Жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркеу үшін мәліметтер нысаны
Ескерту. Стандарт 4-қосымшамен толықтырылды – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.11.2018 № 516 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1) Өтініш беруші туралы ақпарат:
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса): __________________________________________________;
Жеке сәйкестендіру нөмірі: ________________________________________________________;
Жынысы: _______________________________________________________________________;
Ұлты: __________________________________________________________________________;
Азаматтығы: ____________________________________________________________________;
Туған күні: ______ жылғы "___" __________;
Отбасылық жағдайы: _____________________________________________________________;
Тіркелген мекенжайы (ел, облыс, қала, аудан, елді мекен, көшенің атауы, үйдің нөмірі,
пәтердің нөмірі): _________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________;
Білім деңгейі: ___________________________________________________________________;
Мақсаттық топ: __________________________________________________________________;
Жеке басты куәландыратын құжаттың түрі: ___________________________________________
Құжаттың сериясы: _______________ Құжаттың нөмірі: ________________________________
Кім берген: _______________________
Берілген күні: ______ жылғы "___" __________________________________________________
Жарамды: ______ жылғы "___" ____________________________________________________;
Ұялы телефон: __________________________________________________________________;
Байланыс телефоны: _____________________________________________________________;
E-mail: _________________________________________________________________________;
2) Тіркеу туралы деректер:
Жұмыссыздық себебі: ____________________________________________________________;
Жай-күй санаты: _________________________________________________________________;
Есепке тұру мақсаты: _____________________________________________________________;
Жұмыссыздығы басталған күні: ____________________________________________________;
3) Лайықты жұмыс іздеу үшін қажетті деректер:
Қалаған кәсіп: ___________________________________________________________________;
Қызмет бойынша нақтылау: _______________________________________________________;
Қалаған минималды еңбек ақы: ____________________________________________________;
Қалаған максималды еңбек ақы: ____________________________________________________;
Жұмыс режимі: __________________________________________________________________;
Тұрғылықты мекен-жайын ауыстыруға келісім: _______________________________________;
4) Білімі туралы деректер:
Оқу орнының толық атауы: ________________________________________________________;
Мамандық атауы: ________________________________________________________________;
Оқу орнының түрі: _______________________________________________________________;
Білімі бойынша қосымша мәліметтер: _______________________________________________;
Оқу орнына түскен жылы: ______ жылғы "___" _______________________________________;
Оқу орнын бітірген жылы: ______ жылғы "___" ______________________________________;
Мамандығы бойынша жұмысқа орналасуғы келісім: ___________________________________;
5) Еңбек жолы туралы деректер:
Кәсібі, лауазымы: ________________________________________________________________;
Қызмет бойынша нақтылау: _______________________________________________________;
Ұйымның атауы: ________________________________________________________________;
Сала: __________________________________________________________________________;
Функционалдық міндеттер: _______________________________________________________;
Осы мамандық бойынша жалпы еңбек өтілі (жыл): ____________________________________;
Жұмысқа орналасқан күні: ______ жылғы "___" ______________________________________;
Жұмыстан босатылған күні: ______ жылғы "___" _____________________________________;
Кәсібі бойынша жұмысқа орналасуғы келісім: ________________________________________;
6) Дағдылар туралы деректер:
Хобби: _________________________________________________________________________;
Курстар, тренингтер, сертификаттар: _______________________________________________;
Арнайы дағдылар: _______________________________________________________________;
Жалпы дағдылар: ________________________________________________________________;
Тілдерді білуі: ___________________________________________________________________;
Тілді білу деңгейі: _______________________________________________________________;
6) Жүргізуші куәлігінің болуы туралы деректер: ______________________________________;
7) Қосымша байланысу тұлғасы (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), телефоны, e-mail
адресі): ________________________________________________________________________;
8) Қосымша мәліметтер:
Өтініш берушімен бірге тұратын 18 жасқа дейінгі балалар: _____________________________;
Сотталғандығының боуы: _________________________________________________________;
Өтініш берушінің мамандығының сұраныста болуы: ___________________________________;
Өтініш беруші ие мамандықтар саны: _______________________________________________;
Негізгі мамандығы бойынша жұмыс өтілі: ___________________________________________;
Жалпы жұмыс өтілі: ______________________________________________________________;
Соңғы жұмыс орнындағы жұмыс өтілі: ______________________________________________;
Ағымдағы жұмыссыздығының ұзақтығы: ____________________________________________;
Алдыңғы жұмыссыздығының мерзімі (ағымдағы жұмыссыздығына дейінгі):
_______________________________________________________________________________;
Кәсіптік оқытудан өту мерзімі (қысқа мерзімді кәсіптік даярлау, қайта даярлау және
біліктілігін арттыру курстары): ____________________________________________________;
Жұмыс іздеу дағдыларының болуы: _________________________________________________;
Компьютерлік дағдыларының болуы: _______________________________________________;
Жұмысқа орналасуға мотивация деңгейі: ____________________________________________.
|
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 28 сәуірдегі
№ 279 бұйрығына
32-қосымша
|
Ескерту. 35-қосымшаның жоғарғы оң жақтағы бұрышы жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 25.12.2017 № 446 (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Жұмыссыздар ретінде жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Ескерту. Стандарттың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.11.2018 № 516 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ескерту. Бұйрық стандартпен толықтырылды – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 04.07.2017 № 190 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. "Жұмыссыздар ретінде жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.11.2018 № 516 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) жүзеге асырады.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру Халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы жүзеге асырылады.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.11.2018 № 516 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
1) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті орган жұмыссыздар ретінде жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу туралы шешім қабылдаған күннен бастап - 2 (екі) жұмыс күні ішінде;
2) көрсетілетін қызметті алушыға Халықты жұмыспен қамту орталығында құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 30 минут;
3) көрсетілетін қызметті алушыға Халықты жұмыспен қамту орталығында қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 20 минут.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.11.2018 № 516 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі - көрсетілетін қызметті алушыны жұмыспен қамту орталығының ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және (немесе) ұялы байланыс желісінің абоненттік құрылғысы арқылы жұмыссыз ретінде тіркеу күні туралы хабарландыруы не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген негіздер бойынша осы Стандартқа 10-қосымшаға сәйкес немесе ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және (немесе) ұялы байланыс желісінің абоненттік құрылғысы арқылы жұмыссыз ретінде жұмыс іздеп жүген адамды тіркеуден бас тарту туралы хабарлама.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.11.2018 № 516 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
7. Жеке тұлғаларға (бұдан әрі –көрсетілетін қызметті алушы) мемлекеттік қызмет тегін негізде көрсетіледі.
8. Халықты жұмыспен қамту орталығының жұмыс кестесі - Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес сағат 12.30, 13.00-ден 14.00, 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 08.30, 9.00-ден 18.00, 18.30-ға дейін;
өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру: сағат 12.30, 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00, 9.30-дан 17.30-ға дейін.
Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібінде көрсетіледі.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.11.2018 № 516 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
9. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету үшін Халықты жұмыспен қамту орталығына жүгінген кезде қажетті құжаттардың тізбесі:
көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін).
Электрондық өтініште көрсетілген жеке басты куәландыратын құжаттың, тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжаттың мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттар ұсынған жағдайларда көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.11.2018 № 516 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
10. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті ұсынудан мынадай:
1) он алты жасқа толмаған;
2) еңбек шарты бойынша жұмыс iстейтiн, оның ішінде жұмысты толық не толық емес жұмыс уақыты жағдайларында ақы үшiн орындайтын немесе табыс (кіріс) әкелетін өзге де ақы төленетiн жұмысы бар;
3) "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 1-тармағында белгіленген зейнеткерлік жасқа толған;
4) жұмысы мен табысының (кірісінің) жоқтығы туралы көрінеу жалған мәліметтерді қамтитын құжаттар, сондай-ақ басқа да анық емес мәліметтер ұсынған негіздер бойынша бас тартады.
3-тарау. Жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушінің
және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері
бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану
11. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, халықты жұмыспен қамту орталығының және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының не Астана, Алматы және Шымкент қалалары, аудандар және облыстық маңызы бар қалалар әкімдерінің (бұдан әрі - әкім) атына беріледі.
Шағым жазбаша нысанда почта арқылы не халықты жұмыспен қамту орталығы немесе әкімдіктің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.
Халықты жұмыспен қамту орталығының немесе әкімдіктің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орнын көрсете отырып шағымды тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі мен күні) оның қабылданғанын растау болып табылады.
Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8-800-080-7777 телефон нөмірлері арқылы алуға болады.
Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинетінен" көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу барысында жаңартып отыратын (жеткізілгені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгі, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жүгіну туралы ақпарат қолжетімді болады.
Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен шағымы, оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс. Шағымды қарау нәтижесі туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта байланысы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгінеді.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы, оны тіркеген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.11.2018 № 516 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
12. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.
4-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсетудің ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар
13. Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органда тiркелген жұмыссыздар халықты жұмыспен қамту орталығынан лайықты жұмыс туралы ұсыныстар алғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде халықты жұмыспен қамту орталығын, ал ауылдық елдi мекендерде тұратын жұмыссыздар - кент, ауыл, ауылдық округ әкiмiн ұсынылған лайықты жұмысқа келісетіні немесе одан бас тартатыны туралы жеке өзі жүгініп немесе ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және (немесе) ұялы байланыс желісінің абоненттік құрылғысы арқылы хабардар етуге тиіс.
Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.11.2018 № 516 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
14. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің – www.enbek.gov.kz интернет-ресурсындағы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде;
15. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметінің байланыс телефондары www.enbek.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген.
Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефондары: 1414, 8 800 080 7777.
|
"Жұмыссыздар ретінде жұмыс
іздеп жүрген адамдарды тіркеу"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
1-қосымша
Нысан
|
Жұмыссыз ретінде жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркеуден бас тарту туралы хабарлама
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.11.2018 № 516 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
________________________________________________________________________________
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Бас тартудың себебі
________________________________________________________________________________
(себеп көрсетіледі)
________________________________________________________________________________
(халықты жұмыспен қамту орталығының атауы)
Берілген күні: 20___ жылғы "___" _____________.
Орталық директоры ______________________________________________________________
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Мөр орны _______________________
|
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 28 сәуірдегі
№ 279 бұйрығына
33-қосымша
|
Ескерту. 36-қосымшаның жоғарғы оң жақтағы бұрышы жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 25.12.2017 № 446 (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Инфляцияның деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы
жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомасы мен зейнетақы
жинақтарының сомасы арасындағы айырма төлемі" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Ескерту. Бұйрық стандартпен толықтырылды – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 04.07.2017 № 190 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. "Инфляцияның деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомасы мен зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырма төлемі" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі - Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің ресми интернет-ресурсында инфляция деңгейі туралы ақпарат болған кезде Мемлекеттік корпорацияда құжаттар топтамасын тіркеген сәттен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде.
Мемлекеттік қызметті проактивті көрсету кезіндегі көрсетілетін қызметті тағайындау мерзімі Заңның 11-бабы 1-тармақшасына сәйкес зейнеткерлік жасқа толған күні инфляция деңгейі туралы ақпарат болған кезде базалық зейнетақы төлемі тағайындалған күннен кейінгі күннен, бірақ Заңның 11-бабы 1-тармақшасына сәйкес зейнеткерлік жасқа толған күніне инфляция деңгейі туралы ақпарат болмаған кезде оны тағайындаған күннен кейінгі күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей басталады.
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
ұсынылған құжаттардың дәйектілігін тексеру үшін негіз болған кезде, оның ішінде ақпараттық жүйелерден - 10 (он) жұмыс күніне;
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің ресми интернет-ресурсында инфляция деңгейі туралы ақпарат болмаған кезде - 25 (жиырма бес) жұмыс күніне дейін (проактивті қағидат бойынша қызмет көрсетілетін адамдарды қоспағанда);
бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы (бұдан әрі - БЖЗҚ) көрсетілетін қызметті алушының жеке зейнетақы шоты бойынша мәліметтерді қайта сұрату үшін негіз болған кезде - 25 (жиырма бес) жұмыс күніне дейін ұзартылады.
Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі қызмет көрсету мерзімін ұзартады және өтініш берушіге осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қызмет көрсету мерзімін ұзарту қажеттігі туралы хабарлама береді.
Проактивті қағидат бойынша қызмет көрсетілген кезде қызмет көрсету мерзімін ұзарту қажеттігі туралы хабарлама берілмейді.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.11.2018 № 516 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – қағаз түрінде.
7. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: "Инфляцияның деңгейін ескере отырып, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуы бойынша кейбір мәселелер туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1029 бұйрығымен (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тiркеу тізілімінде № 12645 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша инфляция деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомасы мен зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырманы тағайындау не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 11-12-тармақтарында көзделген негіздер бойынша бас тарту туралы хабарлама.
8. Мемлекеттік корпорацияның жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жексенбі мен мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.
Қабылдау "электрондық кезек" тәртібімен, көрсетілетін қызметті алушының тіркелген жері бойынша, жеделдетіп қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.
9. Көрсетілетін қызметті алушы (немесе нотариат куәландырған сенiмхат бойынша оның өкілі) Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті ұсынады.
Заңның 11-бабы 1-тармағына сәйкес зейнеткерлік жасқа толған және бұл ретте зейнетақы мен өзге де әлеуметтік төлемдер алушылар болып табылатын Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар осы тармақтың үшінші бөлігі 1)-3)-тармақшаларында көзделген өтініш пен құжаттарды ұсынбайды. Адамдардың осы санатына мемлекеттік қызмет проактивті қағидат бойынша осы Стандарттың 5-тармағында белгіленген мерзімде көрсетіледі.
Өтінішті қабылдау кезінде жеке басты куәландыратын құжат туралы, тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгені туралы, мүгедектік туралы анықтаманың мәліметтері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі (бұдан әрі - ақпараттық жүйелер) арқылы алынады.
Ақпараттық жүйелерде мәліметтер болмаған кезде өтінішке:
жеке жүгінген кезде:
"Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 11-бабының 1-тармағына сәйкес зейнеткерлік жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар үшін:
1) жеке басты куәландыратын құжат (Қазақстан Республикасы азаматының паспорты, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі, азаматтығы жоқ адамның куәлігі, шетелдiктің тұруға ықтиярхаты);
2) тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын
құжат (мекенжай анықтамасы немесе ауыл әкімінің анықтамасы,
Байқоңыр қаласының тұрғындары үшін - тұрғын үй шаруашылығының азаматтарды есепке алу және тіркеу жөніндегі бөлімінің анықтамасы);
3) алушының екінші деңгейдегі банктерде немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда ашқан банк шотының нөмірі туралы мәліметтер қоса беріледі.
Айырма төлеміне құқығы бар және Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұруға кеткен, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарының алушылары болып табылатын шетелдіктердің өтінішіне:
алушы өзі жүгінген кезде:
егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, шетелдік паспорт (сенім білдірілген адам жүгінген жағдайда нотариат куәландырған көшірмесі);
екінші деңгейдегі банктерде немесе Қазақстан Республикасының аумағында банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда ашылған банк шотының нөмірі туралы мәліметтер қоса беріледі.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.11.2018 № 516 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
10. Сенім білдірілген адам алушының атынан айырма төлемін тағайындау туралы өтінішпен жүгінген кезде осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көрсетілген құжаттардан басқа:
1) жеке басты куәландыратын құжатты (жеке басын сәйкестендіру үшін);
2) сенімхаттың түпнұсқасын немесе оның нотариат куәландырған көшірмесін (егер сенімхатта сенім білдірілген адамның мүдделерін бір уақытта бірнеше ұйымда білдіру өкілеттіктері қамтылса) ұсынады.
Мұрагер:
1) 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті;
2) жеке басты кәуландыратын құжатты (жеке басын сәйкестендіру үшін);
3) айырма төлеміне құқығы бар адамның қайтыс болуы туралы куәліктің нотариат куәландырған көшірмесін;
4) мұраға құқық туралы куәліктің түпнұсқасын немесе нотариат куәландырған көшірмесін не мұраға берілетін мүлікті бөлу туралы келісімнің түпнұсқасын немесе нотариат куәландырған көшірмесін, заңды күшіне енген сот шешімін;
5) мұрагердің банк шотының нөмірі туралы мәліметтерді ұсынады.
Сот шешімімен әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеті шектеулі деп танылған және қамқоршылыққа немесе қорғаншылыққа мұқтаж адамдарға айырма төлемін тағайындау үшін олардың қамқоршылары немесе қорғаншылары:
1) 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті;
2) қамқоршының немесе қорғаншының жеке басын куәландыратын құжатты (Қазақстан Республикасы азаматының паспорты, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі, азаматтығы жоқ адамның куәлігі, шетелдіктің тұруға ықтиярхаты);
3) қамқоршылықтың немесе қорғаншылықтың белгіленгенін растайтын құжатты;
4) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.
Мемлекеттік корпорация қабылданған шешім туралы көрсетілетін қызметті алушының өтінішінде көрсетілген Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген мобильді телефонына sms-хабар жіберу арқылы көрсетілетін қызметті алушыны хабардар етеді.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.11.2018 № 516 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
11. Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-10-тармақтарында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық емес топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған, айырма төлемін тағайындауға құқығы болмаған жағдайларда, Мемлекеттік корпорация қызметкері осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тағайындауға өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
12. Көрсетілетін қызметті беруші мынадай:
1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін белгілеу;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 10 сәуірдегі № 341 қаулысымен бекітілген Зейнетақы төлемдерін алушыларға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуы бойынша мемлекет кепілдіктерін инфляцияның деңгейін ескере отырып, орындау қағидаларында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі негіздері бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.
13. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту себептерін жойған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы осы Стандартта белгіленген тәртіппен мемлекеттік қызметті алу үшін қайтадан жүгіне алады.
3 -тарау. Орталық мемлекеттік органның, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушінің
Достарыңызбен бөлісу: |