай-ақ қызметкердің, маманның кәсіби (біліктілігімен, біліктілігінен, біліктілігінің, біліктілігін, біліктілігінде) көтеру мақсатында беріледі.
8-жаттығу. Жіктеңіз (Проспрягайте).


Менің

отыр-ғы-м келеді

түсін-гі-м келеді

қара-ғы-м келеді

Сенің










Сіздің










Оның












Біздің

отыр-ғы-мыз келеді

түсін-гі-міз келеді

қара-ғы-мыз келеді

Сендердің










Сіздердің










Олардың











9-жаттығу. Орыс тіліне аударыңыз (Переведите на русский язык).
Мінездеме – қызметкердің қызметтік, қоғамдық әрекеттерін ресми түрде бағалау, іскерлік қабілеті мен моральдық сапасын ерекшелеп көрсету болып табылады. Қазіргі кезде ол мемлекеттік емес мекемелерде сирек қолданылады. Бірақ қызметі бойынша орын алмастырғанда, қызметін аттестациялау кезінде, іссапарға шыққанда және басқа жағдайларда мінездеме қажет болады.

Мінездеме А4 қалыпты жалпы бланкіге толтырылады. Оның деректемелері: атауы (мінездеме); мінездеме беріліп отырған адамның қызметін көрсету; құжатты беруші ұжымның атауы, қызметкердің толық аты-жөні, мәтіні; қолы және мөрі.


Тест тапсырмалары
1. Мекемеде, ұйымда, кәсіпорында жұмыс істейтін адам туралы әкімшілік немесе қоғамдық ұйым тарапынан берілетін, жеке адамның іскерлігін, біліктілігін, кәсіби деңгейін сипаттайтын ресми құжат қалай аталады?

А) Бұйрық

В) Анықтама

С) Мінездеме

D) Хаттама

Е) Хабарлама
2. Сөйлеушінің ықылас-тілегін білдіретін рай түрін көрсетіңіз.

А) ашық рай

В) қалау рай

С) шартты рай

D) бұйрық рай

Е) тілек рай


3. Қалау рай тұлғалы етістікті көрсетіңіз.

А) барса


В) барсын

С) барғысы келеді

D) барған

Е) барыпты


4. Мінездеменің қай бөлімінде тұжырымдама және мінездеменің берілу мақсаты жазылады?

А) басқы бөлімде

В) екінші бөлімде

С) үшінші бөлімде

D) төртінші бөлімде

Е) қорытынды бөлімде


5. Жіктік жалғауының ІІ жақ, сыпайы түрінде тұрған етістікті белгілеңіз.

А) барғысы келеді

В) барғыңыз келеді

С) барғың келеді

D) барғым келеді

Е) барғымыз келеді


25-сабақ
Өмірбаян

(Автобиография)


Өмірбаян – авторы өзінің өміріне қатысты мәліметтерді хронологиялық тәртіппен құрастыратын құжат. Өмірбаянның типтік үлгісі жоқ, ол мақсатына байланысты қысқа немесе толық нұсқада болуы мүмкін.

Әдетте өмірбаянда мыналар көрсетіледі:



  • құжаттың атауы;

  • автордың аты-жөні;

  • туған жері мен туған жылы, айы, күні;

  • ұлты;

  • білімі мен мамандығы;

  • қызметіне қатысты мәліметтер, марапаттаулар мен алған мадақтаулары;

  • отбасы жағдайы мен отбасы құрамы;

  • үйінің мекен-жайы мен телефоны;

  • толтырылған күні мен жеке қолы.



жүктеу 2,59 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау