2.1Сурет Трансформаторлық май үшін диэлектрлік шығындардың бұрыш тангенсінің температурадан тәуелділігі
Жұмыс шарттарына байланысты (жұмыс температураның шамасы және жиілік) полярлы сұйықтардың (совол, кастор майы және т.б.) электрөткізгіштіктен басқа дипольді – релаксациялы полярланумен шартталатын елеулі шығындары болуы мүмкін.
Жоғары жиіліктер кезінде тұтқырлық шығындарда дипольді – релаксациялы полярланудан шыққан диэлектрлік шығындар, электрөткізгіштіктен шыққан шығындардан үлкен болуы мүмкін. Дипольді шығындар дипольді молекулалардың үйкелісімен шартталғандықтан, шығындар максимумы тұрақты жиіліктердің өрісінде сұйықтың оңтайлы тұтқырлығы кезінде орын алады немесе өрістің оңтайлы жиіліктері кезінде, сұйықтың тұтқырлығы тұрақты болғанда орын алады. Температураға байланысты осындай сұйықтардың диэлектрлік шығындарының максимумы 2.2 суретінде көрсетілгендей өрістің жиілігі өзгерген сайын, тым жоғары температуралар жағына ығысады.
Достарыңызбен бөлісу: |