Экономика және қҰҚЫҚ



жүктеу 1,34 Mb.
Pdf просмотр
бет39/61
Дата23.11.2018
өлшемі1,34 Mb.
#24384
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   61

 
119 
Марксизм  адамның  табиғи-әлеуметтік  мәні,  қоғамдағы  рӛлі 
мен  орны  жӛніндегі  мәселені  оның  мыңдаған  жылдар  ішіндегі 
тарихи  алға  басу,  еркіндікке  ұмтылу  күресімен  тығыз 
байланыстырды.  Адам  жӛнінде  гуманистік,  ізгілік  принциптерді 
қалыптастырды. 
Адам дегеніміз не? Адам – кӛптеген ғылымдардың зерттейтін 
объектісі.  Атап  айтсақ,  медицина,  биология,  физиология, 
психология,  педагогика,  психология  т.б.  Бұл  ғылымдар  адам 
мәселесін ӛз тұрғысынан келіп, оның әр түрлі қырларын зерттейді. 
Философия  тарихында  адамға  берілген  анықтамалар  кӛп. 
Аристотельдің анықтамасы бойынша адам қоғамдық жануар. Басқа 
жануарлардан адамның айырмашылығы – оның қоғамнан тысқары 
жағдайда ӛмір сүре алмайтындығы. Орта ғасырдың философтары 
адамды дене мен жанның бірлігі ретінде қарастырды. 
Фейербахтың айтуынша, жеке-дара, жалғыз ӛзі ғана ӛмір сүре 
алатын  адамның  дамуы  мүмкін  емес.  «Жеке  дара  адам  –  бұл 
қоғамдық  жануар.  Сондықтан,  оның  ӛмірінің  әрбір  кӛрінісі  – 
қоғамдық  ӛмір  кӛрінісі  және  тұрақтануы  болып  табылады» 
(К.Маркс).  Адамның  адамдық  қасиеттерін  қалыптастыратын  тек 
қоғамдық орта, адамдар ортасы. Тек еңбек процесінде адамдар бір-
бірімен  қатынас,  байланыс  жасауды  қажетті  ойларын  сӛз  арқылы 
бір-біріне  жеткізуді  үйренеді.  Бірте-бірте  адам  еңбегі  бүкіл 
материалдық  және  рухани  мәдениет  дүниесінің  жаратушысы 
болып қалыптасты. Адам дегеніміз – еңбек әрекетімен шұғылдана 
алатын,  әлеуметтік  қатынастарға  түсетін  ӛзара  байланыс  жасауға 
толық  қабілеті  бар,  ақылмен  ойлай  алатын  тіршілік  иесі  деп 
анықтама беруге болады. Адамның үш ӛлшемі бар: биологиялық, 
психологиялық және әлеуметтік ӛлшемдер. 
Биологиялық  ӛлшем  –  адам  организмінің  түр  бейнесі  мен 
құрылымын, генетикалық негізін, ми, жоғарғы жүйке жүйесін т.б. 
қамтиды. 
Психологиялық  жағына  –  адамның  ішкі  жан  дүниесі,  ондағы 
саналы, санасыз процестер, адам еркі,темпераменті т.б. кіреді. 
Әлеуметтік  ӛлшемге  адамның  ӛмір  сүретін  ортасы, 
адамгершілік қатынастар, адамдық қасиеттері т.б. кіреді. Адамның 
сана-сезімі  мен  ақыл-ойы,  қасиеттері  ӛте  күрделі  биологиялық-
әлеуметтік құбылыс. 


 
120 
Адамның  биологиялық  және  әлеуметтік  жақтарын  –  бір-
бірінен 
ажыратуға 
болмайды. 
Олар 
бір-бірімен 
тығыз 
диалектикалық байланыста. 
2.  Адамның 
әлеуметтік  мәні.  Адамды  адам  етіп 
қалыптастыратын  қоғамдық  орта  және  белгілі  мақсатқа 
бағытталған  еңбек  іс-әрекеті.  Адамның  туып  ӛскен,  тәрбиеленген 
қоғамы  қандай  болса,  оның  ӛзі  де  сондай  деп  айтуға  болады. 
Дүниеде қанша адам болса, сонша мінез, сипат болмақ. Әрбір жеке 
адамның ӛзіне тән қайталанбас ерекшелігі бар. 
Адам бойындағы кісілік қасиеттер үш түрлі дәрежеде кӛрінеді. 
1)  Әрбір  адам  ең  алдымен  адамзат  қауымының  мүшесі. 
Шыққан  тәсілінен,  ұлтынан,  шыққан  негізінен  тыс  барлық 
адамдарға  ортақ  адамзаттық  қасиеттер  бар.  Олардың  қатарына 
қуану, кайғыру, сүю, махаббат, әділдік, инабаттылық т.б. рухани-
психологиялық қасиеттер жатады. 
2) Әр  адамның  физиологиялық  ерекшеліктеріне  байланысты 
тек  ӛз  басына  тән  психологиялық  ерекшеліктері  бар.  Бұлар  оның 
жүріс-  тұрысында,  қимылында,  сӛйлеу  ыңғайында,  тіршілік 
әрекеттерінде т.б. байқалады. Осы ерекшеліктерден әрбір адамның 
ӛзіндік  қырлары  туады.  Оның  негізі  оның  физиологиялық 
ерекшеліктеріне  байланысты.  Әрине,  қоршаған  ортаның  да  біраз 
қатынасы бар. 
3) Адам  белгілі  бір  елде,  тарихи  дәуірде  белгілі  бір  дәрежеге 
жеткен  рухани  және  материалдық  мәдениет  жемістерімен 
сусындап  ӛседі.  Оның  шыққан  әлеуметтік,  этникалық  (ұлттық) 
ортасы  болады.  Сол  тарихи  ортада  қалыптасқан  білім  –  тәрбие 
жүйесінен  сабақ  алады.  Осылардың  бәрі  қосылып  адамның  жан 
дүниесіне  ӛзінің  ізін  қалдырады.  Ол  белгілі  рухани  қасиеттерге 
айналады.  Осы  дәуірдің,  тарихи  ортаның,  мәдениет  дәрежесінің 
адам санасы мен психологиясында кескінделген идеалды бейнесін 
әлеуметтік-психологиялық,  адамгершілік  қасиеттер  деп  атаймыз. 
Олардың  қатарына  бекзаттық,  серілік,  жаугерлік,  зиялылық, 
патриоттық  т.б.  қасиеттер  жатады.  Алғашқы  қауымдық  қоғамда 
адамның  жеке  басының  мүддесі  түгелдей  рудың  ортақ  мүддесіне 
бағынышта  болады.  Жеке  дара  адамда  ерік  болған  жоқ.  Ол 
қоғамның  ӛмір  сүру  тәсіліне  байланысты  қалыптасқан  әдет-
ғұрыптармен  ғана  әрекет  жасауға  тиісті  болды.  Бұл  жағдай  оның 
адамдық, әлеуметтік мәнін анықтады. Тарихтағы ең алғашқы адам 


 
121 
тұрпаты  осындай  болды.  Қанаушы  және  қаналушы  таптарға 
бӛлінген қоғамда адам мен қоғам арасындағы қатынастардың жаңа 
тұрпаты пайда болуы. 
Адамдардың  мақсат-мүдделері  әр  түрлі  болғандықтан, 
олардың жеке басының қасиеттері де әр түрлі, қоғамдық қатынаста 
кӛзқарастары  басқаша  болды.  Социалистік  қоғамда  ӛткен 
формацияларға  қарағанда  үлкен  ӛзгерістер  орын  алды.  Бірақ 
социализм  тұсыңда  да  болуға  тиіс  емес  еңбек  нәтижесінің 
жаттануы  орын  алды.  Оның  себебі,  үкімет  билігі  түгелдей 
бюрократтық,  әкімшілік  жүйесінің  қолына  кӛшті,  ал,  адам 
мемлекет басқару ісінің сыртында қалып қойды. 
Адамның ӛз еңбегінен жаттануын жоюдың екі жолы бар. Ол: 
1)  ӛкіметті  әкімшілік-әміршілік  аппараттың  қолынан  алып, 
халықтың қолына беру; 
2) адамды жердің, ӛндірістің шын мәніндегі иесіне айналдыру. 
Адамның  дүниеге  қатынасының  негізгі  жағы  –  қоғамдық 
практика  болып  табылады.  Қоғамдык  практика  –  адамдардың 
дүниені  және  ӛзін  тікелей  ӛзгерту,  ӛндіру,  қайта  жасау  қызметі. 
Практика,  сондай-ақ  адамдардың  материалдық  іс-әрекеттері  мен 
олардың қоғамдағы тек материалдық ӛзгерістер туғызып отыратын 
іс-әрекеттерінің  жиынтығы.  Әрине,  практиканы  ойлаудан  тыс  іс-
әрекет  деп  қарауға  болмайды.  Практикалық  іс-әрекеттер  мен 
рухани ӛмірдегі іс-әрекеттердің екеуіне де ойлау қатысады, ойлау 
олардың  құрамына  кіреді.  Адамдардың  дүниеге  практикалық 
қатынасы,  екінші  жағынан  алғанда  олардың  бір-біріне  қатынасы. 
Адамдар  тек  табиғат  күштері  мен  заттарды  ғана  ӛзгертіп  қана 
қоймайды,  олар  ӛздерінің  бір-біріне  қатынастарын  да  ӛзгертіп 
қайта жасайды. 
Адамдардың  практикалық  қызметінің  ішкі  табиғатын 
айқындау  үшін  оны  жануарлардың  тіршілік  әрекетімен 
салыстыруға болады. Жануарлар ӛз әрекетінің жалпы түрін немесе 
формасын  түбірінен  ӛзгерте  алмайды.  Биологиялық  түрлер  ұзақ 
уақыт  сұрыпталған  биологиялық  эволюцияның  нәтижесі. 
Жануарлардың  тікелей  кӛру  әрекетінің  жалпы  сипаты  –  ӛзіндік 
белгілі табиғи ортаға бейімделушілік. Оның әрекеті сыртқы ортаны 
ӛзгертуге бағытталмаған. Жануарлар тіршілігіндегі белсенділік, ол 
бейімдеушілікке  табиғи  ортаға  неғұрлым  үйлесімді  ӛзгертуге 
арналған  белсенділік.  Ал  адамдардың  практикалық  іс-әрекеті 


жүктеу 1,34 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   61




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау