Экономика Жоғары Мектебінің 2016-2017 оқу жылындағы Каталогының негізгі



жүктеу 1,53 Mb.
Pdf просмотр
бет2/42
Дата05.02.2018
өлшемі1,53 Mb.
#8756
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42

 

 



БӨЛІМ I КІРІСПЕ 

 

Экономика  Жоғары  Мектебінің  тарихыөз  бастауын  2004  жылдың  тамыз  айында  «Экономикалық 

пәндер»  кафедрасы  құрылғаннан  бастап  алады.  2005  жылдың  5  тамызында  «Экономика  және 

бизнес» факультеті құрылды, оның құрамына «Экономика және менеджмент» пен «Қаржы және 

статистика» кафедралары енді. 

2012  жылдың  14  шілдесінде  «КАЗГЮУ  Университеті»  АҚ  басқарма  төрағасының  бұйрығымен 

Экономика,  бизнес  және  әлеуметтік  ғылымдар  Жоғары  мектебі  құрылған  болатын,оның  құрамы 

келесідей көрініс тапты: 

1) «Қаржы және есеп» кафедрасы; 

2) «Экономика, менеджмент және туризм»кафедрасы; 

3) «Әлеуметтік-психологиялықпәндер»кафедрасы; 

4) «Гуманитарлықжәне жаратылыстану ғылымдары»кафедрасы (2013 жылдан «Қазақстан тарихы 

және жалпы білім беру пәндері»). 

2014 жылдың қыркүйегіндеЭкономика, бизнес  және әлеуметтік  ғылымдар Жоғары мектебі была 

Экономика Жоғары Мектебі болып қайта құрылды, біріктірілді: 

1) «Қаржы, есеп және аудит» кафедрасы; 

2) «Экономика, менеджмент және туризм»кафедрасы; 

3) «Әлеуметтік-психологиялықпәндер»кафедрасы. 

4)2015-2016  оқу  жылдарының  басындаЭкономика  Жоғары  Мектебіне  «Аударма  ісі»  кафедрасы 

енді. 


 

Мектептің миссиясы 

Экономика  Жоғары  Мектебі  экономика,  қаржы,  есеп  және  аудит,  менеджмент,  туризм, 

психология  және  аударма  ісі  саласында  сапалы  білім  беруді  ұсынады.  Біз  әлемдік  білім  беру 

кеңістігіне  интеграция  арқылы  үнемісыни  ойлауды  игергенжәне  ақпараттар  легінде  бағытталуға 

қабілетті  мамандарды  даярлау  мақсатында  біздің  қызметкерлердің  кәсіби  дамуы  және  жұмыс 

берушілер мен басқа да стейхолдармен тиімді ықтымақтастық арқылы біздің бағдарламалардың  

академиялық сапасын арттырып отырамыз.  

 

Мектептің пайымы 

2019  жылға  қарай  КАЗГЮУ  Университетінің  Экономика  Жоғары  Мектебіәлемдік  деңгейде  білім 

беруді  ұсынатын  және  Қазақстан  нарығында  100%талап  етілген  түлектерді  дайындайтын 

Қазақстанныңкөшбасшы бизнес-мектептерінің бірі болу.  

 

Мектептің мақсаттары 

1. Академиялық сапаны арттыру. 

2. Халықаралық аккредитацияға дайындық. 

3. ПОҚ ғылыми-зерттеу жұмыстарын дамыту. 

4. Кадрлық потенциалды арттыру.  

5. Мектептің академиялық беделін нығайту.  

6. Мектепті брэндтеу. 

 

Мектептің міндеттері 

— Жұмыс берушілердің оқу бағдарламаларын тануы, халықаралық білім беру бағдарламаларына 

бағдарлау; 

— Оқу бағдарламаларыныңхалықаралық стандарт талаптарына бағдарлануы; 

— Кейстік технологияларды оқу барысында қолдану; 

— Сабақ өткізуге тәжірибеден тұлғаларды шақыру; 

— Силлабустарға сәйкес оқуда қол жеткізген нәтижелерге талдау; 

— Үш тілде сабақ беру; 

—Академиялық еркіндік қағидаларына біртіндеп сатылы көшу; 

— ECTS технологияны ендіру; 




 

 



—Академиялық бағдарламалардың тәжірибелік бағдарларын нығайту; 

— Халықаралық байланысты кеңейту: халықаралық студенттер, оқытушыларды жұмылдыру, қос 

диплом бағдарламасын дамыту, кітапхана қорын кеңейту; 

— Студенттердің қолданбалы және зерттеушілік құзіреттерін дамыту; 

— Шақырылған оқытушыларды, практиктерді, сарапшыларды тарту; 

— Түлектермен байланыс және жұмысқа орналасу бағытында жұмыстарды күшейту; 

— Жұмыс берушілермен ынтымақтастық пен серіктестікті нығайту;  

— Академиялық үрдістің сапасына кепілдік (Qualityassurance); 

— ПОҚ жетекші шетелдік ғылыми басылымдарда және рейтингі жоғары журналдарда 

жариялымдар дайындау бойынша қызметтерін бағалау; 

— Ғылыми конференциялар мен семинарлар ұйымдастыру және өткізу; 

— Студенттерді зерттеу жобаларына тарту; 

— ПОҚтанымалхалықаралық кәсіптік сертификация алуға ынталандыру; 

—Оқу үрдісіне жетекші шетелдік университеттердің түлектерін, сонымен 

қатарсертификацияланған мамандарды тарту (АССА, DipIFR, CFA, PMI, CIPD, CIL және басқалары); 

— ПОҚ халықаралық білім беру жобаларына, шәкіртақы мен бағдарламаларға қатысуға 

ынталандыру; 

— Түлектер Клубын дамыту; 

— Халықаралық деңгейде іс-шаралар өткізу:Экономистер Клубы, Түлектер Клубы, 

Көшбасшылықты Дамыту Бағдарламасы, A-SteptoGraduate Бағдарламасы, Бүкіләлемдік 

Экономикалық Жастар Форумы. 

Кафедралар тізімі: 

  - «Экономика, менеджмент және туризм» кафедрасы; 

  - «Қаржы, есеп және аудит» кафедрасы; 

  - «Әлеуметтік-психологиялық пәндер» кафедрасы; 

  - «Аударма ісі» кафедрасы. 

 

ЭКОНОМИКА ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІНІҢ ӘКІМШІЛІГІ 

 

Гимранова Дильбар Досмаиловна,MBA, M.Phil.,Экономи Жоғары Мектебінің Директоры. 

Наметша  Асхат  Сержанұлы,  «Экономика,  Менеджмент  жәнеТуризм»  кафедрасының 

меңгерушісі. 



Токтабаева Айжан Муратовна,«Қаржы, Есеп және Аудит» кафедрасының меңгерушісі. 

Тилеукулов  Мухтар  Сейдуалыевич,  «Әлеуметтік-психологиялық  ғылымдар»  кафедрасының 

меңгерушісі. 



Кашкенова Айжан Мейрамжановна, «Аударма ісі» кафедрасының меңгерушісі. 


 

 



БӨЛІМ II АБИТУРИЕНТТЕРДІ ОҚУҒА ҚАБЫЛДАУДЫҢ 

ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕРІ МЕН ҚАБЫЛДАУ РӘСІМІ

 

 

ҚАБЫЛДАУ ЕРЕЖЕСІ 

 

Экономика жоғары мектебі (ЭЖМ) болашақта кәсіби білім аясында биік нәтижелерге қол жеткізе 

алатын  жоғары  академиялық  үлгерімді  абитуриенттер  қабылдауды  жөн  санайды.  Осыған 

байланысты  Экономика  Жоғары  мектебі  халықаралық  және  ҚР  Білім  және  Ғылым  Министрлігі 

стандарттары негізінде абитуриенттерді оқуға қабылдаудың негізгі ережелерін әзірледі. 

Абитуриенттің жауапкершілігі 

Экономика  жоғары  мектебінің  абитуриенті  мектептің  ережелеріне  және  таңдалған  курс 

бағдарламаларының талаптарына жауапкершілікпен қарауға міндетті. 

Экономика  жоғары  мектебіне  абитуриенттерді  бакалавриат  бағдарламасы  бойынша  қабылдау 

рәсімі төмендегідей: 

1.  Абитуриент  КАЗГЮУ  Университетінің  қабылдау  комиссиясына  қажетті  құжаттарды  тапсыруы 

қажет.  

2. Абитуриент ЭЖМ білім беру бағдарламасының: 

- ағылшын тілінен оқуға түсу емтиханын 

-мамандығы бойынша оқуға түсу емтиханын (Математика/Ағылшын тілі) 

тапсыратын талаптарына сәйкес келуі керек. 

Бакалавриаттың  барлық  бағдарламасы  бойынша  ЖООда  оқу  үшін  тапсырылатын 

құжаттар тізімін ҚР Білім және ғылым министрлігі бекіткен 

Экономика жоғары мектебіне тіркелу үшін абитуриент мына құжаттарды тапсыруы тиіс: 

- бекітілген үлгіде толтырылған өтініш; 

- орта мектепті бітіргені туралы диплом (түпнұсқа); 

- 3х4 көлемдегі 6 фотосурет; 

- 086-У нысанындағы медициналық анықтама (флюорографиялық сурет қоса беріледі); 

- орта мектепті бітіргені туралы дипломның қосымшасы (түпнұсқа); 

- ҰБТ (ЕНТ) (немесе КТ) сертификаты (50 баллдан төмен емес); 

- білім гранты берілгені туралы куәлік (бар болса); 

- жеке куәліктің көшірмесі (өзімен бірге құжаттардың түпнұсқаларын алып жүруі қажет); 

- тіркеу куәлігінің немесе әскери билеттің көшірмесі (ер балаларға). 

Барлық  қажетті  құжаттарды  уақытылы  тапсырмаған  студенттер  Университет  қабырғасына 

қабылдана  алмайды.  Сол  себепті,  ресми  қажет  етілген  құжаттар  уақыты  тапсырылған  жағдайда 

ғана студенттер Университетке қабылданады.  

 

Ағылшын тілін білуге қойылатын талаптар (5В020700 – «Аударма ісі» мамандығынан басқа) 

 

ЭЖМ мамандықтарына түсу үшін ағылшын тілін білу деңгейін анықтау үшін тест тапсыру қажет.    



Қабылдау  комиссиясына  Academic  IELTS  сертификатын  (3.0  –  A2  Pre-intermediate  және  жоғары) 

табыстаған талапкер ағылшын тілін білу деңгейін анықтау үшін тест тапсырмайды.        

Тестілеу  төрт  секциядан  тұрады:  оқылым  (10  сұрақ  –  30  минут),  тыңдау  (20  сұрақ  –  30  минут), 

әңгімелесу (15 минут), эссе (250 сөз – 60 минут). 

Тестілеу  КАЗГЮУ  Университетінің  оқу  корпусында  ақылы  негізде  2017  жылдың  1  шілдесінен 

бастап  20  тамызына  дейін  өткізіледі.  Тестілеу  құны  «КАЗГЮУ  Университеті»  АҚ  қызметтері 

ақысының тізілімімен анықталады. 

Ағылшын  тілін  білу  деңгейін  көтергісі  келетін  талапкерлер  үшін  КАЗГЮУ  Университетінде  2017 

жылдың 20 маусымынан бастап жазғы тіл мектебінің ақылы курстары (72 сағат) өткізіледі. 

Тестілеу


 

құны «КАЗГЮУ Университеті» АҚ қызметтері ақысының тізілімімен анықталады.   

КАЗГЮУ  Университетінің  жазғы  тіл  мектебінде  ағылшын  тілі  бойынша  дайындық  курстарынан 

өткен  соң  IELTS  емтиханын  қайта  тапсыру  тегін  іске  асырылады.  Емтиханды  қайта  тапсыру  күні: 

2017 жылдың 22, 24 тамызы.  

 



жүктеу 1,53 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау