2.5 Металдарды қыздыруға арналған сұйықтық электр кедергі пештері
Металл бөлшектерді тез және бірқалыпты қыздыру үшін металды немесе металкерамикалық электродты тұзбен немесе стекломассамен толтырылған ванналар қолданылады. Қатты күйінде тұз электр тогын өткізбейді, бірақ оны қыздырып ерітсе, электрод арасында ток өтіп, оның активтік кедергісінде жылу бөлінеді. Қоршаған орта мен оған батырылған метал бұйымдардың арасындағы жылу алмасу балқытылған тұз, сілте, оксидтердің жылулық физикалық қасиеттерімен анықталып, ванна температурасының біркелкілігін қамтамасыз етеді. Балқытпада орналасқан бұйымдар тотығудан қорғалады, кейін де бұйым ваннадан алынғанда бұл қорғау олардың бетіне жабысқан жұқа қабыршақ есесінен сақталады.
Сұйық жылытқыштары бар ЭКП қоспаланған болаттарды шыңдау, соғу және штамповкалау алдында 1100-1600 К дейін, сонымен қатар болат және шойын бөлшектерді босаңдату үшін қыздыруға қолданылады. Электродты ванналар айнымалы тоқ желісіне екінші кернеуі 10-35 В төмендеткіш трансформаторлары арқылы қосылады. Бір фазалы электродты ваннада электродтар жұптан орналасады, олардың ара қашықтығы 12-45 мм.
Конвективті ағынның және магнитогидродинамикалық құбылыстың пайда болуынан электролит қарқынды араласып, ваннадағы температура өрісі тегістеледі.
Тоқтың шектік тығыздығы 1-2 А/см 2 арасында болады. Жұмысшы орта ретінде қажетті температураға және электр өткізгіштікке байланысты хлорлы, фторлы, азот қышқыл тұздары, сілтелер жеке немесе қоспалар түрінде қолданылады. Ваннаны қосу немесе қатып қалған электролитті балқыту үшін қаңқаға орнатылған және ваннаға түсірілетін ашық қыздырғыш элементтер түріндегі жүргізгіш қыздырғыштар қолданылады.
Тұз ванналарының құндылығы:
- қыздыру жылдамдығының және өнімділігінің жоғарылығы;
- әртүрлі термиялық және термохимиялық өңдеу жолдарының жүргізудің оңайлығы;
- бұйымдардың қыздыру кезінде тотығудан қорғалуы.
Кемшіліктері:
- ванна бетінен жылудың көп жоғалуына және қондырғының үзіліссіз жұмыс істеуіне байланысты меншікті электр энергиясының шығынының жоғарылығы;
- балқытпа ретінде қолданылатын материалдың шығынының жоғарылығы;
- қызмет етуші персоналдың еңбек жағадайының ауырлығы.
Достарыңызбен бөлісу: |