Экономика және қҰҚЫҚ



жүктеу 1,34 Mb.
Pdf просмотр
бет3/61
Дата23.11.2018
өлшемі1,34 Mb.
#24384
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   61

 

қойылған мәселелер  - дүние мен адамның пайда болуы, ӛмір мен 
ӛлім  т.б.  ӛздерінің  ары  қарай  жалғасын  тапты.  Мұны 
дүниетанымның  негізгі  формалары  –  дін  мен  философия 
жалғастырды.  Алайда,  мифология  қойған  дүниетанымдық 
мәселелерге  жауап  іздеу  барысында  дін  мен  философия  екі  түрлі 
жолды таңдады. 
Дін – дүниетанымның бітімі. Діни дүниетаным табиғаттан тыс, 
құдіретті  күшке  адамның  мүлтіксіз  бас  июін,  бағынуын 
уағыздайды. Адам санасында табиғи құбылыстардың бұрмаланған 
бейнесін  туғызады,  оны  табиғатты  ӛзгерту  мүмкіңдігінен 
шеттетуге  бейімдейді.  Діни  дүниетанымның  негізі  –  бізден 
тысқары  тұрған  түрлі  күштерге  сену.  Сенім  –  діни  сананың  ӛмір 
сүру  тәсілі.  Діни  түсінік  жеке  адамның  сезімінен,  ойынан 
шықпайды.  Ол  –  қоғамның  тарихи  дамуының  жемісі.  Оның 
әлеуметтік,  танымдық  тамыры  терең,  қоғамда  атқаратын 
функциясы бар. 
Дін – күрделі рухани құрылым, қоғамдық – тарихи құбылыс, 
қоғамдық  сана  бітімі.  Ол  рухани  мәдениеттің  белгілі  бір 
құбылысы, әлеуметтік түбірі бар идеологияның бітімі. Сондықтан 
да  дінді  бір  жақты  бағалауға.  түсіндіруге  болмайды.  Дін  сыртқы 
дүниені,  табиғатты  түсіндіруде  бір  жақты  болғанымен,  адамдар 
арасында  адамгершілік  қатынастарды  қалыптастыруда,  әдеп-
ғұрып,  салт-сананы  сақтауда,  адамды  тәрбиелеуде  орасан  үлкен 
рӛл  атқарып  келеді.  Дін  қазіргі  кезде  ауқымды,  жаһандық 
мәселелерді шешуде. Әрбір адамның дінге сенуге, ӛз дінін сақтауға 
құқы бар. Дін адамды адамгершілікке, тазалыққа, сүйіспеншілікке, 
адалдыққа  үйретеді.  Дін  –  жан-жақты,  күрделі  құбылыс.  Ол  – 
қоғам  дамуының  ерекше  заңдылықтарынан  шыққан.  Қазіргі 
кезеңде  қоғамымызда  дінді  келелі  мәселелерді  шешуге  де 
қолданып жүр. 
Дін 
мен 
философияның 
жақындығы 
– 
екеуі 
де 
дүниетанымның  қоғамдық  -тарихи  бітімдері,  дүние  құрылымын 
түсіндіреді,  адамның  санасына,  іс-әрекетіне  түрліше  әсер  етеді. 
Соңдай-ақ,  олардың  арасында  терең  айырмашылық  та  бар. 
Біріншіден,  философия  –  ғылым.  Ол  рационалды  –  теориялық 
дүниетаным.  Ал,  дін  сенімге  сүйенеді.  Екіншіден,  философиялық 
ойлау еркіндікті, жан – жақтылықты қажет етеді. Ал, дін құдайға, 
шіркеуге  негізделеді.  Үшіншіден,  философия  білімсіз  ӛмір  сүре 


 
10 
алмайды. Ол тарих, қоғам, мәдениет туралы білімдерді қажет етеді. 
Дін тек интуицияға сүйенеді. 
Философиялық  дүниетаным  –  адамның  ойлау  жүйесінің  ең 
жоғары  деңгейі.  Ол  дүниені,  табиғатты  және  қоғамдық 
құбылыстарды  ой  жүзінде  түсініп,  ұғынуды,  табиғат  пен  адам 
арасындағы  байланыстарды,  әрекеттерді  санада  еркін,  ерекше 
бейнелеуді  үйретеді.  Философия  адам  санасының  мазмұны  мен 
табиғаты туралы мәселелерді зерттейді. Сана дүние туралы ой мен 
ол  ойдан  тысқары  тұрған  дүние  арасындағы  қатынас  арқылы 
түсіндіріледі.  Философия  таным  процесінде  ненің  дұрыстығын, 
ақиқаттығын  немесе  керісінше,  ненің  дәлелсіз,  қателігін 
айқындаумен  де  айналысады,  теориялық  ойлаудың  жалпы 
танымдық  мәселелерімен  шұғылданады.  Дүниеге  кӛзқарас  ұдайы 
ӛзгеріп,  түрленіп,  толысып  отырады  дедік.  Дүниетанымдық 
процесте  үнемі  кездесіп  отыратын  мәселе  бар.  Мұны  Ф.Энгельс 
«философияның негізгі мәселесі» деп атаған. 
Адам  сыртқы  дүниемен  болмыстың  екі  жағы  –  материалды 
және  идеалды  қарым-қатынаста  болады.  Материалды  дүниеге 
айналадағы қоршаған заттардың бәрі, яғни адамның санасынан, ой 
жүйесінен  тыс  тұрғандардың  бәрі  жатады.  Ал,  идеалды,  яғни 
рухани дүниеге санадағы, ойдағы субъективтік құбылыстар (ойлар, 
сезімдер, 
психикалық 
қасиеттер) 
жатады. 
Осылардың 
арақатынасы, 
байланысы 
қандай? 
Ойлаудың 
болмысқа, 
материяның  рухқа  қатынасы  қандай?  Міне,  осы  мәселе 
философияның негізі болып табылады. Бұл мәселенің бірінші жағы 
– материя алғашқы ма, жоқ әлде рух, сана алғашқы ма деген сұрақ 
болса,  екінші  жағы  –  біз  қоршаған  ортаны,  дүниені  танып,  біле 
аламыз  ба?  –  деген  мәселе  тӛңірегінде  қарастырылады.  Осы 
мәселеге қалай жауап беруіне қарай тарихи дамуда философтар екі 
үлкен  топқа  бӛлінді  Олардың  ішінен  рух  табиғаттан  бұрын  ӛмір 
сүрді  дегендері  идеалистік  лагерді  құрды.  Ал,  табиғатты  бірінші 
дегендері  материализмнің  әр  түрлі  мектептеріне  қосылды. 
Материализм  мен  идеализм  негізгі  осы  мағынада  қолданылады. 
Олардың  арасындағы  күрес  философия  дамуының  түбегейлі 
бағытын анықтады. 
Философияның  негізгі  мәселесінің  бастапқы  онтологиялық 
жағы бар. Онтология – болмыс дамуының жалпылама заңы туралы 
ілім.  Онтологиялық  мәселе  материалистер  үшін  сыртқы  дүниенің 


 
11 
объективті  ӛмір  сүруін.  оның  мәңгілігін  мойындаушылық.  Ал, 
идеалистер  үшін  рухтың,  сананың  болмысын  алғашқы  деп,  оны 
қозғаушы  күш  деп  уағыздаушылық.  Бірақ  сыртқы  және  ішкі 
дүниенің  ӛзгерістері  туралы  кӛзқарастар  үнемі  ӛзгеріп  тұрады, 
осыдан материализмнің үш тарихи түрін ажыратуға болады. Олар: 
1. Тұрпайы материализм. 
2. Механикалық-метафизикалық материализм. 
3. Диалектикалық материализм. 
Тұрпайы  материализм  кұлдық  қоғамда  пайда  болды.  Ежелгі 
үнді  философтары  (локаята  мектебі),  ежелгі  грек  философтары 
(Гераклит,  Анаксагор,  Эпикур)  дүниенің  материалдығын  және 
оның адам санасынан тыс, тәуелсіз екендігін мойындады. Соңдай-
ақ, грек ойшылдары дүниенің негізі саналатын түпкі субстанцияны 
табуға  тырысты.  Дүниенің  үнемі  бір  күйден  бір  күйге  ауысып, 
ӛзгеріп, қозғалып тұратынын байқады. 
Механикалық-метафизикалық  материализм  капитализмнің 
калыптасуы кезеңінде оның ӛндірісі мен ғылымының (ХҮІІ-ХҮШ 
ғғ.)  қарқындау  барысында  пайда  болды.  Бұл  материализмнің 
калыптасуына  механика,  астрономия,  математика  ғылымдары 
ерекше  ықпал  етті.  Механикалық-метафизикалық  материализмнің 
ӛкілдері  (Бэкон,  Ньютон,  Спиноза,  Локк)  материяны  үнемі 
қозғалыста,  ал,  қозғалысты  «табиғаттың  әмбебап  қасиеті»  деп 
қарастырады.  Оның  ақиқаттығын  тәжірибе  арқылы  анықтады. 
Олар  атеистік  кӛзқарасты  жақтады,  дін  мен  идеализмге  қарсы 
күресті.  Бірақ  бұл  материализм  бір  жақты,  шектеулі  болды. 
Олардың  басты  кемшілігі  –  біріншіден,  табиғаттың  барлық 
құбылыстарын  тек механика заңдылықтары арқылы түсіндіруінде 
еді.  Екіншіден,  дүниені  процесс  ретінде.  оны  үнемі  даму  күйінде 
қарастыра  алмады,  яғни,  бұл  философияда  метафизикалық  ойлау 
басым болды. 
Диалектикалық  материализм  XIX  ғасырда  қалыптасты.  Бұл 
материализмнің  ең  жоғарғы  да  жүйелі  түрі  болып  табылады. 
Диалектикалық материализмнің негізін салушылар – К.Маркс пен 
Ф.Энгельс. Сонымен қатар, оны дамытуда В.И. Ленин елеулі рӛль 
атқарды.  Диалектикалық  материализмнің  қайнар  кӛздері  –  дүние 
туралы  барлық  ғылыми  жетістіктерге  сүйену,  диалектика  мен 
материализмді  біріктіре  дамыту,  теория  мен  практиканы  бір-
бірімен тығыз байланыста қарастыру болды. 


жүктеу 1,34 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   61




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау