оларды оқушылардың өз бетінше қолдануларымен салыстырғанда едәуір
киындығы бар екенін көрсетті.
Бұл қайшылықтар қазіргі практикадағы электрондық оқулықтарды
пайдалану мен оны жүзеге асырудағы мұғалімдер даярлығының
жеткіліксіздігі арасындағы мәселелерді тез арада шешуді қажет етеді.
Демек, бұл ағылшын тілін оқыту сабақ теориясымен әлі сәйкес
келмейтінін дәлелдеп отыр. Осы олкылықтарды жою мақсатында біз
«Электрондық оқулық негізінде ағылшын тілін сабағын өткізуге
болашақ мұгалімдерді оқыту әдістемесі» (ағылшын тілі, жоғары оқу
орны) атты тақырыбын таңдап алдық.
Зертгеудің мақсаты. «Шетел тілдерін оқыту әдістемесі» пәні
бойынша болашақ мұғалімдердің электрондық оқулықтарды пайдалану
арқылы ағылшын тілі сабағын өткізуге оқыту әдістемесін теориялық
тұрғыдан негіздеу.
Зерттеу объектісі. Жоғары оқу орнындарында педагогикалық тіл
факультеттерінің студенттерін даярлау әдістемесі.
Зерттеудің пәні: Электрондық оқулық негізінде ағылшын тілі
сабағын өткізуге болашақ мұғалімдерді окыту әдістемесі.
Зерттеудің ғылыми болжамы: Электрондық оқулық негізінде
ағылшын тілі сабағын өткізуге болашақ мұғалімдерді оқыту әдістемесі
мына жағдайда тиімді болады,
егер
электрондық оқулыктардың мазмұны
педагогикалық ғылымның жетістіктеріне теориялық тұрғыдан негізделсе,
ал электрондық оқулықтардың тәсілдері студенттердің жүйелі білім алуына
және сабақтын құрылымын түрлі жағдайда түрлендіре алатын бағытты
қамтамасыз ететін болса, онда ақпараттық оқыту ортасында бірегей
жағдай туындайды, болашақ мұғалімдердің сабакқа дярлығын тұракты
база арқылы қалыптастыруға болады, мұның өзі компьютерлік техниканы
пайдалануда, электрондық оқулық басылымдарында кездесетін
психологаялық кедергілерді болдырмауға мүмкіндік береді.
Зерттеудің міндеттері:
- отандық және шетелдік педагогика ғылымы саласында шетел
тілдерін оқыту тәсілдерін, сабақты дамыту проблемаларын зерттеу;
- «Шетел тілдерін оқыту әдістемесі» пәні бойынша «Ағылшын
тілі сабағы» бөлімінің дербес мазмұнын құрастыру және оның
электрондық түрін жасау,
- электрондық оқулық негізінде ағылшын тілі сабағын өткізуге
болашақ мұгалімдерді оқыту әдістемесін жасау;
- электрондық окулық негізінде ағылшын тілі сабағын өткізуге
болашақ мұғалімдерді оқыту әдістемесін тиімді зерттеу тұрғысынан
эксперимент жүргізу.
Зерттеудің әдіснамалық негіздері сабақтың дидактикалық және
әдістемелік теориясы, жеке тұлға мен іс-әрекеттің пәнаралық теориясы
больш табылады.
Зерттеудің әдістері:
- зерттеу тақырыбы бойынша жұмыс істеуде ғылыми-әдістемелік
әдебиеттерді сын көзбен оқу және талдау;
- педагогикалық үрдісті талдау әдісі (байқау, сауалнама, сұхбат алу,
тестілеу, шығармалар, т.б.);
- анықтау және қалыптастыру эксперименттері;
- статистикалық өңдеу әдісі (мәліметтерді талдау, шкалалау, ранжірлеу
және т.б.).
Зерттеудің ғылыми жаңалығы және теориялық маңыздылығы:
- сабақ теориясы негізінде «Шетел тілдерін оқыту әдістемесі»
электрондық оқу курсының дербес бөлімі «Ағылшын тілі сабағы»
мазмұнынын жүйесі берілді;
- электрондық оқулык негізінде ағылшын тілі сабағын өткізуге
болашақ мұғалімдерді оқыту әдістемесі жасалды.
- электрондық оқулық негізінде болашақ мұғалімдердің ағылшын
тілі сабағын өткізуге әдістемелік даярлығының білімдері мен іскерліктерін
қалыптастырудың критерийлері мен көрсеткіштері анықталды.
Зерттеудің практикалық маңыздылығы:
- «Dеlрһі 6» тілінде көлемі 173 МБ «Ағылшын тілі сабағы»
электрондық оқулығы жасалды.
- Электрондық оқулық негізінде ағылшын тілі сабағын өткізуге
болашақ мұғалімдерді оқыту әдістемесі жасалды.
Зерттеудің кезеңдері мен процедурасы:
Бірінші кезеңде (1998-2000 ж.ж.) зерттеу мәселесі бойынша
теориялық талдау жасалды, түсіндірме және ғылыми аппараты анықталды,
зерттеу материалдары жүйеге келтірілді және талданды. «Шетел тілдерін
оқыту әдістемесі» пәнінін «Ағылшын тілі сабағы» электрондық курсын
үйрету барысында болашақ шетел тілі мұгалімдерінің электрондық
оқулықты пайдалануға даярлығын жасау жүзеге асырылды.
Екінші кезеңде (2000-2002 ж.ж) «Шетел тілдерін оқыту әдістемесі»
пәнінің дербес бөлімі ретінде «Ағылшын тілі сабағы» электрондық курсын
үйрету барысында болашақ мұғалімдердің электрондық оқулықтарды
пайдалануға даярлығын қалыптастыру мен болжауға бағытталган анықтау
және қалыптастыру эксперименттері өткізілді.
Үшінші ксзеңде (2002-2004 ж.ж) диссертациялық жұмыстың зерттеу
нәтижелері мен тұжырымдарын, негізгі қағидаларын талқылау,
диссертацияны рәсімдеу жұмыстары жүргізілді.
Зерттеу базасы, Анықтау эксперименті М.Х.Дулати атындағы Тараз
мемлекеттік университетінің әлем тілдері факультетінде, Қ.А.Ясауи
атындағы халықаралық казақ-түрік университеті Тараз институтының
шетел тілдері кафедрасында, Семей мемлекеттік университеті филология
факультетінде, қалыптастыру эксперименті М.Х.Дулати атындағы Тараз
мемлекеттік университеті әлем тілдері факультетінде өткізілді.
Зерттеудің негізгі қағидалары:
1. «Шетел тілдерін окыту әдістемесі» пәні бойынша «Ағылшын
тілі сабағы» бөлімінің мазмұны студенттердің шетел тілдері сабағының
әдістемелік теорияны үйренуіне және оны саналы түрде меңгеруіне