2.6 Тікелей (контактылы) қыздыру қондырғылары
Тура қыздыру қондырғыларының жұмысы қыздырылатын материал электр энергиясы көзіне тікелей қосылып, ол арқылы өтетін электр тоғы Джоуль-Ленц заңы бойынша электр энергиясын жылуға айналдыру құбылысына негізделген (2.4 сурет).
2.4 сурет - Тікелей қыздыру қондырғысының сұлбасы
Тура қыздыру ұзындығы бойынша көлденең қимасы біркелкі және омдық кедергісі едәуір бұйымдарды термоөңдеуге тиімді. Тура қыздыру шектеусіз температура, енгізілетін қуатқа пропорционал жоғары жылдамдық және ПӘК береді.
Контактілі қыздыру қондырғылары дайындамаларды соғуға дайындауға, құбырларды босатуға, сым-темірді, серіппелік сымды ию үшін қыздыруға арналған. Қорғаныс атмосферасында 3000 К температурасына дейін сирек және қиын балқитын металл ұнтақтарынан дайындалған штабиктерді және шыбықтарды біріктіру үшін қыздыруға арналған периодты тура қыздыру пештері бар.
Тура қыздыру қондырғыларының мынадай негізгі бөліктері болады:
а) қаптаманың ішінде орналастырылатын, орамасы сумен салқындатылатын және кедергісі әртүрлі денелерді қыздыруға мүмкіндік беретін бірнеше кернеу сатылы диапазоны 5-25 В төмендеткіш трансформаторлар;
б) тоқ өткізгіші, трансформатордың төмен кернеуінің орамының шығысын сумен салқындатылатын қысқыштармен қосады;
в) қысқыштар, қызатын бөлшекті ұстап, тоқ көзіне қосатын контактілерге керекті қысым береді;
г) контактіліқ жүйенің жетегі;
д) қыздыру үрдісін автоматты реттейтін және бақылайтын құралдар.
Үздіксіз әрекетті қондырғыларда сым-темірді, құбырларды, шыбықтарды қыздыру үшін қатты роликті және сұйық контактілер қолданылады.
Тура қыздыру пештері, одан басқа, көмір бұйымдарын графиттеу үшін, корборунд алу үшін және т.б. қолданылады.
Графиттеу пештері бірфазалы, тік бұрышты қалыпты, қабырғалары алмалы-салмалы болып жасалады. Олардың температурасы вакуумде немесе нейтрал атмосферада 2600-3100 К жетеді. Екінші ретті кернеу диапазоны 100-250 В, тұтынатын қуаты 5-15 мың кВА. Автоматтық бақылау құралдарын қолданғанда қондырғының ПӘК 70-80 %, =0,8 дейін барады.
2.7 Электр кедергі пештерінің электр жабдықтары
Электр кедергі қондырғыларының электр жабдықтары:
1) Электр пеші;
2) Электр, пневмо, гидрожетекті жүктемені салып-түсіруді және жұмыс камерасында қозғалысты қамтамасыз ететін көмекші механизмдер;
3) Толымдаушы электр жабдықтары – электр қалқандары, пульттер, басқару панельдері, трансформаторлар немесе автотрансформаторлар, тиристорлық ауыстырып-қосқыштар, нәрлендіру көзі;
4) Өлшегіш аппаратура: температура өлшегіш және реттегіш датчиктері, вакуум өлшегіш және бақылағыш аппаратура, су ағынын және температурасын бақылағыш аппаратура т.б.;
Электр жабдықтар ретінде трансформаторлардың құрғақ түрі, қысқа тұйықталған роторлы асинхрондық қозғалтқыштар, әдеттегі қорғауыш және толықтауыш аппаратура (автоматтар, сақтандырғыштар, контакторлар, магниттік жүргізгіштер т.б.) және басқару аппаратурасы (кілттер, нүктелер, реле) пайдаланылады.
Электр кедергі пештерінің көпшілігі трансформаторсыз бірден 220, 380 В желіге қосылады.
Трансформаторлар карборундтық, графиттік, көмірлік, вольфромдық қыздырғыштарының кедергісі температурамен күрт өзгеретін қондырғыларда қолданылады: тұз ванналары, жоғары температуралы пештер.
500В дейінгі пештерді қосу және басқару үшін әдетте толықтауыш қалқандар мен басқару станциялары шығарылады.
Достарыңызбен бөлісу: |