Экономика және қҰҚЫҚ



жүктеу 1,34 Mb.
Pdf просмотр
бет47/61
Дата23.11.2018
өлшемі1,34 Mb.
#24384
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   61

 
144 
прогресті  тоқтатуға  болмайды.  Онда  жердің  табиғи  байлығын 
үнемдей алмаймыз. Цивилизацияға жете алмаймыз. Ол үшін ауаны 
ластанудан  сақтайтын,  зиянды  ӛндірістік  қалдықтарды  жоятын 
түрлі  технологиялық  құралдар  ойлап  табу  керек.  Бұл  үшін 
ғылымды  тереңдете,  дамыта  түсуіміз  қажет.  Табиғаттың  зиянсыз 
түрлі  энергетикалық  кӛздерін  пайдалану  мәселелері  тұр.  Күн 
энергиясы,  жел  энергиясы  т.б.  Бүгінгі  таңдағы  адам  табиғатпен 
гармониялық қатынаста және онымен бірге дамып  отыруы керек. 
Оның даму процесін  терең түсініп, оны  тек ақылға сай қолдануы 
қажет.  Сонда  ғана  табиғат  пен  адам  арасындағы  қайшылық 
прогрессивті түрде шешіліп отырады. 
Бүгінгі күнде біздің елімізде табиғатты қорғау, оның байлығын 
жоспарлы  түрде  ұқыпты  пайдалану  мәселесі  мемлекеттік  саясат 
деңгейінде қаралып отыруы әбден заңды. Экологиялық мәдениетке 
ие  болып,  табиғатқа  туған  анасындай  аялап  қарау  –  бүгінгі  таңда 
әрбір азаматтың абыройлы борышы деүге болады. 
4. Қоғамдық прогрестің алғы шарттары, критериясы және 
тарихи типтері. Қоғамның даму бағыты, болашағы туралы мәселе 
–  адамзаттың  қоғамдық  ойының  ең  ежелгі  мәселелерінің  бірі. 
Барлық халықтардың аңыз-әңгімелерінде адамзат қоғамының даму 
кезеңдері туралы кӛзқарастар сақталған. Яғни, адамзатты сол кӛне 
замандарда-ақ ӛткені мен болашағы толғандырған. 
Прогресс  (лат.)-  ілгері  қозғалыс  деген  мағанада.  Прогресс 
қоғамның  күш  қуатының  артып,  оның  қатынастарының 
кемелденіп,  қоғамның  жоғары  ӛрмелеуін  кӛрсетеді.  Оның  басты 
кӛрсеткіші  –  ӛндіргіш  күштердің  дамуы.  Қоғам  дамуының  нақты 
сатылары қоғамдық экономикалық формациялар. 
Ежелгі  грек  ойшылдары  –  Платон,  Аристотель  және  т.б. 
тарихты  ұдайы  дамудағы  процесс  ретінде  қарастырады.  Алайда, 
дүниені тұйық сфера ретінде қабылдау – қоғам шексіз дамымайды, 
ол  ӛткен  жолды  қайталап,  циклдық  тұрғыда  дамиды  деген 
тұжырымға  әкеледі.  Бұл  табиғаттағы  ӛзгерістерді,  процестерді 
адам қоғамына таңу болып табылады. 
Орта  ғасыр  ойшылдары  тарихты  бағытты  процесс  ретінде 
қарастырғанмен,  оның  ішкі  заңдылықтарын  теріске  шығарады. 
Қоғамның пайда болып дамуы құдайдың құдіретті күшіне тәуелді 
деп саналды. Осындай кӛзқарастармен күрес барысында алғашқы 
прогресс  теориялары  туындайды.  Ол  капитализмнің  қарқынды 


 
145 
дамуымен  байланысты  болды.  XVII  ғ.  қоғамдық  прогресс 
идеяларын  Вико  дамытты,  ол  адамзат  қоғамы  ӛз  дамуында  үш 
кезеңнен ӛтеді деп санайды. 
Алғашқысы – құдайылық (дінбасылары басқарады), екіншісі -
батырлық (аристократиялық мемлекет), үшіншісі – адамдық кезең 
(республика немесе конституциялық монархия). Вико – қоғамдық 
прогресс  идеясын  ұсынғанмен  оның  ілімі  шексіз  қоғамдық  даму 
жӛнінде емес, қоғамдық айналым сипатыңда болды. 
Француз революциясы қарсаңында тарихи прогресс идеясына 
кәміл сенген және оны негіздеп, дәлелдеуге талпынған ойшылдар 
аз  болмады.  Гельвеций  қоғамдық  ӛзгерістер  процесінен, 
адамзаттың  тұрпайы  ұжымдасу  бітімдерінен  күрделі,  жоғарғы 
бітімдерге қарай дамитынын аңғарды. 
Ж.Кондорсе  қоғамдық  прогрестің  бар  екендігіне  сеніп  қана 
қойған жоқ, оны дәлелдеуге ұмтылды. Қоғамдық прогресс жалпы 
заңдылыққа  сай  жүзеге  асады.  Осы  заңдарды  танып  білу, 
болашақты болжап, қоғам дамуын жеделдетуге мүмкіндік береді. 
Буржуазияның  алғашқы  идеологтары  прогресті,  ең  алдымен, 
адамның 
ақыл-ойының, 
парасатының 
кемелденуімен 
байланыстырады.  Аталмыш  ойшылдардың  пікіріне  сай  қоғамдық 
прогрестің негізі – парасат прогресі болып табылады. 
Бұл  ұғымның  мазмұнын  анықтау  барысында  қоғамдық 
прогрестің  ірі  ӛнеркәсіптің  дамуына  тәуелділігі  (Сен-Симон), 
прогресс  пен  регресс  арасында  диалектикалық  байланыс  бар 
екендігі  (Фурье),  қоғамдық  прогресс  қайшылықтарының  негізгі 
себептерінің  бірі  жеке  меншік  екені  (Оуэн)  айқындалды.  Осы 
тұжырымдардың арқасында прогресс туралы түсініктер жан-жақты 
дамып тереңдей түсті. 
Қоғамдық  прогресс  идеясын  терең,  жан-жақты  қарастырған 
Гегель болды. Оның пайымдауында даму қарапайымнан күрделіге 
қарай 
жүретін 
қозғалыс. 
Жетілмеген 
ұғымын 
Гегель 
диалектикалық,  дамуға  жетілуге  мүмкіндігі  бар  тұрғысынан 
түсінеді.  Алайда,  Гегельдің  тарихи  прогресс  туралы  кӛзқарасы 
идеалистік  сипатта  болды.  Тарихи  прогресс  «Абсолюттік 
идеяның»  ӛзіндік  даму  процесі.  Сондай-ақ,  Гегельдің  әлем,  оның 
даму  заңдылықтары  туралы  кӛзқарастары  мен  қоғам  дамуы 
жӛніндегі  идеялары  арасында  да  қарама-қайшылық  бар.  Гегель 


 
146 
тарихи  дамудың  шоқ  жұлдызы  Пруссияда  жүзеге  асқан 
конституциялық монархия деп санады. 
Аталмыш  философтар  қоғамның  прогрессивті  дамуы  туралы 
мәселені қойғанмен, оның мәні мен заңдылықтары мәселесін аша 
алған жоқ. 
Қоғамды зерттеу принциптерінің ең негізгісі – қоғам ӛмірінің 
негізі  материалдық  ӛндіріс  екендігі,  қоғамдық  болмыстың 
алғашқы, қоғамдық сананың кейінгі болуы. 
Материалдық  ӛндірістің  екі  жағының  –  ӛндіргіш  күштер  мен 
ӛндірістік  қатынастардың  арасындағы  объективті  диалектикалық 
қатынастардың  сипаты  ӛндіргіш  күштердің  даму  дәрежесіне 
тәуелді. Алайда, ӛндіргіш күштердің бір қалыпты қызметі, дамуы 
нақтылы ӛңдірістік қатынастардың арқасында ғана мүмкін. Демек, 
ӛндіргіш күштер де белгілі бір мӛлшерде  ӛндірістік қатынастарға 
тәуелді  болмақ.  Ӛңдіргіш  күштер  мен  ӛндірістік  қатынастар  бір-
біріне  сәйкес  болуы  керек.  Алайда,  қоғамдық  прогрестің  басты 
алғышарты  солардың  арасындағы  диалектикалық  қарама  -
қайшылық  болып  табылады.  Ӛндірістік  қатынастар  ӛзгерген 
ӛндірістік күштердің дамуын тежейді, соңғылар ӛз кезегінен жаңа 
ӛндірістік қатынастардың қалыптасуын талап етеді. 
Қоғамның  ӛндіргіш  күштерінің  дамуы  жалпы  адамзат 
тарихының арқауы болып табылады. Ӛйткені тарихи дамудың қай 
сатысында  тұрса  да  қоғамның  негізгі  міндеті  –  ӛз  ӛмірінің 
материалдық алғышарттарын қамтамасыз ету, ал, оның алғышарты 
– ӛңдіргіш күштер, олардың жетілдіріліп отыруы.. 
Қоғамдық прогрестің жалпы заңдылығының тарихта қалайша 
және  не  себептен  бұрмаланатынын  түсіну  үшін  қоғамдық 
процестің тарихи типтерін қарастыру керек. Тарихтан хабары бар 
әрбір адам одан дамудың кӛріністерін байқай алады. Биологиялық 
түр  ретіндегі  Homo  sapiens  (парасатты  адам)  питекантроптар  мен 
неандертельдықтарға  қарағаңда  эволюция  сатысының  жоғары 
баспалдағында  тұр.  Ал,  техникалық  дамудағы  прогресс  күмән 
тудырмайды.  Әрине,  прогресті  жоққа  шығаратындар,  оның 
салыстырмалы,  яғни,  объективті  мазмұны  жоқ,  ол  субъектінің 
позициясына,  оның  тарихты  қандай  құңдылықтар  тұрғысынан 
бағалайтынына  байланысты  ұғым  дейтіндер  де  жоқ  емес.  Бұл 
кӛзқарастарды  да  негізсіз  деуге  болмайды.  Сонда  прогрестің 
объективті белгісі бар ма деген сұрақ туады. 


жүктеу 1,34 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   61




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау