алып қарап, оның мынадай құрамдарын көрсеттік: ырғақты-мақсатты
(модульдер арқылы жүзеге асырылады), мазмұнды (гипермәтін), жедел-
қызметті (интерактивтік тапсырмалар) бағалык-қорытынды-нәтижелі
(тесттер).
Электрондық оқулықтар студенттердің өз бетінше жұмысын және
олардың жоғары танымдық белсенділігін арттырады, олардың терең де
тиянақты білім алу сапаларын көтереді. Сонымен бірге барлық оқу
процесінің-алға қойған мақсатынан бастап, қол жеткен нәтижесіне дейінгі
аралықты қамтиды, студенттерге үлкен ақпараттық білім кеңістігіне жол
көрсетеді. Ақпаратгық білім беру - танымдық ойлау мен ақпараттық
өзіндік анықтамалар, білімді автоматты түрде бағалаудың тестілік
әдістерін даярлап береді. Тест - қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде
даярланады. Электрондық оқулықтар әртүрлі ақпарат жиынтығын,
студенттерге білім берудің негізгі пайда болу орталықтары туралы толық
мәлімет бере алады.
Электрондық оқулықтар толық курстың жеке бөлігін құрайтын,
белгілі ақпараттық, жүйелі қызмет атқаратын білім жиынтығы - модульден
тұрады, ол студенттің толық, жүйелі түрде білім алуын қалыптастырады.
Модуль тиянақты білім жүйесі, оқу үрдісінде ырғакты-мақсатты
бөлігін қамтамасыз етеді. Модульдік оқудың технологиясы оқытушыға
педагогикалық жүйенің негізін түсінуге жағдай жасай отырып, оқытудың
теориясы мен практикасын өзара байланыстыруға, оны технологиялық
деңгейге дейін көтеруге жағдай жасайды. Модульдер электрондық
оқулықтардың ғылыми білім жүйесін, өзара байланыс қызметінің
жиынтығын аша түсетін мазмұнды дидактикалық бірлік болып табылады.
Модульдік оқу жұйесінің тиімділігі және оның нәтижесі, көбінесе
қолданылатын материалдың сапасына байланысты. Сондықтан модульдік
оқудын ең басты міндеті, модульдік негізде сапалы модульдік түрлендіру
жүйесін ұдайы жасап отыру. Модульдің тағы бір ерекшелігі - пәнаралық
байланысты ұдайы жетілдіріп отыру, педагогика курсының мазмұнын
түрлендіріп отыру және белгілі модульдік жүйені жасау болып табылады.
Оқу үрдісін ақпараттық техникамен қамтамасыз ету жағдайларының
өзгеруі - оқулықтар дамуының жаңа кезеңі электрондық оқулықтың пайда
болуына әсер етті. Өйткені нақты жағдайда қысқа мерзімде ақпарат
тасқынын іріктеп, пайдалануға үйрену керек, әрбір кұбылысқа
шығармашылықпен қарап, өз бетінше ақпараттардың ең тиімділерін,
мазмұндыларын таңдап алуға қалыптасу қажет, сонымен бірге біз болашақ
мұғалімдердің өз кабілетін үздіксіз арттыруына, шығармашылықпен ойлай
білуіне жағдай жасауымыз керек.Ал бұл мақсаттарға жетуге оқу үрдісінде
электрондық оқулықтарды пайдаланудың маңызы өте зор.
Сондай оқулықтардың бірі-шетел тілдері мамандығы студенттеріне
арналған «Ағылшын тілі сабағы» электрондық курсы (1-сурет).
1 сурет- «Ағылшын тілі сабағы» электрондык окулығы.
«Ағылшьш тілі сабағы» электрондық оқулығының бағдарламасы
Қазақстан республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен жоғары
оқу орындарына арналған типтік бағдарлама негізінде жасалған. Бұл
электрондық оқулық коммуникативтік-практикалық мақсатты көздейді
және сауатты болашақ ағылшын тілі мұғалімдерін әдістемелік тұрғыдан
даярлау,
студенттердің
сөйлеу
мәдениетін
жетілдіру,
өзара
коммуникативтік
қарым-қатынасты
жандандыру,
интеллектуалдық
біліктілікті арттыруды басшылыққа алады.
Бұл
электрондық
оқулықта
студенттердің
өз
білімдерін
толықтыруларына және өз бетінше жұмыс істеулеріне арналған қосымша
теориялық материалдар, сонымен бірге әр түрлі тақырыптарға арналған
сабақ жоспарлары мен үлгілері берілген. Электрондық тәсіл сапалы және
жоғары деңгейде білім беру мүмкіндігін, оқытудың автоматтандырылған
жүйесін туғызады.
Жаңа ақпараттық технология негізінде жасалған бұл оқулық
модульдік технология негізінде құрылған бір модульден тұрады.
Қашықтықтан оқытуда маңызды рөл атқаратын дыбысталған "Ағылшын
тілі сабағы" электрондық курсы иерархиялық блок-сұлба түрінде берілген.
Ол мынадай тақырыптар бойынша жүйелі байланысқан: «Әдіснама»,
«Ұғым», «Сабақ», «Принциптер», «Сабақ типтерінің негізі», «Мұғалімнің
сабаққа
даярлығы», «Сабақтың
құрылымдары
мен
кезеңдері»,
«Тапсырма», «Сабақтың
жоспары», «Сабақты
талдау», «Тест»
тапсырмалары (2-сурет).
2-сурет. «Ағылшын тілі сабағы» модулі.
Біз «Ағылшын тілі сабағы» электрондық оқулығын пайдалануға
даярлық кезінде төмендегі аспектілірді негізгі нысанға алдық:
1. Пәндік-мазмүндық.
Біздің
сабағымызда
бұл
аспект
ақпараттандырудың қажетті минимумы болып анықталады,
2. Тілдік. Студенттердің өз білімдерін ағылшын тілінде көрсетуі үшін
қажетті де жеткілікті лексикалық бірліктерді іріктеуден тұрады.
3. Коммуникативтік. Бұл аспект коммуникативтік міндеттерді шешу
үшін ақпаратты жеткізу, берілген ақпаратты іріктеп алу үшін
лексикалық бірліктерді мақсатты түрде пайдалану арқылы іске асады.
Бұл курс студенттердің оқу үрдісінде ұйымдастырушылық кабілетін
көрсетуінен, жеке тұлға ретінде даму дәрежесінен, ұжымдық түрде
орындайтын қызметтерінен, жауапкершілікті сезінуінен, кысқаша айтқанда
олардың шығармашылық белсенділігінен құралады.
«Ағылшын тілі сабағы» электрондық оқулығын жасауда шетел тілін
оқытудың
дидактикалық,
психологиялық
және
лингвистикалық
негіздеріне сүйене отырып, төмендегі міндеттер қойылды:
− студенттерді жаңа және бұрыннан таныс сөздік қорларын пайдалана
отырып, сөздік тәжірибеге жаттықтыру;
− студенттердің сөздік қоры көлемін мүмкіндігінше ұлғайту;
− студенттердің сөздікпен, гипермәтінмен, өз бетінше жұмыс жасаудағы
дағды мен іскерліктерін жетілдіру.