Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы


тағайындау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты



жүктеу 2,41 Mb.
бет11/35
Дата15.04.2020
өлшемі2,41 Mb.
#29623
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   35

тағайындау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

      Ескерту. 9-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 29.01.2016 № 68 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.



1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.11.2018 № 516 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. "Бала туғанда берілетін және бала күтімі бойынша жәрдемақыларды тағайындау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 04.07.2017 № 190 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);

      2) жәрдемақыларды тағайындау және жәрдемақыларды тағайындау жөнінде ақпарат алу бойынша www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.11.2018 № 516 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

      1) порталға, Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде – Мемлекеттік корпорацияда құжаттардың топтамасын тіркеген сәттен бастап – 7 (жеті) жұмыс күні;

      Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

      ұсынылған құжаттың (құжаттардың) дәйектілігін тексеру немесе қосымша құжат (құжаттар) сұрату үшін қажеттігіне қарай – 30 (отыз) жұмыс күні мерзіміне ұзартылады, бұл ретте, егер құжаттар жете ресімделсе, мемлекеттік қызмет қосымша құжатты (құжаттарды) Мемлекеттік корпорацияға ұсынған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні көрсетіледі. Мемлекеттік корпорация өтініш берушіні қосымша құжаттарды ұсыну қажеттігі туралы 5 (бес) жұмыс күні ішінде хабардар етеді;

      порталда ақпаратты алу үшін Мемлекеттік корпорацияның ақпараттық жүйесіне электрондық сұрау салу келіп түскен сәттен бастап – 30 минут;

      2) Мемлекеттік корпорацияда құжаттардың топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут;

      3) Мемлекеттік корпорацияда көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 минут.

      5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – электрондық (толық автоматтандырылған, ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: жәрдемақы тағайындау туралы хабарлама.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.

      Порталда әлеуметтік жәрдемақылар тағайындау туралы хабарлама, сондай-ақ әлеуметтік көмек тағайындау туралы ақпарат көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.

      Қызметті қағаз жеткізгіште алу үшін жүгінген жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық форматта ресімделеді.

      7. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.

      8. Жұмыс кестесі:

      Мемлекеттік корпорацияда – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жексенбі және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.

      Қабылдау "электрондық кезек" тәртібінде, көрсетілетін қызметті алушының тіркелген жері бойынша жеделдетіп қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады, электрондық кезекті портал арқылы броньдауға болады;

      2) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштер мен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).

      9. Көрсетілетін қызметті алушы (немесе нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) мемлекеттік қызметті көрсету үшін Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бала туғанда берілетін және (немесе) бала күтімі жөніндегі жәрдемақыны тағайындауға өтінішті және мынадай құжаттарды ұсынады:

      Мемлекеттік корпорацияға:

      1) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктің тұруға ықтиярхаты) (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет), сондай-ақ оралмандар үшін – оралман куәлігі;

      2) баланың (балалардың) туу туралы куәлігі (куәліктері) немесе туу туралы актілік жазбадан үзінді көшірме;

      балаға қорғаншылық (қамқоршылық) белгіленген жағдайда – балаға қорғаншылық (қамқоршылық) белгілеуді немесе бала асырап алуды растайтын құжат;

      көрсетілетін қызметті алушының деректері баланың туу туралы куәлігіндегі деректермен сәйкес келмеген жағдайда – неке қию (некені бұзу) туралы куәлік;

      өтінішті және қажетті құжаттарды үшінші адам берген жағдайда – сенімхат ұсынады.

      Көрсетілген құжаттарда қамтылған ақпаратты мемлекеттік ақпараттық жүйелер растаған жағдайда, жеке басын куәландыратын құжатты, тұрғылықты тұратын жерін растайтын құжатты, Қазақстан Республикасының аумағында 2007 жылғы 13 тамыздан кейін жүргізілген тіркеулер бойынша баланың (балалардың) тууы туралы куәлігі (куәліктері) не туу туралы акті жазбасынан үзіндіні, Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылғы 1 маусымнан кейін жүргізілген тіркеулер бойынша неке қию (бұзу) туралы куәлікті, қамқоршылық (қорғаншылық) белгілеу туралы құжатты ұсыну талап етілмейді.

      порталда:

      жәрдемақыны тағайындау үшін – осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысанда көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы бала туғанда берілетін және (немесе) бала күтімі жөніндегі жәрдемақыларды электрондық үкімет порталы арқылы тағайындауға арналған өтініш;

      жәрдемақы тағайындау туралы ақпарат алу үшін – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу.

      Электрондық өтініште көрсетілген жеке басты куәландыратын құжаттың, баланың (балалардың) туу туралы куәлігін немесе туу туралы актілік жазбадан үзінді көшірменің (Қазақстан Республикасының аумағында 2007 жылғы 13 тамыздан кейін жүргізілген тіркеулер бойынша), неке қию туралы куәліктің (Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылғы 1 маусымнан кейін жүргізілген тіркеулер бойынша), қамқоршылық (қорғаншылық) белгілеу туралы құжаттың, тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжаттың, банк шоты нөмірінің мәліметтерін көрсетілетін қызметті алушы "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      Мемлекеттік корпорацияның қызметкері, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызмет көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін алады.

      Көрсетілетін қызметті алушы қажетті құжаттарды тапсырған кезде көрсетілетін қызметті алушыға Мемлекеттік корпорацияда тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі;

      портал арқылы – көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы статус көрінеді.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушы жеке өзі (немесе нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) келгенде жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде Мемлекеттік корпорацияда тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхаттың негізінде беріледі.

      Мемлекеттік корпорация көрсетілетін қызметті алушының ұялы телефонына sms-хабар жіберу арқылы көрсетілетін қызметті алушыны қабылданған шешім туралы хабардар етеді.

      10. Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық емес топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, Мемлекеттік корпорация қызметкері осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тағайындауға өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

      Мемлекеттік корпорациядан жәрдемақы тағайындау, төлеу немесе өтініш беру фактісін растайтын ақпарат алынған жағдайда, Мемлекеттік корпорация қызметкері өтініш берушіге осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 30.06.2016 № 579 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      10-1. Көрсетілетін қызметті беруші мынадай негіздер:

      1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтау;

      2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің "Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы № 319 бұйрығымен бекітілген Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақыларды тағайындау және төлеу қағидаларында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11507 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 20 шілдеде жарияланған) белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.

      Ескерту. 2-тарау 10-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 30.06.2016 № 579 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      10-2. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту себептерін жойған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы осы Стандартта белгіленген тәртіппен көрсетілетін мемлекеттік қызметті алу үшін қайта жүгінеді.

      Ескерту. 2-тарау 10-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 30.06.2016 № 579 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.



3-тарау. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) оның қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.11.2018 № 516 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) оның қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдануда осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілетін қызметті беруші, Мемлекеттік корпорация басшысының атына немесе Министрлік басшысының атына шағым беріледі.

      Шағым жазбаша нысанда почта арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның немесе Министрліктің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орнын көрсете отырып шағымды тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі мен күні), оның қабылданғанын растау болып табылады.

      Мемлекеттік корпорацияның қызметкері дөрекі қызмет көрсеткен жағдайда, шағым Мемлекеттік корпорация басшысының атына беріледі. Мемлекеттік корпорацияның кеңсесіне қолма-қол да, почта арқылы да келіп түскен шағымды тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі мен тіркеу күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады), оның қабылданғанын растау болып табылады.

      Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинетінен" көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу барысында жаңартып отыратын (жеткізілгені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгі, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жүгіну туралы ақпарат қолжетімді болады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның немесе Министрліктің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы, оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта байланысы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде қолма-қол беріледі.

      Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгінеді.

      Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы, оны тіркеген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

      12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

4-тарау. Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

      Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.11.2018 № 516 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13. Өзіне-өзі қызмет көрсетуді, өз бетінше жүріп-тұруды, бағдарлауды жүзеге асыру қабілетін немесе мүмкіндігін заңнамада белгіленген тәртіппен толық немесе ішінара жоғалтқан көрсетілетін қызметті алушылар "1414", 8 800 080 77 77 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы жүгінгенде, мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдауды Мемлекеттік корпорацияның қызметкері тұрғылықты жеріне барып жүргізеді.

      14. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:

      1) Министрліктің www.enbek.gov.kz интернет-ресурсында, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде;

      2) Мемлекеттік корпорацияның www.gov4c.kz интернет-ресурсында орналастырылған.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 04.07.2017 № 190 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      15. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда жәрдемақылар тағайындау туралы ақпаратты портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету статусы туралы ақпаратты порталдың "жеке кабинеті", көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, сондай-ақ "1414", 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар.

      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.11.2018 № 516 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.


      16. Алып тасталды – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.11.2018 № 516 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.





"Бала туғанда берілетін және бала
күтімі бойынша жәрдемақыларды
тағайындау" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандарт жобасына
1-қосымша

      Нысан

Бала туғанда берілетін және (немесе) бала күтімі жөніндегі


жәрдемақыны тағайындауға арналған өтініш

      Қазақстан Республикасы

      Еңбек, әлеуметтік қорғау және

      көші-қон комитетінің _________________

      облысы (қаласы) бойынша департаменті

      Бөлімше коды:________

      Өтініш беруші туралы мәліметтер (қанатбелгі қою): ата-ана ____

      қорғаншы (қамқоршы)____

      ЖСН: __________________________________

      өтініш берушінің тегі, аты,

      әкесінің аты (бар болса): _____________________________________

      Туған күні: _____ жылғы "___" _____________

      Жеке басын куәландыратын құжат түрі: ________________________________

      Құжаттың сериясы: ________ құжаттың нөмірі: _______ кім берген: _____

      Берілген күні: "___" _________________ _______ жыл.

      Тұрғылықты тұратын мекенжайы: ______________________________________

      Облыс _____________________________________________________________

      қала (аудан) ________________________ ауыл: _________________________

      көше (шағынаудан)_______________ _______ үй _____ пәтер ____________

      Бала туғанда берілетін біржолғы жәрдемақы және (немесе) бала 1 жасқа толғанға дейін оның күтімі жөніндегі жәрдемақы тағайындалатын бала туралы мәліметтер

      баланың ЖСН-і: _____________________________________________

      баланың тегі, аты, әкесінің аты (бар болса): ______________________________________________________________

      Баланың туған күні: "____" _________________ 20___жыл.

      Баланың туу кезектілігі: ____________________________________________

      Өтініш берушінің отбасы құрамы туралы мәліметтер


Р/с

 

ЖСН
 

Отбасы мүшелерінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
 

Өтініш берушіге туыстық қатынасы
 

Туған күні, жылы
 

2
 









3
 









      Банк деректемелері:

      Банктің атауы _______________________________________________________

      Банк шотының № ____________________________________________________

      шоттың түрі: ағымдық ____ карточкалық шот ____

      Маған бала туғанда берілетін жәрдемақыны және (немесе) бала 1 жасқа толғанға дейін оның күтімі жөніндегі жәрдемақыны республикалық бюджет қаражаты есебінен тағайындауды сұраймын (қажеттінің астын сызу).

      Бала туғанда берілетін жәрдемақыны және (немесе) бала 1 жасқа толғанға дейін оның күтімі жөніндегі жәрдемақыны тағайындау үшін қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.

      Жәрдемақы тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылдау жөнінде ұялы телефонға sms-хабар жіберу арқылы хабардар етуге келісім беремін.

      Төленетін жәрдемақы мөлшеріне әсер ететін барлық өзгерістер туралы, сондай-ақ тұрғылықты жерімнің (оның ішінде Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге кету), сауалнама деректерінің, банк деректемелерінің өзгеруі туралы Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесіне 10 (он) жұмыс күні ішінде хабарлауға міндеттенемін.

      Дәйексіз мәліметтер мен жасанды құжаттарды ұсынғаным үшін жауапкершілік туралы ескертілдім.

      Өтініш берушінің байланыс деректері:

      телефоны _________________ ұялы _______________ Е-маіl ______________

      "____"____________20___жыл. Өтініш берушінің қолы___________________

      Өтініш 20___жылғы "____"____________ №___ болып қабылданды.

      Құжатты қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы және қолы___________________________________________________





"Бала туғанда берілетін және бала
күтімі бойынша жәрдемақыларды
тағайындау" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
2-қосымша

      Нысан

Бала туғанда берілетін біржолғы жәрдемақыны және (немесе) бала күтімі жөніндегі жәрдемақыны электрондық үкімет порталы арқылы тағайындауға өтініш

      Қазақстан Республикасы

      Еңбек, әлеуметтік қорғау және

      көші-қон комитетінің

      ______________облысы бойынша департаменті

      Бөлімше коды: __________

      Өтініш беруші туралы мәліметтер (қанатбелгі қою): ата-ана ____

      қорғаншы (қамқоршы) _____

      Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса):

      ___________________________________________________________________

      туған күні: _____ жылғы "___" _____________

      ЖСН: _____________________________________________________________

      Маған бала туғанда берілетін жәрдемақыны және (немесе) бала күтімі жөніндегі жәрдемақыны республикалық бюджет қаражаты есебінен тағайындауды сұраймын.

      Бала туғанда берілетін біржолғы жәрдемақы және (немесе) бала күтімі жөніндегі жәрдемақы тағайындалатын бала туралы мәліметтер:

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және туған күні:

      ____________________________________________________________________

      ЖСН: _______________________________________________________________

      баланың туу кезектілігі: __________________________

      Өтініш беруші отбасының құрамы туралы мәліметтер



Р/с №
 

ЖСН
 

Отбасы мүшелерінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
 

Өтініш берушіге туыстық қатынасы
 

Туған күні, жылы
 

1.
 









2.
 









      Мемлекеттік органдардың растауы:

      ЖТ МДҚ-дан алынған деректер

      Өтініш беруші туралы мәліметтер:

      жеке басын куәландыратын құжат түрі: _______құжаттың сериясы: _______

      құжаттың нөмірі:________кім берген:_____берілген күні: ______________

      Тұрғылықты жерінің мекен-жайы:

      Облыс __________________________________________________________

      қала (аудан) _______________________________ ауыл: __________________

      көше (шағын аудан)____________ __________ үй _________ пәтер ________

      Отбасы мүшелерінің деректері



Р/с №
 

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
 

Облыс
 

Қала (аудан)
 

Ауыл
 

Көше (шағынаудан)
 

Үй
 

Пәтер
 

1
 















2
 















3
 















4
 















      АХАТ-тан алынған деректер

      Отбасының құрамына кіретін балалар туралы мәліметтер:



Р/с №
 

Баланың ЖСН-і
 

Баланың тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
 

Туған күні
 

Баланың тууын тіркеу туралы актілік жазбаның №
 

Баланың тууын тіркеу күні
 

Қайтыс болған күні
 

Баланың қайтыс болғаны туралы актілік жазбаның №
 

Анасының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
 

Әкесінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
 

1
 



















2
 



















      *ескертпе: балалар туралы мәліметтерде өтініш берушінің отбасы құрамына кіретін балалардың барлығына және жәрдемақы тағайындалатындарға деректер көрсетілсін.

      Неке қию туралы мәліметтер:



Р/с

 

Некеге тұрғандар туралы мәліметтер
 

Неке қиылғаннан кейін берілген тегі
 

Неке қию туралы куәлік берген орган
 

Неке қию туралы актілік жазбаның №
 

Неке қию туралы куәліктің (құжаттың) №
 

Неке туралы куәліктің берілген күні
 

әкесі
 

анасы
 

тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
 

Туған күні
 

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
 

Туған күні
 

әкесі
 

анасы
 

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
 

Туған күні
 

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
 

Туған күні
 

1.
 





































      Некені бұзу туралы мәліметтер

Р/с

 

Некені бұзу туралы мәліметтер
 

Неке бұзылғаннан кейін берілген тегі
 

Некені бұзу туралы куәлік берген орган
 

Некені бұзу туралы актілік жазбаның №
 

Некені бұзу туралы куәліктің (құжаттың) №
 

Некені бұзу туралы куәліктің берілген күні
 

әкесі
 

анасы
 

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
 

Туған күні
 

тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
 

Туған күні
 

әкесі
 

анасы
 

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
 

Туған күні
 

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
 

Туған күні
 

1.
 





































      Өтініш берушіге/ асырауындағы адамға қорғаншылық/ қамқоршылық туралы мәліметтер

Р/с

 

Қорғаншылық/ қамқоршылық туралы шешімнің нөмірі және күні
 

Қорғаншылық/ қамқоршылық туралы шешімді берген орган
 

Қорғаншының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), туған күні
 

Қорғаншылықтағы/ асырауындағы адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
 

Қорғаншылықтағы/ асырауындағы адамның туған күні
 

1
 











2
 











      АХАТ-тан алынған бала асырап алу туралы мәліметтер

Р/с

 

Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
 

Өтініш берушінің туған күні
 

Асырап алынған баланың тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
 

Асырап алынған баланың туған күні
 

Құжатты берген органның атауы
 

Шешім №
 

Шешім күні
 

Шешімнің заңды күшіне енген күні
 

1
 

















      Банк деректемелері:

      банктің атауы _______________________________________________________

      банк шотының № ________________________________________________

      шот түрі: дербес _________ картшот _________________ (қанатбелгі қою)

      ЕДБ деректемелері:

      БСК_________________________________________________________________

      ЖСК _______________________________________________________________

      БСН ________________________________________________________________

      Өтініш берушінің байланыс деректері:

      Телефон______ ұялы________E-mail__________

      *Өтініш беруші және балалар жөніндегі мәліметтерді Әділетмині

      растайды (Әділетминінің ЭЦҚ-сы)

      *Қорғаншы/қамқоршы жөніндегі мәліметтерді БҒМ растайды (БҒМ ЭЦҚ-сы)

      *Бала асырап алушы жөніндегі мәліметтерді ЖС растайды (ЖС ЭЦҚ-сы)

      *Өтініш берушінің банк деректемелерін ЕДБ растайды (ЕДБ ЭЦҚ-сы)

      Өтініш берушінің тегі, аты,

      әкесінің аты (бар болса) ______________________________________

      Ұсынылған деректердің дәйектілігіне құқықтық жауапкершілікті көтеремін.

      Төленетін жәрдемақы мөлшерінің өзгеруіне/тоқтатылуына әкелетін барлық өзгерістер туралы, сондай-ақ тұрғылықты жерімнің (оның ішінде Қазақстан Республикасынан тыс жерге кету), сауалнама деректерімнің, банк деректемелерінің өзгеруі туралы Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесіне он жұмыс күні ішінде хабарлауға міндеттенемін.

      Өтініш берушінің ЭЦҚ-сы______________________________________

      Өтінішке қол қойылған күні және уақыты: ___.___.___ жыл ___сағат ___минут__секунд


 

"Бала туғанда берілетін және бала күтімі
бойынша жәрдемақыларды тағайындау"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
3-қосымша

      Нысан

      ________________________________________________

      (жәрдемақының түрін көрсету)

тағайындауға өтініш қабылдаудан бас тарту туралы


жүктеу 2,41 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   35




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау