5.11 Өртке қарсы шаралар
СН және П – 90 – 81 бойынша пісіру цехы А категориясына жатады және өртке төзімділігі бойынша 2 категорияға жатады. Цех каркасы СН және П 2–2–80 қажет ететін жағдайлардан сақтайтын темірбетоннан орындалған. Есіктердің өртке төзімділік шегі 2. Жабылудың алдында өрт қауіпсіздігіне жауапты адам міндетті түрде өндірістік бөлмені қарап шығады. Тексеру келесіні ескереді:
1. Өрттің пайда болуына әкелуі мүмкін жағдайларды жою;
2. Жалынның тез жайылуына әкелетін себептерді жою;
3. Өрт сөндіруші құрылғылардың дайындығы.
Бұл талаптарды орындау үшін бүкіл аппаратура мен электр қондырғылары өшіріледі, кезекші жарығынан басқа бүкіл электржүйесі обесточивается. Бөлме қоқыстар мен тыс заттардан босатылады. Өрт пайда болған жағдайда оны хабарлау үшін телефон орнатылған.
Сыртқа шығатын өрт баспалдақтары әрбір 200 метр сайын периметр бойынша орналасқан. Ғимаратқа кіретін жол бірнеше жақтан қамтамасыз етілген. Пісіру цехында қажетті жабдықтары бар өрт қалқаны орналасқан: екі ОУ–2 қол типті көмірқышқыл өртсөндіруші; төрт көбікті өртсөндіргіш; сиымдылығы 1,0 м3 болатын құмы бар бір жәшік және күрек; войлок ().
Өрт қауіпсіздігі келесі шаралар арқылы іске асады: адамдардың эвакуациясына арналған шараларды құру; түтінге қарсы қорғау, өрт сигнализациясы. Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеті мекеме жетекшісіне және сәйкес объект бастықтарына жүктелген. Бөлек участкілердегі өрт қауіпсіздігіне жауапкерлерді жетекші бұйрығымен тағайындайды. Сонымен қатар жалпы объектілі және цехтік инструкциялар өнделеді.
ҚОРЫТЫНДЫ
Дипломдық жұмыста Даламбердің жалпыландырылған теңдеулері негізінде манипулятор динамикасының қозғалыс теңдеуін сипаттайтын жалпыландырылған теңдіктер жүйесі алынды. Даламбердің жалпыландырылған теңдіктері анализ үшін өте ыңғайлы, бірақ олар көп есептеулерді қажет ететіндігіне және де Лагранж-Эйлер теңдігіне қарағанда есептеу жағынан ыңғайлы болғанымен қоса, манипулятор динамикасының үзбелердің айналу мен тура қозғалысының әсерін нақты көрсететіндігіне көз жеткіздік. Бұл манипулятор мен динамикалық модельды құрастырған кезде қолданудың ыңғайлығын көрсетті.
Бірінші тарауда пісіруді автоматтандыру кезіндегі қолданылатын роботтардың қолданылуы қарастырылды. Соның ішінде доғалы пісіруге арналған роботтарға тереңітек тоқталдым.
Екінші тарауда жалпы робототехникалық жүйелер, оның кинематикасы мен динамикасы сипатталды. Сонымен қатар бұл тарауда үзбелер мен буындардың, олардың координат жүйелерінің негізгі түсініктемелері келтірілді.
Экономика бөлімінде роботтарды енгізу арқылы алынатын жылдық экономикалық тиімділік, өтелу мерзімі және жылдық экономия есептелінді. Есептеулер нәтижесінде, қолмен пісіруге қарағанда роботпен пісіру әлдеқайда тиімді екенін көруге болады. Яғни, пісіруді роботтаудың тиімділігі өндірістік жұмыстың және пісіру жабдығының артуымен, жұмыс уақытын азайтумен, ақау пайызын төмендетумен, жік калибрін азайтумен қамтамасыз етіледі. Капиталды салымдардың айналым уақыты мен өтелу мерзімі 2,7 жылға тең.
Еңбек қорғау бөлімінде роботтандырудың қауіпті және зиянды факторларына анализ жасалды. Және де пісіру роботтарын қолдану кезіндегі қорғану шараларын ұйымдастыру жағдайлары сипатталды.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Фу К., Гонсалес Р., Ли К. Робототехника. - М.: Мир, 1989
Шахинпур М. Курс робототехники. - М.: Мир, 1990
ЧерноуськоФ. Л., Болотник Н. Н., Градецкий В. Г. Манипуляционные роботы: Динамика, управление, оптимизация. - М.:Наука, 1989
Попов Е. П., Верещагин А. Ф., Зенкевич С. Л. Манипуляционные роботы: Динамика и алгоритмы. - М.:Наука, 1978
Механика промышленных роботов: в 3 книгах /Под ред. К. В. Фролова, Е. И. Воробьева. - М.:Высшая школа, 1989
Тимченко В. А., Сухомлин А. А. Роботизация сварочного производства. - К.: Техника, 1988
Патон Б. Е., Спыну Г. А., Тимошенко В. Г. Промышленные роботы для сварки. - К.: Наукова думка, 1977
Козырев Ю. Г. Промышленные роботы: Справочник. - М.: Машиностроение, 1983
Справочник по промышленной робототехнике: в 2 книгах / Под ред. Ш. Нофа. - М.: Машиностроение, 1989
Лурье А. И. Аналитическая механика. - М.: Физматгиз, 1961
Сварочные роботы. / Под ред. Г. Гердена. - К.: Техника, 1988
Лойцянский Л. Г. Лурье А. И. Курс теоретической механики: ІІ том.- М.: , 1983
Жолдасбеков Ө. А. Машиналар механизмдерінің теориясы. - А.: Мектеп, 1972
Достарыңызбен бөлісу: |