жүйесінін тиімділігінің аздығын көрсетіп отыр. Дәл осы жағдай оқыту
процесінің тілді шетел тілі немесе екінші тіл ретінде оқытып - үйретудің
жаңа тәсілдері мен жолдарын жаңаша қарастыруға итермелейді және өзге
тілде сөйлейтіндерге жаңаша үйретудің әдістемесін іздеу, зерттеу және
тілді практикада қолдану, оның қайнар кезін іздеуге, оқытудың техникасын
өзгертуге ықпалын тигізіп отыр.
Оқыту-оқушылардың жаңа білімді қабылдауы, кәсіби дағдыларын
және
еңбек
іскерлігін
қалыптастыру
арқылы
білім
алуын
ұйымдастырушы оқытушының іс-әрекеті.
Бұл іс-әрекет түрлері тығыз бірлікте болғандықтан, сабақ мұғалімдер
мен оқушылардың өзара әрекеттерін ұйымдастыру түрі ретінде
қарастырылады. Сабақты психологиялық-педагогикалық жүйе ретінде
қабылдау білім беру теориясының даму үрдісінде қалыптасады. Ол
сабақтың мазмұнын, құрылымын, типтерін, оған қойылатын талаптарды
негіздейді, оны ұйымдастыру және өткізу әдістемесіне әсер етеді, үлгерім
факторларын анықтайды, яғни білім берудің теориялық бастауы сабақтың
ерекшелігін, типтерін, түрлерін, қүрылымын және т.б. анықтайды деген
қорытынды жасауға болады.
Біз зерттеу барысында шетел тілі сабактарына қойылатын негізгі
мақсаттар мен олардың теорияларына сәйкес құрылу принциптеріне, сабақ
типтері мен түрлеріне, жаңашыл педагогтардың сабақ бойынша
тәжірибелеріне талдау жасадық.
Жалпы ғалым-әдіскерлер шетел тілі сабағының негізгі құрылымдық
бірлігі ретінде мыналарды атап көрсетеді:
- фонетикалық жаттығу;
- жаңа тілдік материалмен танысу;
- жаттықтыру;
- сөз тәжірибесі;
- сабақты қорыту.
Ал сабақ типтеріне келетін болсақ, шетел тілдерін окыту әдістемесінде
сабақтардың бірқатар типологиясы кездеседі, олардың негіздерінде әр
алуан критерийлер жатыр: дидактикалық мақсат; тапсырмалар көлемі;
танысу кезеңінің болуы; тілдік аспектінің басымдылығы; сөз ірекеттерінің
түрлері; сөз әрекеттерінің сипаты; оқу материалының мазмұны; оқу
құралдары; жеке іс-әрекеттер және т.б.
Қазіргі таңда шетел тілі әдістемесінде шетел тілі сабақтары екі негізгі
типке бөлінеді:
- тілдік материалдарды пайдалану қабілеті мен дағдыларын
дамытуға бағытталған сабақтар;
- сөз әрекетіне оқушылардың қатысуы орын алатын сабақтар.
Бірінші типтегі сабақтарда жаңа материалмен және оларға катысты іс-
әрекеттерді орындау әдістерімен танысу орын алады; жаңа материал
негізінде тілдік материалдарды меңгеру оқушылардың сөз әрекеті
процесінде жүзеге асырылады. Материалды меңгеру және сөйлеу қабілетін
дамыту арасындағы тығыз өзара байланыс жаттығулардың мақсатты түрдегі
жүйесі негізінде жүзеге асырылады.
Екінші типтегі сабақтарда сөз әрекеттерінің бір түрі (көбіне ауызша
жеткізу) ғана дамуы мүмкін немесе сөз әрекеттерінің бірнеше түрлері
өзара байланысуы мүмкін, мысалы, тыңдауға үйрету және тыңдалған
мәтін негізінде ауызша айту қабілеті мен дағдыларын дамыту.
Шетел тілі сабақтарының бірінші және екінші типтерінің құрылымы -
сөз әрекетінің сипатына, оқу құралдарына, оқу материалдарына
байланысты өзгеруі мүмкін.
Біз зерттеу жұмысымызда бір топ ғалымдардың шетел тілі сабақтарын
негізгі
дидактикалық
(окытушы,
дамытушы,
тәрбиелеуші
және
практикалық) мақсаттарын сай жіктеген типологиясын қарастырып,
жүйелі түрде көрсеттік.
Әдіскер
ғалымдар
М.Уэст,
Е.И.Пассов,
И.Ф.Комков,
А.Д.Климентенко, А.А.Миролюбов, Н.Н.Гез, М.В.Ляховицкий, Г.В.Рогова,
А.А.Леонтьев, Л.З.Якушина, С.К.Фоломкина, А.П.Старковтар жаңа тілдік
материалдармен оқушылардың іс-әрекеттерін, білім, білік пен дағдыларды,
сөз тәжірибесін (тыңдау, оқу, сөйлеу, жазу), сөйлеу дағдыларын
дамытуға, жетілдіруге, сөйлеу іскерліктерін дамытуға бағытталған
шетел тілі сабақтарынын типтерін анықтайды.
Ал ғалым В.А.Бухбиндер шетел тілі сабақтарының таза сөйлеу
сабақтары, біріккен (аралас) сабақтар типін көрсетсе, И.Л.Бим шетел тілі
сабақтарын коммуникативтік және коммуникативтік-бағдарлық танымдық
қызметтерін
қалыптастыруға
бағытталган
(қарым-қатынастың
технологиясы мен құралдарын меңгеру) және коммуникативтік іс-
әрекеттің барлық түрін: танымдық, құнды-бағдарлық, басқа іс-
әрекеттерді меңгеруді қалыптастыруға бағытталған сабақтар типін
ұсынады.
Е.С.Полат проблемалық әдістер бойынша сабактардың мынадай
типологиялық жүйесін жасайды: зерттеуші, шығармашылық, рөлдік
ойындар, ақпараттық, практикалық-бағдарламалық, көп жоспарлы,
пәнаралық байланыс, т.б.
Я.М.Колкер,
Е.С.Устинова,
Т.М.Еналиевалар
С.К.Фоломкина
көрсеткен сабақ түрлері негізінде шетел тілдері сабақтарын жоспарлаудың
екі типін ұсынады: бір мақсаттық және көп мақсаттық. Бұл
әдіскерлердің теорияларына сәйкес сабақтарды кұру принциптері сол
күйінде қалады: дағдыларды қалыптастырушы сабақтар міндетті түрде
коммуникативтік тапсырмалар сериясымен аяқталады, ал негізгі мақсаты-
дағдыларды қалыптастыру болып табылатын сабақтарға жаттығу
тапсырмалары кіреді. Бұл жағдайда тілдік материалды қолдану аркылы
сабақта жаттықтыруға болады.
Біз зерттеу барысында осы авторлардың әдістемесі бойынша
берілген сабақ типтерін ағылшын тілін окытудың қазіргі заман талабына
сай сабақтардың үлгілері ретінде қарастырып, талдау жасадық.
Сабақтардың типологиясының бірінші маңызды критерийі ретінде
авторлар сабақта алынатын тапсырмалар көлемін алады, ал екінші маңызды