1 апта
1 кредит сағат
№ 1 дәріс
Тақырып: Өндірістік кәсіпорынды басқару түсінігі, қызметі және әдістері.
Дәрістің мазмұны:
Өндірістік менеджмент түсінігі.
Өндірістік менеджмент қызметі.
Әдебиеттер: 4,7,20.
ОЖСӨЖ мазмұны: Экономикалық пәндер жүйесіндегі өндірістік менеджменттің орны.
СӨЖ мазмұны: Өндірісті басқарудың әдістері.
Әдебиеттер: 4,7,20.
2 кредит сағат
№ 2 дәріс
Тақырып: Өндірістік менеджмент жүйе ретінде.
Дәрістің мазмұны:
Кәсіпорын өндірістік менеджменттің объектісі ретінде.
Өндірістік менеджмент объектілерінің жіктелуі.
Әдебиет:1,5,10.
ОЖСӨЖ мазмұны: Өткен сұрақтар бойынша есептесу.
СӨЖ мазмұны: Өндірісті басқаруды ұйымдастыру.
Әдебиет:1,5,10.
2 апта
4 кредит сағат
№ 3 дәріс
Тақырып: Өндірісті басқарудың мақсаттары мен міндеттері.
Дәрістің мазмұны:
3.1. Өндірісті басқару мақсаттары кәсіпорын қызметінің сандық және сапалық нәтижесі ретінде.
3.2. Өндірістік мақсаттардың жіктелуі.
Әдебиеттер: 1,3,7.
ОЖСӨЖ мазмұны: Нақты жағдайларды қарастыру.
СӨЖ мазмұны: Кәсіпорын ашық жүйе ретінде.
Әдебиеттер: 1,3,7.
5 кредит сағат
№ 4 дәріс
Тақырып: Өндірісті басқарудың мақсаттары мен міндеттері.
Дәрістің мазмұны:
3.3. Өндірісті басқару міндеті өндірістік бағдарламаның нәтижесі ретінде.
3.4. Өндірістік міндеттердің жіктелуі.
Әдебиеттер: 1,3,7.
ОЖСӨЖ мазмұны: Өткен тақырыптар бойынша есептесу.
СӨЖ мазмұны: Конспект толтыру.
Әдебиеттер:1,3,7.
3 апта
7 кредит сағат
№ 5 дәріс
Тақырып: Өндірістік жүйе: элементі, мақсаты және мәні.
Дәрістің мазмұны:
Өндірістік жүйе түсінігі, элементтері және өндірістік жүйенің құрылымы, деңгейлері.
Өндірістік жүйені ұйымдастыру заңдылықтары.
Әдебиеттер: 4,5,7,21.
ОЖСӨЖ мазмұны:.Нақты жағдайларды талдау.
СӨЖ мазмұны: Кәсіпорынның функционалды кіші жүйелері.
Әдебиеттер: 4,5,7,21.
8 кредит сағат
№ 6 дәріс
Тақырып: Өндірістік жүйе: элементі, мақсаты және мәні.
Дәрістің мазмұны:
Өндірістік жүйе және оның элементтері.
Өндірістік жүйенің қасиеттері
Әдебиеттер: 1,3,7.
ОЖСӨЖ мазмұны: Шешім қабылдауға байланысты есептер.
СӨЖ мазмұны: Өндірістік жүйе қызметінің ақпараттық, бағдарламалық-техникалық қамтамасыз етілуі.
Әдебиеттер: 1,3,7.
4 апта
10 кредит сағат
№ 7 дәріс
Тақырып: Өндірісті басқару процесі және оның қағидалары.
Дәрістің мазмұны:
5.1. Өндірісті басқару қағидалары.
5.2. Өндірістік қызметті басқарудың бюджеттік әдісінің негізі.
Әдебиеттер: 1,3,7.
ОЖСӨЖ мазмұны: Бақылау жұмысының сұрақтарына жауап дайындау.
СӨЖ мазмұны: Өндірісті басқару циклі.
Әдебиеттер: 1,3,7.
11 кредит сағат
№ 8 дәріс
Тақырып: Өндірісті басқару процесі және оның қағидалары.
Дәрістің мазмұны:
5.3. Өндірісті басқару процесі.
5.4. Өндірісті басқарудың ұйымдастырушылық құрылымы.
Әдебиеттер:1,3,7.
ОЖСӨЖ мазмұны: Бақылау жұмысын тапсыру.
СӨЖ мазмұны: Өндіріс процесіндегі шешім қабылдау процедурасы.
Әдебиеттер: 1,3,7.
5 апта
13 кредит сағат
№ 9 дәріс
Тақырып: Өндірістік стратегияны жасау.
Дәрістің мазмұны:
6.1. Басқару стратегиясы ұғымы және оның түрлері.
6.2. Өндірістің экономикалық стратегиясының негізгі құраушылары.
Әдебиеттер: 1,3,9.
ОЖСӨЖ мазмұны: Үй тапсырмасына дайындық.
СӨЖ мазмұны: Өндірістің экономикалық стратегиясының қалыптасу кезеңдері.
Әдебиеттер: 1,3,9.
14 кредит сағат
№ 10 дәріс
Тақырып: Өндірістік стратегияны жасау.
Дәрістің мазмұны:
6.3. Экономикалық стратегияның ережелері.
6.4. Өндіріс стратегиясын жасау процесі.
Әдебиеттер: 1,3,9.
ОЖСӨЖ мазмұны: Үй тапсырмасын қорғау.
СӨЖ мазмұны: Тақырыпқа байланысты қосымша материалдар жинақтау.
Әдебиеттер:1,3,9.
6 апта
16 кредит сағат
№ 11 дәріс
Тақырып: Өндірістің тактикалық жоспарлануы.
Дәрістің мазмұны:
7.1. Тактикалық жоспар ұғымы және оның түрлері.
7.2. Өндірістегі тактикалық жоспарлаудың негізгі қағидалары мен әдістері.
Әдебиеттер: 2,8,22.
ОЖСӨЖ мазмұны: Кейстерді талдау.
СӨЖ мазмұны: Жеке тапсырмалармен жұмыс.
Әдебиеттер: 2,8,22.
17 кредит сағат
№ 12 дәріс
Тақырып: Өндірістің тактикалық жоспарлануы.
Дәрістің мазмұны:
7.3. Өндірістің тактикалық жоспарлануын ұйымдастыру.
7.4. Ағымдағы жоспарларды жасау процесі.
Әдебиеттер:2,8,22.
ОЖСӨЖ мазмұны: Жеке тапсырмаларды қорғау.
СӨЖ мазмұны: Кәсіпорынның тактикалық жоспарларымен танысу.
Әдебиеттер: 2,8,22.
7 апта
19 кредит сағат
№ 13 дәріс
Тақырып: Өндірістік инфрақұрылымның мәні мен қызметтері.
Дәрістің мазмұны:
8.1. Өндірістік инфрақұрылым ұғымы, оның міндеттері мен қызметтері.
8.2. Кәсіпорынның жөндеу цехтары мен техникалық қызмет көрсету жүйесі.
Әдебиеттер: 3,9,11,23.
ОЖСӨЖ мазмұны: Нақты жағдайларды талдау.
СӨЖ мазмұны: Кәсіпорынның инструменталды цехтары.
Әдебиеттер:3,9,11,23.
20 кредит сағат
№ 14 дәріс
Тақырып: Өндірістік инфрақұрылымның мәні мен қызметтері.
Дәрістің мазмұны:
8.3. Кәсіпорындағы көлік қызметі.
8.4. Көмекші өндірістің негізгі түрлерін басқаруды ұйымдастыру.
Әдебиеттер: 3,9,11,23.
ОЖСӨЖ мазмұны: Коллоквиум тапсыру.
СӨЖ мазмұны: Қойма жүйесінің операциялары.
Әдебиеттер: 3,9,11,23.
8 апта
22 кредит сағат
№ 15 дәріс
Тақырып: Өндірістік кәсіпорынның материалдық ресурстарын басқару жүйесі.
Дәрістің мазмұны:
9.1. Кәсіпорынның материалдық ресурстар ұғымы және олардың жіктелуі.
9.2. Материалдық ресурстарды басқару жүйесінің қалыптасу қағидалары.
Әдебиеттер: 1,4,12.
ОЖСӨЖ мазмұны: Кейстерді талқылау.
СӨЖ мазмұны: Материалдық ресурстарды тұтыну процесін басқару.
Әдебиеттер: 1,4,12.
23 кредит сағат
№ 16 дәріс
Тақырып: Өндірістік кәсіпорынның материалдық ресурстарын басқару жүйесі.
Дәрістің мазмұны:
9.3. Өндірістік қорлардың сақталу және айналыс шығындары.
9.4. Ұйымның өндірістік қорларын басқару жүйесі.
Әдебиеттер: 1,4,12.
ОЖСӨЖ мазмұны: Үй тапсырмасын қорғау.
СӨЖ мазмұны: Конспект толтыру.
Әдебиеттер: 1,4,12.
9 апта
25 кредит сағат
№ 17 дәріс
Тақырып: Өндірілетін өнімнің сапасын басқару жүйесі.
Дәрістің мазмұны:
10.1. Өнімнің сапасы туралы түсінік.
10.2. Сапаны басқару стратегиясы және оның қағидалары.
Әдебиеттер: 1,7,11.
ОЖСӨЖ мазмұны: Кәсіпорында сапаны басқаратын бөлім.
СӨЖ мазмұны: Өнімді стандарттау және сертификациялау.
Әдебиеттер: 1,7,11.
26 кредит сағат
№ 18 дәріс
Тақырып: Өндірілетін өнімнің сапасын басқару жүйесі.
Дәрістің мазмұны:
10.3. Өнімнің сапасын сипаттайтын көрсеткіштер және оларды есептеу әдістері.
10.4. Сапаны басқару жүйесі.
Әдебиеттер: 1,7,11.
ОЖСӨЖ мазмұны: Бақылау жұмысын тапсыру.
СӨЖ мазмұны: Конспект толтыру.
Әдебиеттер:1,7,11.
10 апта
28 кредит сағат
№ 19 дәріс
Тақырып: Өнеркәсіптік кәсіпорындағы маркетинг.
Дәрістің мазмұны:
11.1. Өнеркәсіптік кәсіпорындардағы маркетинг тұжырымдамалары.
11.2. Маркетингтің түрлері және дамуы.
Әдебиеттер: 6,12,20.
ОЖСӨЖ мазмұны: Маркетинг басқару қызметі ретінде.
СӨЖ мазмұны: Маркетингілік іс-әрекет шаралары.
Әдебиеттер: 6,12,20.
29 кредит сағат
№ 20 дәріс
Тақырып: Өнеркәсіптік кәсіпорындағы маркетинг.
Дәрістің мазмұны:
11.3. Өткізуді басқару.
11.4. Кәсіпорындағы маркетингілік қызметті практикалық басқару.
Әдебиеттер: 6,12,20.
ОЖСӨЖ мазмұны: Үй тапсырмасымен есептесу.
СӨЖ мазмұны: Конспект толтыру.
Әдебиеттер: 6,12,20.
11 апта
31 кредит сағат
№ 21 дәріс
Тақырып: Өндірісті оперативті басқарудың мақсаты мен міндеттері.
Дәрістің мазмұны:
12.1. Өндірісті оперативті басқарудың мәні.
12.2. Оперативті басқарудың негізгі фазалары.
Әдебиеттер: 8,13,17.
ОЖСӨЖ мазмұны: Кейстерді талдау.
СӨЖ мазмұны: Өндірісті диспетчирлеуді ұйымдастыру.
Әдебиеттер: 8,13,17.
32 кредит сағат
№ 22 дәріс
Тақырып: Өндірісті оперативті басқарудың мақсаты мен міндеттері.
Дәрістің мазмұны:
12.3. Оперативті басқару түрлері мен әдістері.
12.4. Оперативті басқару жүйесінің негізгі элементтері.
Әдебиеттер: 8,13,17.
ОЖСӨЖ мазмұны: Бақылау жұмысы.
СӨЖ мазмұны: Өтілген тақырып бойынша қосымша материалдармен жұмыс.
Әдебиеттер: 8,13,17.
12 апта
34 кредит сағат
№ 23 дәріс
Тақырып: Өндірісті оперативті басқарудағы шетел тәжірибесі.
Дәрістің мазмұны:
13.1. Өндірісті оперативті басқару сферасындағы жапон менеджменті тәжірибесі: «дәл уақыт» жүйесі, «Канбан» жүйесі.
13.2. «Тойота» компаниясының «өндірісті теңестіру» әдісі.
Әдебиеттер: 14,16,24.
ОЖСӨЖ мазмұны: Жеке тапсырмамен жұмыс.
СӨЖ мазмұны: Өндірісті оперативті басқарудағы американдық тәжірибе.
Әдебиеттер: 14,16,24.
35 кредит сағат
№ 24 дәріс
Тақырып: Ағымдағы басқару мен перспективалық жоспарлаудың қаржылық әдістері.
Дәрістің мазмұны:
14.1. Қаржылық менеджменттің негізгі ұғымдары мен объектілері.
14.2. Өндірістік бағдарламалар, оперативтік және ағымдағы жоспарлар.
Әдебиеттер: 5,13,23.
ОЖСӨЖ мазмұны: Рентабельділік және шығынсыздық.
СӨЖ мазмұны: Өндірістік қызметтің жоспарлануы.
Әдебиеттер: 4,13,23.
13 апта
37 кредит сағат
№ 25 дәріс
Тақырып: Ағымдағы басқару мен перспективалық жоспарлаудың қаржылық әдістері.
Дәрістің мазмұны:
14.3. Өнімнің өзіндік құны.
14.4. Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметінің тиімділігін сипаттайтын негізгі көрсеткіштер және коэффициенттер.
Әдебиеттер: 1, 3, 4, 6, 7
ОЖСӨЖ мазмұны: Шығындардың жіктелуі.
СӨЖ мазмұны: Өзіндік құнды басқару.
Әдебиеттер: 5,13,23.
38 кредит сағат
№ 26 дәріс
Тақырып: Фирма ішіндегі қаржылық жоспарлау.
Дәрістің мазмұны:
15.1. Фирма ішіндегі жоспарлаудың қажеттілігін түсіндіретін факторлар.
15.2. Фирма ішіндегі жоспарлаудың мақсаттары мен міндеттері.
Әдебиеттер: 7,11,16.
ОЖСӨЖ мазмұны: Үй тапсырмасын қорғау.
СӨЖ мазмұны: Жоспарлаудың кезеңдері.
Әдебиеттер: 7,11,16.
14 апта
40 кредит сағат
№ 27 дәріс
Тақырып: Фирма ішіндегі қаржылық жоспарлау.
Дәрістің мазмұны:
15.3. Негізгі бюджет құрылымы.
15.4. Негізгі бюджетті құру әдістері.
Әдебиеттер: 7,11,16.
ОЖСӨЖ мазмұны: Кейстерді талдау.
СӨЖ мазмұны: Негізгі бюджеттің қалыптасуының блок-схемасы.
Әдебиеттер: 7,11,16.
41 кредит сағат
№ 28 дәріс
Тақырып: Кәсіпорында кадрлық жоспарлаудың мәні мен қызметтері.
Дәрістің мазмұны:
16.1. Кадрлық жоспарлау ұғымы.
16.2. Кәсіпорын қызметкерлерін басқару жүйесіндегі кадрлық жоспарлаудың орны.
Әдебиеттер: 1,7,13,18.
ОЖСӨЖ мазмұны: Бақылау жұмысы.
СӨЖ мазмұны: Конспектілер толтыру.
Әдебиеттер: 1,7,13,18.
15 апта
29 кредит сағат
№ 29 дәріс
16 Тақырып: Кәсіпорында кадрлық жоспарлаудың мәні мен қызметтері.
Дәрістің мазмұны:
16.3. Кадрлық жоспарлаудың негізгі кезеңдері.
16.4. Кәсіпорындағы кадрлық қызмет.
Әдебиеттер: 1,7,13,18.
ОЖСӨЖ мазмұны: Әлеуметтік баланс құруға есептер.
СӨЖ мазмұны: Кадрлық қызмет рөлі мен міндеттері.
Әдебиеттер: 1,7,13,18.
30 кредит сағат
№ 30 дәріс
17 Тақырып: Мотивация түрлері мен тұжырымдамалары.
Дәрістің мазмұны:
17.1. Мотивацияның қазіргі кездегі теориялары.
17.2. Еңбек ақы төлеудің нысандары.
17.3. Еңбек ақы төлеудің негізгі жүйелері.
Әдебиеттер: 5,12,14.
ОЖСӨЖ мазмұны: Коллоквиум.
СӨЖ мазмұны: Өткен тақырыптарды қайталау.
Әдебиеттер: 1,2,3,4,5,6,7,8,9,10,11,12,13,14,15,16,17,18,19,20,21,22,23.
3. ПӘН БОЙЫНША ТАПСЫРМАЛАРДЫ ОРЫНДАУ ЖӘНЕ ТАПСЫРУ КЕСТЕСІ
№
|
Жұмыс түрі
|
Тапсырманың мақсаты мен мазмұны
|
Ұсынылатын әдебиеттер
|
Орындау мерзімі және тапсыру уақыты (аптасы)
|
Балл
|
Бақылау түрі
|
1
|
Жеке тапсырма
|
Тақырып бойынша негізгі баяндама
|
Семинар тақырыбына байланысты
|
5, 7, 12 аптада
|
4% (үй тапсырмасы түрінде беріледі)
|
Реферат және баяндама түрінде жазбаша
|
2
|
Топтық презентация
|
Топтасып жұмыс жасу қабілетін дамыту. Негізгі мәселелер бойынша әртүрлі шешімдер қабылдауға үйрету, әркімнің өз ойын айта білуін жетілдіру, білімдерін тереңдете түсу.
|
Семинар тақырыбына байланысты
|
4,13 аптада
|
3 % (үй тапсырмасы түрінде беріледі)
|
Ауызша жауап түрінде
|
3
|
Үй тапсырмасы
|
ӘртүрліТалдау және танымдық қабілеттерін арттыру
|
Семинар тақырыбына байланысты
|
ОЖСӨЖ кестесі бойынша берілген уақыт шеңберінде
|
Тақырып бойынша
0.2%
|
Тапсырмалардың орындалуын, сұрақтарға жауап беру қабілетін тексеру
|
4
|
Бақылау жұмысы
|
Студенттердің білім сапасын, қабілетін, тақырыпты түсіну деңгейін бақылау
|
Семинар сабағына байланысты
|
3, 5, 8, 11, 13 аптада(жазбаша дәрістік және семинарлық сұрақтарға негізделінеді)
|
Тапсырмалар саны бойынша әрбір жұмыс 3% бағаланады
|
Жазба жұмыс түрінде өткізіледі.
|
5
|
Ааралық емтихан
|
Студенттердің білімін, есте сақтау қабілетін, тақырыпты түсіну деңгейін бақылау.
|
Көрсетілген әдебиеттер бойынша
|
7, 15 аптада
|
5%
|
Ауызша сұрақ – жауап түрінде
|
6
|
Емтихан
|
Білімді кешенді тексер
|
|
|
Тест
|
|
4. ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚАМТЫЛУ КАРТАСЫ
№
|
Әдебиет атауы
|
Барлығы
|
Ескерту
|
кітапханада
|
кафедрада
|
Студенттердің қамтылу пайызы (%)
|
Электронды түрі
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
1
|
Производственный менеджмент
Фатхудинов Р.А.
|
15
|
-
|
0,44
|
|
|
2
|
Управление качеством
Гиссин В.И.
|
4
|
-
|
0,12
|
|
|
3
|
Кадровый менеджмент
Цветаев В.М.
|
1
|
-
|
0,03
|
|
|
4
|
Прогнозирование и планирование
Ерохина Л.И.
|
5
|
-
|
0,15
|
|
|
5
|
Менеджмент
Герчикова
|
1
|
-
|
0,02
|
|
|
6
|
Менеджмент практикум Герчикова
|
1
|
-
|
0,02
|
|
|
7
|
Менеджемнт Салимжанов И.Х.
|
5
|
-
|
0,1
|
|
|
8
|
Основы менеджмента
Кабушкин Н.И.
|
7
|
-
|
0,15
|
|
|
9
|
История менеджмента Чудновская С.Н.
|
2
|
-
|
0,04
|
|
|
10
|
Менеджмент Казначевская Г.Б.
|
5
|
-
|
0,1
|
|
|
11
|
Менеджмент: экзаменационные ответы Ксьянов В.В.
|
10
|
-
|
0,22
|
|
|
12
|
Менеджмент и финасы от А до Я
Кох Р.
|
1
|
-
|
0,02
|
|
|
13
|
Тоерия менеджмента Шелдрейк Дж.
|
4
|
-
|
0,08
|
|
|
14
|
Основы менеджмента Кравченко А.Н.
|
2
|
-
|
0,04
|
|
|
15
|
Курс менеджмента Вачугова Д.Д.
|
5
|
-
|
0,1
|
|
|
16
|
Менеджмент и рынок Мамыров Н.К.
|
5
|
-
|
0,1
|
|
|
17
|
Менеджмент негіздері Ахметов К.Г.
|
20
|
-
|
0,43
|
|
|
18
|
Менеджмент Конспект лекции в схемах
|
5
|
-
|
0,1
|
|
|
19
|
Менеджер и чудеса мышления Олдер Т.
|
4
|
-
|
0,08
|
|
|
20
|
9 основ менеджмента Пятенко С.
|
5
|
-
|
0,10
|
|
|
21
|
Менеджмент
Беляцкий Н.П.
|
4
|
-
|
0,08
|
|
|
22
|
Менеджмент
Галенко В.П.
|
5
|
-
|
0,1
|
|
|
23
|
Менеджмент
Драчева Е.Л.
|
5
|
-
|
0,1
|
|
|
24
|
Япония: экономическое чудо Дружинина
|
5
|
-
|
0,1
|
|
|
5. ПӘН БОЙЫНША ДӘРІСТЕРДІҢ КОНСПЕКТІСІ
Дәріс №1
Тақырыбы: Өндірістік менеджмент қағидалары мен функциялары.
Дәріс мазмұны
1. Өндірістік менеджмент қағидалары.
2. Өндірістік менеджмент функциялары.
3. Өндірістік менеджмент қағидалары мен функциялары.
Мақсаты: Пәнге жалпы сипаттама түсінік беру.
1. Өндірістік менеджмент әдістемесі дегеніміз – көздеген мақсатқа қол жеткізу үшін стратегиялық шешім қабылдау мен тәсілдерінің жүзеге асырылу әдістерінің, қағидаларының жиынтығы.
Өндірістік менеджмент пайда болуы объективті себептерге байланысты және ұйым дамуын басқарудағы эволюциялық дамуының нәтежиесі болып табылады. Оған дейін ұйым қызметінің сипатын, бағытын, өндірістік даму тенденциясын анықтауға бағытталған ғылыми-техникалық және экономикалық болжамдау, оңтайлы модельдеуге негізделген ағымды, ұзақ мерзімді жоспарлау әдістері мен формалары болды. Бұл шаралар өндірістік мақсаттар мен тұрақты жағдайларда ғана тиімді болып саналды.
Өндіріс факторларының, сапалы және сандық өсуі, ғылыми жетістіктерді қолданудың кеңеюі, шетел тауарларына, ұлттық шекараның ашылуы, экономиканың көптеген салаларындағы бәсекелестік күрестің күшеюі және ұсыныстың сұраныстан өсуіне әкелді. Сонымен бірге тұтынушылық сұраныс сипаты өзгерді, әлеуметтік қажеттілікке, тұтынушылар құқығын қоғарғауға көп көңіл бөліне бастады. Осы өзгерістер басқару жүйесінің де өзгерісіне алып келді. Ұйымды басқарудың жаңа элементтерінің бірі болып стратегиялық менеджмент әдістемесі табылады.
Өндірістік менеджмен қағидалары дегеніміз – көздеген мақсатқа қол жеткізуге бағытталған ұйым қызметінің негізгі ережелері болып саналады. Оған мыналарды жатқызуға болады:
Бағытының біртектілігі. Сыртқы ортаның динамикалық шарттарында қызмет ететін ұйымның басқару қағидалары біртекті мақсатқа ие болуы керек.
Ғылыми қағида. Мақсатқа жету үшін ұйымның қалыптасуы мен оны басқаруға адам мінез-құлқы туралы ғылым жетістігін қолдану.
Даму доминантын бөлу. (Доминант бұл белгілі бір нәрсенің негізгі қасиеті немесе маңызды құрамдас бөлігі маңызды идея) Өсу, табыс номасы, тұрақтылық және технология көзқарасындағы ұйым алдынан ашылатын перспективалардың анықтамасы.
Үнемділік және тиімділік қағидасы. Ұйым стратегияларының жүзеге асырылуы және жасалуы қолда бар ресурстардан тұрады және белгілі бір жоспарлы кезеңде нәтежиелерінің шығындардан асуына бағытталған.
Персоналдарды жігерлендіру қағидасы. Көздеген мақсатқа жету үшін ұйым стратегиясын жасайтын персоналдарға жігерлендіруді дұрыс қолдануға бағытталған.
Еңбекті бөлу, көлемі бойынша үлкен, спалы еңбекті біртекті жағдайда орындауға бағытталған.
2 Басқару функциясы – басқару қызметінің негізгі бағытының бірі. Стратегиялық менеджменттің бірі-бірімен байланысты төрт функциясы бар: жоспарлау, жігерлендіру, ұйымдастыру және бақылау.
Жоспарлау. Ұйым дегеніміз белгілі бір мақсатқа жетуге бағытталған адамдар тобы. Жоспарлау функциясы ұйым мақсаты қандай болу керектігіне және ұйым мүшелері осы мақсатқа жету үшін не істеу керектігін шешеді.
Негізінен жоспарлау функциясы негізгі үш сұраққа жауап береді:
Қазіргі кезде біз қай жерде тұрмыз? Жетекшілер ұйымның қаржы, маркетинг, өнідіріс, ғылыми зерттеу, еңбек ресурстары сияқты салалардағы күшті және әлсіз жақтарын бағалап отыру керек.
Біз қай жаққа қарай қозғалуымыз керек? Қоршаған орта мүмкіндігін бағалай отырып жетекші ұйым мақсатын және оған кедергі келтіретін процестерді анықтап отыруы тиіс.
Біз мұны қалай істейміз?
Ұйымдастыру. Ұйымдастыру – белгілі бір құрлымды құру. Ұйым көздеген мақсатына жетуі үшін, өз жоспарын жүзеге асыруы үшін әртүрлі элементтерді құрлымдау керек. Дұрыс ұйымдастырылған жұмыс көптеген нәтежиелерге жетуге мүмкіндік береді. Кез келген жұмысты адамдар орындайтындықтан жетекші нақты жұмысты кім орындау керектігін аықтап жұмысты бөліп әр қызметкерге жауапкершілік артады.
Жігерлендіру. Ұйы мүшелерін еңбеккке жігерлендіруді білдіреді. Жетекші ойлаған мақсатқа тиімді жетуі үшін ол жұмысты дұрыс үйлестіріп , адамдарға жүктеген міндетін орындата білуі тиіс Өз шешімін жүзеге асыру үшін басшы жігерлендірудің негізгі қағидаларын қолданады.
Бақылау. Бұл ұйымның өз мақсатын жетуін қамтамасыз ету процесінің бірі. Бақылау бұл қолда не барын және не болу керектігін ұдай салыстыру.
Басшылар бақылау қызметін мақсат пен міндетті айқындап ұйымды құрған сәттен бастап ақ қолға алады. Ұйымның қалыпты жұмыс істеуі үшін бақылаудың маңызы зор. Бақылау болмаған жерде берекетсіздік орын алады. Жоспардың жүзеге асуына көптеген жағдайлар кедергі келтіреді. Мысалы заңдардың, әлеуметтік құндылықтардың, технологияның, бәсекелесу жағдайларының өзгеруі жоспарлаудың орындалуына себепші болуыықтимал. Бақылаудың қажеттілігі дағдарыс жағдайларының алын-ала сақтандыруға байланысты.
Бақылау процессі үш кезеңнен тұрады. Стандартар мен критерилерді жасау, оларды нақты нәтежиелермен салыстыру, енгізілетін қажетті түзетулерді қабылдау.
Стратегиялық менеджмент осы негізгі функцияларын жүзеге асыру үшін – шешім қабылдау керек және коммуникация – ақпараттарын алмастыру керек. Ал шешім қабылдау үшін ақпараттар қажет.
Шешім қабылдау. Ұйым дұрыс жұмыс істеуі үшін басшы бірнеше дұрыс шешім қабылдауы тиіс.Қабылданған шешім ұйымның экономикалық және әлеуметтік нәтежиелеріне , әрбір жұмысшыға қолайлы немесе қолайсыз әсер етуі мүмкін. Оңтайлы шешім қабылдау үшін ақпарат қажет. Ақпарат алудың негізгі тәсілі болып коммуникация саналады.
Коммуникация дегеніміз – қарым-қатнас, екі және одан да көп адамдардың өзара түсінісуге негізделген байланысы. Бір-бірімен ақпарат, мәліметтер алмасуы. Егер адамдар арасындағы коммуникация тиімсіз болса онда адамдар жалпы мақсатқа келіспеуі мүмкін.
Осындай функциялар байланысы стратегиялық менеджмент процесін қалыптастырады.
Өзін - өзі тексеру сұрақтары:
1. Ұйымдастыру дегеніміз не.
2. Жігерлендіру дегеніміз не.
3. Бақылау дегеніміз не.
4. Шешім қабылдау дегеніміз не.
5.Коммуникация дегеніміз не.
6. Жоспарлау дегеніміз не.
Дәріс № 2
Тақырыбы: Өндірістік менеджмент процессі.
Дәріс мазмұны
Өндірістік менеджмент циклі.
Өндірістік менеджмент процесінің кезеңдері.
Мақсаты: Өндірістік менеджмент циклін және стратегиялық менеджмент процесінің кезеңдерін үйрену.
1. Өндірістік менеджмент процесі-динамикалық өзгермелі жағдайда фирма алдына қойған мақсаттарға жетуге бағытталған кезекті, нақты әрекеттер жиынтығы. Ол қолда бар потенциалды оңтайлы пайдаланып сыртқы орта талаптарына биімделуді қамтамасыз етеді. Оның моделі мынадай:
Миссия мен мақсат.
Мүмкіндіктерді анықтау.
Диагноз
Баламаларды анықтау.
Салдарды талдау
Таңдау.
Бағдарламалау.
Коммуникация мен басқару Фирмадағы басқа орындаушылар
Нәтежиені бағалау Тенденцияларды бақылау
Бұл модель стратегиялық менеджменттің толық моделі болып табылады. Бұл модельдегі 8 және 9 деңгейлер бірігіп проблеманы шешу циклін құрайды. 1,2,3,9 деңгейлері бақылау циклі болып саналады. Онда фирманың мақсатқа жету әрекеті бақыланады.
Экстрополяциялы жоспарлау цикліне модельдің 1,2,3,7,10 деңгейлері жатады. Онда шешімдер экстрополяция арқылы болжам негізінде қабылданады.
Кәсіпкерлік істі жоспарлау цикліне 1,2,3,4,5,6,10 кезеңдері жатады. Мұнда мақсаттар қайта қаралып , шешімнің жаңа варианттары іздестіріледі, олардың салдарының толық талдауы беріледі.
2 Стратегиялық менеджмент бірнеше кезеңдерден тұрады.
1-кезеңі-миссия айқындау және фирма мақсаттарын анықтау. Миссияны айқындағанда мыналар анықталады:
а) фирманың негізгі өнімі, нарығы және технология тұрғысынан алғандағы мақсаттары.
б) сыртқы ортаның фирмаға қатысы.
в) фирма мәдениеті ондағы жұмыс климаты
Мақсаттырды анықтағанда олар мына қасиеттеге ие болуы керек:
нақтылық;
өлшемділік;
қол жете аларлық;
келісімділік
икемділік
қажеттілік
2,3,5 кезеңдерде стратегиялық талдау жүзеге асырылады. Оған сыртқы орта талдауы мен фирманың ішкі күшті және әлсіз жақтарын басқарушылық қарау енеді. Сыртқы орта талдауы үш бағытта жүреді:
1) ағымдағы стратегияға әсер ететін өзгерістерді бағалау;
2) ағымдағы стратегияға қауіп төндіретін факторларды анықтау;
3) жалпы ұйымдастырушылық мақсаттарға жету мүмкіндігін кеңейтетін факторларды анықтау.
Фирманың ішкі күшті және әлсіз жақтарын анықтауда фирманың ішкі мүмкіншіліктері анықталады. Басқаруды қарау әлсіз және күшті жақтарды анықтайтын функционалды аймақтарды (зоналарды) бағалайды. Қарауды жеңілдету үшін бес функционалды аймақ зерттеледі.: маркетингтік, өндіріс (НИОКР), ғылыми зерттеулер, қаржылар, адам ресурстары.
Жоғарда айтылғаннан фирмадағы стратегиялық менеджмент миханизмін кеңістікте үш жағынан көруге болады.
1 жағында:
1.1. маркетинг;
1.2. өндіріс;
1.3. НИОКР;
1.4. қаржы;
1.5. персоналды басқару.
2 жағында.
2.1 жоспарлау;
2.2. ұйымдастыру;
2.3. жігерлендіру;
2.4. бақылау
3 жағында.
3.1. ақпарат.
3.2. құрлым.
3.3. персонал.
3.4. басқару техникасы.
3.5. қаржы-қаражат.
3.6. басқару процесінің технологиясы.
Модельдің көлемі 5*6*4=120 Модельде әр тордың мағнасы болады. Модель 1.3-2.3 зерттеулер мотивациясы, ал 1.1-2.1 маркетингті стратегиялық жоспарлау процесі.
Бұл модельде стратегиялық менеджменттің көпқырлы, күрделі процесс екендігі көрінеді.
Дәріс № 3.
Тақырыбы: Ортаны талдауды жүргізу.
Дәрістің мазмұны
Макроортаны талдау.
Тікелей ортаны талдау.
Ортаны талдау әдістері.
Мақсаты: Ортаға талдау жүргізіп үйрену.
1 Макроортаны талдау келесі компоненттер көмегімен жүзеге асады.
Экономикалық компоненттер. Оны зерттеу ресурстардың қалай қалыптасуы мен бөлінуін түсінуге мүмкіндік береді.
Экономиканы зерттеу келесілердің көмегімен жүзеге асырылады:
ЖҰӨ көлемі;
Ақпараттану темпі;
Жұмыссыздық деңгейі;
Проценттік мөлшерлеме;
Салық салу нормасы;
Төлемдер;
Еңбек өнімділігі;
Қорлану нормасы.
Экономикалық компоненттерді зерттегенде келесілерге назар аудару маңызды:
жалпы экономикалық даму деңгейі;
өндірістік табыс, ресурстар, климат және бәсекелестік қатнастың дамуы.
Жалақы деңгейі.
Құқықтық компоненттер. Құқықтық реттеуді зерттеу, ондағы заңдар мен нормативті құқықтық актілерді талдау, басқа субъектілермен байланыстағы іс-әрекет шебері мен фирма құқығын білуге мүмкіндік береді.
Саяси компоненттер. Ол мемлекеттік билік органдарының дамып жатырған қоғамға қатысты мүмкіндігін, шараларын меңгеруге және мемлекеттің саяси құралдарын көрсетеді. Бұл компонентті зерттегенде негізгі назарды түрлі париялық құрлымдардың қандай бағдарламаларды жүзеге асыратындығына аудару керек. Билік бір жағынан ақша қаражаттарын қалай қолдануын анықтаса, екінші жағынан мемлекеттік ақшаға қажеттілігін анықтайды. Осы процестер фирмаға бір жағынан қауіп төндірсе, екінші жағынан дамуға мүмкіндік береді.
Әлеуметтік компонетті зерттеу адамдардың жұмысқа қатнасын, өмірге көзқарасын, яғни әлеуметтік құбылыстарды зерттеуге мүмкіндік береді.
Технологиялық компоненттерді талдап ғылым мен техниканың дамуын, оның өндірісте қолданылу варианттарын көрсетеді.
2 Тікелей ортаны талдау. Ондағы негізгі құраушылар сатып алушылар болып табылады. Сатып алушылар және оларды талдаудың мақсаты фирма өнімін сатып алушы профилін жасау болып табылады. Сатып алушы профилі келесі мінездемелерден тұрады:
- географиялық орны
- демографиялық жағдай;
- жасы, білім деңгейі, қызмет саласы.
- әлеуметтік-психологиялық мінездемелер;
- сатып алушының өнімге көзқарасы.
Сатып алушының сатып алу күшін, сатып алу қабілетін анықтайтын көптеген факторлар бар. Фирма оларды жария етпей талдау барысында зерттейді.:
сатып алушының сатып алған тауарларының көлемі;
сатып алушылардың сатушыға тәуелділік дәрежесінің, сатушының сатып алушыға тәуелділігін дәрежесінің қатнасы.
Сатып алушының ақпарат алу дәрежесі;
Орын ауыстырушы тауарларының болуы;
Сатып алушы үшін басқа сатушыға кету бағасы;
Сатып алушының бағаға көзқарасы.
Жабдықтаушыларды талдау фирманы түрлі шикізатпен, жартылай фабрикаттармен, энергиямен ақпаратпен т.б. қамтамасыз ететін субъектілер қызметінің аспектілерін анықтауға бағытталған.
Жабдықтаушының бәсекелестік күші келесі факторларға тәуелді:
а) жабдықтаушының арнайы қасиеттерінің дәрежесі.
б) белгілі бір ресурстар алғандағы сатып алушының арнайлылығы дәрежесі
в) жабдықтаушы үшін сату көлемінің маңыздылығы
Жабдықтаушыны талдағанда келесі мінездемеге назар аудару керек:
а) әкелінген тауар бағасы;
б) тауар сапасына кепілдеме;
в) тауармен жабдықтаудың уақытының графигі
г) тауардың уақытында жеткізілуі.
3 SWOT (S – күш; W-әлсіздік; O-мүмкіндік; T-қаулы.) Бұл әдісті қолдана отырып сыртқы қауіпті және фирма мүмкіндігін анықтайды. SWOT талдау жасау әдістемесі:
I кезең . Фирманың әлсіз және күшті жақтарының жазбасын дайындау;
II кезең. Сыртқы ортадағы қауіп пен мүмкіндіктер жазбасын дайындау;
III кезең сыртқы және ішкі факторлардың өзара байланысын анықтау;
IV кезең факторлардың маңыздылығы және олардың жалпы стратегияға әсері бағаланады.
SWOT матрицасы
Мүмкіндіктер Қауіптер
Күшті жақтар С және В алаңы С және У алаңы
Әлсіз жақтар Сл және В алаңы Сл және У алаңы
С және В алаңы. Стратегия ойластыру қажет, сыртқы ортада пайда болатын мүмкіндіктерден пайда алу үшін стратегияның күшті жағын сынақтан өткізу керек.
Сл және В алаңы – мұнда стратегия көмегімен пайда болатын мүмкіндіктер арқылы әлсіз жақтарды бекітеді, кейін азайтуға тырысады.
С және У алаңы Фирманың күшті жақтарын қауіпті жоюға бағыттайды.
Сл және У алаңы Әлсіз жақтардан айырыратын, қауіптен қорғайтын стартегия жасақтау.
Кейін мүмкіндіктер және қауіптер матрицасы жасалады. Онда қауіптердің дәрежелері көрсетіледі. Мұндағы басты мақсат: матрицаны және қортындыны объективті жасау, жоғары басшылықтың үнемі бақылауы.
Орта профилі жағдайын бағалау әдісі
-
Фирмалар
|
А-саласы мүмкіндігі
|
Фирмаға әсер В
|
Әсер С
|
Маңыздылық
|
3
2
1
0
|
Үлкен
Орта
әлсіз
|
Үлкен
Орта
әлсіз
|
|
D = A*B*C
|
Достарыңызбен бөлісу: |