3.2 Жалпы мәліметтер
Диэлектриктің диэлектрлік өтімділігі болып электр өрісіндегі диэлектрик полярлануының өлшемі саналады. Диэлектриктің полярлануы деп электр өрісінің әсерінен диэлектриктегі байланысқан электр зарядтардың ығысу процесін айтады.
Полярлану сандық жағынан электр ығысу ∆ шамасымен сипатталады, диэлектрик қимасының ауданынан 1 м2 бойымен электр өрісінің бағытына перпендикуляр ығысқан зарядтың шамасын көрсетеді. Электр ығысу ∆ электр өрісінің Е кернеулігінен және материалдың абсолют диэлектрлік өтімділігінің коэффициентімен сипатталатын диэлектриктің электр өрісінде полярлану қабілетіне тәуелді болады
(3.1)
Тәжірибеде, диэлектриктің электр өрісіндегі полярланудың өлшемі ретінде қатыстық диэлектрлік өтімділік саналады, ол мына қатыснастан анықталады
Достарыңызбен бөлісу: |